𓆩 𝑠𝑡𝑖𝑐𝑘𝑒𝑟𝑠, 𝑡ℎ𝑒𝑚𝑒𝑠, 𝑙𝑎𝑛𝑔𝑢𝑎𝑔𝑒𝑠, 𝑚𝑢𝑠𝑖𝑐 𝑓𝑜𝑟 𝑦𝑜𝑢` 𓆪
· @botwexsavi_bot (по рекламе | делу)
· 𝑚𝑦 𝑏𝑜𝑡 - @wexsaviibot ✧
────────────────────
HAJIME.RECORDS
Отзывы: @infotgotz
Админ/рекл: @Za77st
❗️Администрация не несёт ответственность за рекламу. Будьте внимательны ❗️
Бұлыңғыр бақыт, сағым саз, тосыңыз мені,
Тұрлаусыз ойлар тор көзді досын іздеді.
...Сен менің Алғашқы махаббатымсың!
(осы күздегі).
Мұңсызым менің, мұңыма бай-мұрамысың?!
Жабыққыш жаным жазықсыз қайғырады шын.
Құдай мені өзіңе шын ғашық етті!
(қай күнəм үшін?)
Еріте ме еліткіш сырдың еселенгені,
Ұғына алсаң сөзсіз-ақ кешер ең мені.
Сен секілді əдемі қыз көрмедім!
(кешеден бері).
Есенгіреттің көңілге ене сап бəрін,
Естен шығарам өткеннің елес аттарын.
Мен өзіңді сүйемін соңына дейін!
(келесі аптаның).
Шадияр Есенәлі
Қуаныштан, күлкіден,
Мұңдарымнан мың түмен,
Таңғы шықтан төгілген,
Көз жасымнан іркіген,
Іңірдегі бояудан,
Көңілдегі қаяудан,
Сондай мөлдір сезімнен
Ойда жоқта оянған,
Шамдар, гүлдер, бақтардан,
Сағынышты хаттардан,
Құбылмалы сәттерден,
Шұғылалы шақтардан,
Ең аяулы әуеннен,
Ең әдемі өлеңнен... —
Құрап алғам мен сені!..
Дәурен Тілеухан
Мейірімім таусылыпты жүзімде,
Осы күнім көктемім бе, күзім бе?
Айналамның бәрі имансыз, күнәһар,
Мен де бармын тізімде.
Жауыздықпен талай нәзік гүлді үздім,
Сезіміме қанықтырдым кімді ізгім.
Мынау солып бара жатқан қызыл гүл,
Маған деген махаббаты бір қыздың...
Сен үшін қуана алатын адамды да табу оңай емес.
Жас кезде өмiр қайнаған базар секiлдi. Дос та көп, жолдас та көп. Достың досы саған да дос болып жүретiн кез.
Төлен Әбдік
"Парасат майданы"
Қасыңда жүрсем,
Қадірім саған жоқ екен.
Қасыңнан кетсем,
Адамның нағыз қоры екем.
Қасыңда жүріп,
Күлетінім де сол екен,
Қасыңнан кетіп, жылайтыным да сол екен.
Қасыңда сенің,
Қағынып жүрген желөкпе,
Өзіңнен кетсе,
Өзгеге, сірә, керек пе?!
Мен деген, жаным,
Қадалған мәңгі бұтақпын,
Сен деген алып мың жүрегі бар терекке
Heгe де болса,
Сенімен бірге шыдаймын.
Негізім менің!
Неліктен сонша мұңайдың?!
Құласаң егер,
Құтқармақ болып мен сені,
Қадалып жерге,
Сенің астыңа құлаймын!
Мұқағали Мақатаев
"Ақпан суық емес "
Жаным, ақпан суық емес,
Түсіндірем(ін) барлығын.
Жан жүрегің мұздамасын,
Тез жылынып ал, күнім.
Махаббатың жалын болса,
Өртей түсер жаныңды.
Ақпан мынау суық емес,
Тоқтамай сал әніңді.
Өзге біреу қарай берсін,
Келші , күнім, қасыма.
Қысқы самал тербей түскен,
Мен ғашықпын шашыңа.
Қыс қарымен сұлу болса,
Сен сұлусың арыңмен.
Сенен өзге артық жан жоқ,
Сүйем сені жаныммен.
Маған сыйлар сезіміңді,
Суытпайды бұл ақпан.
Бұл өмірден нәзік сыйым,
Өзің болдың мен тапқан.
Жаным,ақпан суық емес,
Өзің көрдің барлығын.
Құшағыма қайта келіп,
Тез жылынып ал, күнім.
Тағдыр деген – қағазы туалеттің, Жыртылмайтын жерінен жыртылады!
Жүрсін Ерман
Күю, налу - кең әлемді тарсынып,
Сүю, жазу - есің кетіп таусылып.
Тамшы жастан жеңіл әрі күрделі,
Менің жаным қардай сұлу һәм суық.
Қар жайында оқып көрші бір өлең,
Оқып көрсең бар сырымды білер ең.
Жатырынан өніп шықтым ақ бұлттың,
Хан Тәңірдің құшағында түнеген.
Өмір - ақпан, әр кезде ақпан көктем жоқ,
Қандай болсын бауыр бастым, өкпем жоқ.
Бұл ақпанда қар да жаурайды екен ғой,
Жылынам деп ойнай бердім отпен көп.
Аямайды қарашаның ызғары,
Қайда қара маңайыңның мұз бәрі.
Бәрін тастап өксіп-өксіп жылар ем,
Жыламаймын - көз жасымда тұз дәмі.
Мен жайында оқып көрсең бір өлең,
Толғандырған ақпан жайлы білер ең.
Жатырынан өніп шыққам ақ бұлттың,
Хан Тәңірдің құшағында түнеген!
Ерік Нарын
𓆩 𝑠𝑡𝑖𝑐𝑘𝑒𝑟𝑠, 𝑡ℎ𝑒𝑚𝑒𝑠, 𝑙𝑎𝑛𝑔𝑢𝑎𝑔𝑒𝑠, 𝑚𝑢𝑠𝑖𝑐 𝑓𝑜𝑟 𝑦𝑜𝑢` 𓆪
· @botwexsavi_bot (по рекламе | делу)
· 𝑚𝑦 𝑏𝑜𝑡 - @wexsaviibot ✧
────────────────────
HAJIME.RECORDS
Отзывы: @infotgotz
Админ/рекл: @Za77st
❗️Администрация не несёт ответственность за рекламу. Будьте внимательны ❗️