Botash’s notes ?

Description
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

6 months, 1 week ago

“Алла алдында Ұстаздың дәрежесі қандай биік болса, шәкірттің де дәрежесі сондай биік болады. Себебі ол Алла жолында ілім алуға келді”
(с) Ұстаз

Ұстазға қалай құрмет көрсетсек , ілім алушы шәкіртке де солай құрмет көрсетілуі керек?

6 months, 1 week ago

Құраннан артық нәрсе бар деген адам, Құранды кемсіткен болып саналады.

хадис?

6 months, 1 week ago

Айша анамыз(Алла одан разы болсын!) басқа үйден келген тамақты көргенде, аударып жіберді.
Сонда , Алла елшісі(соллаһу алейһи уә сәлләм)?

“Бүгін Айша ашулы ғой” деп, тамақты теріп жей бастады.

Кім бұлай өз жұбайларына көркем мінез көрсете алады екен?!…

6 months, 1 week ago

Не айтып кетті демеңіздер,мүмкін түсінберсіздер . Бірақ бөліскім келді. Обычно бұлай жазбайтынмын)

6 months, 1 week ago

Аллаһтың қалауымен және жеңілдігімен , бүгін “Мәбдәүл-қираәт 2” кітабын бітірдік. 1-ін бітіргенде бақылау жұмысын тапсырғанбыз.
Бұл жолы уф деп аяқтадық та, қимай қоштастық, артынан Ұстазымыз әдемілеп дұға жасады?
Алла ол кісінің ғұмыр жасын ұзақ қылсын.

Одан кейін Хадис кітапты бастаймыз. Харакетсіз кітап оқу- осы жолдағы ең үлкен арманымның бірі еді?
Сол үшін сарф,нахвуды ,иъробты шамам келгенше түсінуге тырыстым.

“Ұстаз осы сарф нахву не үшін керек ?,-дегенде
-Харакетсіз кітап оқи алуларың үшін ,- деді”
Ол үшін осы екі екеуін жақсы оқыңдар деді.

Иъробтың маңызын көбі түсінбейтін шығар, бірақ біздің Ұстаз оған қатты қарайды.
Себебі иъроб білмейтін адам. Қате аударма жасайды, хадистерді қате аударады. Насб,рофь, жазмды айыра алмаса сөздің мағынасы да өзгереді. Қысқасы араб тілі грамматикасының “әліппесінде” болсақ та, сондааай рахат сезімін береді.

6 months, 2 weeks ago

Аз ғана білім көп құлшылық жасаудан хайырлы.
(Хадис шәриф)

Яғни, біліммен атқаралытын құлшылық білімсіз жүзеге асатын құлшылықтан абзал.

6 months, 3 weeks ago

Осы айда Аллаһым Өзінің жолында бір емес екі қызмет бұйыртыпты.

Бисмилля,Ма шаа Аллаһ.
Не деген нығмет

6 months, 3 weeks ago

Кеше балам 4-ке толды. Бірақ жанында бола алмадым. Білім ізденіп, шетелде қазір жалғыз жүрмін.

Шыны керек оңай емес. Бұл жазбада бойдақ болып жүріп білім алу, үйленіп білім алу және үйленіп бірақ отбасыдан жырақта болудың айырмашылықтарын қысқа айтып кетейін:

Уақыт жағынан:

Бойдақ болып жүріп білім алудың артылықшылықтары – уақыттың көп болуы. Яғни, саған өзіңнен басқа ешкімге уақыт арнаудың қажеті жоқ. Ал минусына келетін болсақ: Егер сенің жасың келіп, бар ойың үйлену жайлы болса, фокусың жоғалып кетуі мүмкін.

Ал егер ондай ойлар мазаламаса, шәһуатыңа берік бола алсаң, онда білім ізденіп жүріп үйленуге асығудын қажеті жоқ. Бар уақыт пен бар қаражатыңды білімге, өзіңіді дамытуға арна.

Үйленіп алып білім алудың артылықшылықтарына келсек, өте көп. Әрине саған лайықты жолдасың жолықса. "Білім жолы" не екенін түсінетін, білім жолындағы құрбандық не екенін білетін, күні бойы үйде отыра алатын, сенің бар жағдайыңды жасай алатын жұбайың болса, білім алу – өте жеңіл. Менің бойдақ кезім мен үйленген кезімді салыстырсам, үйленген шағымда менің прогрессивностім екі есе артқан екен.

Кемшіліктеріне келсек, оны кемшілік деп те атауға болмайтын шығар, бірақ үйленген кезде "өзім" дегеннен "біз" дегенге үйрене алу керек. Өзіңе ғана уақыт арнамай, жұбайыңа да уақыт арнайсың. Күні бойы сені күтіп, жағдайыңды жасап отырған адамның да көңілін ауламаса болмайды.

Негізі үйленіп білім алу бұрын мүмкін емес, өте қиын деп еститінбіз. Алайда, керісінше өте жеңіл екенін байқадық. Әрине бәрі өзіңе және өмірлік серігіңе байланысты.

Ал үйленіп, балалы болып білім алуға келсек, ол тура сол, үйленген секілді. Тек көбірек уақытың отбасыңа кетеді. Бірақ бұл проблема емес. Себебі шаршағаныңды басатын адамдарың бар.

Бірақ егер, білім жолында ұзағырақ жүріңіз келсе, балалы болуға асықпауға да болады деп ойлаймын. Оны өздерің көресіңдер.

Ал үйленіп, балалы болып, кейін отбасыңды үйде қалдырып, білім ізденуге келсек, бұл қиынның қиыны. Олай зәру жағдай болмаса, жасамауға кеңес беремін.

Иә, уақытың көп, қаражат аз кетеді. Бірақ, артық уақыт пен артық қаражаттың не керегі бар, егер жаныңда демеу беруші жақындарың болмаса.

Білмеймін, өз басыма қиын өтті бұл жыл. Елге екі ай сайын барып тұрсам да, оқуға оралған сайын жалғызсырап, әрең оқып, өз-өзімді алдап жүремін. Бірақ, солай жасау керек болды, бұның да қайыры бар.

Қысқасы, әр адамның жағдайы әртүрлі. Білім ізденушіні тек білім ізденуші болған жан түсінеді. Қандай қадам жасамас бұрын, тәжірибелі адаммен ақылдасып, Алладан қайыр тіле.

Алла барша білім ізденушілерге жеңілдік берсін!

6 months, 3 weeks ago

Ер адам Исламға келсе, Ислам есікке дейін кіреді.
Әйел адам Исламға келсе, үйге дейін кіреді.

?

7 months ago

-Анель ты Умму Хурайра ???
-как это?
-мысықтарды жақсы көресің ғой, как Абу Хурайра, мысықтардын мамасысың.

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago