Подписаны 12 ваших друзей...
Подборка вдохновений для твоего гардероба ✨
По рекламе: @VSOB63
Биржа: https://telega.in/c/stil_moda_odezhda
№ 4942621747
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Телеграм канал журналіста Раміни Есхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva
Last updated 2 months, 1 week ago
Last updated 1 year, 9 months ago
Соңғы бірнеше жыл көктем қатты әсер етеді. Дала жылып, өмір жаңарған сайын ішіңде бірдеңе болады. Кішкентай кезімде көктемді батпақтығы үшін ұнатпай жүруші ем. Ал қазір көктем сайын біреуді күтем. Білмеймін, келе қалатындай күте берем. Неге көктемде Алматы батпақ емес? Көктемді күтпеуге себеп табылушы еді ғой.
Әйтпесе, әншейіннен әншейін бұлай ұнатып қалмаушы едім ғой) деп қоям өзім.
Білесіңдер ме, оның болмысында бекзаттық бар. Гонью сияқты қозғалады.
Бүгін менің туған күнім✨
Өткенде осындай хобби таптым. Өзім оқимын. Тыңдаймын. Сол арнада сақталады.
Оралхан Бөкей "Ыстық ықылас"
Құрбым екеуміз әлдебір туыстар туралы сөйлесіп отыр едік. Әңгіме тереңдей беріп, ақыр соңы өзіміздің бала күнгі кей сәттерімізді еске алып, еңкілдеп жылаумен аяқталды. Бақсам, біздің үлкендер баланы, мына бізді өз пайдаларына, эмоцияларына қолжаулық етіп, құрал етіп пайдаланған екен.
Бұрын ойлайтынмын, менің құрдастарымда ғана солай шығар деп. Бірақ жаңа ғана өзімнен 9 жас кіші студент құрбымен сөйлесіп отырып, үлкендердің озбырлығы тоқтамайтынына көзім жетті. Екеуміз де жылааап отырып, бала күнгі жанымызға батқан, тіпті қазіргі эмоциялық күйіміздің аса уайымшыл боп кеткеніне әсер еткен адамдарды түгендедік. Еске алып отырып "қандай оңбаған еді" таңдай қақтық-ау. Біздің өміріміздің, біздің жасөспірім шақта өсіп келе жатқанымыз оларға пофик болған екен. Біз, балалар көбіне өз ойымызды айта алмай, әйтеуір үлкендерге жағайық деп айтқандарын екі етпегенбіз. Тура солай сөздеріне сенгенбіз. Ал олардың кейбір сөздері сол кездегі "самоценкамызды" жаншып тастаған. Тегі, соның зардабын көп тарттық. Өсіп, бөлек кетіп реттелдік қой. Әйтпесе, құдай білсін қашанғы оларға қолжаулық болар ек.
Ішкі күйімді реттегім келеді. Соның үшін де әр эмоцияны бақылап, мәнін іздеп көріп жатқам. Соның арқасында жараларым тырналып, еңкілдеп жылап алдық. Қазіргі қарым-қатынас құруда қиналатынымыз да сондықтан екен-ау. Үлкендер не дейді деп елегзіп тұрамыз. Чертпыз.
Болашақта балаларыма шын мейірімді болғым келеді.
Бір құрбымның айтуынша менің мына себепсіз көңілсіздігім "выгорание" деп аталады екен.
Негізі, қандай күйде жүрсең де бір сериал бастап қойып, қарбаластың арасында қарап-қарап сергіп жүрген жақсы екен.
Өте-мөте тоңғақ адам екем. Тоңдым бүгін. Биыл қысты сағынбаппын. Жұмыстан тіке барахолкаға тарттым. Құрбым "қорбитып өте қалың күрте алма" деп еді. Тоңғанда көзіңе түк те көрінбейді екен. Былтырғы күртем жұқарып кеткен бе, әйтеуір қатты тоңдым. Қорбиғанның қорбиған күртесін алдым))
Подписаны 12 ваших друзей...
Подборка вдохновений для твоего гардероба ✨
По рекламе: @VSOB63
Биржа: https://telega.in/c/stil_moda_odezhda
№ 4942621747
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Телеграм канал журналіста Раміни Есхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva
Last updated 2 months, 1 week ago
Last updated 1 year, 9 months ago