Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
Раббысын сүйген жүрек - сол жолда шаршауды да сүйеді✨
Мәуләна Руми
Ең сорақы Ақыға кіру деген - иесіне көрсетпей жасырып бірдеңе жасау, білдірмей пайдаланып қалу, байқатпай бір 5-10 теңге істеп қалу…
Ия, неге ең сорақысы білесің ба?
Себебі, осы дүниеде оған білдірмей өзіңе қандай да бір өткінші, болмашы пайда көріп қалдың
Бірақ, сол білдірмеей ақыретің үшін өзіңе үлкен есеп-қисап дайындап қойдың
Яғни, ашық түрде ақысына кірсең (бұл да дұрыс емес әрине), бәлкім ол кісі өлер алдын бүкіл өзі хабардар, өзі білетін ақысына кіргендердікін адал етуі мүмкін, бұл ықтималдық тек…
Ал, жасырын түрде ақысына кірсең, ол кісі өзінің ақысына кімнің кіріп шығып жатқанынан мүлде бейхабар, сәйкесінше есеп ақыретке қалады, болды, басқа жолы жоқ!
Есеп ақыретке қалу деген, болды, дайындала бер ертең ақыретте осы өмірде жасаған жақсы істеріңнің бәрін ақысына кірген кісіге бересің, жетпей жатса, оның күнәсін өз мойныңа арқалайсың, егер ол адам келіссе… келіспесе басқаша түрлі есептесу, жазаны мен де, сен де елестете алмаспыз…
Жалпы ақыреттегі жазадан қорқып қана кісі ақысынан сақтану емес айтпағым! Түзу, адал өмір сүру. Ақыға кіретін кісіде қандай адамгершілік болсын? Сен біреудің ақысына рахааат кіріп жүргенде, сенің де ақыңа өзің секілділер кірмейді деп ойлайсың ба?
Жо-жооқ жарығым, қателеспе, Алланың әділдігі, таразысы бұған жол бермейді🙌
Дұрысы ықтималдықтарға үміт артпай, бүкіл көкірек пен ұятыңды жиыстыр да, барып мойындап, кішірейіп ақысына кіргендеріңнің ақыңды адал етуі үшін барыңды сал! Бұл дүниедегі кішірею немесе “позор болу” түк те емес…
Бұл кино 12-13 жыл бұрыңғы кино)
Яғни, смартфондардың (ақылды телефонның) енді сенсорлары шығып жатқан кез. Әлеуметтік желі де дамымаған кез.
Қазір қарап отырып мына жері әсер етті өзіме:
- Қазір бәрінің қолында бір бір ақылды телефон бар, өз ақылымызды қолдануды ұмыттырды бізге
- Ақылды телефон қолданбайық па сонда?
- Қолдан әрине, бірақ алдымен ақылыңды қолдан. Себебі, өте адам сенгісіз түрде ақпарат кірлілігі бар (яғни, жалған ақпарат, бомағыр видео т б кірленудеміз). Әр сәт, әр жерден шығатын осындай түрлі кірлі ақпарат жаңбырының астында тұрмыз. Ояу болу керекпіз, ойланбастан әрекет ету бұл елді жоқ етеді.
Осы қолымыздағы телефондардан өте ақылды болу керекпіз.
- Біздің ақылды болуымыз жеткілікті болады ма?
- Жетпейді, бірақ олардың ойынын бұзады
Өз сөзім: Кімнің ойыны десеңіз, қазір шайтанның адам әскерлері қоғамды дінсіздендіру, мәңгүрттендіру, құлдық санаға жегу үшін жасап жатқан шексіз әрі үздіксіз ойындары. Олардың басында да Дәжжалдың әскерлері бар. Ғаламтордың өзі бізді торға түсіріп алғаны өтірік емес. Сау ақылымыздан айыруға барын салуда, бізді, санамызды робот етіп бір бұйрықпен басқару үшін. Кино, мультик, музыка, т б көп индустрия жасалуда, тек бізді улау үшін ғана… өзің де өзіңнен еш байқамаған күйде жәй жәй торға түсіп кетесің…
Мұндай шырманған, қауіп өте жақыннан төніп тұрған заманда біздің жәдел жәрдемімізге жүгіретін тек Құран ғана. Құранға жабысып, тек Алланың әмірлерін орындасақ, басқа ешкімнің әміріне жығылмайтын боламыз, барлық жағынан ең мықтысы боламыз.
Сонау 50-ші жылдары неге біздің ең ақылды ағартушы азаматтарымызды жоқ етті? Ату жазасы деп өтірік мойындарына жаза іліп көзін құртты? Халыққа дағуат айтып көкірегін оятып, көзін ашады деп, ондай ақылды адамдардан қорыққаны үшін…
Намаздан кейін жасалатын тәсбихаттың маңызы!
Мехмет Фәйз ағаның мақтадан жасалған жайнамазы бар еді. Бір күні осы жайнамазының мақталары түсіп, қолдануға келмей ескіргесін анасы оны отқа тастай салады. Бірақ отта мүлде жанбағанын байқайды, анасы таң қалып ұлына барып айтады.
Сонда Фәйз ағамыз:
“Анашым, мен ол жайнамаздың үстінде “Аллаһуммә әжирнә минәннәр” (Аллаһым, мені жәһәннам отынан сақта” дұғасын көп оқыдым, сол себепті жанған жоқ” деген екен
Өлімді айтсаң қашатындар өте көп, бұл ақиқаттан қашу, өміріміздің ләззаты бұзылатындай қашамыз. Болмаса, өлімді еске алу - қорқыту, қорқынышты нәрсе емес қой. Қайта насихаттың ең ұлысы - ӨЛІМ❕
Сені түзету, иманыңды қуаттау, дұрыс өмір сүргізу үшін теңдессіз тәрбиеші құрал❕
Алғашқы әйел әулие, менің сүйікті кумирім, алғаш “Аллаға ғашықтық” ұғымын шығарған, Аллаға деген ғашықтық отында Өзі лаулап жанған Рабия Әдәуия һазреті үнемі өзімен бірге кебінін тастамай алып жүрген. Нығмет келсе де, сынақ келсе де кебініне қарап өлімді өте көп еске алған
Өлімді есіне жиі алып қандай дәрежеге жетті, ойлашы… соңында өлім де, жәннат та, жәһаннам да оны қызықтырмайтындай деңгейге жеткізді, тек Ғашығының Сұлу Жамалымен қауышуды ғана қалады…
Қаншама сұлтандар, ұлылар өлімді ұмытпау үшін жанында күнде өлім жайлы айтатын арнайы қызметкер тағайындаған…
Өлімді жадында ұстап оған дайындық еткендер үшін “Өлім- мәңгілік бақытқа шығаратын бір дәліз ғана, жәннатқа апаратын транспорт құралы ғана”
Ал, біз немізге сеніп қашамыз?
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.