Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 months ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 4 months ago
Межелі жерге жетуге сәл ғана қалды, пойыз әлі тоқтамады. Ал халық есік аузында жапа-тармағай тізіліп тұрып алған.
Асығыстық па, жабайылық па?
Одан қалды, бұл тек пойызда, автобуста болса жарар еді, ұшақ жерге қонбай жатып тұрып алатынын қайтесің…
Қазіргінің нағыз өнерпаздары, өнер өлкесіндегі шоқтығы биік, шын майталмандары – сөз қадірін түсінбейтін, тек келген жұрттың келбетіндегі жалған күлкіге себепші боп, одан қалды біреуді келеке қып, арзан, жеңіл, тіпті, кейбірі ұят та боп кететін әзілдерін арқалап жүрген тойдағы тамадалар қауымы.
Міне, біздің деңгей!
Бізде “сөз өнері” деген бар еді, бірақ қазіргілер сүбелі сөзсіз-ақ, келелі әңгімесіз-ақ өнерпаз атанып жүр. Жұртты күлдірсем болды дейді. Ал күлдіре білу мен күлкіге қалу екі бөлек ұғым…
“Мұхтар Мағауин елден неге кетті”, “Мұхтардың Қазақтан көңілі қалған” деген сияқты пікірлер қазір көбінің ойында жүр. Шынымен де ойланатындай-ақ дүние. Тіпті, туған жерінен бір уыс топырақ бұйырмайтындай нендей мәселе болды екен дейсің. Тірісінде қаншама еңбек жазған. Соның бәрі де Қазақтың игілігіне бағытталды десек, артық болмас. Өміріне үңілсеңіз, 8-9 жасында-ақ “жазушы болам” деген ұранмен жүрген, (мен 4 жыл созып оқыған) Абай жолын 8 жасында тауысқан. Бұл – бер жағы. Одан әрі тереңдей түссеңіз, таңғалдырмай қоймайды. Ескілікті меңгеріп, көненің көзін өз заманында жарыққа шығарды. Кешегі жыршы-жырауларды осы Мұхтар Мағауин әкелмесе, басқасы әкеле алар ма еді, белгісіз…
Жә, жазушының өмірін сөз етер ойым жоқ.
Қазір ортаға саларым: Мұхтар Мағауиннің “МЕН” аталатын роман - дилогиясы. Бұл кітапта, автордың ғылымға қалай бет бұрғаны, жазушылыққа қалай икемделгені, одан бөлек аты шулы “Алдаспан”, “Аласапыран”, “Қобыз сарыны” сияқты ғаламат шығармалардың қалай жарыққа шыққанын баяндайды. Өмірінің қаншалықты арпалыста өткенін, маңайындағылардың қастандығын, өзінің қалай, ненің әсерімен жігерленгенін, жеңісті күндерге қалай жеткенін суреттейді, ешқандай бояусыз, дәлме-дәл көзімен көргенін, естігенін, бәрін бүкпесіз тізген. Қысқаша айтқанда, өмірінің қызық-шыжығын егжей-тегжей түсірген.
Осының бәрін түгел, түсініп оқып шықсаңыз, Мұхтардың шын деңгейі қандай екенін біліп, өмірінің қандай азапқа толы өткенін ұғар едіңіз… Сонымен қатар әдебиет әлеміндегі біз көкке көтеріп жүрген біраз тұлғаның шын бет-бейнесі ашылады. Ал ең бастысы, әуелде қойылған “елден неге кетті” деген сауалға жауап та табылады.
Автор қазір кеңінен таралған, сонау хандық дәуіріндегі жыршы-жыраулардың келешек үшін маңызы қандай болатынын ескеріп, сол бағытта күрескен, оның осы ісі үшін қаншама қиындық көргені жүрегіңді ауыртады. “Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбеттің шағын ғана бір толғауына менің кез келген романымды айырбастап жіберуге болар еді, өйткені жыраулар мұрасы халқымыздың неше ғасырлық рухының көрінісі. Қайталанбас, тозбас байлық” деген сөзінен-ақ Мұхтар Мағауиннің қандай еңбек еткенін білуге болады. Қысқасы, бұл кітап – өміріңізге өң беріп қана қоймай, руханиятыңызды молайтып береді.
Төменге түртіп алған сөздерімнің ішіндегі жауһарларын ұсынайын:
“Мен аруақтың аманатын арқалап, бабамның мұраты, ұлтымның қазынасы, жұртымның мәңгілік рухы үшін күрестім”.
“Ыңғайлану, икемделу игілікке бастамайды. Тек өз табиғатыңнан айнымау керек екен”.
“Шындыққа тоқтамасаңыз, заманды тоқтата алмайсыз”.
“Дабыра басылады, мадақ ескіреді, шын тозбайтын – халықтың рухы, ұлттық мүдде ғана”.
“Қашанда ең үлкен күнә – ұлттық намысын аяққа бастыру, елдің рухын қорлау. Күмәнсіз. Хақ”.
“Елің мерейлі болса, сенің де еңсең биік. Елің кәделі болса, сен де сыйлысың”.
Соңында: “Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар”.
Қазіргі таңда той тіршілігіне біршама сіңісіп алғаным бар-тын. Бұл жайында бірі білсе, бірі білмес деген әңгіме ғой. Содан не керек, жалпы той әлемінде сөзге қатты мән берем. “Сөз қадірім – өз қадірім” - дегенді қатты ұстанам. Аузымнан шыққан әр сөзден елдің ығыры шығатындай емес, керісінше, келген халық ұйып тыңдайтындай әсер алғанын қалайм, бұл – бір. Ал екіншіден, сүбелі сөз сөйлеп, тұшымды ой айтып, барынша дәстүрді дәріптеу – маған ұнайтын іс. (Сөйлейді дегенге мылжып, тантық боп кетеді деп қалмаңдар?)
Жә, негізгі айтарым осыған байланысты болғасын, жай ғана кіріспе болсын дедім. Кешегі ұзату тойында мынадай жағдай болды: “соңғы тілек кезегі (қонақтар тарапынан), сөйлеп тұрғандар ұзатылып жатқан қыздың әріптестері. Содан сөздерін тыңдап, жанында тұрсам, артымнан өзім қатарлас бір қыз түртіп:
- Сен Ақжалдікі емессің бе? - дейді.
- Жоқ, осы Балқаштанмын. Біреуге ұқсаттың ба? - десем…
- Иә, Ақжалда сен сияқты сыпылдап қалған бір жігіт бар-тын, сол ма деп қалдым, - деп күліп тұр.
- МММ, - дедім сосын?
Вұл не волды сонда…
Мақтау естідім бе, даттау естідім бе?
Тикток желісінен бір бейне шықты…
Оранған, яғни хиджабтағы қыз, “жаңбырдағы ухтишкалардың проблемасы” деп етегінің су-су болып, лайланып кеткенін салып қойыпты. Енді сол бейненің астындағы ең көп лүпіл жинаған пікірдің бірі: “етектің осылай су болып былғанғаны жақсы, ардың былғанғанына қарағанда” дейді.
Бұны жазған – баяғы намысқой, қыздың арын қатты бағалайтын және сол ар-ұжданын киіміне, нақтырақ айтқанда етегінің ұзындығына қарап өлшейтін жас жігіт. Сонымен қатар бұған қосылған біршама адам бар, қарсы пікір санаулы ғана. Қолдаған бәрінің анасы, әпкесі, қарындасы орамалмен туған екен ғой дедім…
Сонда біз, дәл қыздың арын киіміне қарап бағалаймыз ба? Жоғарыдағы пікір мүлде қисынға келмейді ғой. Жазған пікірімен хиджаб кимеген барлық қызға “арсыз” деген ауыр сөзді артып тұр ғой…
Кезінде қыздың бойындағы тазалығын, ұяңдығын, ақылдылығын көркіне қарап баға берген деседі.
“Еркектің көркі ақылында, Әйелдің ақылы көркінде” деген.
Ал қазіргі ақылы дариядай сарқылып жатқан білгіштер қыздың абыройын киіміне қарап анықтай салады екен.
Неткен керім, ей!..
Мен оралам… (әйтеуір бір күні)
Әзірше, пікірге: дүкен аралайтын кездегі “азық-түліктің” тізімін тізе берсеңдер болады?**
Қыз баласының уайымы: “мені кім қорғайды” немесе “мен қалай қорғанам” сияқты ойлармен толуы дұрыс емес. Оның бар уайымы: “түсте/кешке қандай тамақ істеймін” болғаны дұрысырақ әрі жарасымды.
Иә, иә, бүгін, 2024-жылдың, 4-айы, 4-күні. Бәрінде күнтізбе бар ғой)
Қай нұсқаны таңдайсың?
Көп сөйлеп, аз тыңдау.
Аз сөйлеп, көп тыңдау.
Халықты халық қашанғы асырап, қамтамасыз ете бермек?!
Тіпті жұрттың өзі осыған еті үйреніп кеткендей, талайдың алдында танылып, халықтың көзайымы боп жүрген әншісі бар, спортшысы бар, бәрі-бәріне (халыққа) көмектесуді неге міндеттеп қояды?! Олар да адам. Жағдайы асып-тасып жатса да, тапқан тамағын дәл мыңдаған адамның аузынан жырып жеп жүрген жоқ шығар. Үкіметті неге міндеттемейді?! Егер бұндай кезеңде көмек көрсетіп, халықтың қал-жағдайын, тұрмысын реттеп беретін билік болмаса, биліктің не керегі бар?!
Осы уақытқа дейін кішкентай да болсын, шағын ауданды дамытып, толық көтеріп берген үкіметті байқамаппын. Белгілі бір дәрежеде жұмыс істеп, қалғанын қысып қалудан басқа еш нәтиже көргеніміз жоқ. Дәл үкіметтің, жоғарыдағы дөкейлердің тындыратын шаруасын ел-жұрттың өзі, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып істеп алады және кейбір халық ондай істі өздеріне міндеттеп қоятыны тағы бар. Өтірік деп көр енді…
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 months ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 4 months ago