Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
*♦️Кейде дұрыс істер адамды жалғыз қалдырады.🥺*😕
©️Абдуллах ибн Муслим**
ТАҺАЖЖУД ДУҒАСЫАллаһым!
• Ұйқым – намаз, жастығым – жайнамаз, әр тынысым – зікір, әр үнсіздігім – тәфәккур болсын!Аллаһым!
• Басымнан аяғыма дейін, жастығымнан бүгінге дейін, өмірімнен өліміме дейінгі барлық күнәларым үшін тәубе еттім.Аллаһым!
**• Өлім – хақ. Әзірейіл (ғ.с.) мені күлімсіреп қарсы алсын, ал мен оған иманыммен, нық сеніммен жүзденейін!
• Көзімнің нұрын, ақылымның парасатын, қол-аяғымның күшін, бүкіл денемнің қуатын тартып алма!Аллаһым!
• Қарашым – құлшылық, үнсіздігім – тәфәккур, сөздерім – зікір, жүрегім әрдайым ықыласта болсын!
• Көзді ашып-жұмғанша бізді нәпсімізге тастап қойма,Аллаһым!
• Әр тынысымда тілімді зікірден, жүрегімді шүкірден, ақылымды тәфәккурден айырма,Аллаһым!
• Үмметке жамандық тілегендерге Өзің жеткілікті бол!
• Намыссыз, екіжүзділерден бізді алыс ет!
• Күнәлары кешірілген сидиқтардың қатарынан болуды нәсіп ет!
• Бізді ізгілердің сұхбатына, шыншылдардың зікір мәжілістеріне жеткіз! Аллаһым!
• Анадан туғандай таза күйде Өзіңе жүз бұруымыз үшін Саған жалбарынамыз.
• Бізді ізгі құлдарыңнан ете гөр!
• Амал дәптерімізде үздіксіз сауап жазылатын істерден болуын, Наим жәннатының мұрагерлерінен болуымызды Өзің нәсіп ет!
• Ата-анамызды Өзің кешір!
• Ұстаздарымызды рахымыңмен қамты!
• Қабірде жүзімізді қара қылма,Аллаһым!
• Бұл дүниеде ішкеніміз – зәм-зәм, ақыретте – кәусар болсын!
• Бұл дүниеде жүрер жолымыз – хидаят, ақыретте – сырат болсын!
• Бұл дүниеде алғанымыз – көркем мінез, ал ақыретте – құтылу болсын!
• Бұл дүниеде кірген жеріміз – Мекке-Мәдина, ақыретте – Жәннатул Ағла болсын!
• Бұл дүниеде зияраттарымыз – Бәйтуллаһ, Раузаи Мутаһһара, Құддыс Шәриф, Арафат, Мина және Мұздалифа, ақыретте – пайғамбарлардың мәжілісі болсын!
• Бұл дүниеде назарымыз – Кітабың, ақыретте – Жамалың болсын!
• Екі дүниеде де тақуа, ізгі амал және көркем мінез серігіміз болсын!
• Ұрпақтарымыз бұл дүниеде көз қуанышы, ақыретте – құрмет тәжін киюші болсын.Аллаһым!
• Дастарханымыз – ілім, сұхбаттасымыз – ғалымдар болсын!
• Бұл дүниеде достарымыз – ақиқат жолындағылар мен ғаріп-міскіндер, ақыретте – пайғамбарлардың қауымы болсын!
• Дүниеде құрметпен өмір сүріп, өлімде шәһид болып, қайта тірілуде есепсіз жәннатқа кіруімізді нәсіп ет,Аллаһым!
• Мұхаммед үмбетіне құрметін қайтарып бер, қайтарып бер, қайтарып бер,Аллаһым!
• Өзің – Құдіретті һәм шексіз күш иесісің,** Аллаһым!Әмин! Әмин! Әмин!
Сізде “әмин” деп айтыңыз!!!
**Жүректер сынғанда шу естілмейді, бірақ көптеген азап пен қайғы пайда болады.
📚** Бақытқа жетелейтін хикметтер
Репост жасаймыз: https://chat.whatsapp.com/E2RugtaUP0o0N8lYoJoq4x
Бай бай емес, егер байлығының одан әрі көп болуын қаласа. Өйткені байлық пенденің қанағатында болады.
Бір күні Ибрахим ибн Әдхамға бір кісі келіп: “Ей Әбу Исхақ, мына киімді саған хадия еткім келеді”,-депті.
Әбу Исхақ: Егер бай болсаң хадияңды қабыл еттім, егер кедей болсаң онда қабыл ете алмаймын”,- депті.
Ол кісі: Мен баймын деген екен, Әбу Исхақ оған: Сенің қанша ақшаң бар,-деп сұрақ қойыпты. Ол: Екі мың динарым бар,-депті. Сол екі мың динарың 4 мың болғанын қалайсың ба?!-десе, иә қалаймын-,деп жауап беріпті.
Сол кезде Әбу Исхақ: Онда сен бай емес екенсің,-деп жауап қайтқан екен.
♻️Бұл жаңанадан ашылған канал. Қолдау мақсатында достарыңызбен бөлісе отырыңыздар!??✊
Рухани өсуге ықпал ететін зікір түрлері
Зікірдің пайдасы
• Жүректі тыныштандырады: “Ала би зикриллаһи татмаиннул-қулуб” (Рағыд сүресі, 28-аят).
• Күнәларды жояды.
• Аллаға жақындатады.
• Ішкі дүниені тазартып, рухани тепе-теңдік береді.
Күнделікті аз болса да, зікірді тұрақты орындау – рухани өсудің ең тиімді жолдарының бірі.
**الصلاة خير من النوم
Намаз ұйқыдан жақсы!**
Адамдар 3 түрлі:
1 Қорек сияқты. Өйткені оған барлығымыз мұқтажбыз.
2 Дәрі сияқты. Өйткені барлық аурулар оған мұқтаж болады.
3 Ауру сияқты. Адамдар оны қаламайды( жек көреді).
Күнәні тастаудың ең оңай жолы ол күнәдан қашып, оны жасамауға тырысып жүру емес.
Жәй ғана Аллаға жақындаңыз, тілімізден зікір түспесін, сізге күнәлар өз өзінен жиіркенішті бола бастайды.
Хадисте келгеніндей, “өзімізді жарты құрма садақа етіп болсын тозақтан құтқарайық”.
Бұл дүниедегі жаздың ыстығына шыдай алмай жатқан біз, тозақтың отына қалай шыдар екенбіз (Алла сақтасын???)
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.