Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
Мен өмірімдегі қымбат жандарды мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы жанымда ұстауға тырысып, өмірді драматизациялауды қойдым. Мен сүйіспеншілікпен қоштасуды үйрендім, өйткені бір нәрсеге көз жеткіздім: сенің қасыңда болғысы келмейтін адамды ұстап қалудың пайдасы жоқ. Олар бәрібір өз аялдамасында түсіп қалады.
Мен бір ережені жақсы түсіндім: кез келген оқиға, тіпті бастапқыда жағымсыз болып көрінгенімен, егер оны шындық ретінде қабылдасаң және оған аздап алғыс білдірсең, өміріңді ең керемет түрде жақсартады.
Адамдардың әділетсіз қарым-қатынасынан уайымдауды қойдым, өйткені сен періште болсаң да, сенің қанатыңның дыбысы ұнамайтын біреу бәрібір табылады.
Жүрегім күшейіп, тынышталды. Ол шексіз сүюден ауырмайтын болды. Енді ол ешқандай сыйақы күтпей-ақ сүю қабілетіне ие.
Алайда кейде өткендегі өзіме деген сағыныш келеді — сол наивті, аңқау, барлық желдерге ашық, осы дүниеге таңданыспен қарап, әр адамнан тек жақсыны көретін өзімді сағынамын.
Сол кезде жақын адамның сатқындық жасай алмайтынына, ал жақындардың бөтенге айналмайтынына шын жүректен сенген едім.
Мен тек жанымның тереңінде бұрынғы өзімді қатты сағынатынымды түсінемін.
“Теңіз түсті махаббатым”
Уақыттан асқан ұры жоқ
Егер проблемадан эмоцияларды алып тастасақ ол жәй ғана проблема болып қалады.
“Өзіне періште қыз қалайтын ер азаматтар періштелер тозақ
өмір сүрмейтінін білсе екен.
Сен нағыз махаббатты адам жаныңнан кеткенде жүрегің тілініп, кеудең тыныштық таппайтын уақытта сезінесің. Оны қолыңмен, ерніңмен ғана емес, жүрегіңмен де сезінгің келеді. Оның жанында болғанда ғана шынайы тыныштық табасың. Кеудесіне басыңды қойып, сырттағы әлемнің у-шуына қарамастан, еркін тыныстап, терең ұйқыға бата аласың.
Нағыз махаббат қандай деп сұрайтындарды түсінбеймін. Оны танып алу оңай, оны басқа еш нәрсемен шатастыра алмайсың. Бұл — ен даладағы суық орманда адасып жүріп, өзіңнің үй ошағыңа қайтып келгенмен бірдей.
“Теңіз түсті махаббат”
Жамал Жақсытай
Жүрегің жетектеген жақтан ешқашан тайма. Өмірдің ең шынайы жолы сол жақта…
Күз ол - жылулыққа құмарлық. Дәл осы мезгілде ең әдемі көрпе сатып алып оны кофемен байланыстырғың келеді. Иісі ең әдемі майшам алып, нәзік құмыраға салынған гүлмен табыстырғың келеді. Оған қоса ол гүл - сен күткен адамнан болу қажет. Дәл осы мезгілде терезеге тамшылаған жаңбырға қарау - басқаша сезім береді. Дәл осы мезгілде сүйгеніңмен өткізетін романтикалық кештерді аңсайсың. Дәл осы мезгілде махаббатқа ерекше ашықсың (зәрусің) . Келісесің бе?
«Теңіз түсті махаббатым»
© Жамал Жақсытай, 2021
- Мүлде кездеспегеніміз дұрыс еді
- Онда өмірде махаббат барын мүлде білмей өтер едік
«Теңіз түсті махаббатым»
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.