ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 1 month, 2 weeks ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 3 days, 19 hours ago
✍️
Ойлаймын да...
«Еркекке мақтау, әйелге көңіл, балаға сүйіспеншілік керек».
©Ұстаз Бауыржан Әлиұлы
(Аллаһ рахым етсін)
*📗"Ойлаймын да..."*
✍️
Хазіреті Хасан (Одан Алла разы болсын) былай дейді: Мына үш нәрседен сақтан:
1️⃣ - Ібілісті лағнетке ұшыратқан тәкаппарлықтан.
2️⃣ - Адамды ('әләйһис-сәләм) жәннаттан шығарған ашкөздіктен.
3️⃣ - Қабылды бауырын өлтірткен көреалмаушылықтан.
📌Дереккөз: Ұстаз Марат Жарылқап
✍️
Жұмсақтық таныт...
Пайғамбарымыз сахаба Сумра ибн Жундубкқа: «Әйел қабырғадан жаратылған. Оны түзеймін десең сындырып аласың. Жұмсақтық таныт, жақсы мәміле жаса да, әйеліңмен өмір сүре бер!», - дейді.
Махаббат екеуіңді де тек өмірдің баспалдағына жеткізеді, сосын үлкен сапар басталады.
Әйеліңді араларыңда түсінбестік туындаса да құрметтей біл. Отбасы болып қалу үшін екеуара кейбір нәрселерді елемей қоймау да керек, кейде.
Махаббат пен сүйіспеншілікті жоятын нәрсе бір-бірлеріңнің қателіктеріңді теріп, іздеп кету. Сол үшін кейде ол елемей қойса, кейде сен елемей қой.
Сол үшін кейде сен жеңілген сияқты бол, кейде ол жеңілген сияқты бола салсын.
Түсіну керек болған нәрсе, сен жалғыз өзің отбасылық өмірді қамтамасыз ете алмайтының сияқты, ол, әйелің де жалғыз өзі отбасылық өмірді қамтамасыз ете алмайды.
Құс та аспанда бір қанатымен самғай алмайды. Міндетті түрде қос қанатын қатар қағуы керек.
Әрбір адам бізден өз ақысын сұраудан алдын өз міндетін орындауы керек.
*©Аслан Орақбай, Қанат Байбосынұлы*
*📗"Компас"*
*✍️*
📌(ИННӘМӘӘ) (إنَّمَا) ДЕП БАСТАЛАТЫН ХАДИСТЕР
🔸6️⃣-ХАДИС:
إِنَّمَا الْقَبْرُ رَوْضَةٌ مِنْ رِيَاضِ الْجَنَّةِ أَوْ حُفْرَةٌ مِنْ حُفَرِ النَّارِ
Мағынасы: «Расында қабір - жаннат бақшаларының бір бақшасы немесе тозақ шұңқырларының бір шұңқыры
болмақ»
(Сунан әт-Термизи 2460.**)
Хадис имам әт-Термизидің хадис жинағында берілген. Хадис Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) риуаят етілген. Дәрежесі (имам әт-Термизидің тұжырымы бойынша) - хасан ғариб.
Түсіндірме: Адамның өлімінен бастап, қиямет күні қайта тірілуіне дейінгі уақыты «қабір өмірі» деп аталады. Осы уақыт арлығында болатын орынды «қабір» дейді. Қабір - Алла алдындағы өз міндетін орындаған, яғни Алланың бұйрығын орындап, тыйымдарынан тыйылып, өзгелерге ізгілік жасаған кісілер тынығып, рақат табатын жаннат бақшаларының бірі болса, ал өз міндетін орындамаған пенделер үшін азап тартатын жаһаннам шұңқыры болмақ.
©Аян Илесбеков
*📗"Ақиқат нұры"*
(Жаттауға жеңіл, мәні терең хадистер жинағы)
✍️
Ойлаймын да...
«Сабыр ет! Үмітіңді үзбе! Ертеңгі күндер кешегі күндерді ұмыттырады».
©Ұстаз Бауыржан Әлиұлы
(Аллаһ рахым етсін)
*📗"Ойлаймын да..."*
✍️
Өз тізгініңді өзің алып жүре алмай, шатақ даудан шықпайтын бір ескі ауруың бар-ау, қазағым! Қылығыңды көріп ішім күйеді.
Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады.
©Әлихан Бөкейхан
*📗"Алаш айтқан асыл сөз"*
✍️
Өмірлік ұстаным:
"Білетін сияқты сөйлегеннен, білмейтін сияқты тыңда!"
📌Дереккөз: Ұстаз Марат Жарылқап
https://t.me/turtip_algandarym
✍️
Әке-шешелер мен мұғалімдер балаларға мына асыл қасиетті қалыптастыруға мүдделі: Ізгілікке әдеттендір! Жан-жақтылы өмір үйрет. Ғылымға, кітапқа қызықтыр! Өз ұлтының тілі ана сүтімен бірге шықсын.
©Нұрмұқан Жанұзақұлы
*📗"Бір ауыз сөзім - мың ділда"*
ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 1 month, 2 weeks ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 3 days, 19 hours ago