Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 1 month, 3 weeks ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 2 months ago
Жар таңдаудан қателессең, өтеуі — өз өмірің.
Желтоқсан. Екі мың жиырма.
Сені алғаш көрген кез.
Сені алғаш көрген кез:
Сол сәтте жігіт ем
Сұлулық бар екен деп ұққан
Себебі - сен едің жолыққан.
Мен емес сүюден қорыққан,
Жаныңды көзіңнен көргендей,
Тек саған сұлулық бергендей,
Есімнен алжасып сүйгем жоқ,
Ақылың сөзімді түйген жоқ,
“Қаттырақ ұнату әбестік”
,-деп естіп,
Сен солай түсінген шығарсың.
Алайда, қаттырақ ұнату әбестік емес түк.
Өзгелер сыйлаған көрдің де гүлдерді,
Жүрегін ұсынған жігітті көрмедің.
Тек сені ойлауға арнамай түндерді,
Сен мені ойыңнан шығарған сәтіңде,
Сезімім бірге өлді.
Сен жайлы жырларым, есімің аталмай қалатын,
Сен мүлде оқып та көрмеген,
Сен мүлдем білмейсің сөз жайлы.
Тек саған өлеңін арнаған,
Бір еркек барын да білмейсің
Басыма қонатын бағым деп,
Ойым жоқ сағынбақ.
Ізіңде жүретін жігіт көп секілді.
Ізіңде жүретін көп жігіт секілді,
“Бағым бол, жарым бол”,- деп саған
Ойым жоқ жалынбақ.
Өлгенше осылай өтемін арындап.
Шын ердің көңілін
бір елдің сұлуы тойтармас,
Сөзім жоқ сескеніп айта алмас,
Бір қызға бас имей қойдың деп,
Тәңір де бақытын қайтармас…
Aqsunqar ALMAHAN
Жеке түн алау,
Ән - ауызбен өткен күнді кінәлау,
Жеке күн алау,
Ән - жалғыздықпен өткен күнді кінәлау…
Кеше маған бір қыз хат жазыпты. Сенің даусыңмен оқыдым…
Өзім-ай)
Махаббат - бір-бірін өліп-талып сүю емес, естен танғанша сүйісу емес, жай ғана келесі адамның көңіліне “махаббатты” зымиян етіп көрсетпеуден тұрады…
Мен кіммен жұп құрсам да бақытты боларымды сезем. Ең аяулы, адал әрі сұлу жар да менікі боларын білем. Бірақ, уақыты қашан екенін білмеймін))
Күттәй заттарға қуан, күнім. Сені жұбататын сен ғана. Мұңайып, салың суға кетпесін. Өмірдің қараңғысына батпа. Күн шыққан сайын, әлем жарқырайды. Қасыңда әрсәт болғым келеді. Қасыңда болған сайын қадірсізденбесем ғой. Өмір бітпейтін болғанда ғой деймін. Қызығы да сол, бітетіндігінде шығар. Аз ғұмырды, мәнсіз қылып сүруге болмас. Мен сенің өміріңе арай кіргізсем, сен менің өміріме нұр боп жауасың. Құдай соған жеткізсін. Мұнда кел. Бері кел. Бақытты боламыз!
Эсмиральдаға жазылған 17-нші хат. Шексіздік жылы.
Қыстың көзі қырауда,
Қыздың көзі қызылда…
Сіз де АрСыздық’ты жақсы көресіз бе?
Күнім!
Жымиюыңнан бөлек тамаша-ақ күлуің,
Өзіңе құйып қойғандай бәрі:
Ақылдылығың мен парасаттылығың!
Өзіңе бойыңдағы әрбір жарасад(ы) қылығың…
Бірге мәңгі айырылмауға тиіспіз бір бірімізден,
Айырылғымыз келмесе бұл күнімізден
және сезімнің қаласақ тұнығын…
Менің күттәй ғана бақытым,
Бағыма біткен шынарым,
Бесікке бөленбей жатып,
Адам боп еленбей жатып,
Маңдайыма жазылған сыңарым,
Таңдайыма түскен тәтті өлеңім,
Басылмаған құмарым,
Ашылмаған сырым,
Жазылмаған жыр-әнім,
Айтылмаған үнім,
Күнім!
Жымиюыңнан бөлек тамаша-ақ күлуің,
Өзіңе бойыңдағы әрбір жарасад(ы) қылығың,
Құдайым пешенеме жазған бес күн өмірімдегі алты әріптім,
Сенсіз мына жалғанда жарты ғаріппін.
Жүрегімнің тұсындағы қабырғамнан жаралған тағдырымның бөлшегі,
Бақытымның өлшемі,
Уақытымның ең шегі,
Мәңгі жұбым деп сүйіп өтейін мен сені.
Екі дүниелік жарым,
Екі дүниелік бағым,
Ары ағым,
Бары бағым,
Сағынарым,
Менің жастық жанымның жарқыраған жақұты,
Менің жастық шағымның сарқыраған уақыты,
Менің жастық барымның алтын адам бақыты,
Менің басыма қонған - ең ұлы сыйым,
Біздегі махаббат - ең ұлы сүйім,
Көңілім мен күйім,
Өмірім мен үйім,
Бес күн жалғандағы барлық жиғаным,
Амалым мен иманым,
Бағалап өтем құдайымның сені маған қиғанын…
Қараш, бағыма орай анаңның сені мен үшін туғанын,
Солай байқағам мына өмірдің думанын…
Құдайым пешенеме жазған бес күн өмірімдегі алты әріптім,
Сенсіз мына жалғанда жарты ғаріппін,
Сенімен бүтін Жүрекпін, сенсіз жарты Қалыппын,
Сенсіз қараңғы, сенімен жарықпын…
Құдайым қалады, сенімен жолықтым!
Ендеше қолыңды берші,
Мен десе жолыңды берші,
Болайық сезімімізге тұрақты,
Болса да санада сұрақ мың,
Бақытымызбен амандасайық,
Осы жолменен қадам басайық,
Төріне қарай жұмақтың…
Келісесің бе?!
05.12.2024
Таң. 05:00
AQSUNQAR ALMAHAN
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 1 month, 3 weeks ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 2 months ago