Аслан Орақбай

Description
Мен көбірек пайдалы ақпарат шығарғым келеді, оны көбейтетін факторлардың бірі кітаптарымды сатып алу/біреуге сатып алып беру
Advertising
We recommend to visit

Телеграм канал журналіста Раміни Есхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva

Last updated 1 week ago

🥧Татар һәм рус телендәге рецептлар
📌файдалы киңәшләр
Реклама (сотрудничество) - @elvira_admin

Отзывы: https://t.me/kirakle_torkem_otzivi

Last updated 1 day, 23 hours ago

1 week ago

Эдди Рикенбакер және оның тобы Атлант мұхитында адасып қалады. Жиырма бір күн бойы тақтайдың үстінде өткізген сынағынан кейін ол былай деген: "Алған ең үлкен сабағым: егер адамда өзіне қажетті мөлшерде тұщы су мен қалаған асы бар болса, оның қандай да бір нәрсе үшін шағымдануына хақысы жоқ".

🌾“Хәл” кітабынан үзінді

1 week, 1 day ago

Егер сен сол қызға үйленбейтініңді біле тұра, әншейін, ішім пыспасын деп сөйлесіп жүрген болсаң, онда басқа бауырыңның болашақ әйелін жайына қалдыр.

Өзіңді кішкентай балаша емес, еркек қылып ұста.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (ﷺ) үлгі-өнеге ал. Қарапайым бол, өз жүрегіңді таза ұста.

Бос уақытыңда бірге болашақ көруді қаламайтын қыздармен сөйлескенше, одан да, Алланы еске ал!

Егер де, саған біреу бірнәрсе айтса. Саған сеніп, бірнәрсені аманат етсе. Онда, оны өзіңнің ішінде қалдыр да, басқа ешкімге айтпа!

Жаратушыңның алдында деген ұятың қайда?

Өсек айту мен жаман сөзді қой!

Өз отбасың мен достарыңның арасында өзін кішкентай бала сияқты ұстайтын сайқымазақ емес, үлгі бола біл.

“Сенің қамқор ағаң” кітабынан

1 week, 1 day ago

Өзгермейді деп ойлаған дүниеңді Алла бір сәтте өзгерте алады. Аллаға сен!

3 months, 2 weeks ago

Көп ойға салынып өз-өзіңді жей берме.

Қанша есік жабық, жол қараңғы болса да Алланың әмірі күмәнсіз орындалады.

Сенің міндетің тек қозғалу, алға жылжу, бір орында тоқтап қалмау ғана.

Ал мақсатқа қашан жетесің, қалай жетесің ол Алланың Өзі ғана білетін дүние.


Жақыным, бір нәрсені ұмытпа.

Кейбір жауапкершіліктер таңдаудан кейін болады.

Алла Өз жолына тазаларды ғана таңдайды.

Біз өз қажеттіліктерімізді атқару үшін қолданған не кірленген нәрселерді пайдаланбаймыз ғой ...!

Біз адамдар сондаймыз, ал Алла өз жолына кім болса соны таңдайды, салады деп ойлайсың ба?

Алла сені өз жолына пайдаланып жатыр екен, онда Ол сенің жүрегіңе, кіршіксіз көңіліңе қарап таңдаған. Осыдан кейін сенің көңіліңде не нәрсе құлазытуы мүмкін?!

Жақыным, күресу өте ауыр.

Бірақ мен жақсы білетін нәрсе «Алла мықтыларды ғана ауыр нәрсеге салады».

«сенің қамқор ағаң» кітабынан

3 months, 2 weeks ago

Досым!

Кейде өмірде бір нәрсені ұстап қалудан гөрі сол нәрсені қолдан шығарып алу үлкен күшті қажет етеді.

Біз нәрселерді жоғалтып алудан қорқамыз. Себебі онсыз қалай өмір сүретініміз бізге беймәлім.

Бірақ, маған сенсең, қашан қолыңды бір сілтеуге шешім қабылдап, солай жасасаң, алдын сезбеген күштілікті сезесің.

Сен «нағыз бақытты таппаймын» деп ойлаған едің. Қазір оны тауып отырсың, себебі сен өзіңді таптың!

? “сенің қамқор ағаң” кітабынан

3 months, 2 weeks ago

**Осы жерде өзіңнен сұрап көрші, аятта келгендей, өміріңде мұқтажға: «Ешкім менен бұрын жәрдем бермей тұрғанда бірінші барып қажетіне жараймын», – деп жан бере жүгіріп барған сәтің болды ма?

Үнемі асығасың, жұмысқа барарда асығасың, қайтарда кешігем деп қапыласың. Дұға етіп, жауабы тезірек келсе екен деп тағы асығасың.

Бірақ өміріңде қанша мәрте туралықтан тайған бауырыңды естігенде оны дұрыс жолға бастауға асығып, жанына жетіп бардың?

Сыртынан қалай құлайтынын тамашалап отырғанша, неге бауырыңа жанашырлығыңды танытып, жақсылықта жарыспайсың?!

Оның жолдан таюына немқұрайлы қарауыңды берілген үлкен мүмкіндікті қолдан тайдырып алу деп ойлап көрмедің бе…*?*”40:60” кітабынан үзінді**

6 months ago

сені жұбатқанның бәрі уайым-қайғысыз емес. Мүмкін ол кісі жабырқағанда өзін жұбатар біреуге зар болатын шығар.

Саған қол ұшын берген кісі де мұқтаж болғанында өзіне көмектесер біреуді таппай қалар.

Арқаңнан қағып тұрып, үнсіз ғана іштей: «Мен адамдардың арқасынан қағып, демеп жүрмін. Иә, Алла! Өзің де мені демей гөр!», - деген болуы да мүмкін.

?”сенің қамқор ағаң” кітабынан

6 months ago

Өздерін ғана ойлайтын адамдар үшін қадірсіз болудан тоймадың ба?

?«Сенің қамқор ағаң» кітабынан

6 months, 1 week ago

Алла үшін Ибраһим пайғамбар туған баласын құрбан етуге барды. Ал сен Алла үшін ,тым болмаса, балалығыңды да, уақытыңды да қия алмайсың ба?

Құлшылықтарымыз қабыл болсын!

✍? Аслан Орақбаев

@molda_paqyr

We recommend to visit

Телеграм канал журналіста Раміни Есхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva

Last updated 1 week ago

🥧Татар һәм рус телендәге рецептлар
📌файдалы киңәшләр
Реклама (сотрудничество) - @elvira_admin

Отзывы: https://t.me/kirakle_torkem_otzivi

Last updated 1 day, 23 hours ago