Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
сұрақ: ең үлкен күнәлар қайсы?
жауап:
1. Аллаға серік қосу.
2. Алладан басқаның атын айтып ант ету.
3. діннен бас тарту.
4. жаттаған әрі оқыған Құранды ұмыту.
5. дүние қызығына берілу, ақыретті ұмыту, міндеттерін ұмыту.
6. Пайғамбарымыздың (ﷺ) атынан жалған сөйлеу.
7. Сахабаларға тіл тигізу.
8. дініміздегі қасиетті нәрселерді балағаттау.
9. арақ ішу.
10. зина жасау.
11. доңыз етін жеу.
сұрақ: мұнафық (екі жүзді) деп кімді айтамыз?
жауап: Имансыз бола тұра, өтірік мұсылман болып көрінген кісі.
. العَدْلُ Әл-Ғадилу – Әділ, Адал. Ол кімге болмасын, ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол өз шешімдерінде әділ.
Алланың 99 көркем есімін бірге жаттайық??? (30-күн).
Ұйықтар алдын айтатын зікір
بِاسْمِكَ اَللَّهُمَّ اَحْيَا وَ اَمُوتُ
Оқылуы: «Бисмикә Аллаһуммә әхя уә әмуту».
Мағынасы: «Аллаһым! Тек Сенің есіміңмен өлеміз және тірілеміз»
?Ұйқыдан тұрғанда және оянғанда айтылатын зікірлер таңертең және кешке салынады. Жаттап алып күн сайын өзіңіз айтып жүріңіз.
• Арабша оқи алсаңыз, арабша жаттап айтқаныңыз жақсы. Болмаса қазақшасын айтуға да болады.
. الحَكَمُ Әл-Хакәм – Хәкім. Қазы, Төреші. Соттың үкімі Оның құзырында. Оның үкімі кесімді. Оны ешкім сынай алмайды және Алланың үкімдерін кемсітіп, жамандауға ешкімнің хақысы жоқ. Кім дәрет алып, осы есімді күніне 99 рет зікір етсе Алла Тағала оның жүрегін нұрландырады.
Алланың 99 көркем есімін бірге жаттайық??? (29-күн).
. البَصِيرُ Әл-Басир – Көруші. Ол бәрін Көреген. Адам және басқа мақлұқтар көрмейтінін бәрін көреді. Оған көрінбейтін зат жоқ. Ол ғайыпты да көреді.
Алланың 99 көркем есімін бірге жаттайық??? (28-күн).
. السَّمِيعُ Әс-Сәмиғ – Әр нәрсені Есітуші. Әр естілетін дыбыс ғайып айтылса да Оның есітуінен тыс қалмайды. Ол құпияның бәрін біледі. Оның ести алмайтын нәрсесі жоқ. Ол T барлық сыбыс, дыбысты естиді.
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.