Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
"Сен ет жемесең, бәрі сені жейді!"
Бұл Хан Гаңның «Вегетариан» романының ішіндегі бір диалог.
Менің ойымша, бұл роман
әйел санасының оянуы туралы манифест секілді.
Автор барлық Ён-хэлерге үн қатып:
"Әйел, сен бұл әлемде ешкімнің құралы емессің" деп ескерткендей.
Мыңдаған жылдар бойы әйелдерге түрлі шектеулер қойылып, басқаларға қалай мойынсұну үйретілді.
Көнеден бері қоғам "мейірімді, ибалы, инабатты, сабырлы болу" әйелге тән ізгі қасиеттер деп үйретіп келді.
Әйелдің міндеті отбасына қызмет ету, ибалы келін, мейірбан ана болу.
Бұл жаман емес, әрине. Бірақ мәселе оның адам ретіндегі қалауы не екенінде сияқты.
Романдағы Ён Хэ де дәл сондай тағдырды бастан кешіреді –
одан дәстүрлі "мінсіз жар" болуды күтеді. Ол басқалардың қалауы бойынша ет жеп жүргенде бәрі тыныш еді.
Сырттай қарағанда, Ён Хэ тек ет жеуден бас тартқандай көрінеді.
Бірақ шын мәнінде, бұл – оның адам табиғатына, зорлық-зомбылыққа,
қоғам ережелеріне және тәндік құмарлыққа қарсылығы.
Өйткені ол алғаш рет өзіне сұрақ қоя бастайды:
"Мен өзім не қалаймын?"
Солай оның бүкіл өмірі күмән мен психологиялық қысымға толды.
Бұл романды оқып отырып Лу Шунның "Есалаңның естелігі" деген шығармасы есіме түсті. Ол жерде "сен адам жемесең, басқа адамдар сені жейді" (сөзбе сөз аударғанда) деген сөз бар еді.
Ён Хэ мейірімділігінен, жануарларға жаны ашығанынан еттен бас тартқан жоқ, ол қорықты.
Жалпы роман үш бөлімнен тұрады. Үш бөлімде үш ракурстан, күйеуінің, жездесінің, әпкесінің оқиғаларымен жазылған.
Автордың сөзінен олардың бөлек әңгіме ретінде жазылғанымен, бір бүтін роман етіп ретке келтіргенін білеміз.
Кейіпкерлері мен оқиғалары қарапайым болғанымен, жұқа қағаз беттерінен зорлық пен күйзеліс сезіліп, көзіңді тұман секілді тұмшалайды. Оқып отырғанда кино көргендей немесе абстрактілі картина тамашалағандай әсер қалдырды. Оқыған кісі кітапты жапқан соң көзін жұмып, автордың жасырын ойларын үнсіз саралап, сезіну керек сияқты. иә, мен бұл шығармадан патриархалдық зорлық-зомбылықтың қалдырған ауыр жараны, өмірден түңілуді және адамдардың рухани күйреуін сезіндім. Бас кейіпкер ет жеуден жиіркенеді, «еттің иісін» сездірген күйеуінен алыстағысы келеді, өсімдікке айналуды аңсайды. Ал үлкен жездесі өзін құс сияқты сезініп, қанат қағып, ұшуды армандайды.
Ен Хе мен Рын Хе әкесінен үнемі ұрыс естіп, таяқ жеп өскен. Тұрмысқа шыққаннан кейін, екеуі де күйеулерінің дөрекі қарым-қатынасына «шыдасаң өтеді» деп көнді. Ең сорақысы – бүкіл отбасы бірігіп, Ён Хені күштеп ет жеуге мәжбүрлеуі. Ал күйеуі әйелін "псих" деп қараса да, одан ажырасқысы келмейді, себебі дайын тамақ, жуылып үтіктелген киім, таза үй үшін оның ауруына да "көнуге" тура келеді.
Ён Хенің 🕶️ кеудеше кигісі келмейді
Ён Хе дененің жалғыз зиянсыз мүшесі – әйелдің төсі деп есептейді. "Адамның қолы, аяғы, тісі, тілі – бәрі шабуыл жасауға қабілетті, ал төс – мейірімділік пен нәзіктіктің символы" деп ойлайды ол. Сондықтан ол кеудесін қыспай, еркін жүргісі келеді.
Алайда оны айналасындағы ер адамдар, оның ішінде күйеуі мен бастықтары сексуалды обьект ретінде қабылдайды. Шын мәнінде, Батыс елдерінде оны кимей жүру – үйреншікті нәрсе, бірақ Шығыс Азия әйелдері үшін бұл әлі де батылдықты талап ететін әрекет. Әсіресе шығарма жазылыр жатқан ХХІ ғасыр басында.
Ён Хе үнемі қорқынышты түстер көреді
Қаны сорғалаған сұмдық көріністер, қараңғыда қадалып тұрған көздер, басылмайтын қорқыныш сезімі – осының бәрі патриархалды қоғамда зәбір көрген әйелдердің жарақаты. Ён Хенің еттен бас тартуы – оның рухани азаптан бас тартқысы келгенінің белгісі.
«Ағаш от» – соңғы бөлім
Ён Хенің ағашқа айналғысы келетін. Патриархалдық зорлыққа ұшыраған әрбір әйел – ағаш тәрізді. Ал олардың ішінде жиналған ашу – лапылдаған от сияқты.
Бұл – жай ғана бір кейіпкердің тағдыры емес, бұл – белгілі бір топтың, тұтас бір қоғамның көрінісі.
Осындай оймен романның соңғы абзацына қайта үңілгенде, оның мәнін тереңірек түсінуге болады: “她安静地吸了一口气,紧盯着路边“熊熊燃烧”的树木,它们就像无数头站立起的野兽,散发着绿光。她的眼神幽暗而执着,像是在等待着回答,不,更像是在表达抗议.”
Өкініштерден қашқым келді
Өкініштерден қашқым келеді
Өшіре көрме кеудемдегі отты – суық жел,
Мүмкін ол соңғы жарығым…
Мен болып есіп көрген де жоқсың әлі күн.
Ұмытшы менің ақымақтығым, әлсіздігім мен өкпемді,
Ағызып жасын ақын ақтығын
Ақ қағаздарға төккендей.
Жазығы қанша,
Сұлулығымды жаттамас сенің жанарың.
Самалмен бірге сыр ұғынуды
Сағынбай ма әлде қалауың!?
Өшіре көрме, өтінем оны
Ең жарық жерім жүрегім.
Ақ қағаздардың бетінен оның
Сәулесін көріп жүрейін.
Қарайта көрме! Жылай алмайтын,
Ешкімнен жарық сұрай алмайтын,
Сорлымын.
Тілекті жасқа айналдыратын,
Жүректі тасқа айналдыратын,
Өкініштерден қашқым келеді.
Дәл бүгін!
Жақыннан бері телефоннан бір ойын ойнап жүргем. Үнемі жеңілем, сосын тағы бір сынап көруге келгенше күтем. Сосын тағы ойнаймын, жеңілемін, күтемін. Ойнаймын, жеңілемін, күтемін.
Бір сыдырғы болып барады.
"Қой, құрсын..." дедім де өшіріп тастадым.
Қып-қызыл зиян, босқа уақыт құрту, назарыңды шашу, дым пайдасы жоқ. Жоқ, былай қызық ойын, каз есіме түсіп тағы да ойнағым келіп отырғанын да жасырмай-ақ қояйын) қой, 🤌🏻"жинал. Басқа шаруа жоқтай" дейді осы сәтте ақылым😌
Шынайы болса екен, өмірім елестеніп барады бір қарасам.
Өмірде осы ойын сияқты ойыңды билеп алатын нәрселер көп қой, оларды да орнына қою керек.
Біреудің қанын ішпесем миыма қан жетіспейтін болыпты❣️
Бір танысым "әдемі емес қыздар өзін жаны сұлулардың қатарына қосады" деп әзілдегені бар еді. Мысқыл болсын, әзіл болсын бәрібір, Төмен өзбағадан сақтасын)
"Елестеткім келмейді сені неке көйлекпен" дитін ән тыңдап қалдым.
Адамға жақсылық тілеу де сонша қиын ба???
Поэтикалық ойлана алмайм мен.
Қарашы, қар түсіпті… қар алғашқы,
Астана, Алматыға… тағы алмасты
сезімдер,
сен тағы да мұңайдың ба,
ойлаумен келе алмасты, бара алмасты…
Мұңайма,
Тағы кімді мұңды етелік,
Жатыр ма тау түшкіріп, қыр жөтеліп!?.
…Балтыры сыздағандай, жер баса алмай,
Балағын бала қайың тұр көтеріп.
Бұл оның алғаш рет қар көргені,
Дірдегі әр сезімнің әр демдегі
білінер -
білінеді сенің күйің,
Тау жақтан сәл тоңазып келгендегі.
Бір бояу билеп күннің батысында,
Қар жауған - алғашқы қар…
сатысында
Медеудің…
Томсырау ма, тоңғаның ба,
Бір алау ойнап еді бет ұшында.
Сол шақтың сіңіп қалған жылдарға иісін,
іздейсің,
текке іздейсің,
құр қаңғисың!
Тау жақтан сәл тоңазып келгеніңде,
Ботам деп бәйек болар кім бар дейсің?!.
Ойлама өткен күнді…
Өкінесің,
күтесің,
сағынасың,
бекінесің…
Желбегей мұң жамылған желең күйде
Менің де жаздан келген бетім осы.
Қарашы, қар түсіпті… қар алғашқы,
Астана, Алматыға… тағы алмасты
сезімдер…
Сәл тоңазып тұр ма тағы,
күткендер,
ойлағандар оралмасты.
Ерлан ЖҮНІС
Кейде бірденің дұрыс шешімін соңында болса да таба алсаң жақсы. Бұлай бірден дұрыс нұсқасын табу менің өміріме жат секілді.
Өмірде олай болмайды...
???
Құдай
Маған ойлануға мұрсат бермеші.
Дос
Қай жерімнен пышақ сұғады деп күту.
Махаббат
Алданбағандай сүйіп, алдану.
Азап
Ең жақыныңның бақшаңдағы гүліңе қол созуы.
Таң
Түннен аман шығудың жолы
Қара
Әппәқ көйлегіңе тиген лас қолдың дағы.
Үміт
Осы жолы барлығы жақсы болады деп ойлау
Сабыр
Үміттің жаңалау пішіні
Күдік
Өзегіңе түскен құрт
Сенім
Көлеңкеңе сүйену, құлау.
Соңы
Барлығын басынан бастау…
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.