svnzhvr’s diary

Description
не люблю фальшивых
Advertising
We recommend to visit

⚡️Все самое важное в одном канале. Новости России и Мира

Предложить новость: @pryamoy_bot
Обратная связь: @rob_lower

№ 4930801491

Last updated 1 day, 7 hours ago

Главные Новости РИА t.me/rian_ru

Авторы канала - наши корреспонденты в России и за рубежом. Мы рассказываем о том, что видим сами.

Заявление №4950718996

Last updated 3 days, 18 hours ago

Эруктации информпространства России и ее Окраин.

📈 Открытая статистика канала на TGstat или в телеметре.

Реклама: @smi_reklama

Last updated 1 month, 2 weeks ago

10 months, 2 weeks ago

"Өмірде дос табу үшін өмірді расымен де сүру керек.Телефонға телміріп, шұқылап отыра бермей, жан-жақты даму керек, қыдыру керек, шығу, көру керек. Араласу керек, группаластармен, әріптестермен, сыныптастармен. Ел-жер аралап, түрлі жерге барып, түрлі адаммен таныссаң, самодостойный адам болсаң, өзі ақ табылады дос деген.

Как минимум сауна, баняға бару керек. А так күшті кеңес."

Мына арнадан алдым.

10 months, 2 weeks ago

Мен үшін Супербоулдағы ең үздік орындаулар:

  1. Кэти Перри
  2. Шакира & Джей Ло
  3. Coldplay
  4. Dr. Dre, Eminem, Kendrick Lamar, 50 cent, Snoop Dogg
  5. Леди Гага
  6. Бейонсе & Бруно Марс
  7. Джастин Тимберлейк
  8. Maroon 5
  9. Рианна
  10. Мадонна
10 months, 2 weeks ago

Кеше түнде Ашер (Usher) Супербоулда өнер көрсетті. Супербоул дегеніміз АҚШтағы футболдың ұлттық лигасы. Таймдар арасындағы үзілісте жыл сайын бір әнші сахнаға шығып, хиттерін айтады.
Ашердің енді кем дегенде "Yeah!" деген әнін естіген боларсыңдар.

Критиктер Ашердің қойылымын мақтағанымен, рейтингі төмен болды.

10 months, 3 weeks ago

осы неге менім деп жазатындарды атып өлтіргің келеді?

10 months, 3 weeks ago

Өмірлі. "Менің" деген дұрыс екенін біле тұрам "Менім" деп тәлпіштеніп жазатындар, сауатсыз көрінгендерін күшті санай ма?((

10 months, 3 weeks ago

Тәуелсіздік алғалы 33 жыл, бірақ "Қазақ Ұлттық университетінің" әскери кафедрасы толықтай орыс тілінде ?

11 months ago

Поп-музыка патшайымы
Гиннес рекордтар Кітабына "Тарихтағы Ең табысты әнші әйел" атымен енген. 1983 жылы дебют алған Мадж өзінен кейінгі әнші әйелдерге ықпал етті. Ұяттан бұрын туылған ол және оның клиптері MTV телеарнасының тарихындағы ең бір ажырамас бөлігі болып қалды.

Мадонна деген атты естіген кезде ойға Иисустің шешесі емес, осы әнші келеді. Музыкалық карьерасын поп-музыка кантри-музыканы ысыра бастаған уақытта келді. Ол өткен ғасырдың соңғы екі он жылдығында үздік әйел әнші болды. Бірақ менің ойымша, 1980 жылдары оған тең келетін ешкім болмаса да, 1990 жылдары оған бәсекелес болатын бірнеше әншілер шоу-бизнеске келді: Мэрайя Кэри, Уитни Хьюстон, Селин Дион және Джанет Джексон. Соған қарамастан Мадонна 2000 жылдарың да үздік әншілер қатарына кіреді. Оның культке айналған "Confessions on a Dance Floor" альбомындағы және 2005 жылы жарық көрген "Hung Up" синглі әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ.

1983-2000 жылдар аралығында Мадонна оннан астам альбом шығарды. Соның бірі аты аңызға айналған әрі Billboard 200 альбомдар чартында #1-орынға ие болмаған, 1998 жылы жарық көрген -- Ray of Light. Өзім үшін осы альбомы екінші үздік. Бұрынғы альбомдарының дыбысы, өлеңдері ұнамаған. Себебі ол альбомдары менен 10-20 жасқа үлкен).

2008 жылы шыққан "Hard Candy" альбомы соңғы табысты альбомы болды. Бұл альбомда ол Джастин Тимберлейк және Timbaland сынды 2000-жылдың үздік хитмейкері және продюссерімен жұмыс жасап, дуэт те жазды. Дуэт "4 Minutes" хитқа айналды.
Одан кейін 2012 жылы "MDNA", 2015 жылы "Rebel Heart", 2019 жылы "Madame X" альбомдары жарық көрді, бірақ бұлар табысты болмады.

Мадоннаны кумирі деп Леди Гага, Кэти Перри, Майли Сайрус, Адель, Пинк, Бритни Спирс айтқан. 2003 жылы MTV VMA-да Мадонна, Бритни Спирс және Кристина Агилармен сахнада "жанжалды" өнер көрсетті. Ол өлең айтып болған соң, екі қызды кезек-кезек ернінен сүйді. Америка ол кезде гомофобтық ел болғаннан кейін бұл көрініс ұзақ уақыт талқыланды.

Поп-музыка патшайымының жеке өмірі де БАҚ-та көп талқыланды. Ол Шон Пенн және Гай Ричимен тұрмыста болды. Тупак және Малума сынды жас әншілермен "роман" болған. Мадонна интервьюінде өзіне жас жігіттер ұнайтынын айтқан. Ерке Есмахан 2.0
Ол бірнеше рет киноға да түсіп үлгерген және "Алтын Таңқурай" антипремиясында "Ең нашар рөл" номинациясын жеңіп алған.

Мадоннаның өнері дінмен, эротикамен және саясатпен тығыз байланысты. Қазір ол 65 жасында турында жүр. Дәл Тейлор Свифт сияқты барлық эраларындағы үздік әндерімен әлемдік турда өнер көрсетуде.
Негізі Мадж жайлы өте көп нәрсе айта беруге болады. Себебі:
Мадонна = эпатаж, жанжал, драма, провакация, дін, эротика.

Мен үшін поп-музыка патшайымының топ-5 әні:
1. Hung Up
2. Frozen
3. La Isla Bonita
4. Material Girl
5. Bitch Im Madonna / Music

Ал сіз үшін?

11 months ago

идеализировать еткен адамыңа жақын болған сайын, одан алшақтай бастайсың

11 months ago
svnzhvr’s diary
11 months ago
Не үшін Леди Гага феномен? Негізі …

Не үшін Леди Гага феномен? Негізі былай қарап отырсам көп танымал әншілер буллинге ұшыраған. Соның бірі Стефани Джерманотта. Ол университет қабырғасында оқып жүрген кезінде курстастары қоқыс жәшігіне тастаған және Facebook-та "Стефани Джерманотта, сен ешқашан…

We recommend to visit

⚡️Все самое важное в одном канале. Новости России и Мира

Предложить новость: @pryamoy_bot
Обратная связь: @rob_lower

№ 4930801491

Last updated 1 day, 7 hours ago

Главные Новости РИА t.me/rian_ru

Авторы канала - наши корреспонденты в России и за рубежом. Мы рассказываем о том, что видим сами.

Заявление №4950718996

Last updated 3 days, 18 hours ago

Эруктации информпространства России и ее Окраин.

📈 Открытая статистика канала на TGstat или в телеметре.

Реклама: @smi_reklama

Last updated 1 month, 2 weeks ago