⚡️Все самое важное в одном канале. Новости России и Мира
Предложить новость: @pryamoy_bot
Обратная связь: @rob_lower
№ 4930801491
Last updated 3 weeks ago
Главные Новости РИА t.me/rian_ru
Авторы канала - наши корреспонденты в России и за рубежом. Мы рассказываем о том, что видим сами.
Заявление №4950718996
Last updated 2 weeks, 5 days ago
Эруктации информпространства России и ее Окраин.
📈 Открытая статистика канала на TGstat или в телеметре.
Реклама: @smi_reklama
Last updated 2 months, 1 week ago
Таңғы және кешкі дұғалар жинағы
Истиғфардың ең төресі - сәйидул истиғфар
Арабшасы:
أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ
بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ خَلَقْتَنِي وَ أَنَا عَبْدُكَ وَ أَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ وَ أَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ
Оқылуы:
Аъʻуузу билләәһи минәш-шәйтаанир-ражиим Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
Аллааһуммә әнтә раббии ләә иләәһә илләә әнтә халәқтәнии уә әнә ъ'абдукә Уә әнә ъ'аләә ъ'аһдикә уә уаъʻдикә мәстәтаъ’ту, Аъʻуузу бикә мин шәрри мәә санаъ’ту, Әбуу'у ләкә биниъ’ мәтикә ъ'аләйя уә әбуу'y ләкә бизәнбии Фәғфир лии фә иннәһу ләә йағфируз-зунуубә илләә әнт. (3 рет)
Мағынасы:
(Алланың рақымынан) қуылған шайтаннан сақтай көр деп, Алладан пана тілеймін! Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен!
Уа, Алла тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай көр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешіре көр! Шынында, күнәларды Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.
Ерекшелігі:
Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уə сәлләм) бұл дұғаны «Сәйидул-истиғфар» (яғни, кешірім сөздің төресі) деп атаған, өйткені бұл дұға құлдарының тәубасын қабыл етуші, ерекше мейірімді Алладан кешірім сұрағанда айтылатын ең ізгі сөздерді қамтыған. Сонымен қатар, сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады», деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.
(Сахих Бұхари, да'ауат 5831; Сунәну Нәсәи, исти'аза 5427; Сунәну Ахмәд, Муснәду әш- шәмиин 16488)
”Пайғамбарымыздың ﷺ таңғы және кешкі дұғалары” кітапшасынан алынды!
Жұмадағы дұғам:
Аллаһым мені және отбасымды кешірегөр, жүрегімізге кәміл иман берегөр, тілімізге Құран, көзімізге нұр, мінезімізге ихсан берегөр!!!
Аллаһым ұрпақтарымның және шәкірттерім ғұлама ғалым, қари болуларын нәсіп етегөр!!!
Дгғалары қабыл болған құлдардан етегөр!!!
Баршамызға жұма қабыл болсын!!
Өміріңіз тек жақсы амалға тола болсын!!!
??????????????
Әумииииин !
Барынша таратып жіберсеңіз‼️
Құрметті қыз-келіншектер бұл топта Алматы қаласы мешіттерінің барлық жаңалықтарымен бөлісіп отырамыз! Бізге қосылыңыз❤️
Жұма күнінің басқа күндерден айырмашылығы, Рамазан айының басқа айлардан айырмашылығындай. Құран оқушының да басқа адамдардан айырмашылығы, құтының ішіндегі миск секілді. Иісі мүңкіп тұрады.
Емтиханға кірер алдын мына дұғаны оқыса болады:
«Рабби әдхилнии мүдхалә сидқин уә әхрижнии мухражә сидқин, уәжъал лии мил ләдункә султанән нәсиира»
Мағынасы: «Раббым! Менің кіретін жерімді оңды қыл және шығатын жерімді де оңды қыл! Әрі маған өз қасыңнан жәрдем күшін нәсіп ет!” .
Емтиханға кіргеннен кейін, келіп-түскен сұрақтарға жауап бермес бұрын Мұса (ғ.с.) пайғамбардың мына дұғасын оқыса болады:
«Раббишрәх лии садри. Уә яссир лии әмри. Уәхлул ъуқдәтәм мил лисәни. Яфқаһуу қаули!»
Мағынасы: «Уа, Жаратушы Ием! Менің көңілімді (немесе зейінімді) аш. Маған ісімді жеңілдет. Тілімдегі шырмауды шеш. Менің айтқаным оларға түсінікті болсын!
"Кісі бойында болатын ең жаманы іштарлық. Себебі іштарлықтан мұң туады. Қайғы туады. Іштарлық - дауасы жоқ дерт".
Әйгілі ғұлама Ибн Хиббан (Алла оны рақымына бөлесін).
⚡️Все самое важное в одном канале. Новости России и Мира
Предложить новость: @pryamoy_bot
Обратная связь: @rob_lower
№ 4930801491
Last updated 3 weeks ago
Главные Новости РИА t.me/rian_ru
Авторы канала - наши корреспонденты в России и за рубежом. Мы рассказываем о том, что видим сами.
Заявление №4950718996
Last updated 2 weeks, 5 days ago
Эруктации информпространства России и ее Окраин.
📈 Открытая статистика канала на TGstat или в телеметре.
Реклама: @smi_reklama
Last updated 2 months, 1 week ago