𝑴𝒖𝒔𝒍𝒊𝒎𝒂𝒌𝒉 | اقرأ

Description
Аллаһ Құран Кәрімде: «Ескерт! Өйткені, ескерту мүміндерге пайда береді», - деп айтты.
(әз-Зарият сүресі, 55 –аят)

[Ахлу-Сунна валь-Джамаа]
أهل السنة والجماعة‎
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

6 days, 7 hours ago

Мен бірнеше жыл бұрын үш жасында Құран жаттаған кішкентай баланы кездестіріп, ата-анасынан оны қалай тәрбиелегендері жайында сұрадым.

Әкесі: «Анасы оны құрсағында көтеріп жүргенде күнде Құран оқитын. Ас әзірлеген кезде ас үстінде Құран оқитын. Сусын ішкен кезде Құран оқитын. Жай ғана отырғанда Құран тыңдайтын. Дұға еткенде Алладан баласының Құран иесі болуын тілейтін. Ол дүниеге келгенде анасы оны тамақтандырмас бұрын Құран оқитын. Ұйықтағанда Құран тыңдайтын. Онымен ойнағанда оған Құран оқитын. Оның үш жылдық өмірі тек Құранмен өткен еді, сондықтан Алла оған жаттауды жеңілдетті».

Құрметті ата-аналар, сіздің тақуалығыңыз балаңызға қалай әсер ететінін көріп тұрсыз ба? Сіздің өмір салтыңыз балаңызды қалай қалыптастыратынын көрдіңіз бе? Бала тәрбиесі сіз ата-ана болмай тұрып басталатынын көрдіңіз бе!?

Шейх Мухаммад Аслам (حفظه الله) #tarbiya

1 week, 3 days ago

"Жүрегімдегі Алланың есімдері"

1 week, 3 days ago

"Жүрегімдегі Құран кестесі"

3 months, 1 week ago

Әйелдердің тілінен қиындық көру – әулие кісілер ғана көтере алатын сынақ.Сондықтан арабтарда Мына алты түрлі әйелге үйленбе! Олар:

1) "Әннәна" үнемі ыңыранып, күнде басын таңып алып, ауруын санап отыратын әйел.

2) "Мәннана" сен үшін ананы істедім, мынаны істедім деп міндеті таусылмайтын әйел.

3) "Ханнана" бұрынғы күйеуіне немесе содан болған баласына еміреніп тұратын әйел.

4) "Хаддақа" әрнәрсеге бір көз тігіп, көрінгенге қызығатын, ананы- мынаны алып бер деп күйеуін қинайтын әйел.

5) "Баррақа" сөзі екі мағынада келеді.

Бірі - күнұзағына бет-аузын бояп, сәнденумен әлек болатын әйел.

Екіншісі - дастарқан басында ұрыс шығарып, сосын өзі жеке отырып тамақ ішуге тырысатын әйел. Ол барлық нәрседен өзінің жеке үлесін бөліп алуды қалайды.

6) "Шаддақа" кербезденіп жасанды сөйлейтін, сөзі көп әйел.

3 months, 1 week ago
3 months, 3 weeks ago

Құранда Ансарларды (Медина мұсылмандарын) мақтай отырып, Алла олардың қиындық туындаған кезде де басқаларды өздерінен жоғары қоятындықтарын айтады. Сонымен қатар нағыз сәттілікке жеткендер өздерінің ішкі сараңдықтарын жеңе білгендер екенін көрсетеді.

Ашкөздік иман деңгейінің төмендігінен туындайтыны айқын, тіпті Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ашкөздік пен иман бір құлдың жүрегінде ешқашан бірге болмайды», - деген.

Ашкөздіктің қаупі мен оның адам жанына әсері туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Ашкөздіктен сақтаныңдар, өйткені ол сендерден бұрынғыларды жойылуға әкелді. Ол оларға сараңдық етуге, қатынасты үзуге және күнә жасауға бұйырды, (сөйтіп) олар оны жасады». Яғни пенде сол ашкөздіктің себебімен садақасын бермейді, туыстық қарым-қатынасты үзеді әрі көптеген күнәларға тап болады.

[? иманның әлсіреуі және оның емі]

5 months, 3 weeks ago

Аят:
"Уа иман еткендер!... Бір-біріңді аңдымаңдар жəне бір-біріңді ғайбаттамаңдар!.."
(Хужурат сүресі. 12 аят)

Хадис:
"Сөз тасығыштар сазайларын тартпайынша немесе күнəлары кешірілмейінше жəннатқа кіре алмайды".

Дұға:
"Уа Алла Тағалам, Сен құлдарыңның кемшіліктеріне қарама, айыптарын бетіне баса көрме. Оларды айырылысу отына салып жақпа! Бізге рақымшылық жасап жəрдем берген Аллаһ Тағалам! "
(Азиз Махмуд Һудайи)

6 months ago

?Ризық уайымдайтын нәрсе емес...
Әйелдің жүрегін тыныштандыратын нәрсе уайымның болмауы. Ал уайым қай кезде болмайды? Тағдырға иман дұрыс болғанда ғана. Кедейліктен қорқу, болашақты уайымдау, ризықтын жетпей қалатындығына мазасыздану еркек жауапкершілігін мойнымызға алуға себеп болып жаткан факторлар міне осы. Немесе бұл тізімге жолдасына сенім арта алмау да кіреді. «Мен жұмысқа шықпасам күйеуім жеткілікті ризықты әкеле алмайды» деген сенімсіздік бар. Үшінші бір себеп - біреуге мұқтаж болып өмір сүргім келмейді деген ұстаным.

Ал ислам шариғаты мұның бәрін әлдеқашан шешіп тастаған. Қыз бойдақ кезде әкесі, ағасы, тұрмысқа шыққан соң күйеуі оның бүкіл қажеттілігін қамтамасыз етуі керек. Бұл Алла алдындағы жа уапкершілік. Осы нәрсе қоғамда өз орнына түскенде әйел алаңсыз өмір сүре алады. Дүние-ақыретіне пайдалы білім алып, бала тәрбиесімен айналысып, ер азаматымен сау қарым-қатынас құрып, жағдайын жасап бере алады.

Әр адамның ризығы анасының құрсағында жатқанда жазылып койған. Ол қанша шаршаса да, шапса да, сол ризықтан артық та, кем де ала алмайды. Есесіне, бала көтерген кезде ризығы мол перзент болуын сұрап дұға ете аласыз.Мүміннің қаруы-дұға.

7 months, 3 weeks ago

كَن فَيَكُونُ?

7 months, 3 weeks ago
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.