Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

Қазақстанның "Ақ жол" ДП Шымкент қалалық филиалы

Description
Advertising
We recommend to visit

QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады

Официальный канал QARMET

Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot

Last updated 1 month, 2 weeks ago

🇰🇿 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі/Агентство РК по финансовому мониторингу
🔷Хроника деятельности АФМ по противодействию теневой экономике и ОД/ФТ
🔷 Телеграм бот: @BAIQApiramidaBOT
🔷 Call-центр: 1458
🔷 e-mail: finmonitoringkz@gmail.com

Last updated 5 days, 12 hours ago

3 weeks, 4 days ago
3 weeks, 4 days ago

Бүгін, 09 сәуір 2024 жылы Шымкент қаласы әкімдігінде тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына "Ақ жол"ҚЖП сайланған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ноян Назарұлы Төлегенов қатысты.
Күн тәртібінде тасымалдаушы мекемелердің әлеуметтік мәні бар қалалық нөмірі №65, №32 және №69 маршруттардың автобусын жаңалау мәселесі қаралды.
Жалпы, “Автоимпульс” ЖШС, “Санжар Моторс” ЖШС және ЖК Абдуганиев тасымалдаушы мекемелер келісім-шартқа сәйкес, ескі автобустардың орнына 21 жаңа автобуспен жаңалау жұмыстары іске асырылып отыр.
Айта кетейік, наурыз айынан бастап №69 бағыттағы жаңа автобустар жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.
Тұрғындар өтінішіне сәйкес, жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде:№9 бағыты, №171, №171А бағыттары,№20 бағыты, №15 бағыты,№21 бағыты,
№19 бағыты, №191 бағыты,№34 бағыты,
№147 (Ақтас) бағыты , №60 және №96 бағыттарына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

3 weeks, 4 days ago

Бүгін, 09 сәуір 2024 жылы "Ақ жол"ҚДП сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мұхтар Асқарұлы Шымыров қала тұрғындарының шағымы бойынша Еңбекші ауданына қарасты "Теріскей" шағын ауданын аралады. Халық қалаулысы алдымен №46 мектеп-гимназияның қасында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуде тұрғындар Шаяхметов көшесінде жаяу жүргіншілерге төселген тротуардың сапасын сынға алды, төселгеніне бір жылға да жетпеген қысқа мерзімнің ішінде брусчаткалары үгітіліп, жол ойылып кеткендігі туралы шағымданды. Сонымен қатар жиналған халық тарапынан жолдарына жылдамдыққа соққы жасайтын құрылғыны орнату қажеттігі туралы, көше бойында орналасқан "Домбыра" композициясына электр монтаждық жұмыстары, жарық сымдары қалай болса солай жүргізілгендігіне , №50 үйдің қасындағы бетоннан жасалған қоршау құлап жатқаны және оны күшейту қажеттігі туралы мәселелерді көтерді. Тұрғындар бұл мәселелерді өз бетінше шешуге қауқарсыз болғандықтан, халық қалаулысынан көмек сұрады. Өз тарапынан Мұхтар Асқарұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға Депутаттық сауал жолдайтындығын түсіндірді. Тұрғындар "Ақжолдық" депутатқа шағымдарын назардан тыс қалдырмай, халықтың мұн-мұқтажын келіп тындағаны үшін ризашылығын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

1 month ago

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРДЫҢ РӨЛІ КҮШЕЙТІЛУІ ТИІС!

ҚР Премьер-Министрі
О.Бектеновке

Қазір ел көп мәселеде депутаттарға жүгінетін болғандықтан, халық сайлаған өкілетті  органның рөлін күшейту - заман талабы.
Бұл өте өзекті мәселені мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың өзі 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады» деп атап өткен болатын.
Халықтың өкілді билікке  сенімін нығайту үшін  мәслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету мақсатында Мәслихат төрағасы лауазымы енгізілді. Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібі өзгертілді.
Бірақ «мәслихат хатшысы» деген лауазым “төрағаға” ауысқаннан, мәслихат төрге шығып, ісі өрге шығып кеткен жоқ.
Шын мәнінде, бүгінде әкімдіктердің мәслихаттарға толық үстемдігі анық, өйткені нақты билік атқарушы тармаққа тиесілі.
Бұл халық сайлаған депутатқа тағайындалған әкімнің үстемдік етуі демократиялық  ұғымға ешқандай сай  келмейді.
Өкінішке орай, жергілікті өкілді органдардың қызметін халықтың көпшілігі байқай алмауда.
Мысалы, Салық кодексінің 696-3-бабында жергілікті мәслихаттарға бөлшек салықтың мөлшерін екі есе азайту құқығы берілген.
Бұл шағын кәсіпкерлердің аяғына тұрып кетуінің мықты тетігі.
Ал мәслихат депутаттары осы құқығын қалай пайдалануда?
Өткен жыл көрсеткендей, мәслихаттардың бұл құқығы, әкімдіктердің рұқсатынсыз жүзеге аспайды.
“Ақ жол” фракциясы салықты төмендету қажеттілігі туралы Үкіметке және облыс әкімдеріне үш рет депутаттық сауал жолдады.
Соның арқасында аймақтардың басым көпшілігінде 2024 жылға арналған бөлшек салық мөлшері төмендетілді.
Осы бөлшек салық туралы пікірталас, жергілікті мәслихаттардың және мәслихат депутаттарының мәртебесі мен уәкілеттілігінің нақтыланбағандығын көрсетуде.
Қағаз жүзінде мәслихаттың уәкілеттілігіне жергілікті бюджетті бекітумен қатар, Салық кодексі бойынша салықтың 6 түріне төлем мөлшерін  бекіту кіреді екен.
Алайда, бұл мәселелердің бәрі қаржымен байланысты болғандықтан, әкімнің рұқсатынсыз мәслихат депутаттары ешнәрсе істей алмайды қазақша айтқанда…
Мәселенің шешімі мәслихаттардың әкімдіктерге тәуелділігін жою жолымен шешілуі тиіс. Мәслихаттың дербес құрамын әкімдіктің келісімімен айқындауды тоқтату қажет. Депутаттарды әкім таңдамай, халық сайлауы қажет!
Мемлекет басшысы, аталмыш Жолдауында «Саяси жаңғыру аясында мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буынына айналуға тиіс. Бүгінде олар жергілікті мемлекеттік басқару әрі жергілікті өзін-өзі басқару институты ретінде гибридті сипатқа ие болып отыр. Сондықтан мәслихаттардың өкілеттігін нақты белгілеу қажет» деп атап көрсеткен еді. Ал билік тармақтары құзыреттерінің тепе-теңдігі ең алдымен бюджетті бекітуге байланысты болуы тиіс.
Еліміздің Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында мәслихат қызметінің негізгі қағидаттары толық ашып көрсетілуі тиіс.
 Яғни, халықтың атынан өкілдік ететін органның Тәуелсіздік, Дербестік, Жариялылық секілді басты тіректері  Заңмен бекітілуі керек.
Мәслихатта мән болмаса, жалпы өкілетті органда оның өкілеттігін  күшейтетін заң болмаса, халық сайлаған депутаттар қалай жұмыс істемек?
Осыған байланысты, құрметті Олжас Абайұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы, 2022 жылғы Конституциялық реформаларда қарастырылған жергілікті өкілді органдардың мәртебесін көтеру аясында, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын жергілікті деңгейде «ықпалды мәслихат – есеп беретін әкім» формуласына жалғастырып, олардың өкілеттіктері аражігін айқындап, мәслихатты әкімдікке тәуелсіз институт ретінде билік тариақтарының тепе-теңдігіне жеткізу  шараларын қарастыру қажет!
Құрметпен,
"Ақ жол" фракциясы мүшелері
Қ.Иса
А.Перуашев
Д.Еспаева
Е.Барлыбаев
А.Садықов
Е.Бейсенбаев

1 month ago

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, мәслихат депутаттары кәсіпкерлемен бірігіп, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Керуен көлігінде көрпе-төсек, жылы киім, резеңке етік, рация мен құтқару жұмыстарына қажетті заттар, сонымен қатар азық-түлік, оның ішінде макарон өнімдері, май, шәй, дәнді-дақыл түрлері бар. Қаражат жинауды «Ақ жол» депутаттық фракциясының жетекшісі Исламбек Төлебаев пен мүшелері Ноян Төлегенов, Мұхтар Шымыров пен Дулат Қуашбаев бір ауыздан мақұлдап, қол ұшын созуға ниет білдірді.

1 month ago

Бүгін "Ақ жол" демократиялық партиясына 22 жыл толды!

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы («Ақ жол» ҚДП) – Қазақстандағы саяси партия, өзін «сындарлы оппозиция», бизнес партиясы және ХХ ғасыр басындағы «Алаш» қозғалысының ізбасары деген ұстанымын айқындаған.

«Ақ жол» демократиялық партиясы әділет органдарында 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген.

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің тең төрағалары болып Болат Әбілов, Әлихан Бәйменов, Ораз Жандосов сайланды.

2003 жылғы 9 қарашада өткен «Ақ жол» ҚДП III құрылтайында «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының саны 5 адамға дейін артты. «Ақ жол» ҚДП тең төрағалары болып қосымша Людмила Жуланова мен Алтынбек Сәрсенбайұлы сайланды.

2005 жылы 13 наурызда «Ақ жол» ҚДП V құрылтайы «Ақ жолдың» тең төрағалар институтын тарату туралы қаулы қабылдады, ал партияның бірыңғай төрағасы болып Әлихан Бәйменов сайланды.

2004 жылы Мәжіліс сайлауында ресми деректер бойынша партия 12,04% дауыс алып, 1 мандатқа ие болды.

2007 жылы Мәжіліс сайлауында партия 3,09 % дауыс жинап, Парламентке өтпей қалды.

2011 жылғы 2 шілдеде партияның Астанада өткен құрылтайында «Ақ жол» ҚДП төрағасы болып бірауыздан «Атамекен» Ұлттық Экономикалық палатасының басшысы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы сайланды. Осы сәттен бастап партия өз қызметінің ұйымдастырушылық, кадрлық, идеологиялық, зияткерлік негіздерін түбегейлі жаңартуды жүзеге асырып, өз дамуының сапалы жаңа деңгейіне шықты. «Ақ жол» партиясының қатарына бизнес өкілдері белсенді кіре бастады.

2012 жылдан бастап «Ақ жол» ҚДП парламенттік партия болып табылады, Мәжілісте депутаттық фракциясы бар.

2012 жылғы сайлау қорытындысы бойынша партия сайлаушылардың 7,47 % дауысын жинап, 8 депутаттық мандат алды.

2016 жылғы сайлау қорытындысы бойынша партия 7 мандат алды.

2021 жылғы сайлау қорытындысы бойынша партия 12 мандат алды. Парламенттік сайлаумен қатар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға сайлау да өтті, оның нәтижелері бойынша «Ақ жол» партиясының 222 өкілі мәслихаттардың депутаттары болып сайланды, оның ішінде: 39 – облыстық, 65 – қалалық, 118 – аудандық.

2021 жылы алғаш рет аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау өтті, оның қорытындысы бойынша әкімдер лауазымына «Ақ жол» партиясының 11 өкілі сайланды.

«Ақ жол» ҚДП-ның облыс орталықтарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 17 филиалы, Жезқазған, Семей қалаларында 2 өкілдігі бар.

Партия мүшелерінің саны 255 800 адамды құрайды (2020 ж. желтоқсан айына), оның ішінде – 64% – ерлер, 36% – әйелдер. Жастар партия санының 11%-ын құрайды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының негізгі мақсаты – әрбір азаматтың еркін дамуы, оның құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен деңгейін ұдайы арттыру үшін, сондай-ақ Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің экономикалық, әлеуметтік және саяси прогресіне қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

«Ақ жол» партиясы Қазақстанда бәсекеге қабілетті және нарықтық экономика құрудың, жеке кәсіпкерлікті, ең алдымен шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдаудың табанды жақтаушысы болып табылады.

Партия ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуының іргелі негіздерін қалаған және ұлттық мүдделерді әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерімен ұштастыру негізінде қазақ қоғамын еуропалық жолмен жаңғыртуды өзінің мақсаты етіп қойған «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының ізбасары болып табылады. Партия Алаш идеясын тарату жөнінде арнайы бағдарлама әзірлеп, оны жүзеге асыру жөнінде жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп тұрады.

«Ақ жол» партиясының әлеуметтік тірегі – қалыптасқан және дербес орта тап, оның ұйытқысы отандық зиялы қауым және кәсіпкерлер.

«Ақ жол» демократиялық партиясының тарихи миссиясы – қоғам мен экономиканы ілгерілетудің ең өзекті міндеттерін қоюға және осы міндеттердің тиімді шешімдерін табуға қабілетті меншік иелерінің, басқарушылар мен зияткерлердің табы ретінде ұлттық бизнестің, техникалық және шығармашылық зиялы қауымның қалыптасуы мен дамуына ықпал ету.

1 month, 1 week ago

**О некорректном ответе вице-министра здравоохранения

Депутатский запрос фракции «Ак жол» министру здравоохранения А.Альназаровой

Озвучил депутат Мажилиса Ержан Бейсенбаев

13 марта т.г. фракция «Ак жол» направила депутатский запрос по совершенствованию деятельности Фонда медицинского страхования.
В том запросе мы дали ряд конкретных предложений, указав на непрозрачность и несправедливость механизмов ОСМС.
В частности, мы предложили отказаться от недавно объявленного 5-кратного повышения платежей в Фонд медстрахования, демонополизировать систему медицинского страхования, ввести рыночные и конкурентные механизмы, персонализировать счета граждан, увязать сумму страховых взносов в зависимости от образа жизни конкретного гражданина.
14 марта заместитель министра здравоохранения Тимур Султангазиев, не дожидаясь ответа своего же министра, прокомментировал данный депутатский запрос представителям СМИ, исказив суть наших предложений и заявив о своём несогласии с ними.
Считаем, что такие высказывания вице-министра противоречит принципу влиятельного Парламента и подотчетного Правительства, реализованному в ходе конституционной реформы.
В частности, сложилось впечатление, будто депутаты предложили повысить платежи Фонду медстрахования, тогда как фракция «Ак жол» однозначно высказалась против таких идей. Более того, мы предложили ввести персональные счета и снизить платежи в ОСМС от граждан, следящих за своим здоровьем, занимающихся физической культурой и не имеющих вредных привычек
Кроме того, заявление замминистра о том, будто персональное медицинское страхование существует только в Сингапуре - является недостоверной информацией. Рыночное медицинское страхование всегда носит персональный характер и используется во всех развитых странах.
Основное предложение нашего запроса и заключалась в том, чтобы отойти от размытой монополизированной модели к реальному рыночному медицинскому страхованию. Помимо прочего, задача рыночного медстрахования ставилась в послании Президента К.Токаева.
А нынешняя система ОСМС – на самом деле не страхование, а очередной налог, который собирается со всех, а затем тратится по усмотрению чиновников.
В своем ответе г-н вице-министр поддержал сохранение именно этой системы. Его устраивает ситуация, которая почему-то не устраивает ни граждан, ни сами медицинские учреждения.
Даже если отказаться от персонификации медстрахования, то использование сотен миллиардов таких платежей (по сути – не страховки, а налогов) не должно делаться внутри самого Фонда.
Обязательные платежи должны поступать в бюджет, находиться под контролем общества и парламента, использоваться согласно бюджетных процедур и отчётности.
Кроме того, следует отметить, что поспешное заявление заместителя министра до официального ответа его руководства на официальный парламентский запрос не соответствует этике государственного служащего.
В связи с этим, уважаемая госпожа министр, фракция «Ак жол» просит Вас дать дисциплинарную оценку действиям Вашего заместителя. Также повторно просим изучить наш депутатский запрос от 13 марта т.г. и изложенные в нём конкретные предложения по совершенствованию системы ОСМС.
С уважением,
Депутаты фракции «Ак жол»
Е.Бейсенбаев
А.Перуашев
Д.Еспаева
К.Иса
Е.Барлыбаев
А.Садыков**

1 month, 1 week ago

**Вице-министрдің шикі жауабы туралы

ҚР Денсаулық сақтау министрі
А.Әлназароваға

«Ақ жол» фракциясының
депутаттық сауалы

Автор – Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев**

13 наурызда «Ақ жол» фракциясы атынан медициналық сақтандыру қорының қызметін жетілдіру жөнінде депутаттық сауал жолдадым.
Сол сауалда сақтандыру қорының тетіктерінің әділетсіз екенін алға тартып, нақты ұсыныс бердік.
Атап айтқанда, жақында жарияланған төлемдерді 5 есе көтеруден бас тарту, сақтандыру жүйесін монополиясыздандырып, нарықты және бәсекелі жолға көшіру, шоттарды дербестендіру, әр азаматтың денсаулық жағдайы мен өмір салтына қарай сақтандыру сыйақыларын төлеу сомаларын айқындау әдістемесін әзірлеуді ұсындық.
Ертеңінде, яғни 14 наурызда Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиев, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында біздің ұсыныстарға комментарий беріп, министрліктің ресми жауабы берілмей жатып, депутаттық сауалдың нақты мәнін бұрмалап, онымен келіспейтінін мәлімдеді.
Осы бойынша, біздің депутаттар төлемдерді көтеруді ұсынды деп түсінуге болады. Біздің ойымызша, вице-министрдің бұндай шикі комментарий бергені ықпалды Парламент пен есеп беретін Үкімет принципіне қарама-қайшы келеді деп білеміз. 
Ал біз, жоғарыда айтқандай, керісінше қорға төленетін төлемдерді көтеруге қарсымыз. Оның үстінде, жекелеген есеп шоттарды еңгізіп, денсаулығына қарайтын, спортпен айналысатын, жаман әдеті жоқ адамдарға сол төлемдерді азайтуды ұсындық.
Сонымен қатар, министр орынбасарының міндетті сақтандырудағы жеке шоттар тек Сингапур елінде ғана бар деген тұжырымы – өтірік ақпарат әрі қоғам арасында жалған пікір туғызды. Шын мәнінде, нарықтық яғни дербес медициналық сақтандыруды барша дамыған мемлекеттер пайдаланып жатыр. Сауалдағы басты идеямыз – міндетті түрде монополияландырылған модельден кетіп, шын нарықтық денсаулық сақтандыруға көшіру еді. Бұндай тапсырма президент К.Тоқаевтың жолдауында да айталған.
Сондықтан, вице-министрдің айтқаны – шындыққа жатпайды және де парламент пен үкімет арасындағы тәртіпке сай емес.

Ал, қазіргі қолданыстағы Медициналық қорға міндетті түрде алынатын алым жүйесі – шын мәнінде ешқандай сақтандыру емес, бұл деген салықтың бір түрі. Вице-министр мырза өз жауабында дәл осы қисық жүйені жалғастыруды қолдады.
Оған қазіргі жағдай ұнайды екен, ал халықтан жиналған жүздеген миллиардтарды қазіргідей пайдалануға азаматтарымыз да, медицина мекемелері де наразы.
«Ақ жол» фракциясының пікірінше, бұндай алымдарды сол Қордың менеджерлері жасырын түрде қолданбауы керек.
Міндетті төлемдер яғни салықтар, бюджетке түсіп, қоғам мен Парламент бақылауында тұрып, ашық және әділетті қолдануы керек.

Оның үстінде, ресми жасалған депутаттық сауалға уәкілетті мемлекеттік органның ресми жауабы берілмей тұрып, министр орынбасарының қарсы мәлімдемесі мемлекеттік қызметкер этикасына сай келмейтіндігін әрі ол қоғам арасында түсінбестік резонанс туғызғанын атап өту керек.
Осыған байланысты құрметті министр ханым, орынбасарыңыздың ресми жауап берілмей жатып, біздің  сауалымызды бұрмалаған асығыс әрекетіне баға беруді және тәртіптік жауапкершілікке тарта отырып, біздің депутаттық сауалдағы ұсынысты толық зерделеуді және оны жүзеге асыру жолын қарастыруды қайталап сұраймыз.

Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
   Е.Бейсенбаев
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев
А.Садықов

1 month, 1 week ago

**Стати сот дауынан кімдер байыды немесе миллиондаған доллар орала ма?

Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
А.Н. Есқараевқа
«Ақ жол” фракциясының депутаттық сауал**

Қазақстан 2010 жылдан бері молдова олигархтары Анатоль және Габриэль Статимен ұзақ уақыт бойы соттасып келе жатқаны мәлім.
Оған келісім-шарт талабы мен салық заңнамасы бұзылғандықтан, қазақстан тарабы оларға тиесілі «Толқыннефтегаз» ЖШС мен «Қазполмұнай» ЖШС компанияларының жер қойнауын пайдалану келісімшартын мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімі себеп болды.
«Толқын» және «Боранкөл» мұнай кен орындары «ҚазМұнайГаз» АҚ басқаруына берілді.
Стати компанияларының қызметі мемлекетімізге 140 миллиард теңгеден астам шығын келтірген деген болжам бар.
Ашық ақпарат көздерінде бұл компаниялардың нарықтық құны шамамен 500 миллион АҚШ долларын құрағанын хабарлануда.
Алайда, Стати өздерінің шығынын 4 миллиард долларға бағалап, Стокгольм арбитраждық сотына шағым түсіріп, 544 миллион долларды өндіріп алуға қол жеткізген.
Осы шешімнің негізінде жолы болмаған «инвесторлар» бірқатар елдерде Ұлттық банк пен Қазақстан Ұлттық қорына тиесілі жалпы сомасы 22 миллиард АҚШ долларынан астам активтерді, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларын бұғаттауға қол жеткізді.
2019 жылы Брюссель соты Ұлттық қордың шамамен 21,5 миллиард доллар активтеріне тыйым салудың күшін жойып, қалған қаражатты бұғаттауды тек ағылшын соттары ғана алып тастай алады деп шешті.
2023 жылы Нидерландының Жоғарғы соты Қашаған жобасының құны 4 миллиард долларға тең акцияларын бұғаттан босатты.
Сондай-ақ, Статидің қазақстандық активтер бар елдерге берген талабы бойынша Англия, Бельгия, Люксембург, Нидерланды және АҚШ соттары маңызды шешім қабылдады.
Алайда, Стокгольм арбитраждық сотының Қазақстанның Статиге 544 миллион доллар төлеуі туралы шешімі жойылған жоқ.
Осы орайда, кейбір БАҚ мәліметінше, Қазақстан бұл сот дауларына Стати талап етіп отырған қаржыдан екі есе көп шығын шығарған.
Сондай-ақ, осы дауларда Қазақстанның мүддесін қорғаған «Bolashak Consulting group» заң компаниясының тиімділігі ғана емес, қаржылық тазалығы да күмән тудырып жатыр. Оның қызметі кейбір мәліметке қарағанда салық төлеушілерімізге жылына 60 млн. долларға түсіп отырған.
Егер Статимен сот дауы 13 жылға созылғанын ескерсек, кейбір ақпараттар бойынша Ескі Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларымен байланысы бар делінетін аталмыш компания құрылтайшыларының қалтасына қаншама жүздеген миллион доллар кеткенін болжауға ғана болады.
Бұл жұмысты реттеп, қаржыландырып, үйлестіруді өзіңіз басқарып отырған ҚР Әділет министрлігі жүзеге асырады. Жақында Әділет министрлігі бұл компанияның қызметінен бас тартты деп хабарланды.
Дегенмен, көңілде кірбің қалып қойды.

Осыған байланысты, «Ақ жол» депутаттық фракциясы келесіні хабарлауды сұрайды:

1) Қазақстан шын мәнінде аталмыш іс бойынша нақты қанша қаржы жұмсады және бұл сома Стати талаптарымен қаншалықты қабысады?
2) Бұл соманың қаншасын "Болашақ" компаниясы алды және олардың артында нақты кім тұр?
3) Бұл компанияның әрекеті мемлекетке келген залал ретінде қарастырыла ма және заңсыз шығарылған активтерді қайтару аясында бұл қаражатты өндіру шарасы қолданыла ма?
4) Бұл іс аясында Қазақстан Республикасының қандай мүлкі әлі де бұғаттаулы күйде және бұл Қазақстанның жеке компаниялары мен ұлттық бизнесінің заңды мүддесіне әсер етпей ме?
5) Сіздің министрлік Қазақстанды, қажет болған жағдайда оның жеке кәсіпорындарын Статидің шағымдарынан қорғауды жалғастыруды көздеп отыр ма және алдағы уақытта мұндай жағдайды болдырмау үшін қандай шара қабылдануда?

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев
А.Садықов
Е.Бейсенбаев

3 months, 1 week ago
Қазақстанның "Ақ жол" ДП Шымкент қалалық …
We recommend to visit

QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады

Официальный канал QARMET

Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot

Last updated 1 month, 2 weeks ago

🇰🇿 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі/Агентство РК по финансовому мониторингу
🔷Хроника деятельности АФМ по противодействию теневой экономике и ОД/ФТ
🔷 Телеграм бот: @BAIQApiramidaBOT
🔷 Call-центр: 1458
🔷 e-mail: finmonitoringkz@gmail.com

Last updated 5 days, 12 hours ago