Бильеду

Description
Ақын Алтын БЕК Әлібайдың жеке каналы.
• Өлеңдер.
• Ойлар.
• Диалогтар.
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

2 weeks, 6 days ago

Уақытына ойыннан ермек қонған,
Тұрмысына арқайын жұмсап ғалам.
Қиялы өлген, арманын жерлеп болған,
Қарапайым адамға ұқсап барам...

3 weeks, 4 days ago

Адамның жалпы сүйікті бәрі,
Қалмашы күнім, сен жылап...
Алай да дүлей күйік болады,
Күйіп кетпеші сен бірақ!

1 month, 1 week ago

Кешір мені, оқырман!

Көптен бері жанымның сиясына қиял қаламын малып, өмірімнің қызықты тұстары мен түсінген түсінігімді жазып, сендерге ұсынып жүр едім… Бірнеше жылдан бергі еңбегімді жоғалтып алдым. Өкініштісі — жаңа өлеңдерім де кетті…

Осындай сынаққа сынған ақындарыңның бүгін өлең тұрмақ, әдебиетке қызығушылығы жоғалды… Әдебиет майданындағы соңғы мінәжатымды да оқыдыңдар. Қош! Мен әдебиет сапарындағы осындай “сәтсіздік” деп аталатын аялдамадан түсіп қаламын… Менімен бірге болғандарыңа, маған сенім артып, менің қиял-әлемімді бөліскендеріңе рақмет!

Мен сендерді құшақтадым. Аман болыңдар!

Қолда бар өлеңдерімді (ескі) кітап қып шығарсам, хабарын беремін ғой :)

Алайда, менен енді жаңа өлеңдер күтпегендерің абзал!

1 month, 2 weeks ago

Сен мені келмейтін жолдардан күт мейлі,
Ішімде ештеңе бүкпеймін.
Бақытты болуды бүгіннен бастадым,
Болды енді, ертеңді күтпеймін!

Күтпеймін... Жиып ап, жігерді, ес, қуат,
Күтпеймін хаттарды кешкі уақ.
Ішімде сен жайлы өкпені жібердім,
Мен сені кешірдім, кеш бірақ...

1 month, 3 weeks ago

Қос рельс - қос тағдыр!

Жан едік, жоққа сыңар,
Жүрекке шоқ босылар.
Біз бірге бола алмаймыз,
Себебі: Отбасым бар ...

Жеткізіп көздер күйді,
Тұрса да, өзге емдейді...
Қоштастық, кездесуден,
Ештеңе өзгермейді!
(Бәрі бір өзгер мейлі!)

Білемін саған да ауыр,
Жаным-ау, маған да ауыр!
Сен салған жүрегіме –
Айықпас жарам да ауыр!

Менде сол басқа жағдай,
Сенде де басқа жағдай...
Кеудемнен жүрегімді –
Суырып тастағандай!

Жанымның күзден де емін,
Таппадым, түзден де мін!
Қос рельс паралельді,
Қос тағдыр біздердегі...

Сүйгеннің жоқ зардабы,
Баспады оңға арманым...
Неліктен тым кеш келдің,
Пойыздай вокзалдағы...

Алтын БЕК

2 months ago

Қоңырша…
1929–2009

Сайдан қарғын күтемін, дауыл жоқта,
Көңілімнің өшердей оты менің.
“Ескі Өзен…”
Жоғарғы ауыл жақта
Менің біраз күндерім өтіп еді…

Сол ауылда бір шал бар, көше көрген,
Өз бақытын өзі іздеп, қолдан алған.
Ерте қалған әкеден, шешеден де,
Еркелеуге уақыты болмаған жан…

“Ханымына” қосылып, бар азаптан
Арылатын, бақытты кешті күн де.
Бәрін боқтап алатын қора жақтан –
Салдыр-гүлдір дыбысты естігенде…

Уайымы жоқ қарайтын ол ертеңге,
Ақсақ аяқ жанына батушы еді…
Насыбайын атып ап, көлеңкеде,
Кереуеттің үстінде жатушы еді…

Гүлдеріне алданып көктемдердің,
Әр жаз сайын иісіне таңданатын.
Немересі қуатын кептерлердің,
Қанат жайған биіне алданатын…

Бауырына басатын ерке көпті,
Түйелерін күтетін айдаладан.
Бес баланың төртеуі ерте кетті,
Еріте кетті думанды айналадан…

Қанық едім сол қарттың мен жырына,
Тағдырына тістеніп қалды ызадан.
Сол бір шалдың үйдегі кенже ұлына
Тұрмыс құрды үйдегі жалғыз апам…

Ал қазір ше?
Сол қарттың мол мұрасы,
Өзі қайтты, айырылды үй иесінен.
Соңғы кезде Құдамның домбырасы
Көрінбейді баяғы үй ішінен…

*“Ханым” қылды үйдегі ханшайымын,
(Өлең болды, сонан соң оқылатын.)
Балдағына сүйеніп, сан уайымның
Құрсауынан шыға алмай отыратын…

Көруіме ендігі жоғалды үміт,
Тың еді ғой, тың еді… Қарт-ақ, реңді…
Қарт қайтқасын “ИІС” деп, жоралғы қып,
Үйге екі-үш киілген қалпақ келді.

Жеңгесі жоқ жігіттің жолы болмақ,
Өлім алып кетеді сені, мені…
Қоңырша шал киетін қоңыр қалпақ
Маған тиген мұрадай көрінеді…

Қалпағымды шешемін сый кешкенде,
Уақыт желі тым қырсық, кері еспейді…
Қоңыр қалпақ кигенде кей кештерде
Сағымдардан “Қоңыр шал” елестейді!

*Ханым - Құдағи

2 months, 2 weeks ago

Менің Мұғалимам!

Ақылында бес толы бағасы бар,
Сол бағамен жігіттің бағы ашылар...
Жүрегіме үңілсең көрер едің,
Көнесі бар сырлардың жаңасы бар!

Бастауы жоқ, қисынсыз себепке ердім,
Мен өзіңнен бағалы көмек көрдім!
Сияңменен қып - қызыл шимайлайсың,
Қателерін кішкентай бөбектердің...

Балғын кезін көресің бар алыптың,
мен де бұрын тым төмен баға алыппын...
Көк сиямен кей жерін түзетесің,
Қателерін жасырып балалықтың!

Күнделікке бағасын көшіресін,
Жамандығын жасырып, өшіресің...
Қызыл сызық кескенге ашуланып,
Шектен шықса шыдайсың, кешіресің!

Жазалайсың ұл-қызды ерке неше,
Айғайлайсың біреулер желкелесе...
Отыз бала дала да ойнап қалар,
Жалғыз жарың қасыңда, еркелесе!

Көз алдыңнан кетпейді қыймас қылық,
Жүрегіңе алғансың сый бастырып...
Әппақ бормен жазасың тақта бетін -
Жазуыңмен әдемі ұйқастырып...

Ер мінезін алғансың езден бөліп,
Бір күн қонар - жүрекке безгенге - үміт...
Бұзықтарын бұрышқа тұрғызасың,
Қылықтарын жарыңның көзбен көріп!

Жерімді көп жүретін шаң қыламын,
Шашса дағы аспаным таң қырауын...
Құлақтарын бұрайсың тентектердің -
Келтірегендей бұрауын домбыраның...

Шаршағаның басылар көңілдегі,
Биік қылып барады сенім мені...
Балалардың ұстазы мектептегі,
Ұстазым бол, өмірлік өмірдегі!

Алтын Бек
2018

2 months, 3 weeks ago

Түн таранып, АЙ жұлдыздан сырға іліп,
Жапырақтың дауысына ырғалып...
Тітіркенген денесі де қалтырап,
Тағатының бар байлығы жалтырап -
Сені үнсіз сағынуда бір ғаріп!

Сезімнен де безгек үміт мақұрым,
Сырға құйып ішіп алып ақылын...
Көңіл қиып, өкіндіріп ісіне,
Іңір ұйып, ерініңнің түсіне,
Тағы міне таң атады ақырын!

алтының...

2 months, 3 weeks ago

Бүгін қарттар күні екен ғой... Мерекелік даталарға арнап өлең жазбаймын, бұл бір басқа бір кезде туған өлең еді...

Зейнеткер!

Аялдама...
Автобустар келеді баяу ғана!
Басы төмен салбырап соңғы күнін,
Өткізуге барады, аяулы адам...

Есіне алып, күрсініп шақты оқыстан,
Пешенеге еңбек пен бақ тоғысқан.
«Барар жерім келмесе» - деп тілейді,
Қимай отыр жолдарын автобустан...

Өз өмірін арнаған қалып көштен,
Қайта ілескен, сол көшті жарып кешкен.
(Өз орнына таласып отыр әне –
Тумасындай боп кеткен әріптестер... )

Маңдайынан оның да бақ ұшпайды,
Жастар қазір онымен жарыспайды.
Өз киімін салатын сөрелерді,
Өзіне ыстық адамға табыстайды...

Табыстайды, жүрегін емге берген,
«Қанды көйлек» досына, шын деп ерген.
Терезеге қарайды көзге жас-ап,
Жолдарын да қимайды күнде келген...

Қайтеді енді, тағдырға бағынады,
Іштен тынып, бомбадай жарылады.
Үйде не бар екенін жаттай алмай,
Жұмыс орнын ол ертең сағынады...

Сағынады, сүйеніп керегеге,
(Демалады құрметтім, егелер де!)
Өсек-аян айтатын жұмыстасын,
Алмастырып барады немереге...

Немереге, ол әне сене алмайды,
Болашағын жұмыссыз көре алмайды.
Қатып қалған «тумбада» пішінәйін,
Кемпіріне апарып бере алмайды...

Тауып алған секілді, бақ та амалын,
Айта алмайды іштегін, жатқа жанын...
Бүгінгі күн қалайды атпағанын,
Бүгінгі күн қалайды батпағанын!

Себебі ертең:
Арылып тынышынан,
Басталарын біледі күн осыдан.
Немересін көлікке салып алып,
Балаларын күтеді жұмысынан...

Бүгін соңғы жұмысқа аттанады,
Ішкі күйі өртенген жатқа мәлім!
Автобуста тербеліп бара жатыр,
Бара жатыр еңбектің ақ табаны!

Кеудесінде барады сезім ұлып,
Бәрі тәтті көрінер.
ТӨЗІМ – ұлық!
Зейнеткерді көшеден кездестірсең,
Көңіл-күйін сұрама!
Көзінен ұқ...

Бере алама білмедім сезім белгі,
(Мен мұнайшы сезінем өзімді енді...)
Сендер аман болыңдар, бейнеткерлер,
Зейнетіңді көретін кезің келді!

Рақмет, сендерге!

Алтын БЕК

3 months ago

Өзім үшін...

Өзгелерге бере алмадым ырысты,
Керек болса, үлкендермен ұрыстым...
Менің жолым қате болсын, бәрі бір -
Мен бақытты болу үшін, тырыстым!

Ұнатқанды шақырмадым, жасыттым,
Мені қойшы, мен өлеңге ғашықпын...
Өз-өзімнен жиіркеніп жүрсем де,
Сүю үшін бәрін бірдей асықтым!

Мен сенемін, барлық бірдей ырымға,
Үміт алып, өсу үшін шынында.
Ғажайыпқа сенемін мен, бір күні -
Ғажайыптан жаралғанмын бұрында!

Көргенім жоқ, анама да еркелеп,
Мені содан алды мұңдар желкелеп.
Бала болып көргенім жоқ мен бұрын -
Ақыл тісім өсіп кеткен ертерек!

Өзгелерге бере алмадым ырысты,
Керек болса, үлкендермен ұрыстым...
Менің жолым қате болсын, бәрі бір -
Мен бақытты болу үшін, тырыстым!

Алтын БЕК

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago