Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

«Otandastar Qory»

Description
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Advertising
We recommend to visit

Ассалому Алайкум!

Сиз «Тезкор Хабарлар» (@tezkorxabarlar) расмий каналидасиз.

Каналимизда юртимиз ва дунёда рўй бераётган энг сўнгги янгиликлардан ва ибратли маърузалардан хабардор бўлинг.

Реклама: @sifatliuzb

Last updated 3 days, 5 hours ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @lidernew

Last updated 1 week ago

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша

Жарнама бойынша: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 1 month, 1 week ago

1 week, 2 days ago
Екі күн бұрын Бішкек төрінде өткен …

Екі күн бұрын Бішкек төрінде өткен іріктеу турнирде өзбекстандық балуан Ақтеңге Кеу­нимжаева Олимпиада жолдамасын ұтып ал­ды. Мұны тарихи сәтке балаған Өзбекстан мен Қа­зақстан журналистері бұл жаңалықты әлі күн­ге дейін жарыса жазып жатыр. Бұған себеп – Ақтеңге – Өзбекстан тарихында әйелдер күре­сі­нен жолдама иеленген алғашқы спортшы. Бәсі биік додада қарсылас шақ келтірмеген 24 жас­та­ғы Ақтеңге жарыс аяқталған соң қазақстандық жур­налиске шағын сұхбат беріп, өзінің ұлты қа­зақ екенін әрі бірсыпыра жетістігін айтып өт­кен еді. Осы орайда “Turkistan” газетінің тілшісі ол туралы деректі өз аузынан естігенді жөн көріп, Ақтеңгенің өзіне хабарласқан екен.

📰Сұхбаттың толық нұсқасын https://turkystan.kz/article/242645-zbekstanda-yelder-k-resinen-t-ysh-olimpiada-zholdamasyn-ielengen-a-te-ge сілтемесіне өтіп оқи аласыздар🙌

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar

1 week, 5 days ago

Құрметті отандастар! Назарларыңызға маңызды жаңалықтар топтамасын ұсынамыз.

🔹Данияр Рамазанұлы Қадыров «Отандастар Қоры» КЕАҚ президенті лауазымына тағайындалды
🔗: https://oq.gov.kz/news/1050

🔸«Отандастар қоры» мамандары Еуразия ұлттық университетінде білім алып жатқан қандас студенттермен кездесті
🔗: https://oq.gov.kz/news/1057

🔸Отандастар қорының ресми Telegram бот-көмекшісінің ашылғанын хабарлаймыз!
🔗: https://oq.gov.kz/news/1060

🔹2024 жылдың басынан бері 4,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
🔗: https://oq.gov.kz/news/1056

🔸Қазақ қызы Өзбекстан құрамасына тарихи Олимпиада жолдамасын сыйлады
🔗: https://oq.gov.kz/news/1051

🔹Алыстағы ағайын көмек қолын созды
🔗: https://oq.gov.kz/news/1053

🔸Жетісулық қандастар қор жинап, Құлсарыға 10 киіз үй жіберді
🔗: https://oq.gov.kz/news/1052

🔹Қандастарды қуантатын құжат
🔗: https://oq.gov.kz/news/1036

Осы және басқа да жаңалықтарды https://oq.gov.kz/ cайтынан оқи аласыздар!#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar

1 week, 6 days ago
2 months, 1 week ago

Бүгін Астана қаласында «Отандастар Қоры» кеңсесінде «Ұлы Дала» сериясымен жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өтті📚

Жоба Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ Қазақстан Жазушылар Одағымен @zhazushylar_odagy бірлесе отырып, шетелдегі қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларын, сондай-ақ шетелдегі қазақтар мен ұлттық мұрамыз туралы еңбектерді Атажұрттағы оқырманға таныстыру мақсатында былтыр қолға алынды.

Арнайы байқау жарияланып, құрамында білікті мамандар мен қаламгерлер енген Қазылар алқасы құрылды. Аталған қазылар алқасының іріктеуінен өткен 10 кітап алғашқы лекпен оқырманға жол тартты. Бұлар – Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қытай елдеріндегі қазақ қаламгерлерінің бұрын елімізде жарық көрмеген еңбектері. Оның ішінде өлеңдер жинағы, көркем проза, тарихи-танымдық зерттеу, естеліктер бар.

«Отандастар Қоры» КЕАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы тұсаукесер ашылуында:
«Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін шетелде туып, өзі өскен жерлерде қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға үлес қосып жүрген қаламгерлердің шығармашылығына назар аударыла бастады. Бұрын шетте өмір сүрген жекелеген ақын-жазушы, ғалымдардың аты ғана атажұртына белгілі болса, енді олардың жазғандары тарихи Отанында танылуына кең жол ашылды. Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығы, Қазақстан Жазушылары одағының қолдауымен олардың кітаптары шығарылып, шығармашылық кештері өткізіліп жатты. Бұл дүниежүзіндегі бар қазақтың рухани бірлікте өмір сүргенінің айғағы еді. Енді бұл үдеріс «Отандастар қорының» «Ұлы Дала» сериясымен жалғасын тауып отыр» - деп жобаның маңызына тоқталды.

Алқалы жиынға Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласындағы филиал басшысы Дәулеткерей Кәпұлы, белгілі түрколог, ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы және «Ұлы Дала» сериясымен жарыққа шыққан кітап авторлары қатысты.
Үздік шығармаларды анықтауға арналған байқау биыл да жарияланып, қандастарымыздың жарыққа шығатын кітаптар қатары арта түспек.

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar

2 months, 1 week ago

НАО «Фонд Отандастар» объявляет о запуске проекта «Дәстүрлі қоржын», направленной на поддержку казахско-культурных центров за рубежом🔥

📌В рамках проекта предоставляются национальные инструменты, одежда в национальном стиле, книги и другие предметы для казахско-культурных организаций за рубежом, способствующих популяризации национальных ценностей:

В проекте могут принимать участие казахские культурные центры за рубежом и организации (официально зарегистрированные) связанные с казахской диаспорой ;

Заявки принимаются на электронную почту otandastarqory01@gmail.com, где нужно обязательно указать запрашиваемые базовые материальные ценности для культурного центра (такие как: государственный флаг, домбра, специально украшенная тюбетейка).

❗️ Срок подачи заявок: до 22 марта
Для информации: В 2023 году в рамках проекта «Қоржын» Обществом было вручено 100 государственных флагов РК, 390 национальных костюмов и 84 национальных инструментов 26 казахско-культурным центрам, находящихся за рубежом.

2 months, 1 week ago

«Отандастар қоры» КеАҚ (бұдан әрі Қоғам) - Шетелдегі қазақ - мәдени орталықтарын ұлттық киіммен, ұлттық музыкалық аспаптармен және қолданбалы өнермен қамтамасыз ететін «Дәстүрлі қоржын» жобасына өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды.🔥

🖇️Қоржында қазақы құндылықтарымызды дәріптеп, ұлтқа қызмет етіп жүрген шеттегі қазақ-мәдени ұйымдарға арналған ұлттық аспаптар, сапасына сәні жарасқан ұлттық нақыштағы киімдер, кітап және басқа да бұйымдар бар.

📌Өтінім білдірушіге қойылатын басты талаптар:

Шетелдегі қазақ мәдени орталықтары және қазақ диаспорасымен байланысты ұйымдар ( ресми тіркелген ұйымдар)өтінім білдіре алады;
«Отандастар» Қоғамының otandastarqory01@gmail.com эл.почтасына арнайы өтініш хат жазу;(өтінімде қазақ мәдени орталығына қажетті базалық материалдық құндылықтарды көрсету. Мысалы: мемлекеттік ту, домбыра, үкілі тақия т.б)

❗️ Дедлайн 22 наурызға дейін

Ақпарат ретінде: Қоғам 2023 жылы «Қоржын» жобасын іске асыру барысында 10 елдегі 26 қазақ - мәдени орталыққа 100 дана – ҚР Мемлекеттік туы, 390 дана – ұлттық киімдер және 84 дана – ұлттық саз аспабын табыстады.

2 months, 2 weeks ago
«Otandastar Qory»
2 months, 2 weeks ago
«Otandastar Qory»
2 months, 2 weeks ago
«Otandastar Qory»
2 months, 3 weeks ago

Бүгін қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің туған күні!
Жасанды интеллектің көмегімен ақынды өз дауысымен сөйлетіп көрдік😍

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar

We recommend to visit

Ассалому Алайкум!

Сиз «Тезкор Хабарлар» (@tezkorxabarlar) расмий каналидасиз.

Каналимизда юртимиз ва дунёда рўй бераётган энг сўнгги янгиликлардан ва ибратли маърузалардан хабардор бўлинг.

Реклама: @sifatliuzb

Last updated 3 days, 5 hours ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @lidernew

Last updated 1 week ago

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша

Жарнама бойынша: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 1 month, 1 week ago