qarańgy

Description
✍︎︎ - жазу жанға ем десті, демек жазам
Advertising
We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated 4 days, 5 hours ago

ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :

ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025

БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025

ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025


Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

Last updated 1 month, 2 weeks ago

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym

Last updated 3 days, 19 hours ago

1 month ago

Жасөспірім бала әкесімен бірге жұмыс істеп жүріп, шегелер салынған қорапты абайсызда аударып алады. Шегелер еденге шашылып кетеді. Жасөспірім бала, сол сәтте дереу әкесіне кінәлі кейіппен қарап:
– Міне, мен қандай салақпын! – деді.
– Шегелер шашылғанда біз олай айтпаймыз, – деп жауап берді әкесі.
– Онда не айту керек?
– «Шегелер шашылып қалды – мен оларды жинап аламын!» деу керек.
– Тек осы ма?
– Иә, тек осы.

1 month, 1 week ago

Анам бір кездері немере апам тұрмысқа шығып жатқанда оған есімде қалған бір сөзді айтты: «Ешқашан күйеуіңе өзгелердің бірдеңе деуіне жол берме. Әрқашан оның жағында бол, тіпті отбасыңа келгенде, тіпті ол қателессе де. Алланың өзі саған оны, сені оған өмір бойына сыйлады, сыйға әрқашан мейлінше, ұқыпты болған абзалырақ болады. Оған жақын бол, әрқашан оның жанында бол» - деді.

Енді жылдар өте, бұл сөздің маған әсері өтіп жатыр. Әсересе, соңғы сөзі.

1 month, 1 week ago

Мен кейбір адамдардың табиғат қасында, электр қуатынан, көліктердің дыбыстарынан және сыртқы әлеммен үнемі байланыссыз өмір сүргенін, сүріп жатқандарын естідім, көрдім. Бір қызығы көбі оларды кедей өмір сүреді деп сырттай үкім шығаруға бейім. Бірақ бұл шынымен де солай ма? Кедейлік салыстырмалы түрде шын мәнін де немен, неге байланысты?

Олардың саналарында тыныштық, жүректерінде мейірім, тауларында, теңіздерінде таза ауа, бұлақ суы, өздері өсірген азық-түліктері жеміс-жидектері бар. Ең бастысы, Аллаға деген тәуекелділігі мен сенімі бар. Ал мына жақта біз күн сайын оянған сайын әлеуметтік желіге кіріп, зорлық-зомбылықты, қан мен өлтірулерді көреміз. Негативтің дозасы, наркоманның есірткісіне қатты ұқсас. Содан соң сұрғылт жарнама мен адамдар арасындағы ұрыс-керістерден тұратын шуылға тап боламыз.

Біз тәуелдіміз. Адамдарға, тағам бағаларына, саяси жағдайға, жалақыға, банкке тәуелдіміз. Бәрімізді әлдеқандай бір жұмыс күтіп тұрады. Ал ол жұмыс пен бірге тозған жүйке, қатігез бастықтар, көңіл-күйдің бұзылуы келеді.

Мүмкін, бұл олар кедей емес,
мына біз кедейміз бе?

4 months ago

Өзіме қатты ой салған және әсер бергені болды. Оның бірі осы Янн Артюс-Бертранның 2015 жылы жарық көрген «Человек» (Адам) деректі фильмі болды. Менің түсінгенімше, деректі фильмнің мақсаты - адамзаттың әртүрлілігін, ортақтығын, қуанышы мен қайғысын, тәжірибесін, қорқыныштары мен үміттерін көрсету арқылы адамның табиғатын терең түсінуге шақыру, көрермендерді адамның ішкі дүниесіне, оның жан дүниесіндегі нәзік әрі күрделі сезімдерге үңілуге итермелеу болғандай.

Фильмде әлемнің түкпір-түкпірінен алынған 2,000-нан астам адаммен жүргізілген сұхбаттар бар, олар өздерінің өмірі, махаббат, соғыс, кедейлік, жәбірлену, дискриминация, бақыт және адамгершілік туралы ойларын бөліседі. Жалпы қорытындылай айтқанда, адамзаттың бірлігін, ортақ мәселелерін және жалпы адамзаттық құндылықтарды көрсету арқылы адамдарды бір-біріне жақындату болған көрінеді.

4 months ago

Мен таңғажайып режиссер Янн Артюс-Бертранның («Человек» 2015, «Планета-океан» 2012, «Дом. История путешествия» 2012, «Земля», 2015) арнайы түсірілген деректі фильмдерін көруге кеңес беремін.

Фильмдер біздің планетамыздағы өмірдің керемет панорамасын ашады: қарабайыр қыналардан алып ормандарға дейін,
джунгли маймылдарынан жұмбақ саванна жануарларына дейін, қарапайым тіршілік түрлерінен қазіргі адамдарға дейін.
Фильмдер адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасындағы проблемалық мәселелерді қозғап, жабайы табиғатқа лайықты құрметпен қарауға шақырады.

4 months, 1 week ago

Сені ешқашан қолдамайтын адамдар бар, өйткені ол сенсің.

Және сені әрқашан қолдайтын адамдар бар, өйткені ол сенсің.

Өз адамдарыңды табу керек.

4 months, 1 week ago

Бір кездері ұзақ уақыт бойы азапты бастан кешірген бір досым ол өз жүрегінде сол адамның орныққан өз бөлмесі бар сияқты сезінгенін айтты. Қандай жағдай болмасын, оның әрқашан өз орны бар және ол ешқайда жоғалмайды, кетпейді. Сонымен қатар, онымен байланысты барлық нәрсе оның ішінде күн сайын өмір сүреді. Өткенде мен кездейсоқ бір адамды кездестірдім. Мен оны 5 секунд көргенім үшін әмбебап қайғыға батып кеткендей болдым. Ал мен неге екенін түсіне алмадым? Ал бүгін сол досымның мысалын есіме түсіріп, түсіндім. Бұл адамды көріп, мен оған және онымен байланысты барлық нәрсеге тиесілі бөлмеге қайта оралдым. Бірақ қайғы басқа нәрседен келді. Мен енді бұл бөлмеге кірудің қажеті жоқ екенін түсіндім. Ол бар, бірақ мен қазір оның ішінде емеспін. Оның ішінде бар нәрселер менің қазіргі шынайы өмірімде өзіндік құны қалмағаны мені қынжылтты. Енді бұл мен үшін өткен кезең.

4 months, 2 weeks ago

Біз өміріміздің қай минуты соңғы болатынын ешқашан білмейміз.
Сәттерді бағалаңыз. Кішкентай нәрселерден ләззат алып үйреніңіз. Жақындарыңызбен өткізген әрбір сәтке риза болыңыз.

4 months, 2 weeks ago

Суреттерде бөлісіп тұрғым келеді.

We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated 4 days, 5 hours ago

ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :

ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025

БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025

ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025


Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

Last updated 1 month, 2 weeks ago

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym

Last updated 3 days, 19 hours ago