Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 6 Tage, 19 Stunden her
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 Jahr her
В областном акимате обсудили текущую ситуацию, сложившуюся в связи с непогодой, бушующей в регионе
6-7 ноября 2024 года на территории Павлодарской области зафиксирован штормовой ветер с порывами до 28-30 м/с.
В результате штормового ветра в трех городах области и их сельской зоне, а также в Актогайском и Баянаульском районах повреждены кровли и облицовка 12 соцобъектов и административных зданий, 31 многоквартирных и 3 частных жилых домов.
Акиматам пострадавших городов и районов поручено оперативно провести заседания комиссий по чрезвычайным ситуациям и принять необходимые решения об объявлении ЧС местного масштаба природного характера для оценки причиненного ущерба и последующего восстановления пострадавших объектов.
На сетях электроснабжения произошли 120 аварийных отключений, из которых 69 уже устранены. По остальным работы продолжаются. Задействованы 68 аварийных бригад (более 180 человек) и 62 единицы техники.
В результате проишествий, связанных с непогодой, пострадали 3 человека. Два человека получили травмы, из которых один доставлен в больницу, второй от госпитализации отказался. Один человек от полученных травм скончался.
Уважаемые жители и гости области, призываем вас соблюдать повышенные меры предосторожности и без особой необходимости не покидать свои дома.
Пресс-служба акима Павлодарской области
Фото Валерия Бугаева
Облыс әкімдігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдегі ағымдағы ахуал талқыланды
2024 жылдың 6-7 қараша күндері Павлодар облысының аумағында екпіні 28-30 м/с дейін болатын дауылды жел тіркелді.
Дауылды желдің салдарынан облыстың үш қаласында және олардың ауылдық аймақтарында, сондай-ақ, Ақтоғай мен Баянауыл аудандарында 12 әлеуметтік нысан мен әкімшілік ғимараттың, 31 көпқабатты және 3 жеке тұрғын үйдің шатыры мен қасбетіне зақым келген.
Зардап шеккен қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне жедел түрде Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың отырыстарын өткізу және келтірілген залалды бағалау мен зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы ТЖ жариялау туралы қажетті шешімдер қабылдау тапсырылды.
Электрмен жабдықтау желілерінде 120 апаттық өшіру орын алды, оның 69-ы жойылды. Қалғандарында жұмыстар жалғасуда. 68 апаттық бригада (180 адамнан астам) және 62 техника жұмылдырылды.
Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан 3 адам зардап шекті. Екі адам жарақат алып, оның біреуі ауруханаға жеткізілді, екіншісі ауруханаға жатудан бас тартты. Бір адам алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, сіздерден сақтық шараларын сақтауды және аса қажет болмаған жағдайда үйлеріңізден шықпауды сұраймыз.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
В Астане состоялось подписание меморандума о сотрудничестве между акиматом Павлодарской области и компании ТОО«Railways Systems KZ»
Соответствующий договор подписали заместитель акима Павлодарской области Айгерим Кабылтаева и генеральный директор ТОО «Railways Systems KZ» Роман Павлингер.
Компания «Railways Systems KZ» намерена построить электрометаллургический завод нового поколения в Экибастузе.
Будущий завод расположится в индустриальной зоне города горняков на площади 100 га. Проект реализуется за счет собственных и заемных средств с объемом инвестиций – 208 млрд тенге. На предприятии создадут более 1000 рабочих мест. Открытие металлургического завода запланировано на 2028 год.
- Проект для нашего региона один из приоритетных, ориентированный на создание кластеров высокого предела. Высокотехнологичное предприятие усилит социально-экономическое развитие Экибастуза: появятся новые рабочие места. Крайне важно и то, что завод изначально проектируется с учетом высоких экологических и социальных стандартов, – отметила Айгерим Кабылтаева.
Производственная мощность «Rail Way Steel составит 1 000 000 тонн высокотехнологичной стали в год. До 40% металлургической продукции планируется на экспорт в страны СНГ и ЕС. Проект реализуется совместно с крупнейшей европейской инжиниринговой компанией в сфере электрометаллургии.
- Потребность в качественных стальных заготовках и сортовом прокате есть в строительстве, машиностроении, цементной и энергетической промышленности. Мы очень ценим поддержку государства в реализации новых масштабных планов, – отметил Роман Павлингер.
С помощью передовых технологий ускорится процесс плавки и легирования до 20-50 % в сравнении с мировыми показателями. Благодаря этому наполовину снизится потребление энергоресурсов.
Пресс-служба акима Павлодарской области
Астана қаласында Павлодар облысының әкімдігі мен «Railways Systems KZ» ЖШС компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Аталмыш келісім-шартқа Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева және «Railways Systems KZ» ЖШС бас директоры Роман Павлингер қол қойды.
«Railways Systems KZ» компаниясы Екібастұзда жаңа буынды электрометаллургиялық зауыт салуға ниетті.
Зауыт кеншілер қаласының индустриялық аймағында 100 га аумақта орналасатын болады. Жоба инвестиция көлемі 208 млрд. теңге болатын меншікті және қарыз қаражаты есебінен іске асырылады. Кәсіпорында 1000-нан астам жұмыс орны ашылады. Металлургия зауытының ашылуы 2028 жылға жоспарланған.
- Бұл жоба біздің өңір үшін жоғары шекті кластерлерді құруға бағытталған басымдықтардың бірі болып табылады. Жоғары технологиялық кәсіпорын Екібастұздың әлеуметтік-экономикалық дамуын күшейтеді: жаңа жұмыс орындары пайда болады. Зауыттың әу бастан жоғары экологиялық және әлеуметтік стандарттарды ескере отырып жобалануы да өте маңызды, - деп атап өтті Әйгерім Қабылтаева.
«Rail Way Steel» өндірістік қуаты жылына 1 000 000 тонна жоғары технологиялық болат өндіру. Металлургия өнімдерінің 40%-ға дейінгі көлемін ТМД және ЕО елдеріне экспорттау жоспарлануда. Жоба электрометаллургия саласындағы ірі еуропалық инжинирингтік компаниямен бірлесіп іске асырылуда.
- Құрылыста, көлік жасауда, цемент және энергетика өнеркәсібінде сапалы болат құймалары мен сорттық прокатқа қажеттілік бар. Біз мемлекеттің жаңа ауқымды жоспарларды іске асыруға қолдау көрсетуін жоғары бағалаймыз, - деп атап өтті Роман Павлингер.
Озық технологиялардың көмегімен балқыту және легирлеу процесі әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда 20-50%-ға дейін жеделдетіледі. Осының арқасында энергия қуатын тұтыну жартылай азаяды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 6 Tage, 19 Stunden her
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 Jahr her