Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ

Description
Қазақстан Жазушылар одағының ресми телеграм каналы

Официальный телеграм-канал Союза писателей Казахстана

Official telegram channel of the Writers' Union of Kazakhstan
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months ago

Last updated 1 month, 1 week ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month ago

3 weeks, 3 days ago

Бүгін, 23 сәуір күні Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының атынан ҚР Ұлттық кітапханасында өткен "КІТАПшоу - 2024" кітап фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

Кітап фестивалін зерттеуші, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, талантты жас жазушы Елдос Тоқтарбай жүргізді.

Мерекелік іс - шараның алғашқы
құттықтау сөзін - Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ажар Хамитқызы айтты.

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов өз сөзінде "дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні" деп аталып өтетін мерекенің маңызына тоқталып, авторларға құрмет көрсету дегеніміз - кітап оқуды насихаттаудың үлгісі екенін айтып, іс-шараға сәттілік тіледі.

Қазақ даласындағы "қазақ" тілінде кітап шығару ісінің 200 жылдан астам тарихы бар екенін тарихтан білеміз.

Жалпы "Қазақ баспасының" шежіресі сонау 1800 жылы Қазан қаласында ашылған тұңғыш Азиялық баспаханадан бастау алып, қазақ тiлiндегi ең алғашқы кiтап – 1807 жылы жарық көрген "Сейфүл – Мәлiк" қиссасын қыстың ұзақ түндерінде ауылда, шалдардың қасында әңгімелерін тыңдап, батырлар жырын оқып өскен ұрпақпыз.

1917 жылға дейін қазақ тілінде жеті жүзге жуық кітап басылып шыққан екен.
Кеңес үкіметі кезінде баспа ісі мемлекет қамқорлығында болып, қатал цензурадан өткен соң, іріктелген кітаптар баспалардан шығатын еді.

Бүгінгі таңда Ұлттық мемлекеттік Кітап Палатасының мәліметтері бойынша, елімізде 366 баспа мен кітап шығару ісімен айналысатын мекеме бар.

Бүгінде кітап - біздің сатылмайтын, сатпайтын ең сенімді досымыз!

https://t.me/zhazushylar_odagy

Telegram

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ

Қазақстан Жазушылар одағының ресми телеграм каналы Официальный телеграм-канал Союза писателей Казахстана Official telegram channel of the Writers' Union of Kazakhstan

Бүгін, 23 сәуір күні Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының атынан ҚР Ұлттық кітапханасында өткен "КІТАПшоу - 2024" кітап фестивалінің ашылу салтанаты …
3 weeks, 3 days ago

Қазақ жазушыларымен кездесу бізге ерекше әсер қалдырып отыр, осындай үлкен мәдени ошақта дөңгелек үстел өткізу – біз үшін үлкен мәртебе, – деді Якутия Жазушылар одағының төрағасы Гаврил АНДРОСОВ.

Жиынның аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Якутия Жазушылар Одағының арасында бірлесіп жұмыс істеу туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Іс-шара барысында бірнеше кітаптың тұсауы кесілді.

ҚЖО баспасөз қызметі

https://t.me/zhazushylar_odagy

3 weeks, 3 days ago

ЯКУТИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Алматыда қазақ-якут әдеби байланыстарын нығайту тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен қазақ-якут әдеби байланыстарын нығайту тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынды Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, белгілі жазушы Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ жүргізді.
Дөңгелек үстелге Якутия (Саха Республикасы) Үкіметі төрағасының орынбасары Анатолий СЕМЕНОВ, Якутияның (Саха Республикасының) мәдениет және рухани даму министрі Афанасий НОЕВ, Якутия Жазушылар одағының төрағасы, ақын Гаврил АНДРОСОВ, Саха Республикасының халық жазушысы Николай ЛУГИНОВ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, Ресей жазушылар одағының хатшысы Наталья ХАРЛАМПЬЕВА, ақын, Ресей жазушылар одағының мүшесі, «Алта» баспасының директоры Зинаида АРХИПОВА, жазушы, Ресей жазушылар одағының мүшесі, прозашы Данил МАКЕЕВ қатысты.

Қазақстан тарапынан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, ақын Ұлықбек Есдәулет пен прзашы Әлібек Асқаров және ақын-жазушылар Жұмаш Кенебай, Мырзан Кенжебай, Нұрдәулет Ақыш, Сәуле Досжан, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Саят Қамшыгер, Алмат Исаділ, Еркін Нұразхан, әдебиетші ғалымдар Анарбай Бұлдыбаев, Серікқазы Қорабаев және т.б. қатысты.
– Сахалар – қазаққа жақын түркі тілдес халықтың бірі. Якутияның түркі әлемімен тамырлас екенін паш ететін әдеби шығармалар аз емес. Көркем аударма арқылы бір-бірімізді жақын танып, мәдени байланысымызды арттыру керек, әдеби-көркем кітаптар шығару қажет, бұлар – өте маңызды бастамалар. Былтыр Астанаға Саха (Якутия) Республикасының басшысы Айсен Николаев келіп, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, соның барысында қазақ-якут мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту жөнінде шешімдер қабылданды. Биыл, міне Астана мен Алматыда Якутия күндері өтіп жатыр, – деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ.
Оның айтуынша, саха (якут) мен қазақ әдеби байланысының негізін қалаушылар – Якутия ақыны Серафим Кулачиков-Элляй мен қазақ ақыны Ілияс Жансүгіров, екеуі ХХ ғасырдың 20-жылдарының ортасында Мәскеу журналистика институтында бірге оқып, дос болған, Ілиястың шақыртуымен саха ақыны қазақ еліндде қонақта болған.

Белгілі якут прозашысы Семен Яковлев-Эрилик Эристин 1934-1935 жылдары Қазақстанға шығармашылық іссапармен келіп, қазақ елі туралы кітап жазған.

1965 жылы якут жазушыларының делегациясы Қазақстанға алғаш рет келді. Якутияның халық ақыны Семен Данилов бастап келген. Осы сапардың нәтижесінде 1965 жылы якут жазушыларының үздік шығармалары қазақ тілінде жарық көріпті.

70-жылдардың басында Қалаубек Тұрсынқұлов бастап, қазақ жазушылары Якутияға барады. Содан бері Якутия жазушыларымен тығыз әдеби байланыс дамып келеді. 1972 жылы Жамбылдың өлеңдер жинағы якут тіліне аударылған. Сол жылы саха қаламгерлері Семен Даниловтың, Иван Федосеевтің, Софрон Даниловтың кітаптары қазақ тілінде басылып шыққан. Якут жазушыларының делегациясы Қазақстанға екінші рет 1980 жылы келеді. Сол жылы якут әдебиеті антологиясының екі томдығы қазақ тілінде жарық көріпті. 1988 жылы қазақ жазушылар Якутияға тағы ресми сапарлап барады.

Жаңа ғасырда да қазақ-якут әдеби байланысы жолға қойылған. 2022 жылы саха поэзиясының антологиясы қазақша жарық көрді. Якутия халық жазушысы Николай Лугиновтың «Шыңғыс ханның әмірі» тарихи романы 2022 жылы Астанада қазақ тілінде шықты. Якут жазушылары Савва Тарасов, Дмитрий Кириллин, Семен Руфов, Мұса Ефимов, Дора Васильева, Николай Лугинов, Николай Урсун, Наталья Харлампиева және Саха республикасының (Якутия) тұңғыш Президенті М.Е.Николаев халықтар достығын насихаттағаны үшін Қазақстан Жазушылар одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары атанған. Соңғы жылдары қазақ ақындары Ұлықбек Есдәулет, Саят Қамшыгер, Алмат Исаділ якут ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
– Бүгінгі дөңгелек үстел Якутия жән Қазақстан Жазушылар одағының бұрыннан келе жатқан достық байланысын көрсетті.

3 months ago

Министр культуры и информации Аида Балаева о работе по книгоизданию.

https://t.me/zhazushylar_odagy

3 months ago

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кітап шығару жұмысы туралы.

https://t.me/zhazushylar_odagy

3 months, 1 week ago
***⚜️***Бүгін қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген …

⚜️Бүгін қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл толды.

Ақиық ақын «Социалистік Қазақстан» газетінің, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.

📖Ақын поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, замана тынысы. Оның «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Соғады жүрек», «Шолпан» және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, «Қош, махаббат!» атты прозалық кітаптары бар.

Мұқағали Мақатаев – қазақ халқының шоқтығы биік ақыны. Бүгінде оның жырлары миллиондаған оқырманның жүрегіне жол тапты.

3 months, 1 week ago

Қазақ әдебиетінің классигі, балалар әдебиетінің бәйтерегі – Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған алғашқы шара Алматы облы­сында бастау алды.

26 қаңтар күні Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өткен әдеби-музыкалық кешке өңір басшысы Марат Елеусіз­ұлы, қаламгердің қызы ­Самал Соқпақбаева, Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік ­Нұржанұлы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, ҚР Жазушылар одағының басқарма Төрағасы Мереке ­Құлкенов, ақын, драматург, ҚР Мемлекет­тік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кеш барысында сөз алған облыс әкімі Марат Елеусізұлы мен құрмет­ті қонақтар жазушының шығармашылығы мен шараның маңызына тоқталды. Райымбек ауданынан арнайы келген көзін көрген жерлестері естеліктерімен бөлісті.

Шарада қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген қаламгердің шығармалары оқылды. Кеш соңы концертке ұласып, эстрадамыздың жарық жұлдыздары: ­Бекжан Тұрыс, ­Мейрамбек Беспаев, ­Мәдина ­Сәдуақасова, «Қоңыр» тобы және басқа да әртістер өнер көрсет­ті.

Жазушы мерейтойына арналған шара 31 қаңтар күні Алматы қаласындағы республикалық «Достық» үйінде жалғасты. Атаулы іс-шара аясында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен Талғар аудандық жеке лицей-интернаты бірігіп Б.Соқпақбаев­тың шығармаларына арналған кітап көрмесін өткізді.

Жиында белгілі қаламгерлер жазушы хақында баян­дама оқып, сөз сөйледі. Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төр­ағасы Мереке Құлкенов іс-шараға қатысқан мектеп оқушылары мен ұстаздарға арнайы Алғыс хат табыстады.

Бейне khabar.kz
https://t.me/zhazushylar_odagy

3 months, 1 week ago
3 months, 1 week ago

Ұлттық құндылықтар: кеше және бүгін

Қазақстан Жазушылар одағында «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН» немесе ұлттық құндылықтар жазушылардың қаламымен» атты республикалық ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының басшылығы, ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, этнограф ғалымдар қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Жиынды Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов ашып, Төраға орынбасары Қасымхан Бегманов жүргізді.

«Бұл дөңгелек үстелдің тақырыбы бүгінгі күнде бәрімізді алаңдатып жүрген өте терең, өте ірі тақырып. Біз ұлттық құндылық деген сөзді жан-жақты түсінуіміз керек. Мысалы, Тәуке ханның кезінде «Жеті жарғы» деген қазақ халқына арналған заң шыққаны бәрімізге мәлім. Бұл заңның ең басты нысаны – ұрпаққа тәрбие беру мәселесі. Келешек ұрпаққа тәрбие беру арқылы өзінің тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сүюге үйрету.
Басқа халықтарда да бар шығар, бірақ қазақ халқында ерекше екі нәрсе бар. Оның бірі ырым, екіншісі тыйым. Қазақ кез-келген адамның аузынан шыққан сөзді де ырым көрген. Жас баланың жақсы қасиеттерін көрсе «үлкен азамат болып өседі» деп ырымдаған. Тыйым да қазақта өте үлкен рөл атқарған. «Біреудің ала жібін аттама», «қызға қырық үйден тыйым» деген сынды бірауыз сөзбен бүкіл ұлтты тәрбиелеген. Қазіргі таңда осындай қасиеттерді жастардың бойына сіңіру үлкен мәселе болып тұр» - деді Мереке Құлкенов.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Ұлттық құндылықтарымыз – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенім, ата-баба тәрбиесі, заң қағидасы, табиғатпен сырласу, дәстүрлі қолөнер, музыка, ойын-сауық, той-думан, ұлттық киімі мен қазақы дастарқан – жазушылардың, ақындардың, драматургтердің көркем туындыларында қандай көрініс тауып отыр? Бұл бағытта зиялы қауымның, әдебиет, мәдениет, өнер қайраткерлерінің атқарар миссиясы қандай?» деген сынды қоғамды толғандырған түйіткілді мәселелерді талқылады.

Ақын Қасымхан Бегманов «Дәстүр трансформациясы баспасөзде», жазушы-публицист Марат Тоқашбаев «Бүгінгі қазақ жазушыларының шығармаларындағы этнография тақырыбы», этнограф ғалымдар Бибизия Қалшабаева «Жоғары оқу орындарындағы ұлттық тәрбие», Досымбек Қатран «Қазақ фольклорында – дәстүрдің орны», Сәкен Алдашбаев «Ұлттық құндылықтардың шығу тарихы немесе ырым жасау дұрыс па?», Раушан Каршалова «Ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі аналардың рөлі», сыншы Светлана Ананьева «Актуальные проблемы преподавания казахской литературы в русских школах Казахстана», ақын Сәрсенбек Бекмұратұлы «Ұлттық дәстүрді жаңғырту» деген тақырыптарда баяндама жасады.

https://t.me/zhazushylar_odagy

3 months, 1 week ago
ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 6 months ago

Last updated 1 month, 1 week ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 1 month ago