Аристократтың күнделігі)

Description
Ешқандай ұлы жаңалық жоқ бұл маңда.
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

3 days ago

Экспедиция жалғасуда. Күндіз далада, түнде Таразда, қонақ үйде. Қалада жатып даланы зерттеген рахат екен ғой.

6 days, 22 hours ago

Күн әлдеқашан батқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бір көлік құмдағы барқандар арасындағы жолмен келе жатыр. Артымыздан не алдымыздан ешқандай көлік өтіп жатқан жоқ. Барқан ішіндегі сайларға бір түсіп көтеріліп келеміз. Сол жақта тұман үстінен ай жарқырайды.…

6 days, 23 hours ago

Күн әлдеқашан батқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бір көлік құмдағы барқандар арасындағы жолмен келе жатыр. Артымыздан не алдымыздан ешқандай көлік өтіп жатқан жоқ. Барқан ішіндегі сайларға бір түсіп көтеріліп келеміз. Сол жақта тұман үстінен ай жарқырайды. Мұндай тұман көрмеппін. Тым қалың. Көлік жарығы тек бірнеше метрді бұлыңғыр ғана алады. Ең жақын ауылға әлі 200 дей шақырым бар. Жолдан өз тірліктерімен кетіп баратқан екі қоян, түлкі және тышқан асығыс өтті. Тышқан сүйкімдірек, сүйіктісімен кездесуге кетіп баратқан жоқ па екен.

Неше түрлі ойлар келет. Трассаның ортасында қара киімді біреу орақ ұстап күтіп тұратындай елестейт. Бірақ, ол қорқынышты емес. Себебі, сенбейсің. Ал болу ықтималдығы жоғары нәрселер бар.

Кенет көлік бұзыла қалса есіктерді құлыптап қана бүрісіп отыруға тура келеді. Себебі, мұнда сеть жоқ. Ал көліктердің жақын арада өтетіні еш сенімсіз. Күндізге дейін келмеуі мүмкін. Дәл осында мен жалғыз қалып кетсем қалай тіршілік қылар едім, ауылға қалай жетер едім деп ойладым. Тәәк, дәл қазір телефонда 19%. Қалтамда екі штук темекі һәм жандыргалка бар. Бірінші кезекте қорғану үшін қалың сексеуіл бұтасын қару еткен жөн. Екі таңдау бар: ауылға қарай тоқтамай жүру н/е сексеуіл бұталарын өріп кішкене баспана жасап, ішіне кіріп құрсақтағы нәрестедей бүктеліп жату. Жандргалкамен от жағып көруге болады. Ең қорқыныштысы қасқырлар. Негізі бірінші таңдау дұрыс секілді. Күндізді күтіп тығылып жатқаннан да тірі қалатыныма сенім жоқ. Одан да оңтүстікке қарай жүру. Көлік келіп қалуы да мүмкін дегендей. Бірақ тоқтаған бейтаныс адамдарға неғылған қаңғыған біреу екенімді түсіндіру керек болады ессе.

Облыстың солтүстігін айналып, Таразға 30 км жетпей тоқтадық бүгін. Қызық боватыр жалпы.

3 months ago

Ура! Мұрат Әбділданы досрочно босатайын деп жатыр екен

Оның қамалуы - сюр

  1. Жай ғана прямой эфирдегі боқтық сөз үшін қамалды. Тіпті межнациональная рознь болса да, ол ешкімді ешқандай әрекетке шақырмады

Жалпы сөз үшін қамау - сөз бостандығы жоқтығының белгісі

  1. Алдында да жазғанмын. Мұрат Әбділдаға берілген срок Бишимбаевтың інісі Байжановқа (естеріңе сала кетейін, қылмыстың артын жабуға тырысқан адам) берілген срокпен бірдей

Тупизм

Бір жаманы, Мұрат Әбділда шыққанмен уже бұрынғыдай қуғынбай Мұрат болмайды. Бірақ бастысы еркіндікке оралсын

3 months ago

DOSEKESH — Keudeshe (lyric video)

3 months ago

DOSEKESH — Keudeshe (lyric video)

3 months, 1 week ago

Масанов айтқандай қазақтардың рушылдығы "руға деген адалдық ретінде қалған". У ішсең де руыңмен іш. Бұл ақтау және даттау туралы емес. Ауылдық жерлерде бір ру ғана жерленетін қабірстанға өзге руды жерлемейтіні сияқты, бұ жоғарғы орта да байқалатын жәйт. Ұлттық деңгейге жетпеген көптеген халықтар бар ғо жер бетінде. Сол үшін де, әзірге өзімізді жұбата тұруға болар.

3 months, 1 week ago

Бүгін менің мерекем және бұ канал да менікі емес бүгін ше

3 months, 1 week ago

Біз жәй ғана адамдар бірін-бірі түсінісе алатын қоғамды қалаймыз. Тіпті боқтаса да, бұл керім?.

3 months, 2 weeks ago

Қаланың әлеуеті жақсы. Соңғы рет күзде болыппын. Құрылыс жақсы жүріп жатыр. Бірақ, үшінші қала десек те, басқа провинциялардың ірі қалалары секілді "біртүсті мәдениет". Бұл, Алматы мен Астанадағыдай 20 облыстың адамдары жиналмағандықтан шығар. Демек, әлі де ондай атмосфера бере алатын қала емес боп тұр ғо. Мүмкін, СДУ, НУ секілді университеттер керек пе, білмедім.

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.