Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

Description
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗 anon.fan/as_Suaal
We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas

2 days, 6 hours ago
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
3 days ago
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
1 week ago
2 months ago

▪️*Біз шағылысқан әуреттің шынайы әурет емес екенін ғана айттық. Оған қарауға болады дегенді айтпадық" деген бауырларға не айтасыз?

Ол бауырлардың сөзі дұрыс. Аллаһу Тағала ол кісілерді күллі зияннан сақтасын. Мәзһаб ғалымдарының сөзіне сай. Бірақ, бір тұсы бар. Бұл сөз қандай жағдайда айтылды?

Фото/видеодан әурет көрініп қалса, хурмат әл-мусаһара орнайды ма, жоқ па деген сауалдың негізінде айтылды ма? Әлде әуреті көрінген фото/видеоны таратпаңыздар, қарамаңыздар, күнә болады деген тақырып кезінде айтылды ма? Бірінші жағдайда айтылса, проблемасы жоқ. Екінші жағдайда айтылған болса, онда қарауға, таратуға болмайды дегенге қарсы жауап ретінде. Яғни, әңгіменің төркіні "Күнә емес. Айыптылығы жоқ. Елдің бәрін күнәһар қылмаң. Қарай беруге болады деген де көзқарас бар" дегені. Ал бұлай қылуда проблема бар. Себебі ғалымдарымыз оны айтпаған. Мүмкін интернет желісіндегі басқа мәзһаб өкілдерінің ханафи мәзһабының атынан жеткізген қате/жала хабарларына сүйенген болар.

Бұрын да осындай жағдай орын алған-тын. Шафи'и мәзһабының толибы ханафи мәзһабында осылай деп. Әрі кітаптарымыздан арабша мәтіндерді келтіру арқылы өз сөзін қуаттауға тырысқан. Ол толиб ғалымдарымыздың "Егер әурет айнадан немесе судан көрінсе, онда (әйелі) арам болмайды" деген сөзді "(әуретті көру) арам болмайды" деп түсінген. Ол кісіге сол үкім кітаптың қандай бабында жүріп жатқанына қарауын ескерттік. Жоқ дегенде сөйлемнің алды артын қарап, дамирдің қайда қайтып жатқанын ажыратып алу керек. Болмаса кітап иесіне жала қылынады. Кейін ол кісі (Аллаһ Тағала ислах қылсын) өз айыбын түсініп, не себепті қателесіп кеткенін айтып, өз сөзінен публично бас тартқан болатын.

Барлығымыздың қателесіп кететін тұстарымыз болады. Бұл адами болмысымызға жат дүние емес. Бұл бауырларымыз да сондай бір себептермен қателескен болса, туралыққа бет бұруларын насихат етеміз. Ал егер ақиқат ретінде көріп жатқан болса, онда дәлелдерін алып келу арқылы біздің де көзімізді ашуды өтініш қыламыз. Аллаһу Тағала баршамызға хақты хақ қылып көріп, оған ілесуге және жалғанды жалған кейпінде танып, одан бет бұруға тауфиқ берсін!

Canal:* https://t.me/taammul

2 months ago

▪️*Жоқ, сендер "Айнадан (фото/видео) көрілген әурет шынайы көрілген әуретке саналады" дегенге дәлел алып келіңдер.

Жоғарыда келтіргеніміздей айнадан немесе судан (фото/видео) көрілген әурет хурмат әл-мусаһара бабында шынайы көрілген әурет қатары қаралмайды. Оған себеп хурмат әл-мусаһарада асылы адал неке болғанында. Яғни, сол себепті талап шарттарын қатаң қылды.

Бұл жердегі мәселе фото/видеодан көрілген әуретке қарай беруге болады ма деген сұрақтың төңірегінде. Сондықтан біз (бейнесі көрілген әурет (хурмат әл-мусаһарада) шынайы көрілген әурет іспетті емес дей отыра) сіздерден шынайы емес бейнесі көрілген әуретті қараудың адалдығын айтқан ханафи мәзһабының имамдарының бірінің болсын сөзін келтіре қойыңыздар деп отырмыз.

Себебі бұның артында кино/фильмдерді қарау мен қатар ұятты видеоларды да қарауға жол жатыр. Фиьлмдерді көріп, кейін оған оң баға беріп қана шектелмей оны көруге үгіт қылушылардың да қатары үдеп барады. Палестиналық бауырлар анадай хәлде жатқанда арабтар мәз-мейрам деп қай бетімізбен сөгеміз? Егер өзіміз жылдың үздік фильмін анықтаумен жүрсек. Бір ғана фильмді көріп басқаларының қандай екенін білместен үздігі осы деп баға берілмейтіндігі түсінікті-ақ.

Әркімнің өз амалының есебі Раббысының ﷻ алдында. Бірақ қашан бүлігі үмметке тиген болса, тұлғасын емес, іс үкімін сөз қылуға ақылымыз. Сақал мен ниқабтың үкімі кітаптардан айтылса да қоғамда бүлік тудырған болады. Ал фильм көруге болады деп ойдан айтылса, ол орынды. Керісінше сол ойларына кітаптан дәлел сұралынса, тағы да бүлік шығарған-мыс. Бір кем түсінік..

Canal:* https://t.me/taammul

2 months ago

▪️*Тағы бір форточкалары "Қашан шәһуат оянып артында фитнә туындаса ғана әуретке қарауға болмайды. Ал егер шәһуаты оянбаса, демек қарай беруге болады" деген әңгіме екен.

Бұлай тұжырым қылуларыңыз заңды болғанда еді шариғаттың көптеген үкімдері күшін жояр еді. Қалайша десеңіз?.. Мысалы рибаның (өсімқорлық) арам екені нақ. Оған себеп біреудің мүлкін ақысыз алу арқылы зұлымдықтың жасалуы. Енді осы себеп жойылса, тиым да жойылуы керек деген мағына шығады. Яғни, Зәйд Бәкрге 10,000$ қарыз беріп жатып, "Егер сен қарызды қайтарған уақытта доллардың курсы түсіп кетсе, онда сен маған қарызға берілген сумманың 0,5 пайызын үстіне қосып бересің. Сәлде болсын маған келетін нұқсанның орнын жабуы үшін" деп шарт қылады. Енді қарасаңыз Бәкр үшін 10,000$ үстіне 50$ қосып қайтарып беруде тұрған ештеңе жоқ. Тіптен, расыменде валюта түсіп кеткен жағдайда Зәйдтің алдында өзі де ыңғайсызданбайтын болар еді. Бұл жерде Бәкр зұлымдық көрдім деп тұрған жоқ. Керісінше оған бұл өте тиімді болып тұр. Дегенмен шариғат бойынша істің бұлай жүзеге асуы риба болып саналады. Ешбір ғалым солай қылса болады деген емес. Осы сынды көп мысалдар келтіруге болады. Мақсатымыз қанша мысал келтіруге болатынын көрсету емес, бәлки сіздердің тұжырымдарыңыз батыл екенін басқа мысалмен салыстырмалы түрде түсіндіру.

Тағы бір таңқалатын дүние бар.. Мәзһабымыздың қаншама кітаптарында бөгде әйелдің (әурет болып саналмаған) жүзі мен алақанына шәһуатпен қараудың арам екені айтылған. Әурет болмаса да егер шәһуат болмаған жағдайда ғана қарауға болады. Ал ғалымдарымыз әйел затының әурет болып саналатын дене мүшелерін бұлай (шәһуатсыз болса қарауға болады деп) бөліп қарастырмаған. Сол үшін де жігіттер, әурет болып саналмаған дене мүшесіне шәһуатсыз қарауға болатынын алға тартып, әурет мүшелеріне де шәһуат болмаса қарай беруге болады дегенді айту өте қисынсыз.

Сосын бөтен әйелдің әуретіне қарап шәһуаты оянбайтын еркектің еркектігінде проблема бар-ау. Немесе харамға көзі әбден тойғандықтан проблема еркектігінде емес, жүрегінде болар. Жалпы еркектің табиғатына жат нәрсе. Одан кейін әуретті көрмей жатып шәһуатың оянатынын не оянбайтынын қайдан білесің? Бөтен әйелмен зина жасап қоймаймын десең де, онымен оңаша қалуың арам ғой. Тура солай шәһуатың оянбайды десең де, оянып қалу ықтималдығы болғандықтан әуретке қарау арам болып қала береді.

Canal:* https://t.me/taammul

2 months, 1 week ago

*➖Ері әйеліне "Егер бірдеңені көрсең, онда саған талақ" деп әйелінің талағын бір шартқа байлап қойған. Күйеуі базарға кеткен кезде әйелі сол бірдеңені көрді. Сол мезетте талақ жүзеге асты. Әрі әйелінің аяғы ауыр болған. Талақ түскеннен кейін босанып қалған. Артынша басқаға тұрмысқа шыққан. Босануымен 'идда мерзімі біткендіктен басқа адаммен қиған некесі жарамды. Осы нәрселер орын алып болғанда үйіне оралған жігіттің "Бұл қалай сонда?" деген сауалының жауабы осы.

Canal:* https://t.me/taammul#fànnulàlģaz

2 months, 1 week ago

Палестиналық бала снайпердің басына атқан оғынан жараланды..

Жұма мүбәрак!

2 months, 1 week ago
2 months, 2 weeks ago

*_ жалғасы ..

Аллаһу Тағалаға жақындықты туындататын барлық амалда сауапқа ие болу үшін ниет болуы керек. Ілім үйрену, оны үйрету, пәтуа беру, кітап жазу деген сияқты істердің барлығында дүниені емес ақыретті қалап Раббысының разылығы үшін қылған болса ғана сауапқа қол жеткізеді. Жалпы ілім талап етуде ниеті түзу болмаса да парыз 'айн болған (дінін ұстанудағы негізгі амалдарға қатысты) ілімді үйренуді тоқтатпайды. Ал енді парыз кифәя (негізгі ілімнен артығын үйреніп, басқаларға пайда беруі үшін) болған ілім мен мандуб (фиқһ іліміне тереңінен үңілу) болған ілімді ниеті түзу болмаса да үйрену тастап қойғаннан ізденісін жалғастыра бергені абзал. Себебі ізгілеріміздің "Ілімді Аллаһтан ﷻ өзге нәрсе үшін үйренген едік. Нәтижесінде ілім бізге тек Аллаһ ﷻ үшін болу керек екеніне алып келді" деп айтқандарындай үйренген ілімі арқылы ниеті тураланып қалар деген үміт болады.

Аллаһу Тағалаға иман келтіргеннен кейінгі абзал ғибадаттардың қатарынан деп саналатын амалдардың бірі шариғи жазаны орындау. Бұл амалды орындағанда да сауабын алу үшін ниет етілуі керек. Өткен жылдың соңында Дубайда бір шейхтың үйінде қонақта болғанымызда бізді зиярат етіп шейхтың бауыры келді. Бауыры сол шариғи жазаны атқару қызметінде екен. Ойымда жүрген сауалдарымды қойып біраз ақпарат алған болатынмын. Жалпы ең көп дүре соғылатындар ішімдік ішіп ұсталғандар екен. Біздің елде таңсық болғанымен асылында мұсылман қоғамының бір көрінісі.

Тура солай мубах болған амалдармен Аллаһ Тағалаға болған бойұсынушылықты көздеп немесе сол бойұсынбаушылыққа жеткізетін себеп ретінде қарастырса онда мубах болған амал мақсат қылған дүниесіне сай ғибадатқа айналады. Ал енді орындалатын ғибадаттан сауап алу үшін ниет талап етіледі. Мысалы ғибадат қылу үшін күш қуат жинап алайын деп тамақты тойып ішсе немесе ертең ораза ұстаймын деген ниетімен тойғанынан сәл асырып тамақтанса, немесе қонағын тамақтандырса (жалпы қонаққа мал сойып тамақтандыру Ибраһим пайғамбардың (عليه السلام) сүннетінен) бұның барлығы көздеген мақсатына қарай ғибадатқа айналады. Тіптен ғибадат қылуға күш қуат жинайын деп ұйықтап тынығу да осы қатарлы қаралады. Сонымен қатар өзіне, отбасына және қарыздарының өтемінен асырып адалынан мал табуы да (егер кедейлерге садақа беремін, әлсіздерге көмек қыламын, туыстық қарым-қатынастың сақталуына жұмсаймын немесе қасиетті мекендерді зиярат етемін деген сияқты мақсаттарды көздесе) ғибадатқа айналады. Тура солай некелі жарымен жақындасуы да (егер өзін арамға түсіп кетуден тосу, әйелінің ақысын орындау немесе салихалы ұрпақтың дүниеге келуін деген сияқты нәрселерді көздеген болса) ғибадатқа айналады. Қысқаша айтқанда мубах амалдар ниеттің себебінен ақыреттік амалдарға айналады. Сол үшін ниетіңе зер сал!

Canal:* https://t.me/taammul

We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas