Бір тұлға??

Description
Белгісіз тұлға боламын: @adami_adam
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

5 months, 3 weeks ago

В последнее время так удивляюсь людям,как можно быть такими лицемерами притворяясь добрыми и невинными добрячками)
Возможно это из-за плохой жизни они такие, как хорошо что каждый человек по чистоте сердца получает по заслугам.

5 months, 4 weeks ago

Қиямет күні бір адамның амалы таразыға қойылады. Оның берекесі аз болады. Осы кезде бұлтқа ұқсас нәрсе әкелініп, таразыға да қойылады. Сосын бұл кісінің жақсылығы басым болады, сосын сұрайды.
- Бұл не екенін білесің бе?
- Жоқ, білмеймін.
- Бұл басқаларға үйреткен білімнің сыйы (Рухул-Баян 3:138).

«Білім дәрежесі – дәрежелердің ең жоғарғысы».
Білім алу мен таратудың қасиеті туралы көптеген аяттар мен хадистер бар. Адам білім алып, оны тарату үшін ахирада міндетті түрде сауап алады.
Qïyamet küni bir adamnıñ amalı tarazığa qoyıladı. Onıñ berekesi az boladı. Osı kezde bultqa uqsas närse äkelinip, tarazığa da qoyıladı. Sosın bul kisiniñ jaqsılığı basım boladı, sosın suraydı.
- Bul ne ekenin bilesiñ be?
- Joq, bilmeymin.
- Bul basqalarğa üyretken bilimniñ sıyı (Rwxwl-Bayan 3:138).

«Bilim därejesi – därejelerdiñ eñ joğarğısı».
Bilim alw men taratwdıñ qasïeti twralı köptegen ayattar men xadïster bar. Adam bilim alıp, onı taratw üşin axïrada mindetti türde sawap aladı.

5 months, 4 weeks ago

Бір күні Яхия (ғ.с.) шайтанды өзінің шын кейпінде көріп, одан: \- Айтыңызшы, сіз кімді жақсы көресіз және кімді жек көресіз? \-Ең бастысы, мен сараңдарды жақсы көремін, тіпті олар мүмін болса да, ең бастысы, жомарттарды, тіпті олар күнәһар болса да жек көремін. \-Мүмінді қалай жақсы көріп, күнәһарды жек көресің? \-Мүміннің сараңдығы маған жетеді. Ал мен жомарт күнәһарларды жек көремін, өйткені оның жомарттығының арқасында Аллаһ оны тура жолға сала ма деп қорқамын. : Осы сөздерден кейін шайтан бұрылып кетіп қалады. Кетіп бара жатып: \-Егер сен Яхья болмасаң, мен саған мұны айтпас едім (Рухул\-Баян 3:151).

6 months ago

Мопедшілер көбейіп келеді
өлімде..

6 months, 1 week ago

Сынақ сындыру үшін емес, шыңдау үшін беріледі..

6 months, 1 week ago

Аллаһтың алдына барған әрбір құл жалбарынып кешірім тілеп,тәубесіне келер болса Алланың жауабы да тек қана :«Бар,сені кешірдім!» - деумен бола береді екен.

6 months, 1 week ago

Өміріңде ұнамаған нәрселерге риза болған жақсы*

6 months, 1 week ago

Иманыңды әлсіретпе!

6 months, 1 week ago

Ұлт ұстазы, Алаш қайраткері
Ахмет Байтұрсынұлының балаларға арналған “Қазақша әліппе” оқу қуралындағы ислам дінінің маркерлері. Бұлардың ішінде сенімге, фиқһқа, сүннилікке, мазһабқа қатысты маркерлерді көруге болады.

- “Біз ислам дініндеміз” (43 б.)
- “Біз Мұхамметтің үмбетіміз” (57 б.)
- “Күллі әлемді Алла жаратты” (57 б.)
- “Барша әлемді Құдай жаратқан” (48 б.)
- “Мүслім, мұсылман ислам дініндегі кісі” (44 б.)
- “Біз Имам Ағзам мазһабындамыз” (54 б.)
- “Сүннет пайғамбарымыз қоймай әдет етіп істеген ісі” (57 б.)
- “Мен зәмзәм іштім” (42 б.)
- “Рамазан ай аты” (52 б.)
- “Құранның 2-ші сүресін оқып жүрмін” (56 б.)
- “Үзірлі кісі намазды отырып оқысада жарайды” (53 б.)
- “Азаншы азан айтып тұр” (53 б.)
- “Зәкир зікір айтып тұр” (53 б.)
- “Адамның мойнында 40 парыз бар” (52 б.) (исламда 5, иманда 7, намазда 12, дәретте 4, таяммумда 4, ғұсылда 3, жақсылыққа шақыру, жамандықтан қайтару, хайыз, нифас, білім алу)
- “Оспан 3-ші халифаның аты” (55 б.)
- “Жаббар Ием Өзің сақта!” (57 б.)
- “Харам істен сақтан” (49 б.)
- “Сәждеге басты 2 мәртебе қояды” (42 б.)
- “Имам иман айтты” (43 б.)
- “Құрбандық қабыл болсын” (44 б.)
- “Мүрсал пайғамбар деген сөз” (44 б.)
- “Садақаны сауда (сау кезіңде) бер” (47 б.)
- “Адал сопы аз, арам сопы көп” (47 б.)
- “Пайғамбарымызға салауат оқимыз” (47 б.)
- “Мейман дәрет алып отыр” (51 б.)
- “Дауды қазы бітіреді” (52 б.)
- “Жақсы іс істеген сауап табады” (55 б.)
- “Қирағат оқу деген” (56 б.)
- “Ауылға молда келді” (57 б.)

Ал енді тілімізде араб және парсы тілдерінің сөздері өте аз немесе тіпті жоқ дейтіндерге ұлт ұстазының жауабы:
? - “Қазақ тілінде араб сөзі көп” (45 б.)
? - “Қазақ тілінде парсы сөздері де көп” (46 б.)

Оқу құралы жалпы 96 бет болса, соның 20 шақты беті ислам діні арқылы кірген араб - парсы сөздеріне арналған.
Бұл беттерді түсінген балаларға Ахмет Байтұсынұлы келесідей нұсқау береді:
? - “ Бұларды балаларға айтып түсіндірген соң араб сөздерін Һәфтияк шәрифтен оқыту керек.
Һәфтияктан әуелі “Құл һуаллаһу ахад”-ны (Құран сүресі), сонан соң “Әләм нәшрах”-ты (Құран сүресі), онан кейін “Құл ә’узү”-ларды (Құран сүрелері) оқыту. “~”-ны қанша тыныстарға (???), қанша тану керек, оларды мұғалім өзі баяндап балаларға түсіндірер деп мұнда жазбадым” (59 б.)

Ал жалпы Әліппенің сол 20 бетінде тікелей ислам дініне қатысты көптеген терминдер жазылған, мысалы:
? Имам, Иман, Калима, Құдай, Алла, Жаббар, Құддыс, Ислам, Дін, Құран, Сүре, Мұсылман, Мүслім, Сәжде, Зәмзәм, Расұл, Мүрсал, Хадис, Мүбарак, Құрбан, Шүкір, Айт, Оспан, Әли, Имам Ағзам, Дұға, Кәпір, Мүфти, Қазы, Садақа, Нәсіп, Сопы, Салауат, Салсал, Насара, Хатым, Харам, Талақ, Насихат, Шайтан, Дәрет, Шейіт, Парыз, Хазрет, Рамазан, Азан, Нәзір, Зікір, Зәкир, Кәусәр, Сауап, Қирағат, Мүмін (момын), Яжүж-Мәжүж, Молла, Үмбет, Сүннет, Сүнни, Мүәззин, Жаннат т.б.

Назар аударатын бір жайт, Ахмет Байтұрсынұлы бұл сөздердің біразын төте емлесімен емес, оригинал арабша немесе парысша емлесімен берген.

Жоғарыдағы мысалдардан бөлек Әліппеде “Аллаһу акбар” деп бітетін үш бата берілген:

? Қазақша баталар (64-67 б.)

? А, Құдайым, оңдасын!
Оңдағанның белгісі:
Мың саулығың қоздасын!
Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдансын!
Тіленшінің биесін берсін!
Үйсін, Қоңырат түйесін берсін!
Біткен аруақтарға тие берсін!
Аллаһу акбар!

? Құдайым жарылқасын, бай қылсын!
Төрт түлігін сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін!
Мал-басыңа сәулет берсін!
Кең пейіл берсін!
Құрбандығың қабыл болсын!
Тілеген тілегіңді берсін!
Аллаһу акбар!

? Асың, асың, асыңа!
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Сенен байлық өтпесін!
Тәңірі берген несібең
Тепкілесең кетпесін!
Желіңнің екі шетіне
Тай шаптырса жетпесін!
Кешке келіп жамырасқан,
Шуылдасып, маңырасқан,
Кошақанның енесі
Саулық бассын үйіңді!
Бақайлары сыртылдап,
Мүйіздері жылтылдап,
Бұзаулардың енесі
Сиыр бассын үйіңді!
Шудаларын шаң басқан,
Артқы өркешін қом басқан,
Ботақанның енесі
Інген бассын үйіңді!
Шіңгір-шіңгір кісінескен,
Сүйінішпен иіскесең
Құлыншақтың енесі
Бие бассын үйіңді!
Аллаһу акбар!

6 months, 3 weeks ago

Қаққан әрбір есік бірден ашыла кетсе, ешкім үміттің, сабырдың және тілектің қадірін ұқпас еді..

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.