жүз жылдық жалғыздық

Description
: @jaqan_muhtar
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 4 days, 19 hours ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year ago

5 months, 1 week ago

Біз діни сауаты тұтас қалыптасқан ел емеспіз. Әрі діни мемлекет емеспіз. Әрине хиджапқа тыйым салу ақылға сыймайды. Ондай болмайтын да шығар. Хиджап-діни атрибут. Ал ниқаб, паранджаға сәл тоқтау қажет секілді. Қоғамдық менталитет қап-қара боп тұмшаланып жүретін әйелдерді қабылдай алмайды. Бізде ол киімді көбіне діни фанатизммен киеді. Әсіресе жас қыздар.

Мынаны түсіну қажет паранджа діннің емес ұлттың киімі. Ал ұлттық киім жәй киім емес ұлт мәдениетінің маңызды бөлшегі. Киіммен бірге арабтардың басқа да бізге таңсық салт-дәстүрі дін атын жамылып кіретіні анық. Оған сын айтылуы орынды деп ойлаймын. Мысалы біздің жігіттердің арабтар сияқты сәлде оранып, ұзын етек көйлек киіп жүргені біртүрлі ғой. Сіз өзге елде паранджа киіп жүрсеңіз бірден араб әйелі деп ойлайды. Білмим мен үшін кішкене жағымсыз.

Әрине адамның киіміне шектеу қою дұрыс емес. Ол адам құқықтарына қайшы. Бірақ бұл нәрседен қауіп болса тыйым қажет. Әртүрлі діни топтардан, ұйымдардан келетін арандатушылық қауіп жоғары.

Мысал ретінде Индонезия, Малайзия сияқты елдерді алсақ. Олар ниқаб-паранджа кимейді. Ерлерінің, әйелдерінің ислам дініне сай ұлттық киімдері бар. Маған ұнайды. Бізге де осы мәселеге мемлекет деңгейінде назар аудару қажет. Қаражат бөлініп, дизайнерлер арасында конкурс жарияланып өзіміздің ұлттық нақышқа сай кимешектің модерн үлгісін жасау керек. Меніңше сол ұтымды жол.

5 months, 1 week ago

Жуырда паранджа, ниқаб сияқты киімдерді киюге заңмен тыйым салынып қалатын шығар. Менде сұрақ: ол нәрсеге тыйым салу адам құқықтарын шектеу боп санала ма?

5 months, 1 week ago

Бізде феминизмнің радикал тұстары қатты белең алып келе жатыр. Ол нәрсеге себеп боп жатқан коуч, блогер сымақтарды жақсы білеміз. Сол коучтардың өздерінде сексисттік көзқарас басым. Әйел денесі жайлы пікір білдіру үшін тек қыз боп туылу шарт сияқты.

Мен түсінем қазақстанда зорлық-зомбылық өршіп тұр. Әйел адамдардың құқығы ең жиі тапталатын мемлекетпіз. Бірақ барлық еркектің түбінде тирандық сана бар деген ойдан арылу керек. Бізде адамдарды еркек пен әйел деп бөліп тастаған. Тиісінше әйел жақсы, еркектердің бәрі бірдей.

Меніңше адам деген жаратылыс мораль шеңберінде екі бөліктен тұрады: қылмыскерлер және ар-ождан заңымен өмір сүретін ізгі адамдар. Қалған жынысы, ұлты, діні, ұстанымдары маңызды емес. Ал жаңағы әйелдерге зорлық көрсететін еркектер сол қаны бұзық қылмыскерлердің тобында. Сіз ол адамдар тек әйелдерге қысым көрсетеді деп ойласаңыз қателесесіз. Олар өзінен әлсіз кез келген адамға әлімжеттік көрсетуге даяр тұрады. Олардан еркектерде қиянат көруде. Әскерде, көшеде, мектепте кез келген жерде. Тіпті еркектің еркектен көретін зорлығы тұрмыстағы әйелдерден асып түседі десем қате емес шығар. Бұл нәрсені қоғам боп айыптау керек, заңдық бақылауды күшейту және жынысқа бөлінбеу.

5 months, 2 weeks ago

Тұншығатын түндерді бөліспедік.
Күн шығатын күндерді бөліспедік.
Ынтығатын кездерді бөліспедік,
Ұмтылатын сөздерді бөліспедік.

Өрт пен уды қақ бөліп, тең ішпедік,
Сүйдік және жек көрдік...
Беріспедік...
Көріспедік!
Өбісіп өліспедік!
Теріс кетіп барамыз теріс келіп.

Ештеңеге ешқашан келіспедік.
Сүю қаһ қой. Сонда да сеніспедік.
Жараса алмау – жолы ма ібілістің?
Жара салмау – емес ол періштелік!

Жанарымда қанша күн боталадың?
Мен сонша рет кештім ғой от алаңын.
Сен ішіме сыймадың, от адамы,
Мен сонда да атыңды атамадым.

Ақыл менен жүректің мәрт егесі-
Маған таныс бұл өрттің әр төбесі.
Екеумізге бұйырған бақ шығар бұл –
Сүймеу, жанбау, сағынбау мәртебесі.

Т. Т

5 months, 2 weeks ago

Менің бір жылым екі бөліктен тұрады: бірнеше көңілсіз айлар және еңбек демалысы.

5 months, 2 weeks ago

Біздің кезімізде Азия деген жап-жақсы топ болатын. Сендерге қалай түсіндірсем екен. Әлгі “Ей мейрімсіз махаббат мен Ринатты сүйемін” дейтін мемдегі жігіт осы топта ән айтқан)

5 months, 3 weeks ago

Жүрегiнде epлiгi жоқ адамның
Барлығы да махаббатқа тұрақсыз!

М.Ш

5 months, 3 weeks ago

Сен мына-жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта мені,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін.

Сен менің-мына тылсым кеудемдесің,
Білесің,кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе зынданыңа салып сақта
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!

Сен мына тілімдесің,үнімдесің,
Білесің ғой тілімнің бүлінбесін.
Сен мені үніңе қос,тіліңе тұт
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!

Сен мына-менің алып басымдасың,
Білесің ешкім де оны басынбасын,
Сен мені өз басыңмен бірге қорға
Біреулер зұлымдығын асырмасын!

Сен менің миымдасың!
Білесің,миым жатқа бұйырмасын.
Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай…Қиылғасын!

М.М

5 months, 3 weeks ago

Өмір - сезімнен тұрады

7 months, 3 weeks ago

Менің тұнық сезімім өзіңді сағынғанда,
соққандай ағын жарға
қара жердің бетінде сенделтеді,
сонда мені дәру жоқ емдер тегі.

Желімделген жаныма құтылсам бұл аңсаудан,
адамдай қыран сауған,
атан сойып бір тойды жасар едім!
Бірақ жүрек табады қашан емін?

Өзіңе ғашықтығым ешкімге ұқсамайды.
Қариды мұз самайды.
О жасаған! Сүйе алар жүрек беріп,
неге маған сүюді мұң еткенің,
дәл осындай қасірет тілеп пе едім?

Ф.О

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 4 days, 19 hours ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year ago