Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

БІЛІМ БАҚШАСЫ

Description
Ақырет азығына арналған арна
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago

1 week, 3 days ago

❗️ Үш нәрсе жайында ойлама

Имам Абу Лейс әс-Самардқанди (рахимаһуллаһ) айтқан:

‏لا تتفكر في ثلاثة أشياء:
١-لا تتفكر في الفقر:
فيكثر همّك وغمك، ويزيد في حرصك!
٢-ولا تتفكر في ظلم من ظلمك:
فيغلظ قلبك، ويكثر حقدك، ويدوم غيظك!
٣-ولا تتفكر في طول البقاء في الدنيا:
فتحبّ الجمع، وتضيع العمر، وتسوِّف في العمل!

«Үш нәрсе жайында терең ойға берілме:
1. Кедейлікті ойлама; әйтпесе уайым мен қайғың көбейіп, дүниеге деген құлшынысың артады;
2. Саған зұлымдық қылғанға зұлымдықпен жауап беруді ойлама; әйтпесе жүрегің қатайып, көреалмаушылығың күшейеді және ашуың өзегіңді үздіксіз өртейтін болады;
3. Дүниеде ұзақ сүруді ойлама; әйтпесе дүние жинауды жақсы көріп, өміріңді жоғалтасың және амал жасауды кейінге қалдырасың».

📚 Тәнбиһ әл-Ғофилин; (1/572).

#dana_sozder #мотивация

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy

1 week, 5 days ago

💬 Бір жылдық оразаның сауабына екі рет қол жеткіңіз келсе

Пайғамбар мешітінде сабақ берген үлкен ғалым – шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббад (хафизаһуллаһ) айтқан:

يمكن الانسان أن يصوم الدهر مرتين، مرة ما جاء في الحديث: (صيام ثلاثة أيام من كل شهر كصيام الدهر)، ومرة: (مَن صام رمضان وأتبعه بستة من شوال كان كصيام الدهر)، فيحصل أجر صيام الدهر مرتين).

Мұсылман адам бір жылдың оразасын екі рет ұстаса болады;
Оның біріншісі: [Бұхари мен Муслимде] келген хадисте айтылғандай:
«Əр айда үш күн [13,14,15-күндері] ораза ұстаған адам – жыл он екі ай бойы ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа ие болады».
Ал, екінші рет: [Муслимде] жеткен хадисте айтылғандай:
«Кімде-кім Рамазанда (толық) ораза ұстап, кейін оны Шәууәлдің алты күн оразасымен жалғастырса, жыл бойы ораза тұтқандай болады».
Осылайша, адам (Шәууәлдің ішінде) бір жылдық оразаның сауабына екі рет қол жеткізсе болады екен.
💽 «Сахих Бұхари» дәрісінен үзінді; 11/07/1439 һ.ж.

Мәлімет ретінде: Аллаһ қаласа, ертеңнен бастап Шәууәл айының ортаңғы [13,14,15] күндері басталады. Яғни, кімде-кім Шәууәлдің оразасын ұстап қойған болса, онда осы ұлы бір сауаптан қапы қалмауы үшін, Шәууәлдің 13,14,15-күндері нәпіл ораза ұстауға мән бергені жақсы. Ал енді кім, Шәууәлдің алты күн оразасын толық ұстап бітпеген болса, екі рет бір жыл бойы ораза ұстаған адамның сауабына бөлену мақсатында Шәууәл оразасының бітпей қалған күндерін Шәууәлдің 15-нен кейінге қалдырып, айдың ортасында ұсталатын оразаны ұстағаны абзал болғай!

Мәселе: Осы жерде: "Екі оразаны біріктіретін болса, яғни, егер біреу Шәууәлдің 13,14,15-күндері ұсталатын оразамен бірге Шәууәлдің алты күн оразасын да ниет етсе, бір жылдың оразасын екі рет ұстағандай сауап алады ма?",- деген сұрақ туындауы мүмкін. Шыны керек, бұл мәселеде ғалымдардың арасында пікірталас бар. Имам Ибн Усеймин: "бір жылдың оразасын екі рет ұстағандай сауапқа кенеледі деп үміт етеміз" десе, шейх Сулейман Рухейли: "олай айта алмаймыз, өйткені, шариғат етілуде екі оразаның екі бөлек мақсаты бар",- деген. Ал имам Солих Фаузан болса, "мүмін адам жақсылықтар жасауда бір ниетке шектелместен, әрбір оразаны бөлек ұстағаны дұрысырақ" екенін алға тартқан. Сондықтан пікірталастан шығып, көңіліміз тыныш болу үшін және жақсылықтар жасауда жарысатындардың қатарынан болуымыз үшін, екі оразаны екі бөлек ұстағанымыз дұрыс болар...
Аллаһ Тағала жақсырақ Білуші.

#Шәууәл #oraza

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy

1 week, 6 days ago

📌 Аллаһты еске алушылар жайында айтылған ұлы хадис

Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деген:

إِنَّ للهِ مَلَائِكَةً يَطُوفُونَ فِي الطُّرُقِ، يَلْتَمِسُونَ أَهْلَ الذِّكْرِ، فَإِذَا وَجَدُوا قَوْمًا يَذْكُرُونَ اللهَ، تَنَادَوْا: هَلُمُّوا إِلَى حَاجَتِكُمْ. قَالَ: فَيَحُفُّونَهُمْ بِأَجْنِحَتِهِمْ إِلَى السَّمَاءِ الدُّنْيَا. قَالَ: فَيَسْأَلُهُمْ رَبُّهُمْ - وَهُوَ أَعْلَمُ مِنْهُمْ - مَا يَقُولُ عِبَادِي؟ قَالُوا: يَقُولُونَ يُسَبِّحُونَكَ وَيُكَبِّرُونَكَ وَيَحْمَدُونَكَ وَيُمَجِّدُونَكَ. قَالَ: فَيَقُولُ: هَلْ رَأَوْنِي؟. قَالَ: فَيَقُولُونَ: لَا واللهِ، مَا رَأَوْكَ. قَالَ: فَيَقُولُ : وَكَيْفَ لَوْ رَأَوْنِي؟. قَالَ: يَقُولُونَ: لَوْ رَأَوْكَ كَانُوا أَشَدَّ لَكَ عِبَادَةً وَأَشَدَّ لَكَ تَمْجِيدًا وَأَكْثَرَ لَكَ تَسْبِيحًا. قَالَ: يَقُولُ: فَمَا يَسْأَلُونِي؟. قَالَ: يَسْأَلُونَكَ الْجَنَّةَ. قَالَ: يَقُولُ: وَهَلْ رَأَوْهَا؟. قَالَ: يَقُولُونَ: لَا واللهِ يَا رَبِّ مَا رَأَوْهَا. قَالَ: يَقُولُ: فَكَيْفَ لَوْ أَنَّهُمْ رَأَوْهَا؟. قَالَ: يَقُولُونَ: لَوْ أَنَّهُمْ رَأَوْهَا كَانُوا أَشَدَّ عَلَيْهَا حِرْصًا وَأَشَدَّ لَهَا طَلَبًا وَأَعْظَمَ فِيهَا رَغْبَةً . قَالَ: فَمِمَّ يَتَعَوَّذُونَ؟. قَالَ: يَقُولُونَ : مِنَ النَّارِ. قَالَ: يَقُولُ: وَهَلْ رَأَوْهَا؟. قَالَ: يَقُولُونَ: لَا واللهِ مَا رَأَوْهَا. قَالَ: يَقُولُ: فَكَيْفَ لَوْ رَأَوْهَا؟. قَالَ: يَقُولُونَ: لَوْ رَأَوْهَا كَانُوا أَشَدَّ مِنْهَا فِرَارًا وَأَشَدَّ لَهَا مَخَافَةً. قَالَ: فَيَقُولُ: فَأُشْهِدُكُمْ أَنِّي قَدْ غَفَرْتُ لَهُمْ. قَالَ: يَقُولُ مَلَكٌ مِنَ الْمَلَائِكَةِ: فِيهِمْ فُلَانٌ لَيْسَ مِنْهُمْ، إِنَّمَا جَاءَ لِحَاجَةٍ. قَالَ: هُمُ الْجُلَسَاءُ لَا يَشْقَى بِهِمْ جَلِيسُهُمْ.

«Аллаһтың жолдарда зікір иелерін іздеп жүретін періштелері бар. Егер Аллаһты зікір ететін бір қауымды тапса, олар бір-бірін: "(Іздеген) қажеттіліктеріңе келіңдер!"- деп шақыра түседі. Сөйтіп олар Аллаһты зікір етіп жатқандарды қанаттарымен қоршап дүние аспанына дейін жетеді.
– Сонда олардың Раббысы (Аллаһ Тағала) -олардан жақсы білуші болса да-:
"Менің пенделерім не сұрап жатыр?"- деп сұрайды.
– Сонда әлгі періштелер:
"Олар Сені пәктеп, ұлықтап, мақтап, мадақтап жатыр",- дейді.
– Аллаһ Тағала: "Олар Мені көрген бе?"- деп сұрайды.
– Періштелер: "Аллаһпен ант етеміз, олар Сені көрген жоқ",- дейді.
– Аллаһ Тағала: "Ал, егер көрсе қалай болар еді?!"- деп сұрайды.
– Періштелер: "Егер көрген болса, Саған көбірек ғибадат қылып, мақтау-мадақтарды айтуды көбейтіп, Сені одан да қатты пәктей түсетін еді",- дейді.
– Аллаһ Тағала: "Олар не сұрап жатыр?",- дейді.
– Періштелер: "Олар Сенен Жәннатты сұрап жатыр",- деп жауап қатады.
– Аллаһ Тағала: "Олар Жәннатты көрген бе еді?", - деп сұрайды.
– Періштелер: "Аллаһпен ант етеміз, Раббым, олар Жәннатты көрмеді",-дейді.
– Аллаһ Тағала: "Ал, егер көрген болса қалай болар еді?",- деп сұрайды.
– Періштелер: "Егер олар Жәннатты көрген болса, Жәннатқа қатты тырысып, оны талап етуге одан да қаттырақ ұмтылып, қызығатын еді",-дейді.
– Аллаһ Тағала: "Олар неден пана тілеп жатыр?"-деп сұрайды.
– Періштелер: "Тозақ отынан",- дейді.
– Аллаһ Тағала: "Олар Тозақты көрген бе өзі?",- деп сұрайды.
–Періштелер: "Аллаһпен ант етеміз, олар оны көрмеді",- дейді.
– Аллаһ Тағала: "Ал, егер көрсе қалай болар еді?!",- деп сұрайды.
– Періштелер: "Егер олар Тозақты көргендерінде, онда Тозақтан барынша қашып, қаттырақ қорқатын еді",- дейді.
– Аллаһ Тағала: "Сендерді куәгер етемін, Мен оларды кешірдім!",-деп айтады.
– Сонда періштелердің бірі: "Мыналардың араларында (зікір етушілерден) болмаған бір адам бар, ол тек қана қажеті үшін келген",- дейді.
– Аллаһ Тағала: "Олар (Аллаһты еске алатындар) – сондай отырушылар (орта), олармен бірге отырғандардың ешбірі бақытсыз болып қалмайды!",- дейді».

📚 Бұхари; (6408), Муслим; (2689).

#zikir

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy

2 weeks, 1 day ago

📜 Ең абзал садақа

Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллаһ) айтқан:

بعض الناس ينفق على أهله، ولكنه لا يشعر بأنه يتقرب إلى الله بهذا الإنفاق، و لو جاءه مسكين و أعطاه ريالاً واحداً يشعر بأنه متقرب إلى الله بهذه الصدقة، ولكن الصدقة الواجبة على الأهل أفضل وأكثر أجراً.

«Кейбір адамдар әйеліне, балаларына ақша беріп жатқанда немесе оларға азық-түлік және керек-жарақ алғанда сол амалы арқылы Аллаһқа жақындап жатқанын сезінбейді. Ал қашан оған бір мұқтаж адам келсе, сосын оған бір риал (шамамен жүз теңге) берсе, сол садақасы арқылы Аллаһқа жақындап жатырмын деген сезімде болады. Алайда, отбасыңа жаратқан уәжіп садақа – басқаға берген садақадан абзалырақ әрі сауабы жағынан көбірек болып келеді».
📚 Шарх Рияд әс-Солихин; (4/389).

#sadaqa

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy

2 weeks, 2 days ago

🕌 Рамазан аяқталса да, түнгі намаз аяқталған жоқ...
Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллаһ) айтады:

Рамазандағы тарауих намазы аяқталса да, түнгі намаз ешуақытта аяқталмайды. Бəлки, түнгі намаз мұсылман адам үшін жылдың əр түнінде шариғат етілген. Ардақты сахаба Муғира Ибн Шуғба (Аллаһ одан разы болсын) түнгі намаздың қадірі жайында былай деген екен:

«Пайғамбарымыз (ﷺ) екі табаны немесе екі балтыры ісіп, қан ұйып қалғанға дейін түнде намаз оқитын еді, əрі оны көргендер оған: «өзіңізді неге соншалықты деңгейде қинайсыз, сіздің бүкіл күнəларыңыз кешірілген емес пе?»,- делінсе, ол: «Ендеше мен шүкір етуші құлдардан болмаймын ба?»,- деп жауап беретін болған.
📚 Бұхари (1130).

Абдуллаһ Ибн Сəлəмнан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымыз ﷺ түнгі намаздың жəннатқа сəлеметтікпен кіруге үлкен септігі тиетінін баяндай келе, келесі сөзін айтқан:

يَا أَيُّهَا النَّاسُ، أَفْشُوا السَّلَامَ، وَأَطْعِمُوا الطَّعَامَ، وَصَلُّوا وَالنَّاسُ نِيَامٌ تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ بِسَلَامٍ.

«Ей, адамдар! Сəлемді таратыңдар, міскінді тойдырыңдар жəне адамдар тəтті ұйқыда жатқанда намаз оқыңдар, сонда Жəннатқа сау-сəлеметпен кіресіңдер».
📚 Тирмизи (2485), Ибн Мəжəһ (1334). Хадистің сенімділігін имам Тирмизи мен имам Альбани растаған.

Басқа бір хадисте:

أَفْضَلُ الصَّلَاةِ بَعْدَ الصَّلَاةِ الْمَكْتُوبَةِ، الصَّلَاةُ فِي جَوْفِ اللَّيْلِ.

«Парыз намаздардан кейін ең абзал намаз – түннің бір бөлігінде оқылған намаз»,- делінген.
📚 Муслим (1163).

Түнгі намаз дегеніміз; таһажуд пен үтір намазы секілді түнде оқылатын нəпіл намаздардың барлығын қамтып кетеді. Бұлардың барлығы түнгі намаз деген атауға кіреді.
Жəне басқа бір хадисте:

يَنْزِلُ رَبُّنَا تَبَارَكَ وَتَعَالَى كُلَّ لَيْلَةٍ إِلَى السَّمَاءِ الدُّنْيَا، حِينَ يَبْقَى ثُلُثُ اللَّيْلِ الْآخِرُ يَقُولُ: مَنْ يَدْعُونِي فَأَسْتَجِيبَ لَهُ؟ مَنْ يَسْأَلُنِي فَأُعْطِيَهُ؟ مَنْ يَسْتَغْفِرُنِي فَأَغْفِرَ لَهُ؟.

«Біздің Раббымыз Аллаһ Тағала əр түні, түннің үшінші бөлігінде аспан əлеміне түседі. Сосын Ол (таң атқанға дейін): «Маған дұға қылушы бар ма? Оның дұғасына жауап берейін. Менен қажетін сұраушы бар ма? Оның сұрағанын берейін. Əрі Менен кешірім тілеуші бар ма? Оның күнəсін кешірейін»,- деп айтады»,- делінген.
📚 Бухари (1145), Муслим (758).

Сондықтан да, бауырлар! Бұл өмірде де, ақыретте де бақытқа кенелулерің үшін, бұ дүниемен қош айтысқанға дейін Аллаһқа құлшылық етуді үзбеңдер. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿مَنۡ عَمِلَ صَـٰلِحࣰا مِّن ذَكَرٍ أَوۡ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤۡمِنࣱ فَلَنُحۡیِیَنَّهُۥ حَیَوٰةࣰ طَیِّبَةࣰۖ وَلَنَجۡزِیَنَّهُمۡ أَجۡرَهُم بِأَحۡسَنِ مَا كَانُوا۟ یَعۡمَلُونَ﴾.

﴾Ерлер мен əйелдердің ішінде иман келтірген күйде салиқалы (ізгі) амал еткендерді Біз өте көркем өмір сүргізетін боламыз. Əрі олардың сыйын жасаған ізгі амалдарынан да жақсырақ жəне артығырақ етіп қайтарамыз﴿.
Нахл сүресі, 97-аят.

📕 Бұл мақала шейхтың «Мəжəлис Шəһр-Рамадан» атты кітабынан қысқартылып алынған.

#namaz #tahajud

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy

2 weeks, 4 days ago

❗️ Аллаһтың ақысы Рамазанмен шектелмейді

🔖 Аллаһқа тек Рамазанда ғана құлшылық қылатындарға насихат

Имам Солих Фаузан (хафизаһуллаһ) айтты:

Егер Рамазан айы аяқталса да, Аллаһтың ақысы өлімнен басқа ешуақытта аяқталмайды.
Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَٱعۡبُدۡ رَبَّكَ حَتَّىٰ یَأۡتِیَكَ ٱلۡیَقِینُ﴾.

﴾Саған өлім жеткенге дейін Раббыңа құлшылық қыл﴿.
Хижр сүресі, 99-аят.

Аллаһ Ол – Рамазанның Раббысы, Ол – Шəууəлдің де Раббысы, Ол – барлық айлардың Раббысы. Сондықтан да, Аллаһтан барлық айларда қорқып, тақуалық қылыңдар. Сондай-ақ, діндеріңе қатты мəн беріңдер, діндеріңе қатты мəн беріңдер, өмірлеріңнің барлық кезеңдерінде діндеріңе қатты мəн беріңдер. Өйткені, сол діндерің – сендерді Аллаһтың алдында құтқаратын басты айналымдағы пайда көздерің. Əрі сол діндерің – сендерді тозақтан құтқаратын (қалқандарың). Сол үшін, əруақыттарда жəне əр айларда діндеріңе аса мəн беріп, одан бекем ұстаныңдар. Сонымен қатар, Рамазан айы Аллаһқа шүкір етумен, Аллаһтан көп кешірім тілеумен жəне бізге күндіз ораза ұстауға əрі түндерде намаз оқуға мүмкіндік берген Аллаһтың кең Мейірімділігіне қуанумен жалғасылады. Біз осындай ұлы нығметтердің берілгендігіне қуанамыз. Біз ешқашанда Рамазанның аяқталуымен қуанбаймыз. Бəлки, біз Рамазанды ғидабатпен өткізгеніміз үшін қуанамыз.
Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿قُلۡ بِفَضۡلِ الله وَبِرَحۡمَتِهِۦ فَبِذَ ا⁠لِكَ فَلۡیَفۡرَحُوا۟ هُوَ خَیۡرࣱ مِّمَّا یَجۡمَعُونَ﴾.

﴾(Ей, Мұхаммед!) Оларға: «Бұл – Аллаһтың кеңшілігі мен мейірімі»,- деп айт. Олар негізінде осыған қуансын. Сөзсіз бұл – олардың жиған (дүниелерінен) қайда қайырлы﴿.
Йунус сүресі, 58-аят.

Сондай-ақ, көп ойын-күлкіге салынудан, ғапілдік пен немқұрайлыққа батудан жəне Аллаһқа құлшылық қылудан бет бұрып кетуден қатты сақтаныңдар. Себебі, шайтан сендердің амалдарыңды шаң-тозаңға айналдыруға, жасаған жақсылықтарыңның барлығын жуып-шаюға қатты ұмтылады. Сондықтан да, шайтан кейбір адамдарға: «Рамазан бітсе болды, адам тура бір түрмеден босатылғандай, (құлшылықтардан) толық босатылады» деген ой салып, оларды алдап қояды. Соның нəтижесінде ол адам ойын-күлкіге, бос сөздер мен бос істерге, намаздардың уақытын өткізуге (немесе мүлде оқымай қоюға) жəне басқа да жаман істерге бет ала жөнеледі. Сендер сондай бір қиындықпен тоқығандарыңды (жиған-терген сауаптарыңды) сөгіп тастаушы болмаңдар.
Аллаһ Тағала [Нəхл сүресі, 92-аятта] айтқандай:

﴿وَلَا تَكُونُوا۟ كَٱلَّتِی نَقَضَتۡ غَزۡلَهَا مِنۢ بَعۡدِ قُوَّةٍ أَنكَـٰثࣰا﴾.

﴾Сендер жібін мықтап тоқығаннан кейін оны сөгіп тастаған бір əйел сияқты болмаңдар﴿ деген мысалға түсіп қалмаңдар.
Уа, Аллаһтың құлдары! Аллаһтан қорқыңдар да, жасаған ізгі амалдарыңды (шаң-тозаң болып кетуден немесе сауабы кемуден) сақтаныңдар жəне жіберген қате-кемшіліктерің мен күнəларың үшін Аллаһтан кешірім сұрап, тəубе етіңдер. Ақиқатында, Аллаһ тəубе еткеннің тəубесін қабыл етеді.

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy

3 weeks ago

📕 Жаңа мақала

📌 ШӘУУӘЛДІҢ АЛТЫ КҮН ОРАЗАСЫ

🔖 Шәууәлдің оразасына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап

БІЛІМ БАҚШАСЫ арнасының редакциясы

✔️ Оқимыз әрі бөлісеміз

📲 t.me/bilim_baqshasy

3 weeks ago

📌 Шәууәлдің оразасын дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұстаудың үкімі

Сұрақ: Дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұсталатын оразаның сауабына бөлену мақсатында Шәууәлдің алты күн оразасын дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұстауға болады ма?

Жауап: Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллаһ) былай деді:

إذا اتفق أن يكون صيام هذه الأيام الستة في يوم الاثنين أو الخميس فإنه يحصل على أجر الاثنين بنية أجر الأيام الستة، وبنية أجر يوم الاثنين أو الخميس، لقوله صلى الله عليه وسلم: «إِنَّمَا الْأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ وَإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى..»"

Егер Шәууәл оразасын ұстау дүйсенбі мен бейсенбі күндеріне сай келіп қалса, онда Шәууәлдің оразасын әрі дүйсенбі мен бейсенбінің оразасын ниет еткені себепті екі оразасың сауабына қол жеткізе алады. Бұған дәлел Аллаһ елшісінің ﷺ мына сөзі:
«Расында, амалдар ниетке байланысты. Әрі әрбір пендеге ниет еткен нәрсесі ғана беріледі...».
📚** Әл-Фатауа; (11/2).

#Шәууәл #oraza

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy

Telegram

БІЛІМ БАҚШАСЫ

Ақырет азығына арналған арна

***📌*** **Шәууәлдің оразасын дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұстаудың үкімі**
3 weeks, 1 day ago

📌 Шәууәлдің оразасына қатысты үкімдер жинағы

1. Сұрақ:
Шәууәл оразасының шариғаттағы үкімі қандай?

Жауап:
Имам Ибн Баз (рахимаһуллаһ) айтады:

صيام الأيام الستة من شوال عبادة مستحبة غير واجبة.

Шәууәлдің алты күн оразасын ұстау – уәжіп емес, бәлки мұстахаб болған ғибадат.
📚 Әл-Фатауа (15/395).

2. Сұрақ:
Шәууәлдің алты күн оразасын Рамазанның қарызын өтемес бұрын ұстауға болады ма?

Жауап:
Имам Ибн Баз (рахимаһуллаһ) айтады:

الواجب أن تقضي أولًا ثم تصوم الست؛ لأن الرسول ﷺ قال: من صام رمضان ثم أتبعه ستًا من شوال، الست تكون تابعة لرمضان، فالواجب البداءة بالقضاء ثم تصوم الست.

Алдымен Рамазанның қарызын өтеу уәжіп (міндет). Өйткені, Аллаһ елшісі ﷺ: «Кімде-кім Рамазанда (толық) ораза ұстап, кейін оны Шәууәлдің алты күн оразасымен жалғастырса»,- деген.
📚 Муслим (1164).

Сондықтан, Шәууәлдің алты күн оразасы Рамазанның оразасына еруші болып табылады. Сол себепті, бірінші Рамазанның қарызын өтеп, сосын Шәууәлдің оразасын ұстау қажет.
📚 Шейхтың сайтынан алынған.

Үлкен ғұлама шейх Солих Люхайдан (рахимаһуллаһ) айтады:

المتعين أن يبادر من عليه قضاء من رمضان لأداء القضاء فإن بقي في شوال مدة تتسع لستة أيام صام الست من شوال، ينبغي أن يكون الاهتمام بأداء الفرائض وما بقي من الوقت يُستغل لأداء النوافل.

Мойнында Рамазанның қарызы бар Мұсылманға міндеттелген нәрсе – алдымен қарызын өтеу. Содан кейін, егер уақыт қалып жатса, Шәууәлдің алты күн оразасын ұстауы қажет. Негізі, бірінші кезекте парыздарды өтеуге ерекеше мән беріп, кейін қалған уақытты нәпілдерді орындаумен өткізу керек.
📚 Нурун 'аләд-Дарб.

3. Сұрақ:
Шәууәлдің оразасын Рамазанның қарызы ретінде де деп ниет етіп, екі оразаның арасын біріктірудің үкімі қандай?

Жауап:
Имам Ибн Баз (рахимаһуллаһ) айтады:

الست نافلة فإذا قضت في شوال ما عليها ثم صامت الست في شوال فهذا خير عظيم، وأما أن تصوم الست بنية القضاء والست فلا يظهر لنا أنه يحصل لها بذلك أجر الست، فالست تحتاج إلى نية خاصة في أيام مخصوصة.

Шәууәлдің алты күн оразасы нәпіл амал. Сондықтан, егер Шәууәлдің күндерінде алдымен Рамазанның қарызын өтеп, кейін Шәууәлдің алты күн оразасын ұстау – үлкен жақсылық. Ал, бір ниетпен (оразамен) Рамазанның қарызын және Шәууәлдің оразасын ұстауға келсек, онда біз ол адамға Шәууәлдің оразасының сауабы беріледі деп ойламаймыз. Өйткені, Шәууәлдің оразасы жеке бір ниет пен жекен күндерді талап етеді.
📚 Шейхтың сайтынан алынған.

4. Сұрақ:
Шәууәлдің оразасын жалғасымды түрде ұстау шарт па, әлде арасын бөліп ұстаса да болады ма?

Жауап:
Имам Ибн Баз (рахимаһуллаһ) айтады:

صيام ست من شوال سنة ثابتة عن رسول الله ﷺ، ويجوز صيامها متتابعة ومتفرقة؛ لأن الرسول ﷺ أطلق صيامها ولم يذكر تتابعًا ولا تفريقًا، حيث قال ﷺ: من صام رمضان ثم أتبعه ستًا من شوال كان كصيام الدهر. أخرجه الإمام مسلم في صحيحه.

Шәууәлдің алты күн оразасын ұстау – Аллаһ елшісінен жеткен сүннет амал. Сонымен қатар, оны арасын бөліп немесе бір деммен жалғасымды түрде ұстаса да болады. Себебі, Аллаһ елшісі ﷺ Муслим жеткізген хадисте:
«Кімде-кім Рамазанда ораза ұстап, кейін оны Шәууәлдің алты күн оразасымен жалғастырса, жыл бойы ораза тұтқандай болады»,- деп жалпы түрде айтты, әрі оның жалғасымды немесе арасы бөлінген күйде болу керектігін айтқан жоқ.
📚** Әл-Фатауа (15/391).

5. Сұрақ:
Бірден ұстаған абзал ма, әлде арасын бөліп ұстаған жақсырақ па?

Жауап:
Имам Альбани (рахимаһуллаһ) айтады:
Арасын бөлместен ұстаған абзалырақ.
💽 Әл-Һудә уән-Нур (325).

6. Сұрақ:
Шәууәлдің оразасын түнде ниет қылу шарт па, әлде нәпіл оразалар сияқты күндіз де ниет қыла берсе болады ма?

Жауап:
Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллаһ) айтады:

لابد أن ينوي الصوم من قبل الفجر، حتى يحصل له كمال اليوم.

Шәууәлдің бір күн оразасы кемел болу үшін міндетті түрде таңнан алдын ниет қылу керек.
📚 Әл-Фатауа (19/184).

#Шәууәл #oraza

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy

4 weeks ago
БІЛІМ БАҚШАСЫ
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago