Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
жаздың алғашқы айы тек ақша шашып, табан тоздырумен өтіпті. уақытымды текке жұмсағаным үшін өзімнен кешірім сұрадым. тәнім мен жанымды шаршатқаныма ұялдым.
тамыздың жиырмасыншы жұлдызында кездескенше, ??
біздегі үнсіздіктің өзі жағымды болған.
«біздегі дағдарысқа дауа бар ма?»
бүгін үйдемін.
үйге ентелеп кіріп келсем, әкем жалғыз тамақ ішіп отыр екен. қалғаны маңызды шаруамен шығып кетіпті-мыс. құшақтап, еркелеп, шәй қоюға кірістім.
маған газға қойылған емес, электронды шәйнекке(тефаль) қайнатылған шәй көбірек ұнайды. қырсыққанда тоқ күші дұрыс жұмыс істемей, біраз әурелендірді.
енді әкем мен үшін шәйнек түбінде телміріп, қолымен баса, шәйдің тезірек қайнауын күтіп отыр❤️
бүгін түнде құлағымның ауырғанынан амалсыз көзімді аштым. шыдатпады. ауруын әрең басып, ұялыма үңілсем таңның кіруіне екі-ақ минут қалған екен. оятқыштан бұрын тұрғаныма мәз болдым.
сосын ойыма: «әр нәрсенің хайыры бар» деген тіркес түсе берді?
таңғы үстел басына екі отбасы жиылдық(мені қоспағанда) арқа-жарқа әңгіме. у-шу. етімнің тыныштыққа үйренгенінен бе, білмеймін, әйтеуір мына ызыңдар маған жаға қойған жоқ.
көзім мен зейінім еріксіз бала-шағаға түсті. әр отбасының бөбектері әртүрлі. ойыма «тәрбие» тақырыбы келе берді. кенет сап тыйылып, бұл ойымның бұрыс екенін есіме алдым.
мысалы: біз үнсіз, тымырайып отырған жас баланы көрсек, бірден «өзін-өзі ұстауы жақсы, иә? байсалды тіпті» деп ой қалыптастырып аламыз. ашығында: бөбек ата-анасымен тапталған.
қалай? бала сөзінің елеусіз қалуы, көңілдің жеткілікті бөлінбеуі, шектеулердің шамадан тыс көбеюі, қысым, отбасы ыдысының сықырлауы... тағы не себеп керек? осы жағдаяттар баланың жабылып, ортаға сіңісуін бекітіп, тыйып тастайды.
ал екінші отбасы бөбектерінің әр бұзықтығын көтеріп, тек керек жерінде «тәйт» деп басуын айтып қояды. салыстырарлық дүние.
«несіне тіктің көзіңді,
сүйілмей қалған ерінге..»
бұ жерде тамақты сыртқы дәу қазанға түсіреді екен. отқа піскен әрі таласып жеген астың дәмі өзгерек, иә?
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.