📚 Әбу Хәнифә мектебі

Description
We recommend to visit

Найбільший канал з вивчення української мови. Покращуй знання мови разом з нами!

💡 Джерела, якими ми користуємося: t.me/c/1382891436/10


⚡️ Наші канали: @uamedia365
💭 Зв'язок: @admqs (власник, редактор)

Last updated 4 weeks, 1 day ago

🎓Наталя Сорокіна, магістр філології
👌9 років досвіду ▶️ 6000+ учнів ▶️ ~1639 склали іспит на 190+
💌Мій інстаграм▶️ https://www.instagram.com/znonatali/

Last updated 2 weeks, 5 days ago

4 weeks, 1 day ago

🕌 Сұрақ: Таң намазын қай уақытта оқыған абзал?

Жауап: Ер адамдар негізінде намазды мешіттерде оқиды, жергілікті жердің белгіленген уақытына сәйкес. Сүннет бойынша, таң бозарып, айнала анық жарық бола бастаған уақытта оқыған абзал, ол — шамамен 40-60 аят оқылатын уақытты қамтиды, және намазда тұрған адамның дәреті бұзылып, ол адам дәретін қайта жаңалап, намазда қайта 40-60 аят оқитындай уақыт қалу керек. Уақытпен өлшесек, бұл — күн шығуына 40-50 минут қалғандағы уақыт (таң намазының уақыты аяқталар кезде).

Мұның дәлелі ретінде Пайғамбарымыздың
(صلى الله عليه و سلم)
мына бір хадисі бар: «Таң намазын жарықта оқыңдар. Өйткені, мұның сауабы өте үлкен» (хадисті имам ат-Тирмизи риуаят еткен).

أسفروا بالفجر فإنه أعظم للأجر

Әйелдерге таң намазын уақыты кіре салысымен оқулары — мұстахаб. Егер үйде жамағатпен оқығысы келсе, онда күйеуінің, әкесінің немесе ағасының уақытына бейімделеді.

Хашия ибн Абидин, 2 том, 510-бет.

للرجل الابتداء في الفجر بإسفار و الختم به

#намаз

1 month ago

🍜🍲 "Тамақтану кезінде “Уф” деген сияқты дыбыс шығарып, ыдысқа үрлеу - мәкрүһ (дыбыссыз үрлеп ішкен жағдайда, мәкрүһ болмайды)".

(Хашия Ибн Абидин)

لا يُكْرَهُ النَّفْخُ فِي الطَّعَامِ إلَّا بِمَا لَهُ صَوْتٌ نَحْوَ أُفٍّ وَهُوَ مَحْمَلُ النَّهْيِ

#тағам

1 month ago

🍔 “Тамақ жеу барысында үндемеу, тым-тырыс отыру – мәкруһ, себебі, бұл – маджусилерге (отқа табынушыларға) ұқсау. (Бұл уақытта) жақсы әңгімелер айтып отыру – мұстахаб”.

“Хашия ибн Абидин”.

وَيُكْرَهُ السُّكُوتُ حَالَةَ الْأَكْلِ لِأَنَّهُ تَشَبُّهٌ بِالْمَجُوسِ وَيَتَكَلَّمُ بِالْمَعْرُوفِ

1 month ago

Өз елін немесе тек өз ұлтын ғана ойлайтын мұсылмандардан (معاذ الله) емес, ислам үмметі үшін қам жейтін мұсылмандар көбейсін! 🤲

1 month ago

*📙 Жақсы шәкірт — Алланың берген ерекше сыйы. Оны бағалап, ол үшін Аллаға шүкіршілік білдіру керек. Себебі ондай шәкірт болмаса, көптеген ілімнің пайдасы болмас еді.*📱 Школа Абу Ханифы

6 months ago

Аллаһым Олжас Ханафин бауырымызды рахымына алсын. Аллаһым оның барлық күнәларын кешіріп, Өзінің фирдаус жәннатін нәсіп етсін.

Алладан келдік, Аллаға қайтамыз.

6 months ago

Ибн Омардан жеткен пайғамбарымыз ﷺ айтады:
"Мұсылман мұсылманның бауыры. Оған ешбір зұлымдық жасамайды. Оны сатып кетпейді (оны масқара қылып, зиян беріп қалдырып кетпейді). Кімде кім бауырының қажетінде болса, Алла оның қажетінде болады. Кім қандай да бір мұсылманның қайғысын жеңілдетсе, Алла Тағала оның қияметте қайғысын жеңілдетеді. Кім мұсылман бауырының айыбын жасырса, Алла Тағала қияметте оның айыбын жасырады".

?Әбу Дәуіт, Тирмизи хадис жинақтары

6 months ago

Олжас Ханафин ұстазға әр намазыңызда шипа сұрап дұға қылуды ұмытпаңызшы??

6 months, 3 weeks ago

Шамдық ұстазым - шейх Холид Харса (حفظه الله), күндердің-күні бір тойға барған екен. Алайда ол тойда ішімдік бар, түрлі әншілер жүрген көрінеді.

Шейх өзінің әдемі сүннет киімін киіп, әтірленіп, тап-таза боп барады.

Тойға бара салып ортаға шығып, әншіден микрофонды сұраған. Айналадағылар күледі дейді, микрофонды қайтесіз деп…

2-3 минут қана бере тұрсаң, айтар тілегім бар дейді. Содан микрофонды қолына алады да, былай деп айтады:

— Ассаляму’алейкум уа рахматуллаһ! Мен сіздерді Алла разылығы үшін жақсы көремін және Қиямет күнгі азабынан қорқамын. Ұлық Алладан менің және сіздердің хәлдеріңізді туралыққа салсын деп өтінемін, менің және сіздердің күнәларыңызды кешірсін деп тілеймін. Ей, Алланың пенделері, шынында Алла, сендерді Өзіне шақыруда. Ей, Алланың пенделері, тәубе етіңдер. Ей, Алланың пенделері, шынында мешіт сендерді күтуде. Ассаляму’алейкум уа рахматуллаһ!

Сөйтеді де шейх шығып кетеді. Артынан 4-5 адамның бірге шыққанын да аңғарады. Тап сол адамдар артынан еріп мешітке келген және сол адамдар мешіттің тұрақты жамағатына айналған екен.

#ғалымдар_өсиеті

We recommend to visit

Найбільший канал з вивчення української мови. Покращуй знання мови разом з нами!

💡 Джерела, якими ми користуємося: t.me/c/1382891436/10


⚡️ Наші канали: @uamedia365
💭 Зв'язок: @admqs (власник, редактор)

Last updated 4 weeks, 1 day ago

🎓Наталя Сорокіна, магістр філології
👌9 років досвіду ▶️ 6000+ учнів ▶️ ~1639 склали іспит на 190+
💌Мій інстаграм▶️ https://www.instagram.com/znonatali/

Last updated 2 weeks, 5 days ago