أبو خديجة

Description
http://t.me/anonaskbot?start=5977623354
Advertising
We recommend to visit

Сотрудничество @HelenTop

Last updated 5 days, 6 hours ago

по рекламе/сотрудничеству: @pr_daria_khorseka
@venre_pr
ЛИБО [email protected]

4780046465

Last updated 4 days, 5 hours ago

Визажист Юля Исмаилова

Last updated 1 year, 2 months ago

1 year, 3 months ago

«وَإِذَا مَسَّ الْإِنسَانَ الضُّرُّ دَعَانَا لِجَنبِهِ أَوْ قَاعِدًا أَوْ قَائِمًا فَلَمَّا كَشَفْنَا عَنْهُ ضُرَّهُ مَرَّ كَأَن لَّمْ يَدْعُنَا إِلَىٰ ضُرٍّ مَّسَّهُ ۚ كَذَٰلِكَ زُيِّنَ لِلْمُسْرِفِينَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ»

«Адам баласы қиындыққа тап болса, жантайып жатып та, отырып та, тікесінен тұрып та Бізге үнемі дұға етіп, жалбарынады. Ал дұғасын қабыл етіп, қиындықтан құтқарғанымызда басына келген бәледен құтылу үшін Бізге еш дұға етпегендей баз-баяғы қалпына қайта түсіп, түк болмағандай жүре береді. Солайша шектен шығушыларға істеген істері көркем көрсетілді»
سورة يونس - 12

- Осы аяттан үлесі жоқ адам бар болса, “Аллаһтың” сақтауымен ол теқ қана () және өзге де Пайғамбарлар болса керек.
Оның тысында кім болса да, "бұл аяттан үлесім жоқ" деп айта алатын ешкім жоқ болар...

Қиын күнде ықыласпен жалбарына дұға етіп, қиындық кеткенде түк болмағандай бейқамдық ету бізге тән екені мәлім.

1 year, 3 months ago

- Убай ибн Каъбтің (р.а) пікірінше Құрайш сүресі Филь сүресінің жалғасы саналады. Өйткені оның мусхафында Филь сүресі мен Құрайш сүресінің арасында екі сүрені бөлетін басмала болмаған.

Тафсир аль-Бағауи
"
Маъалим ат-Танзиль"

1 year, 3 months ago

- Кітап баспаларына, дизайнына қатты мән беремін.

Ибн Исхақтың сирасына келсек, анау айтқандай таңдау жасайтын баспасы жоқ, мен көрген 1,2 ғана баспа болды. Мен алған (Даруль кутуб Ильмия) баспасы.

Ибн Һишамның сирасына келсек, (Даруль файха және Даруль манһаль) баспалары бірге. Жақсы баспа дер едім, алайда мен алғым келген баспа мүлде басқа, 4 том етіп басып шығарған (Даруль фаруқ) баспасы еді.

Ибн Хальдуннің сирасына келсек қадим баспалардан екені көрініп тұр, (Мактаба аль-Маъариф) баспасы.
Бұл баспадан алған алғашқы кітабым болды.

  1. Халид аль-Аънанидің Мухтасар сирасына келсек,
    Баспасы маған өте қатты ұнайтын баспалардан болған (Дар аль-Лю'люа) баспасы.
1 year, 3 months ago

- Имам Аш-Шафиъи рахматуЛлаһи алейһи айтады:

« كَلاَّ إِنَّهُمْ عَنْ رَبِّهِمْ يَوْمَئِذٍ لَّمَحْجُوبُونَ »

«Жоқ, олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарынан мақрұм қалады»

--- “Аллаһтың” осы сөздері,
Оған тақуалық еткендер Оны көретініне дәлел болады.

(Күнәһар болғандар Оның дидарынан мақрұм қалады,
Ал тақуалық еткендерге көру нәсіп болады)

Тафсир аль-Бағауи
"
Маъалим ат-Танзиль"

1 year, 3 months ago

- Ақиқатында му'миннің барлық ниеті, барлық мақсаты, түбінде Раббысына жету ғана, Оның жамалын назар ету ғана.

Осыған байланысты Хасан аль-Басри былай дейді:

"Егер де Заһидтар (дүние ләззатын тәрк еткендер) мен Аъбидтар (құлшылыққа толықтай берілгендер) келесі өмірде “Аллаһты” көре алмаймыз деп ойлағанда,
бұл дүниеде құлшылық ету оларды жалықтырып жіберер еді"

- Инсан Раббысының жамалына асыққандықтан, Оны сағынғандықтан, Оған қауышатындықтан құлшылық оған жеңіл болады, әрі ләззатты болады.
Ал егер де құлшылық “Аллаһтың” ұлы жамалын назар ету үшін емес, тек Тозақтан құтылу үшін ғана болса, құлшылықта тұрақты болу үшін көбісінің табандылығы жетпес еді (дүниеге беріліп қояр еді) деп ойлаймын.

1 year, 3 months ago

- Ибн Умардан (р.а) жеткен хадисте () былай дейді:

Кім Қиямет күнін көруді [өз көзімен көргендей болуды] ұнататын болса, «إِذَا الشَّمْسُ كُوِّرَتْ» сүресін оқысын.

Тафсир аль-Бағауи
"
Маъалим ат-Танзиль"

1 year, 3 months ago

- Тафсир оқудың баракатының бірі, құлыптанған есіктерге кілт табасың.

1 year, 3 months ago

- Тілмен сүрені оқып өту оңай,
ал оны амалға асыру қиын.

Хасан аль-Басри

Тафсир аль-Бағауи
"
Маъалим ат-Танзиль"

1 year, 3 months ago

«فاصبر صبرا جميلا»
«Прояви же красивое терпение»

1 year, 3 months ago

- Айта кетерлігі бұл кісі тот самый "Лә Тахзан" (Не грусти/Мұңайма) кітабының авторы Аид аль-Қарни.

We recommend to visit

Сотрудничество @HelenTop

Last updated 5 days, 6 hours ago

по рекламе/сотрудничеству: @pr_daria_khorseka
@venre_pr
ЛИБО [email protected]

4780046465

Last updated 4 days, 5 hours ago

Визажист Юля Исмаилова

Last updated 1 year, 2 months ago