Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

OiTube💭 (ойтөбе)

Description
“…ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек”
Advertising
We recommend to visit

Last updated 1 week, 1 day ago

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Last updated 1 week, 2 days ago

ҰЗТАЗ ЕРЛАН АҚАТАЕВ....
✅Құран тәпсірі: @kuran_mugzhiza_tapsir

✅Сира дәріс: @erlan_akataev_sira

Last updated 1 week ago

3 weeks, 5 days ago

самооценкамды өсіргім келеді
🟰
тәкәппарлығымды өсіргім келеді..

3 weeks, 6 days ago

Сосын тәубе жайлы…

Тәубені кез-келген құл жасай алады, шынайы сұраса, өкінсе, мойындаса қателікті. Тәкәппар жүректер тәубе ете алмайды, Аллаһ еткізбей қояды.

Өзіміздің алдымызда есеп берейік, өзгенің тәубесін, ықыласын сөкпей, кемсітпей. Өйткені біз біреудің күнәсін көрдік, бірақ тәубесін көрген жоқпыз..

Тура сол секілді, тәубеге келгеніңізді ешкімге дәлелдемеңіз, көрсетпеңіз, ол- Алла екеуіңіздің араңыздағы сыр…

3 weeks, 6 days ago

Негізі Аллаһ сені қатты жақсы көреді.

Мені де қатты жақсы көреді. Ұялайық Одан. “Аллаһтың алдында қалай болып тұр екенмін, Аллаһ осы ісіме разы ма екен, Аллаһ мені көріп тұр ғой, құлы жайлы қандай ойда екен..” деп уайымдайық.

Расында Аллаһтан ұялған, әдеп сақтап, Оның алдында өте сабырлы, кішіпейіл болып, тәубе хәлін сақтай алғандар - жеңді…

Ал Оның алдында әдепсіз болып, тақуалықтан тайып, тәубе етуді ұмытып кеткендер, Ол жайлы жаман ойда болғандар- жеңілді…

2 months, 3 weeks ago

Бүкіл бақыт тәубеде екен ғой қыздар. Раббымыз осы уақытқа дейін тәубемізді күткен екен ғой..

Оны ұнатпағанда..
Оны кінәлағанда..
Шарттарынан жалыққанда..
Шешімдерін “әділетсіз” деп тапқанда..

Ол күткен екен ғой бізді.

2 months, 3 weeks ago

Ойланып отырып ойға баттым.
Біздің осылай әке-ана-аға боп бір дастархан басына жинала алатынымыз қандай жақсы. Әкем өтпейтін зілді әзілдерін айтады; ағам шама келгенше менің “жыныма” тиюге тырысады; анам дәмді палауын ұсынып, бір бұрышта мейірлене жадырап қарап отырады.

Меніңше, бақыт осы ғой. Әкемнің әбден ағарған, Алатау шыңына түскен ақ қыраудай шаштары мені әрі қарай өмір сүруге жетелейді. Ағарса да, тіп-тік, қайратты. Жаным папа! Осындай қайратты, қажырлы қалпыңда қалшы..

Анамның жұп-жұмсақ, ыстық алақаны мен кәрілік тие бастаған сұрғылт, бірақ мейірлі көздері “күресші қызым, армандарың бар еді ғой..” деп сөйлеп тұрғандай. Иә, дәл солай. Анам ешқашан мені мұңға бергізбеген. Жеңілдірмеген. Жүрегім, мама! Көздеріңнен мейірім кетпесінші..

Ағамның білегіндегі тарам-тарам көк тамырлары, қалың, қайратты шаштары маған “қарындасым, саған өзім барда жан-тәніммен бас-көз боламын, жыласаң жұбатамын” деп үміт беретіндей. Ағам ешқашан маған ағалық жылы пейілін білдірген емес. Ол пейілді мен оның жүрегінен көретінмін. Жаным ағатай! Қарындасың мықты көрінгенмен, тым әлсіз. Оны бала күніміздегідей қорғап жүрші..

Раббым Алла! Менің отбасымды қауіпсіз шаңырақта, берекелі өмір сүргізші. Менің балаң сезімдерімді, шалалау мінезімді, кейде қабақ шытқан сәттерімді, олардың сезімдеріне жасаған әділетсіздігімді кешірші..

2 months, 3 weeks ago

Раббым, мені “мен”-нен сақта. Өлмей тұрып, өлтір…

Тәкәппарлықтан, Сенің есімдеріңмен жарысудан сақта…Шексіз надан, білімсіз екенімді мойындамаудан, саған бағынбаудан сақта..

2 months, 3 weeks ago

Үйіңді қонақ келердей таза ұста,
Жүрегіңді өлім келердей таза ұста

2 months, 3 weeks ago

“Таңдаулым”-ға жаңа набор ашық. Бұйырса өмірімнің соңына дейін, Алла үшін жүргізуге, көп подкасттар салуға ниеттімін.

Бағасы 40% жеңілдікпен 3990 тг🌹

2 months, 4 weeks ago

қосыламыз🌹ТЕГІН

3 months ago

Өзіне баға берген адам ұтылды..

“Мен жақсымын ғой, мен айттым ғой, мен жасадым ғой, менің кінәм жоқ қой” деген адам ұтылды..Расында шайтан да өзіне баға берген. Сол үшін Жәннәттан қуылған еді. Ол деңгейден барынша сақтанайық, жүрекке “мен”-ді кіргізбейік..

We recommend to visit

Last updated 1 week, 1 day ago

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Last updated 1 week, 2 days ago

ҰЗТАЗ ЕРЛАН АҚАТАЕВ....
✅Құран тәпсірі: @kuran_mugzhiza_tapsir

✅Сира дәріс: @erlan_akataev_sira

Last updated 1 week ago