Насихаттан құр қалма!

Description
Құран және хадис, сонымен қатар саңлақ сахабалар мен атам қазақтың және басқа да батыс елдеріндегі дана кісілердің насихаттарынан үзінді.

Админ: Абдулла Құрахмет
Тикток: https://www.tiktok.com/@saual_zhauap?_t=8lKXoNuktzq&_r=1
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

1 month ago

Бай бай емес, егер байлығының одан әрі көп болуын қаласа. Өйткені байлық пенденің қанағатында болады.

Бір күні Ибрахим ибн Әдхамға бір кісі келіп: “Ей Әбу Исхақ, мына киімді саған хадия еткім келеді”,-депті.
Әбу Исхақ: Егер бай болсаң хадияңды қабыл еттім, егер кедей болсаң онда қабыл ете алмаймын”,- депті.
Ол кісі: Мен баймын деген екен, Әбу Исхақ оған: Сенің қанша ақшаң бар,-деп сұрақ қойыпты. Ол: Екі мың динарым бар,-депті. Сол екі мың динарың 4 мың болғанын қалайсың ба?!-десе, иә қалаймын-,деп жауап беріпті.
Сол кезде Әбу Исхақ: Онда сен бай емес екенсің,-деп жауап қайтқан екен.

1 month ago

♻️Бұл жаңанадан ашылған канал. Қолдау мақсатында достарыңызбен бөлісе отырыңыздар!🤲🏻

1 month, 1 week ago

Рухани өсуге ықпал ететін зікір түрлері

  1. Таңертеңгі және кешкі зікірлер
    Таңертең және кешкі уақытта оқылатын зікірлер сізді жамандықтардан қорғайды және жүрегіңізді бекемдейді. Мысалы:
    “Аятуль-Курси” (Бақара сүресі, 255-аят)
    “СубханАллаһи уа бихамдиһи, СубханАллаһил-’Азым” (Мағынасы: “Алла кемшіліктен пәк, әрі оған барлық мадақтар лайық”).
  2. “Лә иләһа иллАллаһ”
    Бұл зікір – иманның өзегі. Оны жиі қайталау рухани тазалыққа апарады.
  3. Алланың 99 көркем есімдерін қайталау
    • “Әл-Ғафур” (Кешірімді),
    • “Әр-Рахман” (Аса Мейірімді),
    • “Әл-Хаким” (Даналық Иесі) сияқты есімдерді айту жүрекке тыныштық береді.
  4. Салауат айту
    Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ) салауат айту да зікірге жатады:
    “Аллаһумма салли ала Мұхаммадин уа ала әли Мұхаммад”.
  5. Қарапайым зікірлер
    Төмендегі зікірлерді әр уақытта айтып жүруге болады:
    СубханАллаһ (Алла пәк);
    Әлхамдулилләһ (Барлық мадақ Аллаға);
    Аллаһу Акбар (Алла ұлы);
    Лә хаула уә лә қуәтә иллә билләһ (Күш-қуат тек Алладан).
  6. Дұғалар арқылы зікір
    “Раббана атина фи-ддунья хасана уа фи-л-ахирати хасана уа қина азабан-нар” (Бақара сүресі, 201-аят).

Зікірдің пайдасы

• Жүректі тыныштандырады: “Ала би зикриллаһи татмаиннул-қулуб” (Рағыд сүресі, 28-аят).
• Күнәларды жояды.
• Аллаға жақындатады.
• Ішкі дүниені тазартып, рухани тепе-теңдік береді.

Күнделікті аз болса да, зікірді тұрақты орындау – рухани өсудің ең тиімді жолдарының бірі.

3 months, 2 weeks ago

**الصلاة خير من النوم

Намаз ұйқыдан жақсы!**

3 months, 3 weeks ago

Адамдар 3 түрлі:
1 Қорек сияқты. Өйткені оған барлығымыз мұқтажбыз.
2 Дәрі сияқты. Өйткені барлық аурулар оған мұқтаж болады.
3 Ауру сияқты. Адамдар оны қаламайды( жек көреді).

5 months, 2 weeks ago

Күнәні тастаудың ең оңай жолы ол күнәдан қашып, оны жасамауға тырысып жүру емес.

Жәй ғана Аллаға жақындаңыз, тілімізден зікір түспесін, сізге күнәлар өз өзінен жиіркенішті бола бастайды.

6 months, 1 week ago

Хадисте келгеніндей, “өзімізді жарты құрма садақа етіп болсын тозақтан құтқарайық”.

Бұл дүниедегі жаздың ыстығына шыдай алмай жатқан біз, тозақтың отына қалай шыдар екенбіз (Алла сақтасын???)

6 months, 1 week ago

Ассаламу алейкум

Алланың нұры жауғай баршаңызға???

Жұма берекелі болсын.

6 months, 2 weeks ago

Сәттілік - бұл дұрыс уақытта дұрыс жерде болу. Бірақ мұны істеу үшін сіз бірнеше рет дұрыс емес уақытта дұрыс емес жерде болуыңыз керек.
Жалқауларға Алла сәттілік жібермейді

6 months, 3 weeks ago

Бір күні Абу Дарда разияллаһу анһу көшеде, күнә жасаған бауырын ұрысып сөгіп жатқан адамдарды көреді. Сонда оларға қарап: "Егер осы бауырларың, құдыққа түсіп кеткенін көрсеңдер, оны құтқарып алатын едіңдер ме?" -деп сұрады. Сонда олар "Әрине" деп жауап берді.…

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.