көктем біткенше..

Description
♥ ессіз боп жүрген ескі күндерімді әп сәтте ұмыттыра саларлық есті қабілетім жоқ менің
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

3 years, 1 month ago

— оңбайсың, ә
— қайтем енді Арайка
— қайтесің.. ол да қайтеді…

3 years, 1 month ago

— егер екеуміздің арамызда қазір он қадам болса, онда мен сол он қадамды да өзім жасаймын. сен тек сол тұрған жеріңде тұра бер. қашпасаң, қабылдасаң жеткілікті.

3 years, 1 month ago

ессіз боп жүрген ескі күндерімді әп сәтте ұмыттыра саларлық есті қабілетім жоқ менің.

3 years, 1 month ago

өкініштісі,
мен жәй ғана адаммын.

3 years, 1 month ago

ендігі біз де апам бардағыдай бола алмаймыз.
тіпті, атам да апам бардағыдай емес..

3 years, 1 month ago

апам барда бәріміз үстел басына жиналып мантыны бірге түйетінбіз, сосын бәріміз бірге кешкі ас ішеміз. фонда түріктің телехикаясы. мен ол кезде сүт қосылған шәй іше берем, тек қаймақ түсіп кетсе, мұрнымды тыржитатыным бар еді. сосын..
жаза алмайм.
қызық. сол ауыл, үй де сол, мен туғалы бұзылмаған қабырғадағы әлгі жасыл сағат та әлі ілулі. бірақ енді ешқашан ештеңе апам бардағыдай болмайды. бола алмайды.

3 years, 1 month ago

мүмкін кірлемеген көңіл, түнекті көрмеген жаңа жүрек тапқым келген шығар.

3 years, 1 month ago

әр шатырдың шамына бір сүйсініп, мен де өзіме бірдеңелер іздедім.
шынында маған ештеңе керек те емес.
әйтеуір көздің жауын аларлық сырғалар, мен көрмеген аспаптар, қызылды-жасылды шүберектер мен парақтары сарғайған кітаптар арасынан бірдеңе табатындай іздей берем.

3 years, 1 month ago

Алматы жәрмеңкелері ерекше сұлу.
бір-бірінен аумаған шатырлар.
бір-біріне ұқсамайтын адамдар.
әркім жан қуантарлық нәрсесін осы жақтан таба алатындай сұлу көрінеді.

3 years, 2 months ago
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.