AIMAGAMBETOV

Description
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 1 month, 2 weeks ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 2 months ago

1 week, 6 days ago

Сөздің іске айналғанын, біздің бастамамызбен заңға енгізілген түзетулердің адамдардың өміріне оң әсер ете бастағанын көру – ерекше қуаныш.

Жақында біз жас дәрігерлермен кездестік. Олар ауылға – өздерін ұзақ күткен жерге көшіп келді. Енді олар 100 ең төменгі жалақы көлемінде, яғни шамамен 9 миллион теңге көтермеақы алады. Бұл тек қаражат қана емес, олардың еңбегінің маңызды екенін және таңдауының бағаланғанын айғақтайтын белгі.

Мәжілісте осы түзетулерді енгізгенде, ауылдың білікті мамандарға, әсіресе дәрігерлерге мұқтаж екенін жақсы білдік. Бұрын тыныштық пен үміт болған жерде енді адамдарды емдеуге, өмірлерін сақтауға дайын дәрігерлердің қадамдары естіле бастады. Экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін Мемлекет басшысы үнемі бақылауында ұстауда.

Ауыл тек дәрігерлер үшін ғана емес, басқа да мамандарға өмір сүруге ыңғайлы, жұмыс істеуге ынталандыратын орынға айналуы тиіс. Бұл сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуының көрнекі мысалы, және осы бағыттағы жұмыс жалғасады.

1 week, 6 days ago
Это классное чувство — видеть, как …

Это классное чувство — видеть, как слово превращается в дело. Как строчки закона, инициированные нами поправки, оживают и влияют на жизни людей.

Недавно мы встретились с молодыми врачами. Они приехали в село — туда, где их так долго ждали. Теперь они получают 100 минимальных зарплат — около 9 миллионов тенге в виде подъемных. Это не просто деньги, а знак того, что их труд важен, что их выбор ценят.

Когда мы в Мажилисе вносили эти поправки в закон, мы знали: село остро нуждается в таких людях. Там, где раньше были тишина и ожидание, теперь слышны шаги тех, кто готов лечить и спасать. Об обеспечении экономики квалифицированными кадрами постоянно говорит Глава государства.

Мы сделали важный шаг, но впереди еще много работы. Это наглядный пример реализации предвыборной программы. Нужно, чтобы село стало местом, где хочется жить, где могут найти свое призвание не только медики, но и другие специалисты.

Потому что справедливость — это не роскошь больших городов. Она должна касаться всех: и тех, кто живет в высотках мегаполисов, и тех, чьи дома укрыты пыльными дорогами аула.

2 weeks ago
Жазда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық …

Жазда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа ФАП-ты аралау барысында көптеген мәселелер анықталды.

Бұл жолы біз жаңартылған жобамен салынған дәрігерлік амбулаторияға бардық. Әйтеуір, жаңартылған жобаларда ғимарат бұрынғыдай үйде қолданылатын қарапайым электр жылытқыштармен жылытылмайды екен. Дегенмен, жылыту жүйесі әлі де электр қуатына тәуелді.

Ескертулерге көңіл аударылып, ақыры жаңартылған жобада магнитотерапия, электрофорез, УФО сияқты физиопроцедураларға арналған жабдық қарастырылыпты. Бұл – дұрыс шешім. Мұндай жабдықтар қызметті басқа мердігерлерге беруді болдырмайды және ауыл тұрғындары үшін олардың қолжетімділігін арттырады.

Алайда жобалардың өзінде әлі де көптеген кемшіліктер бар. Мысалы, санитарлық көлікке арналған гараж қарастырылмаған. Қазір көлік далада тұруға мәжбүр, ал бұл біздің климаттық жағдайымызға мүлдем сәйкес келмейді.

Жалпы, осы ұлттық жоба бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Тіпті жобалау сатысында қарапайым нәрселер ескерілмеген. Жоспарлау кезінде-ақ шешуге болатын кемшіліктер өте көп.

Бұл жергілікті әкімдіктің кінәсі емес, жобаның дизайнындағы жүйелік мәселелер. Мемлекеттік сатып алудағы проблемалар, қаржыландырудағы кідірістер – бұл тек мұзтаудың ұшы ғана.

2 weeks ago
AIMAGAMBETOV
2 weeks ago
Летом, при посещении нового ФАП, построенного …

Летом, при посещении нового ФАП, построенного в рамках нацпроекта «Модернизация сельского здравоохранения», мы обнаружили множество проблем.

На этот раз мы посетили врачебную амбулаторию с обновлённым проектом. В таких проектах здание уже отапливается не простыми домашними электрическими обогревателями, хотя отопление всё ещё электрическое.

Наконец, в новом проекте предусмотрено оборудование для физиопроцедур, таких как магнитотерапия, электрофорез, УФО и т.д. Это правильное решение, которое позволяет избежать передачи этих услуг на субподряд и делает их более доступными для пациентов на селе.

Однако в самих проектах всё ещё остаётся множество недочётов. Элементарно, не предусмотрели гараж для санитарного автотранспорта. Сейчас машина стоит на улице, что недопустимо в наших климатических условиях.

В целом, по данному национальному проекту остаётся много вопросов. Даже на стадии проектирования многие простые вещи не были продуманы. Множество недоработок, которые могли быть устранены на этапе планирования.

И это не вина местного акимата, а системные проблемы дизайна самого проекта. Проблемы с госзакупками, перебои с финансированием — это лишь верхушка айсберга.

2 weeks, 2 days ago
**Проблемы ОСМС, «штрафстан», реформа ЕНТ, работа …

Проблемы ОСМС, «штрафстан», реформа ЕНТ, работа НИШ и НУ, борьба с наркобизнесом, проблемы онкологии, платные парковки, искусственный интеллект, влияние смартфонов и тревожное поколение, «сюрпризы» нового Налогового кодекса, а также новые законопроекты — о чем только не говорили на этом интервью.

https://youtu.be/2jH3NeRQzZY?si=UGQT7ik-T-yQFd00

2 weeks, 2 days ago
***✍️*** **Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік …

✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
t.me/aqorda_resmi

Бұл заңда осы түзетуіміз де бар

В данном законе есть и наши поправки.

Что изменилось?
1. Отмена предупреждений как наказания за нарушения норм по соблюдению безопасности труда.
2. Размеры штрафов повышены:
• с 20 до 120 МРП за первое нарушение;
• до 40–240 МРП за повторные нарушения.

Почему?

1 232 несчастных случая на производстве за год. 251 из них – смертельный. Из них 24% напрямую связаны с нарушений правил охраны труда. Это не просто цифры. Это чьи-то жизни. Чьи-то семьи, потерявшие отца, мать, сына. И это происходит не по стечению обстоятельств, а из-за элементарного пренебрежения правилами безопасности.

Более половины грубых нарушений заканчиваются предупреждением. А если под угрозой была жизнь человека? Кто ответит перед его семьёй?

Это нужно было менять. И мы это сделали.

Теперь никаких предупреждений, а реальные и соразмерные наказания.

Работники заслуживают безопасных условий труда. И те, кто этого не понимает, будут отвечать по закону.

https://liter.kz/uzhestochit-nakazaniia-za-smertelnye-narusheniia-na-proizvodstve-predlozhil-aimagambetov-1736512572/amp/

2 weeks, 4 days ago

Провел встречу в городской поликлинике №4 Астаны, где обсудили реализацию новых законов и актуальные проблемы ПМСП.

Количество зарегистрированных мединцидентов выросло более чем в 10 раз. Это важный шаг, поскольку латентные случаи начали фиксироваться. Теперь задача — использовать эту информацию для обучения медицинского персонала и повышения качества услуг. Применение подхода, подобного «чёрному ящику» в авиации, позволит анализировать инциденты и предотвращать их в будущем.

Проблемы, требующие решения (не имеющие отношения к этой поликлинике, а в целом):

1️⃣ Квотирование медицинских исследований.
Система линейной шкалы, введённая Минздравом, ограничивает количество исследований для больниц (например, 10 МРТ или 10 КТ в месяц). Это вызывает:
• Рост очередей, когда аппараты простаивают, а пациенты ждут несколько месяцев из-за исчерпания месячной квоты. Их записывают на следующие месяцы.
• Недовольство граждан, которые не понимают, почему оборудование не используется по максимуму и почему они должны так долго ждать.

2️⃣ Вопросы к эффективности комплексного подушевого норматива (КПН).
Поликлиники получают фиксированную сумму за каждого прикреплённого пациента — от 1600 тенге в месяц (плюс коэффициенты), независимо от того, обращался человек или нет. Дополнительно, если пациент обращался, поликлиника получает дополнительные средства за лечение.

Вопросы:
• Как это стимулирует поликлиники активно работать с прикреплённым населением?
• Насколько эффективно используются эти средства?

Пример:
Поликлиника, к которой я прикреплён, распределяет услуги так, что для получения помощи приходится ездить по городу: УЗИ в одном месте, КТ в другом, специалист в третьем.

В итоге проще обратиться в клинику на платной основе, но государственная поликлиника всё равно ежемесячно получает за меня КПН, как за прикреплённого пациента.

3️⃣ Интересная особенность.
Государственные клиники порядка 50% бюджета отдают на соисполнение, тогда как частные стараются оставить эти средства у себя.

Проблемы:
• Закупки услуг у аффилированных организаций, у которых практически ничего нет, но при этом клиники прикрепляют население.

Вопросов много.

2 weeks, 4 days ago

Астана қаласындағы №4 қалалық емханада кездесу өткізіп, қабылданған жаңа заңдардың іске асырылуы мен ПМСП-нің өзекті мәселелерін талқыладық.

Тіркелген медициналық инциденттердің саны 10 еседен астам өсіпті. Бұл маңызды қадам, себебі бұрын жасырын қалып келген жағдайлар тіркеле бастады.Енді бұл деректерді медициналық персоналды оқыту және қызмет сапасын арттыру үшін тиімді пайдалану қажет.

Авиациядағы «қара жәшік» қағидасына ұқсас тәсіл енгізу арқылы инциденттерді талдап, олардың алдын алу мүмкін болады.

Шешуді қажет ететін проблемалар

1️⃣ Медициналық зерттеулерді квоталау.
Денсаулық сақтау министрлігі енгізген сызықтық шкала жүйесі емханаларда зерттеулердің санын шектейді (мысалы, айына 10 МРТ немесе 10 КТ). Бұл бірнеше проблема тудырады:
• Кезектердің ұзаруы. Аппараттар бос тұрса да, айлық квота таусылғаннан кейін науқастарды келесі айларға жазады.
• Ұзақ күту қажеттігі халықтың наразылығын тудырады.

2️⃣ Комплекстік жан басына шаққандағы нормативтің (КПН) тиімділігі.
Емханалар әр тіркелген азамат үшін ай сайын 1600 теңге (қосымша коэффициенттермен) алады. Бұл ақша азамат емханаға жүгінгеніне немесе жүгінбегеніне қарамастан беріледі. Бұдан бөлек, егер пациент келсе, емхана қосымша қаржы алады.

Сұрақтар:
• Бұл жүйе емханаларды тіркелген халықпен белсенді жұмыс істеуге қалай ынталандырады?
• Қаражат қаншалықты тиімді жұмсалады?

Мысал:
Мен тіркелген емханада қызметтер былай ұйымдастырылған:
• УЗИ бір жерде, КТ басқа жерде, ал маман үшінші орында.
Қызмет алу үшін қаланың әр бұрышына баруға тура келеді.

Ақыр соңында ақылы клиникаға жүгіну оңайырақ болады. Бірақ мемлекеттік емхана мен үшін әлі де КПН қаржысын алып отырады.

3️⃣ Қызық ерекшелік.
Мемлекеттік емханалар бюджетінің шамамен 50%-ын бірлесіп орындауға (соисполнение) жұмсайды, ал жеке емханалар бұл қаражатты өздерінде қалдыруға тырысады.

Мәселелер:
• Жабдықтары жоқ, бірақ халықты тіркейтін аффилиирленген ұйымдарға қызметтердің сатып алынуы.

Бұл мәселелер жүйелік реформа мен тиімді шешімдер қабылдауды қажет етеді.

2 weeks, 4 days ago

Астана қаласында медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қызметкерлерімен кездесу өткіздім. Олар өте маңызды міндетті атқарады — бұл мүгедектік топтарын белгілеу және қайта қарау рәсімдері.

🔸 Қуантатын жағдайлар
Мүгедектікке байланысты сараптамадан қашықтан өту мүмкіндігі бар азаматтардың саны біртіндеп артып келеді. 2024 жылы Астанада мұндай қызметтер 43,2% жағдайда көрсетілді. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін процесті жеңілдету жолындағы маңызды қадам.

🔸 Шешуді қажет ететін мәселелер:

1️⃣ Мүгедектік статусын заңсыз алу жағдайлары.
Мүгедектік статусын заңсыз жолмен алу жағдайлары әлі де кездеседі. Бұл бөлімде болмаса да, басқа өңірлерде мұндай мәселелер орын алып отыр.
Мүгедектер санының шамадан тыс жылдам өсуі байқалады, әсіресе оңтүстік аймақтарда. Бұл жағдай мемлекеттік ресурстардың шектен тыс пайдаланылуына әкеледі. Нәтижесінде, бұл ресурстар шынайы көмекке мұқтаж азаматтарға жетпей қалуы мүмкін.

2️⃣ Анатомиялық кемістіктері немесе ауыр сырқаттары бар адамдар бюрократиялық кедергілерге тап болады, ал олардың жағдайы анық көрініп тұр.
Мұндай азаматтар үшін процесті жеңілдетіп, жылдамдату қажет. Егер кейбір аурулар бойынша жалған анықтама алу қаупі жоғары болса, талаптарды күшейту керек, ал анық жағдайларда керісінше, талаптарды жеңілдеткен жөн.

3️⃣ Денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді оңтайландыру.
Мүгедектікті растау процесі медициналық қорытындылардың сапасына тікелей байланысты. Құжаттардың дұрыс толтырылмауы немесе бекітілген нысандардағы қарапайым қателер процесті ұзартуға әкеледі.

Мысалы:
Госпитализация талаптары: дәрігерге жазылу, анализдер тапсыру, порталға деректерді енгізу, госпитализациядан өту, қайтадан анализдер тапсыру және т.б. Мұнда да сараланған тәсіл қажет.

🔸 Не істеу керек?
• Анық сырқаттары бар азаматтар үшін процесті жеңілдету.
Процесс мүмкіндігінше жылдам болуы керек.
• Жалған анықтамаларға қарсы күресті күшейту.
Цифрландыру мен деректерді автоматты тексеру арқылы мұндай бұзушылықтарды жою қажет. Сонымен қатар, жауапкершілікті қатайту керек.
• Қашықтан сараптаманы дамыту.
Автоматтандырылған шешімдердің үлесін арттыру.
Балаларға қатысты: нормативтер мен бизнес-процестерді қайта қарау қажет. Әр кезеңде ата-аналар поликлиникалар мен МӘС арасында шексіз құжат жинауға мәжбүр. Балалар үшін барлық сатыда — поликлиникаларда да, МӘС жүйесінде де «жасыл дәліз» болуы қажет.
• Поликлиникалар мен МӘС бөлімдері арасындағы өзара байланысты нығайту.
Бірыңғай, түсінікті, логикалық бизнес-процесс әзірлеу керек. Бұл «қолмен басқару» араласуын болдырмауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде құжаттарды дайындау сапасы артып, процестер жеделдейді.
• Мүгедектікті тағайындау мерзімдерін саралау.
Пациенттің жағдайы мен диагнозының ерекшеліктеріне қарай мерзімдерді анықтау қажет.

Жалпы, МӘС жүйесі азаматтардың мүддесіне бағытталған реформаны қажет етеді. Біз ашықтық пен әділдікке ұмтылуымыз керек, көмек шын мәнінде мұқтаж адамдарға жетуі үшін. Бұл тек Еңбек министрлігінің емес, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктердің бірлескен жұмысы болуы тиіс.

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 1 month, 2 weeks ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 2 months ago