Hadis medresesi

Description
إنما نحدّث بما سمعنا..
Біз тек Пайғамбарымызданﷺ естігенімізді ғана айтамыз..
(Сахабалар)

❗Жазбаларды көшіру үшін каналдың сілтемесін көрсетіңіз.
Advertising
We recommend to visit

ФИНАЛ / 3-желтоқсан / Астана қаласында

Last updated 1 год, 1 месяц назад

Что вершит судьбу человечества в этом мире?

По рекламе - @sh1nsyy

Last updated 6 дней, 23 часа назад

По вопросам рекламы писать @maarikmarakesh

Last updated 6 месяцев, 2 недели назад

1 месяц, 1 неделя назад
وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ - رَضِيَ اللَّهُ …

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ - رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ - قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ - صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ -:" «إِذَا كَانَ أُمَرَاؤُكُمْ خِيَارَكُمْ، وَأَغْنِيَاؤُكُمْ سُمَحَاءَكُمْ، وَأُمُورُكُمْ شُورَى بَيْنِكُمْ، فَظَهْرُ الْأَرْضِ خَيْرٌ لَكُمْ مِنْ بَطْنِهَا، وَإِذَا كَانَ أُمَرَاؤُكُمْ شِرَارَكُمْ، وَأَغْنِيَاؤُكُمْ بُخَلَاءَكُمْ، وَأُمُورُكُمْ إِلَى نِسَائِكُمْ، فَبَطْنُ الْأَرْضِ خَيْرٌ لَكُمْ مِنْ ظَهْرِهَا» ".

📚 رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ، وَقَالَ: حَدِيثٌ غَرِيبٌ.

Абу Һураирадан (Алла одан разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: "егер басшыларың жақсы болса, байларың жомарт болса, шаруаларыңды өзара кеңесіп шешсеңдер, онда жердің үсті сендерге жердің астынан жақсырақ. Ал егер басшыларың жаман болса, байларың сараң болса, шаруаларың әйелдеріңе тапсырылса, онда жердің асты сендерге жердің үстінен жақсырақ".
📚Тирмизи

#хадис

1 месяц, 1 неделя назад
**Сенің ең жақсы уақытың...**

Сенің ең жақсы уақытың...

خير أوقاتك وقت تشهد فيه وجود فاقتك، وتردّ فيه إلى وجود ذلتك.

📚الحكم العطائية

Сенің ең жақсы уақытың - Аллаға мұқтаж екеніңді біліп, оған бағынышты болған уақытың.
📚Әл-хикам әл-атоия

#ғалымдар

1 месяц, 1 неделя назад

**Дұғаның оқылуы:

أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ الَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيَّ الْقَيُّومَ وَأَتُوبُ إِلَيْهِ

Әстағфируллаһәлләзи ләә иләәһә иллә һуәл хәийәл қаиюм уә әтубу иләиһи**

1 месяц, 2 недели назад

( «وَكَانَ أَبَرَّ النَّاسِ بِأُمِّهِ» ) هَذَا مِنْ كَلَامِ الرَّاوِي، وَيُحْتَمَلُ أَنْ يَكُونَ مِنْ كَلَامِهِ -صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ-.

📚مرقاة المفاتيح

Хадистің соңында келген "ол анасына өте мейірбан адам еді" сөзі хадис жеткізушінің сөзі болуы немесе Пайғамбарымыздыңﷺ өз сөзі болуы да мүмкін.

📚Мирқат әл-мафатих

#хадискеТүсіндірме

1 месяц, 2 недели назад

هَذَا مِنْ أَعْلَام نُبُوَّته صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي إِجَابَة دُعَائِهِ , وَفِيهِ فَضَائِل لِأَنَسٍ , وَفِيهِ دَلِيلٌ لِمَنْ يُفَضِّلُ الْغَنِيَّ عَلَى الْفَقِيرِ , وَمَنْ قَالَ بِتَفْضِيلِ الْفَقِير أَجَابَ عَنْ هَذَا بِأَنَّ هَذَا قَدْ دَعَا لَهُ النَّبِيّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِأَنْ يُبَارَكَ لَهُ فِيهِ , وَمَتَى بُورِكَ فِيهِ لَمْ يَكُنْ فِيهِ فِتْنَةٌ , وَلَمْ يَحْصُلْ بِسَبَبِهِ ضَرَرٌ وَلَا تَقْصِيرٌ فِي حَقٍّ وَلَا غَيْر ذَلِكَ مِنْ الْآفَات الَّتِي تَتَطَرَّقُ إِلَى سَائِر الْأَغْنِيَاء , بِخِلَافِ غَيْره.
وَفِيهِ هَذَا الْأَدَب الْبَدِيع , وَهُوَ أَنَّهُ إِذَا دَعَا بِشَيْءٍ لَهُ تَعَلُّق بِالدُّنْيَا يَنْبَغِي أَنْ يَضُمَّ إِلَى دُعَائِهِ طَلَبَ الْبَرَكَة فِيهِ وَالصِّيَانَة وَنَحْوهمَا.

📚شرح النووي

Жоғарыдағы хадистен төмендегідей пайдалар алынады:

Бірінші: хадисте келген Пайғамбарымыздыңﷺ дұғасының қабыл болуы оның пайғамбарлығының белгілерінен болып саналады.

Екінші: хадисте Әнәс ибн Мәликтің абзалдылығы баяндалуда.

Үшінші: бұл хадис кедейліктен байлық абзал деген көзқарасты ұстанушыларға дәлел бола алады. Алайда байлықтан кедейлік абзал деген көзқарасты ұстанушылар бұл хадиске былай жауап береді: Әнәсқа берілген мал-дүние оған еш зиянын тигізбейді, ода ешқандай фитна жоқ, себебі, ол Пайғамбарымыздыңﷺ тікелей дұғасы арқылы, оған береке тілеуі арқылы болып отыр. Қашан Пайғамбарымызﷺ бір нәрсеге береке тілесе ода еш жамандық болмасы анық.

Төртінші: бұл хадистен мынадай бір тамаша әдепті үйренуге болады, ол: қашан адам өзгеге мал-дүние, бала-шаға сынды дүнеге қатысты нәрсе сұрап дұға жасаса оған береке берілуін, жамандықтан аман болуында қоса сұрауы.

📚Шарх ән-Науауи

#хадискеТүсіндірме

1 месяц, 2 недели назад

Жоғарыдағы хадис "Мусәлсәл бил әууәлия хадисі" деген атпен белгілі болған

Түсінікті болу үшін алдымен "Мусәлсәл хадис" дегеніміз не екендігіне тоқталсақ:

"Мусәлсәл хадис" дегеніміз - хадистің бір адамнан келесі бір адамға жекізілуі барысында бір сөздің немесе істің қайталануы арқылы тізбектің жалғасуы. Мысалы:
Ұстаз шәкірттеріне бір хадисті айтар алдында: "ұстазымыз бұл хадисті айтар алдында бізге құрма және су ұсынды"-деп айтады да, шәкіріттеріне құрма және су ұсынады, осылайша бұл үрдіс ары қарай жалғасып, сол хадисті жеткізген әрбір адам осы істі қайталайды.

Жоғарыдағы хадиске оралсақ, бұл хадис ұстаздың шәкірттеріне беретін ең бірінші хадисі ретінде қалыптасқан, нақтырақ айтар болсақ ұстаз ең алғашқы хадис мәжілісін осы хадисті берумен бастайтын болған сондықтан бұл хадис "мусәлсәл бил әууәлия" яғни: алғашқы болып берілу сипатымен тізбегі жалғасқан хадис деп аталған.

Имам Ибн Хажар (Алла оны рақымына бөлесін) бұл хадистің мусәлсәл болуы яғни осы аталмыш көрністе жеткізілуі Пайғамбарымызданﷺ бері қарай емес, керсінше Суфиян ибн 'Уяйнәдан бері қарай екендігін айтады.

📚Нұзһату ән-назар
(Өзгерістермен)

#хадискеТүсіндірме

1 месяц, 2 недели назад

Имам Мулла 'Али әл-Қари (Алла оны рақымына бөлесін) жоғарыдағы хадиске берген түсіндірмесінде хадисте келген "көктегілер" сөзімен кім меңзеліп тұрғандығына қатысты мынадай екі көзқарастың барын баяндайды:

Біріншісі: бұл сөзбен Алла тағала меңзеліп тұр, яғни хадистің мағынасы: "билігі мен құдіреті көкте болған Алла тағала сендерді мейріміне бөлейді".
Ал Алланың билігі мен құдіретін аспанға байланыстырып, аспанды ерекшелеп айтуының себебі: аспан періштелердің мекені, дұғаның қыбласы және жерге қарағанда үлкен әрі жоғары болғандығында.

Екіншісі: бұл сөзбен періштелер меңзеліп тұр, яғни хадистің мағынасы: аспандағы періштелер сендерге Алланың мейрімін тілеп дұға жасайды, Алланың әмірімен сендерді жамандықтан қорғайды.

Сөз соңында имам Мулла 'Али әл-Қари: бірінші көзқарастың хадистің мағынасына көбірек сәйкес келетіндігін айтады.

📚Мирқат әл-мафатих
(Өзгерістермен)

#хадискеТүсіндірме

1 месяц, 3 недели назад

قَالَ الطِّيبِيُّ: أَتَى بِصِيغَةِ الْعُمُومِ ; لِيَشْمَلَ جَمِيعَ أَصْنَافِ الْخَلْقِ فَيَرْحَمَ الْبَرَّ وَالْفَاجِرَ وَالنَّاطِقَ وَالْبُهْمَ وَالْوُحُوشَ وَالطَّيْرَ اهـ.

📚مرقاة المفاتيح

Жоғарыдағы хадиске байланысы имам әт-Тыиби (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді: хадис "жер бетіндегілерге мейрімді болыңдар" деп жалпылама келгендіктен барлық тірі жан иесіне, жақсы адамға да, жаман адамға да, жан-жануарлар мен құстарға да мейрімді болу керектігін аңғартады.

📚Мирқат әл-мафатих

#хадискеТүсіндірме

1 месяц, 3 недели назад

فَالْمَعْنَى كَمَا قَالَ الطِّيبِيُّ رَحِمَهُ اللَّهُ: تَرْغَبُونَ فِيهَا فَتَشْتَغِلُونَ بِجَمْعِهَا، وَتَحْرِصُونَ عَلَى إِمْسَاكِهَا، فَتَطْغَوْنَ بِهَا فَتَهْلَكُونَ بِهَا.

📚مرقاة المفاتيح

Жоғарыдағы хадистің мағынасын имам әт-Тыиби (Алла оны рақымына бөлесін) былай түсіндіреді: дүниеге құштар боласыңдар, сосын оны жинаумен әбігер боласыңдар, қолдарыңнан шығармауға тырысасыңдар, сол үшін жамандыққа барасыңдар да соңында соның себебінен құрисыңдар.

📚Мирқат әл-мафатих

#хадискеТүсіндірме

1 месяц, 3 недели назад
**الشكاية إليه غاية القرب، كما أن …

**الشكاية إليه غاية القرب، كما أن الشكاية منه غاية البعد.

Аллаға шағымдану оған жақындаудың шыңы, ал Алланың үстінен пендеге шағымдану одан алыстаудың шыңы.**

Шағымданудың екі түрі болады, бірі Аллаға жақындататын шағымдану, екіншісі Алладан алыстататын шағымдану.

Аллаға жақындататын шағымдану басыңа түскен қиындықты тек Аллаға ғана айтып, онымен сырласып, оған жалбарынып, оның алдында қорланумен болады.

Ал Алладан алыстататын шағымдану басыңа түскен қиындықты Аллаға емес пендеге айтып, тағдырға налып, Алла мені бүйтіп қойды, сүйтіп қойды деумен болады.

#ғалымдар

We recommend to visit

ФИНАЛ / 3-желтоқсан / Астана қаласында

Last updated 1 год, 1 месяц назад

Что вершит судьбу человечества в этом мире?

По рекламе - @sh1nsyy

Last updated 6 дней, 23 часа назад

По вопросам рекламы писать @maarikmarakesh

Last updated 6 месяцев, 2 недели назад