Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
Алматы облысы, Ұйғыр ауданынан кісілер бар ма? Сұрағым бар еді.
Үйленейік деп айту жұрттың көзінше салют атып гүл сыйлап не Көктөбеге барып от жағып тізерлеп сақина салу емес, паркте оңаша айтатын нәрсе ғо иә негізі?
Үйленейік деп айту жұрттың көзінше салют атып гүл сыйлап не Көктөбеге барып от жағып тізерлеп сақина салу емес, паркте оңаша айтатын нәрсе ғо иә негізі?
Ауылды анша сағынбайтын боп барам жылдан жылға. Көбі жетістіктеріңе "мысқылмен" қарайтындай және өз-өзіңді амалсыз ақтауға мәжбүр боласың онда.
23 жылды Бурабайда қарсы алып естен кетпестей сапар боп еді. Сондай бір табиғаты ерекше жерлерде тойлап демалсаң күшті негізі. Наурыздың вайбы енді ол оңтүстікте. Ағаштар бүршік атып, киіз үй, наурыз көже дегендей.
5 жыл қатарынан Түркістанда қарсы алып дәстүр қылып ем.
Ендігі жаңа жылға қайда ляғып кетсем деп атам. Уже вариант та бар. Жолдың ыңғайы келсе. Есеп-қисап бітіп, корпоративтен кейінгі бас аурумен тартып өту керек сықылды.
Аустралияда тусаң "Аустралия тарихы" деген пәнді жылдам өтіп шығатын шығар иә. Тас дәуірінен кейін бірден ағылшындардың келуі. Қызық боп кетті шынымен.
Бұрын бұл күні ұлттық арнадан "Балалық шағымның аспаны" және деректі фильмдер көруші ек.
Мойынқұмда тамақтанатын жер іздеп жүргенбіз. Кафенің көп болмайтындығы түсінікті ғой. Бір кафенің сыртында полицейдің мәшіні тұр екен. Осылар біледі ғо жақсы жерді дедік те, сонда тоқтадық. Тамақ ішіп болдық, артынан тошкентский шәй келді. Әңгіме де басталды.
– Қаладағы жақсы жағдайдан кейін ауылда өмір сүре аласың ба? - деп сұрады ұстазым.
– Иә, бірақ тым ұзаққа емес шығар.
– Осы ауылда қалсаң қандай тіршілік қылар едің? - деді.
- Алдымен бос үй тауып тазалап, жөндеп кіріп алу керек. Ауылдық жерде бос қалған үйге ақша сұрамайт, қайта адам тұрып қарағаны иесіне жақсы. Ақша сұраса да қымбат болмайды ғой. Мектепке кіріп алам. 300-400 мың арасында төлейтін шығар кемі. Ең маңыздысы осы жақтан жалайырдың біз қызымен шаңырақ көтеру керек. Археологиядан ғылыми жұмысқа тақырып алып, оқушы дайындайм. Республикалыққа алып барам. Олимпиада бар еще. Сосын, аудан орталығы ғой, ауылдар да жақын, пән мұғалімдерін біріктіріп курс ашам. Кемі 50 оқушы жиналса, айына примерно 25 мыңнан төлесе әр қайсысы, тіршілік қылуға болады ғой деп қоям. Айлықтан ақша қалдырып, мал жинайм үйге. Жазда егін салатын жер болса оны да көруге болады. Шудың бойы толған егістік қой. Бәлкім жүгері егермін. Бала кезде қалған азын-аулақ практика да бар. Ауылдың негізгі күн көрісі осы ғой. Алматығадағы конференцияларға теориялық тақырыпта мақала жіберіп отырам. Ақысына ғылыми жұмыстар жазуға да болады.
– Планың жаман емес қой. Онда қалдырып кетейін сені.
– Океейй.
Айтқан соң өзім ойланып қалдым;
Деградацияның пайда болуы және одан шығу туралы жиі ойлап жүрмін. Тоқырау – белгілі-бір жетістікке жеткенде пайда болады. Мысалы, доктор болуды қалап оған жеткенде немесе квартирадан көшіп-қонып жүріп жер үй салғанда деген сияқты.
Жетістікке жеткеннен кейін осы нәрсе пайда болады. Бұған дейінгі әрекеттерің үшін адамдардың сені құрметтеп мақтағанын қалайсың. Еңбегім бар ғой дейсің, 10 жыл қызмет еттім, маған осындай ақша төлеу керек дейсің. Шын мәнінде сенде ешқандай даму жоқ, жұмыста істеп жүрген жоқсың. Бұрын берген жаңашылдығың, энергияң адамдардың естерінде. Ол үшін жалақыңды да алғансың. Бірақ, сен қазірде сол нәрсені беруің керек. Тіпті оданда көп есе. Адамдар сенен соны талап етет. Ал, сен мойындамайсың. Тіпті, басқа жұмыс іздей бастауың мүмкін. Мінез-құлқың өзгеріп, айналаңдағыларды өзіңмен салыстырасың. Адамдармен қарым-қатынасың бұзылады. Мұндайда тәжірибелі адамдармен ақылдасу керек. Егер, оның ары қарай шамасы жетпесе, көңіліне қарамай ашық айтқан жөн. Өзіне лайық әрекетті жасағаны жақсы. Ал, әлі де идеясы бай болса, оны қолдап, уақытша тоқыраудан өтуге көмектесу қажет.
Бастапқыда сен пайдалы боласың. Және орта сені қолданат. Сосын, сенде өз қалағаныңа жетесің. Жеткен кезде тоқтайсың. Тоқырайсың. Себебі, сен көп нәрселерді ескермеген боп шығасың. Тіпті сен өз шамаңа қарап бұдан артық жетістікті аңсап та көрмегенсің. Орта сені және сен оларды пайдаландың. Екі тараптанда жоспар орындалды.
Шын мәнінде сенің мына жұмысты істеуге шамаң жетпейтінін түсінесің. Сенімсіздік ұялайт. Орта да сенің потенциалыңның бұдан артық бере алмайтынын ұғынат.
Өзіне сенімсіздер кетсін, сенімділер қалсын.
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.