Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
Кітапқа тапсырыс беру үшін!?
https://kaspi.kz/shop/p/d-ulet-zhadyrasyn-ty-ylma-oinamaimyn-121095641/?ref=shared_link
Kaspi Магазин
Купить Книга Дәулет Жадырасын: ТЫҒЫЛМАҚ ОЙНАМАЙМЫН в Алматы – Магазин на Kaspi.kz
Kaspi Магазин - Книга Дәулет Жадырасын: ТЫҒЫЛМАҚ ОЙНАМАЙМЫН в рассрочку, кредит, с Kaspi Red или Kaspi Gold. Цены, характеристики, отзывы, доставка по Алматы.
Қорқамын
(Сақташы, Құдай, ол қызды мұңнан,
Бар оның ізгі арманы).
Қорқамын сенің жалғыздығыңнан
Жанымда отырғандағы.
Сезім де терең тілсіз білінген,
Тыныштық - жанның арманы.
Қорқамын бірақ үнсіздігіңнен
Жанымда отырғандағы.
Жасқанба тіпті жылап қалудан,
Жұбату - жардың арманы.
Қорқамын сенің жырақтауыңнан
Жанымда отырғандағы.
Д. Жадырасын
Мүшәйра! Мүшәйра! Мүшәйра!
Жүлде қоры өте қомақты!
“Ешкімнің” нешеме жылдығына арналған республикалық мүшәйраға қатысуға шақырамыз!
Өлең көлеміне шектеу жоқ: поэма, баллада, толғау, қара өлең, ақ өлең, тіпті “жоқ” өлең болса да қабылданады.
Өлеңдерді қабылдау уақыты: 20 мамырға дейін.
Звоноктарды қабылдау уақыты: 19 мамырға дейін.
Мүшәйраға еліміздің барлық аймағынан 18-♾️ жастағы есімі елге танылып қойған және қазылар алқасымен тығыз қарым-қатынастағы ақындар қатысады.
Бас жүлде - 2,5 млн. теңге (мерейтойы жақындаған тұлғаларға немесе осыдан төмен орындарды алып көрмеген және алмайтын қаламгерлерге арналған)
Бірінші орын - 1,5 млн. теңге (мүшәйраға өлеңдер қабылдау басталған күні әділ қазы ағасына қоңырау шалып көңілін тапқан пысық жазармандарға арналған)
Екінші орын - 1 млн. теңге (әдемі күлкісі мен “жақсы” қарындас бола алғаны үшін нәзік жандыларға арналған)
Үшінші орын - 500 мың теңге (барып кел-шауып келге қолайлы ботақандар үшін)
Ынталандыру (бесеу) - 300 мың теңге (мүшәйра қорытындысынан соң әлеуметтік желіде байқаудың әділ өткені жайлы, барған өңірінің әсем табиғаты, қонақжай халқы, ұйымдастыру деңгейі жайлы жылы пікір білдіретін, сондай-ақ ұлы тұлға Ешкім туған өлкеде оның ізбасарларын көре білетін жандарға арналған).
Ескерту: Мүшәйрада “жоқ” өлеңдер де жүлдеге ие болатындықтан, жеңімпаз жырлардың барлығы жұрт назарына ұсынылмайды.
Кітап жайлы
Бұл кітап менің (бәлкім, сіздердің де) балалық шақтан ересек өмірге өту кезеңіндегі сан түрлі өзгерістер мен құбылыстарға ұшырасып, бастан кешірген сезімдерімнің өлеңге айналған бейнесі.
Тағдырдың өзі тақырып тауып берді, мен соны жаздым.
“Өлең деген өсекші жұртқа жаяр” демекші, бүкіл жан сырыңды параққа сыйдырып оқырманға ұсыну оңай нәрсе емес екен. Білгенін һәм білмегенін қалайтын өз құпияларым бар. Бірақ оқырман алдындағы қаламгердің басты жауапкершілігі шынайылықтан басталу керек деп, “тәуекел” еттік.
“Сен жоқ қала көріксіз” (с) Әсел Кәрібай
Бұрын анам қалаға кеткен кезде өзімен қара шаңырақтың көркін бірге ала кететін. Анам жоқ үйде уақыт баяу жүретін, әрбір мүлікке дейін сұрықсыз кейіпке еніп, еңсені езе түсер еді.
Кеше Ол (қыз) басқа қалаға сапарлап кетті. Өзімен бірге бәрін ала кетіпті, тек маған қалдырғаны - Сағыныш.
Астананың көшелерін кезіп, көңіл алданарлық түк таппай үйге қайтып келдім. Иә, ол өзімен бәрін ала кеткен екен.
Тез орал, саяхатшым?
«ҚҰДІРЕТТІ ЕРЛЕР»
(микропоэма)
Бойжетті ару, құлпырды дүние.
Құлпырған дүние, сәл іркіл.
Жаңғырттың мұнша күлкіңді неге?
Төбеңнен төніп Тәңір тұр.
Сәл іркіл, сұлу, аялда енді,
Үзбесін сенен көп күдер.
Бой жетіп қалдың, боянған өңді
кез келді кімге өптірер.
Ауылыңды тап «желегің» барда,
Ауыр жүк түссін иықтан.
Ең Мейірімді, Ең Әділ Алла
Бәріне қосақ бұйыртқан.
«Қашпауың керек еді ғой Онан.
Қалдырма іңкәр көңілін.
Бақ қонсын саған, жар болсын Тобаң,
Бақытты ет барып өмірін!»
Ай-Күн аманда неге жыладың?
Жұртыңа болма «жексұрын».
Көктегі Тәңір береді бәрін,
Көтере білсең көп сынын.
Көрсетпе жасты төркінге келіп,
Көрмесін әкең мұныңды.
Сүю дегенің – серт. Үндемедік.
Қатындар, шіркі-і-ін, бұрынғы!
Одан да жаяр «өркеніңді» ойла,
Басылмай жүр-ау желігің.
Ертеңіңді ойла, еркегіңді ойла,
Еркелеп өскен елігім!
«Жібермеу керек сын-сөзді желге,
Сақтауың керек еді ғой...
Қайтпауың керек еді ғой елге,
Айтпауың керек еді ғой!»
Бүліндік талай, сүріндік талай,
Сызат та, Құда-а-ай, сырқат па?!
Біз көрген шақтан күнің тіпті оңай,
Не жетпейді осы ұрпаққа?
«Жаны» бар ердің «қолы» болады,
Қол қол ма енді «тимесе»?
Жылаудың, еркем, «жөні» болады,
Сабай ма
сені сүймесе?
«Сынақ та - сезім, сызат та – сезім!
Қатындар, шіркі-і-ін бұрынғы!
Көгермеу керек еді ғой көзің...
Көрсеттің бекер шыныңды...»
Қозғалшы бір сәт, құлпырған дүние,
Күттірме бұлай жұртыңды!
Жұлқынған дене, бұлқынған дене,
Соңғы рет қана бұлқынды.
Тарқатты солай бір «берік» сырды,
Денесі кімнің түршікті?!
Тас болып батты, су болып сіңді,
От болып кірді – күл шықты.
«Жетілмей қалған екен ғой санаң,
Әйелдің емі – ері ғой.
«Емделу» керек еді ғой саған,
Өлмеуің керек еді ғой!»
«Емделу керек еді ғой, жаным,
Өлмеуің керек еді ғой.
Ұқпасаң осы дүниенің заңын,
Келмеуің керек еді ғой!»
P/S:
Құны кеткендер, ғұмыры өткендер,
Нәзік едіңдер неге тым?
Сендер пәксіңдер, Құдіретті Ерлер!
Олар ғой өле беретін.
Дәулет Жадырасын
Саған дейін
Құдай-ау, қалай сүргем осы өмірді?
Үй күңгірт, жұмыс қатал, көше мұңды.
(Бүгінің қайталаса кешегіңді,
Неліктен жинау керек төсегіңді?!)
Құдай-ау, қалай сүргем осы өмірді?
Оятқыш, ванна, таңғы ас, киім сәнді,
Қорқатын есептеуге тиын соңғы.
Аялдама, автобус, талас-тартыс,
Қол қысқа, ойың “озық”, миың сорлы.
Жолығар жолдар, жүздер таныс тағы,
Өткенмен бара жатсың қауышқалы.
Білім бар бүгініңе жеткілікті,
Дінің бар жүрегіңде ауыспалы.
Күнде осы көретінің, әлем де осы,
Әлемің көрінеді “көлемде” осы.
(Бүгінің қайталаса кешегіңді,
Керек пе адамдармен сәлемдесу?!)
Ырықсыз тағдырың бар жел көшірген,
Құлайсың (шығармайсың Жерді есіңнен).
Құдай-ау, қалай сүргем осы өмірді?
Құдай-ау, осы өмірді мен бе сүрген?
Елетпей ермеліктен “ермекті” өзге,
Жадау күн жатып алған шел боп көзде.
Жарығым, қалай сүргем осы өмірді,
Қалай мен сүрдім екен Сен жоқ кезде?
Дәулет Жадырасын
“Қыздың баласын кезекпен сүй” деген сөзді жақында естідім. О, қалай сонда?)
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.