🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Description
Этот блог - как окно в мою душу. Здесь я делюсь своими размышлениями и вдохновениями, создавая мост между моим внутренним миром и вами.
Advertising
We recommend to visit

Бот знакомств 👉 @leomatchbot
Кто тусит в VK 👉 vk.me/dayvinchik

Интеграции в Дайвинчике 👉 @futuread

Last updated 6 days, 11 hours ago

События в мире, политика, экономика, конфликты

https://knd.gov.ru/license?id=6726ad3daee8a56e0fdd3bb5&registryType=bloggersPermission

Last updated 1 day, 6 hours ago

📰 СНГ Канал Fintopio

📱MiniApp: @fintopio
🌐 Web: fintopio.com

💎 Follow Fintopio:
📰 @FintopioNews

Instagram.com/fintopio
X.com/fintopio
YouTube.com/@fintopio
Facebook.com/fintopio
TikTok.com/@fintopio

Last updated 3 days, 9 hours ago

6 days, 12 hours ago

🇰🇿 Дәулетті адамдар уақытты сатып алады.
Кедей адамдар зат сатып алады.
Өршіл жандар білім сатып алады.
Жалқаулар ойын-сауыққа ақша құртады.

🇷🇺 Богатые люди покупают время.
Бедные люди покупают вещи.
Амбициозные покупают образование.
Ленивые покупают развлечения.

1 week ago

🇰🇿 Неге қорқасың?! Сен жұлдыз шаңынан пайда болған сүйекті қаптап тұрған бір кесек етті басқарушы елес қанасың. Тәніңнің әрбір атомы жарылған жұлдыздан пайда болған...
Бұл — менің физикадан білетін ілімімнің бір пұшпағы десем болады.

🇷🇺 Как ты можешь чего-то бояться?! Ты призрак управляющий куском мяса, надетым на кости, сделанные из звездной пыли. Каждый атом твоего тела произошел от взорвавшейся звезды…
Это самая поэтичная вещь, которую я знаю о физике.

1 week, 1 day ago

🇰🇿 Жақында мен біздің өз-өзімізге деген сенімділігіміз дофамин мен серотонин деген гормондарға тікелей байланысты екенін білдім. Содан бері оларды дамытудың жаңа жолдарын қарастыра бастадым.

Біз қандай да бір жетістікке жетсек, домафин гормоны бөлінеді де, мерейіміз өсіп, көңіліміз марқайып қалады. Ал айналамыздағы жандардың қолдауына ие болып, құрмет-қошеметке бөленсек, жан мен тән өзара үйлесім тауып, серотониннің деңгейі артады.

Бір түсінгенім: өз-өзімізге деген сенімділікті арттыру үшін қарапайым істерден бастауымыз керек екен. Алдымызға кішігірім мақсат қойып, соған қол жеткізгенімізге қуана білгеніміз жөн. Сонда әр қадам сайын сеніміміз ұлғайып, алға қарай ұмтылуға күш-жігеріміз арта түспек.

Кез келген жеңіс кішкентай жетістіктерден басталады. Үздіксіз әрекет етсеңіз, — алдыңыздан жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Бүгіннен бастаңыз!

🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️

3 months, 1 week ago

Құрметті серіктестер,

Командалық жұмыс пен желі — бұл біздің табысты болуымыздың басты құралы, соңғы жылдары талай қиындықты бірге бастан кештік. Әрбір компанияның, әсіресе, желілік маркетингтің даму және өркендеу кезеңдері болатынын түсінуіміз керек. Қазір біз жаңартылған маркетинг-жоспармен жаңа мүмкіндіктер табалдырығын аттағалы тұрмыз.

Бізге келген кейбір көшбасшылардың бір ғана табыс көзіне бағытталған өз стратегиясы болған, алайда ол өздеріне де, компанияға да ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға сеп болмады. Енді біз ұзақ мерзімді табыс көзіне айналатын, бұрынғы нәтижелерден әлдеқайда артық мүмкіндіктерді ұсынамыз, бірақ ол жаңаша әдіс-тәсілдер мен ынта-жігердің басым болуын талап етеді.

Өзгерістерге бәріңіз бірдей дайын емес екендеріңізді түсінеміз, бұл — қалыпты жағдай. Кез келген өзгеріс іждаһаттылық пен әрекетті, сондай-ақ жаңа кезеңге бейімделуге дайындықты талап етеді. Бұрынғы бизнес моделі қаталдау болғандықтан, серіктестер статус жабу үшін кей жағдайларда қаржылық қиындықтарға (несиеге жүгінуге) тап болды, ал бұл желілік бизнестегі кәсіпкерлік пәлсапаға мүлде қайшы. Біз бұл бизнес елді қарызға батырмай, тұрақты табыс көзіне айналғанын қалаймыз.

Жаңа маркетинг-жоспар белсенді команда құрып, бизнеске адам шақыру жүйесін ғана емес, сол жүйедегі серіктестерді ұстап қалу жағын да қамтамасыз етуге дайын серіктестерге зор мүмкіндіктер береді. Бұл қадамдар сіздің тұлға ретінде дамуыңызбен қатар, қаржылық тұрақтылық пен ұзақ мерзімді жетістігіңізді қамтамасыз етеді.

Өз жолын компаниямыздан тыс жалғастырғысы келетін жандарға бірге өткерген күндер мен компаниямызға сіңірген қажырлы еңбегі үшін зор алғысымды білдіремін. Мұндай шешім қабылдау оңай емес, сондықтан таңдауларыңызды құрметтеймін.

Ал компанияда қалған серіктестерге айтарым: алдарыңызда бірегей мүмкіндіктер күтуде. Біз сіздердің ерен еңбектеріңіз бағаланып, командаларыңыз компания тарапынан жасалған жағдай мен қолдаудың арқасында өркендеп, дамитын болашақтың іргетасын бірге қалаймыз.

Сіз бен біз жаңа белестерді бірге бағындырамыз!

3 months, 1 week ago

Дорогие партнеры,

Сеть и командная работа — это основа нашего успеха, и в последние годы мы прошли огромный путь вместе. Важно понимать, что каждая компания, особенно в сетевом маркетинге, проходит через этапы развития и улучшений. И сейчас мы стоим на пороге новой эры возможностей, которую принесет обновленный маркетинг-план.

Некоторые лидеры пришли к нам с определенной стратегией и поведением, сфокусированными на одном виде дохода, который не мог обеспечить им и компании долгосрочный отношения. Сейчас мы предлагаем возможность долгосрочного заработка, значительно превышающего прежние результаты, но это требует обновления подходов и повышенной вовлеченности.

Мы понимаем, что не все готовы к изменениям, и это нормально. Любые изменения требуют усилий, действий и готовности адаптироваться к новой реальности. В прошлом модель бизнеса была достаточно агрессивной, и, к сожалению, иногда это приводило к чрезмерной финансовой нагрузке (закредитованности) партнеров для закрытия статусов, что противоречит философии предпринимательства в сетевом бизнесе. Мы всегда стремимся к тому, чтобы наш бизнес приносил стабильность, а не долги.

Наш новый маркетинг-план предлагает больше возможностей для тех, кто готов строить активные команды, развивать не только систему привлечения, но и систему удержания партнеров. Эти шаги помогают не просто расти, но и обеспечивать долгосрочный успех и стабильность.

Для тех, кто принял решение двигаться дальше вне нашей компании, я хочу выразить благодарность за вклад и путь, который мы прошли вместе. Это всегда непростое решение, и я уважаю его.

Тем, кто остался, хочу сказать: перед вами — уникальные возможности. Вместе мы создаем будущее, в котором ваши усилия будут вознаграждены, а команды смогут расти и развиваться благодаря улучшенным условиям и поддержке компании.

Мы с вами на пути к новым вершинам!

4 months, 2 weeks ago

«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек.» М.Әуезов.

«Для успеха любого дела есть три условия: сначала - намерение, затем – сила и дисциплина». М.Әуезов

4 months, 2 weeks ago

?? Инстаграмдағы посттарым мен коуч-сессияларға, тренингтерге қатысып, тәлімгерлерден білімімді шыңдап жүрген стористеріме қарап, көпшілігі мені үздіксіз оқу үстінде деп ойлайтын сияқты. Тіпті: "сонша оқудың қажеті қанша?" дейтіндер де бар.

Marine Health бизнесінің даму қарқыны өте жоғары, тіпті менің білімім мен мүмкіндіктерім де көп жағдайда аздық етіп жатады. Былтыр ғана ұжымдық құрылымдар қалыптастырудан бейхабар едім, ал бүгінгі таңда Marine Health үлкен корпорацияға айналды. Ал бір ай бұрын "компанияны Сингапурда қалай тіркейміз?" деп бас қатырсам, қазір онда еншілес компаниямыз бар. Бес жарым жылдың ішінде халықаралық бизнес құрудан керемет тәжірибе жинадым және сол талаптарға сай болу үшін әрдайым білімді жетілдіріп отыруыма тура келді.

Мен мұны жаттығу сайын бұлшықеттеріңді өсіретін фитнес-залға ұқсатамын. Қазіргі кезде екі тәлімгерім бар, олар: Марғұлан Сейсембай және Жексен Васильевич. Әрқайсысы өз саласының мықты маманы болғандықтан, маған бар білгендерін үйретуде. Біз үнемі кездесіп тұрамыз. Мен кейбір қиындықтарыммен бөлісемін, ал олар тиісті кеңесін айтып, бағыт-бағдар сілтеп отырады.

"Ең жақсы инвестиция — өзіңді дамытуға арнаған инвестиция". Мен өзімді дамытуға жылына миллион долларға жуық қаржы жұмсаймын, ал оның әр тиыны өзін еселеп ақтауда.

?? Текст на русском языке выше ⬆️

4 months, 2 weeks ago

Со стороны может показаться, что я постоянно в процессе обучения, судя по моим постам и сторис, где я учусь у наставников или посещаю тренинги и коуч-сессии. Некоторые даже спрашивают: зачем столько учиться?

Темп развития бизнеса Marine Health настолько велик, что он часто опережает мои знания и возможности. Год назад я не знал, как строить корпоративные структуры, а сегодня Marine Health — это уже корпорация со всеми ее признаками. Месяц назад я не знал, как зарегистрировать компанию в Сингапуре, а сегодня у нас там есть дочерняя компания. За пять с половиной лет я получил колоссальный опыт в построении международного бизнеса, и каждый раз мне приходилось учиться, чтобы соответствовать его размерам.

Я представляю это как фитнес-зал, где с каждой тренировкой наращиваю мышечную массу. У меня есть два постоянных тренера, Маргулан С. и Жексен В. Каждый из них мастер в своем деле и учит меня своим техникам и умениям. Мы регулярно встречаемся, я рассказываю о вызовах, с которыми сталкиваюсь, и они подсказывают, что нужно прокачать в себе.

«Самая лучшая инвестиция — это инвестиция в себя». В год я вкладываю в свое развитие около миллиона долларов, и каждый доллар окупается многократно.

4 months, 3 weeks ago

?? Менің серіктестік ұстанымдарым

Мен алғашқы жобаларыммен айналысқан кезде, серіктестерімнің қарыздары, қиындықтары немесе қандай да бір ауыртпалықтары бар-жоғына әрдайым көз жеткізіп алатынмын. Бұл — менің бірінші шартым болатын. Ал екінші шартым — жобаға ден қою. Егер адам бірнеше іспен қатар айналысса, ештеңеге зейін қоймайды.

Ортақ кәсіп бастау үшін сол іске бар ынта-жігерін 100% аудара алатын серіктес таңдау керек. Ол қарызына, я екінші жұмысына алаңдамауы тиіс. Қарыз бен қиындық қайықтағы тесікке ұқсайды: сен жүзу бағытын емес, батып кетпеудің қамын ғана ойлайтын боласың. Ондай кезде алдыңа ауқымды мақсат қою ойыңа кіріп-шықпасы анық.

Менің бірінші бизнесімде қарызға белшесінен батқан серіктесім болды. Адамдар кеңсеге келіп, қоқан-лоққы көрсететін. Ал ол үнемі бизнестің ақшасынан оған көмектесуімді сұрайтын. Жобаның ғұмыры ұзаққа созылмады: оған кассалық қиындықтар ғана емес, команда ішіндегі келіспеушіліктер де себеп болды.

Зейіннің ауытқуы — кәсібін енді бастаған жас кәсіпкерлерде жиі кездесетін қиындық. Мен өзімді "стартапқа көп күш салу керек", "отбасымды асырауым керек" деп ақтадым. Гидропоникамен айналысқан жылдары оған бел шеше кіріспедім, басқа да қосымша табыс табу жолдарын іздедім. Жобаға қажет қаржы мен уақытты бекерге сарп еткенімді өзім де байқамадым. Егер ақшадан қысылсаңыз, айналысып жүрген ісіңізге көбірек ден қойыңыз, зейін бар жерде нәтиже де болады.

Менің бұл тәжірибем бизнесте сіздерге сабақ болады деп үміттенемін.

?? Текст на русском языке выше ⬆️

We recommend to visit

Бот знакомств 👉 @leomatchbot
Кто тусит в VK 👉 vk.me/dayvinchik

Интеграции в Дайвинчике 👉 @futuread

Last updated 6 days, 11 hours ago

События в мире, политика, экономика, конфликты

https://knd.gov.ru/license?id=6726ad3daee8a56e0fdd3bb5&registryType=bloggersPermission

Last updated 1 day, 6 hours ago

📰 СНГ Канал Fintopio

📱MiniApp: @fintopio
🌐 Web: fintopio.com

💎 Follow Fintopio:
📰 @FintopioNews

Instagram.com/fintopio
X.com/fintopio
YouTube.com/@fintopio
Facebook.com/fintopio
TikTok.com/@fintopio

Last updated 3 days, 9 hours ago