Қазақстанның "Ақ жол" ДП Шымкент қалалық филиалы

Description
We recommend to visit

QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады

Официальный канал QARMET

Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot

Last updated 1 month ago

ҚР Кәмбағаллықты қысқартыў ҳәм бәнтлик министрлигиниң рәсмий каналы

Last updated 3 months ago

Last updated 1 month ago

2 months, 2 weeks ago

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

2024 жылғы 4 қараша күні Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс XXII сессиясы өтті.

Сессияға қала әкімі Ғ. Сыздықбеков, «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Қуашбаев Дулат Саттарұлы,
Тулебаев Исламбек Насруллаұлы,Шымыров Мұхтар Асқарұлы,қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары, сала қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Б. Орынтаев баяндама жасады.

Сессияда жалпы 385 құрамдас бөліктен құралған атауы жоқ 283 көшеге атау беру; атауы қайталанатын 82 көшені қайта атау; атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген 6 көшені қайта атау; 6 шағын ауданға атау беру; 1 аллеяға атау беру; 1 саяжайды қайта атау; 6 көшенің атауының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар қабылданды. Аталған мәселе сессияға дейін бірлескен тұрақты комиссия отырысында зерделеніп, сессияға ұсынылды.
Өз кезегінде депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, шешімдер қабылдады.

2 months, 3 weeks ago

Сондай-ақ форум барысында «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған мәслихат депутаттары Жанаргүл Құлмағамбетова (Астана), Жалғас Ағисов (Жаңаөзен), Евгений Кинцель (СҚО), Арман Әбілхасынов (Теміртау), Сұлтан Көшенов (Түркістан), Ерлан Қайырденов (Атырау), Ардақ Мансұров (Түркістан), Ерғали Ділдәбек (Ақмола облысы), т.б. сөз сөйледі.
Мәслихат депутаттары инвестициялық жобаларды қолдау, бизнесті салық және құқық қорғау органдарының негізсіз қудалауынан қорғау; салықтық, тарифтік және сыртқы экономикалық саясат; ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудегі субсидиялар, несиелер бойынша ауыр пайыздық мөлшерлемелер, даму институттарының таңдаулы саясаты, мемлекеттік сатып алулар мен ірі корпорациялардың сатып алуларындағы ашық емес процедуралар және т.б. мәселелерді көтерді.
Жер қойнауын пайдаланушылардың экологиялық бұзушылықтары үшін айыппұлдарын жергілікті бюджетке аудару; мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жастарды кәсіпкерлікке тарту, кандастарды қолдау туралы ұсыныстар айтылды. Алматы облысы Талғар ауданындағы атышулы оқиғалар назардан тыс қалмады.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Евгений Кинцель мәслихат сессиясының күн тәртібін қалыптастырудың маңызды мәселесін көтерді, оны бүгінде әкімдіктер толығымен белгілейді, ал депутаттардың өздері өз бастамалары бойынша мәселелерді қарауға қол жеткізе алмай отыр. Осы орайда өз мәслихаттарының кезекті және кезектен тыс сессияларының күн тәртібін қалыптастыру кезінде депутаттардың құқықтарын жүзеге асыруға қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырдым.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, жергілікті мәслихат депутаттарының өткен және биылғы жылы бөлшек салықтарды төмендетудегі белсенді ұстанымдары үшін алғысымды білдірдім, бұл барлық жерде (Алматыдан басқа) шағын бизнеске салық жүктемесін азайтуға қол жеткізуге мүмкіндік бердім.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басшылығының «Atameken business» телеарнасының тікелей эфирінде берген түсіндірмесіне сай, 2025 жылға қалалар және облыстар бойынша бөлшек сауда салығын төмендету үшін биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін бұл мәселені қайта көтеру қажеттігін еске салдым. Әр жыл үшін бөлшек салық ставкасы өткен жылдың бірінші желтоқсанына дейін бөлек белгіленетіні айтылған. Осыған байланысты бұл жұмысты жандандыру қажет. Бүгінге дейін облыс, аудан, қалалардың бірқатар депутаттары тиісті депутаттық сауалдарын жолдап үлгерді. Бірқатар мемлекеттік органдардан оң жауаптар алынды, бірақ бұл жұмыстың қарқынын жоғалтпай, аяғына дейін жеткізу маңызды.
Еркін талқылау аясында партияның орталық басшылығының, парламенттік фракцияның және «Ақ жол» демпартиясының аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі депутаттарының өзара іс-қимылының басқа да мәселелері көтерілді.

2 months, 3 weeks ago

Сенбі күні Шымкентте «Ақ жол» Демократиялық партиясынан сайланған барлық деңгейдегі депутаттардың жыл сайынғы форумын өткіздік. Форумға партия атынан Мәжіліске, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға республикалық маңызы бар қалалар мен барлық облыстардан сайланған 203 депутаттың 152-сі қатысты.
«Ақ жол» демпартиясының барлық деңгейдегі депутаттарының жыл сайынғы форумдарын өткізу игі дәстүрге айналып, партия бұл шараларды өңірлерде өткізуге тырысуда.
Қатысушылар Президент Қ.Тоқаевтың жақында Астанада өткен мәслихат депутаттарының форумында сөйлеген сөзінде көтерілген бірқатар мәселелерді талқылады, соның ішінде, Парламенттегі заң жобаларын, ең алдымен бюджет және салық заңнамасын қарауға мәслихат депутаттарын тартуға қатысты.
Осы орайда әріптестерімді Мәжіліс қабылдап жатқан заң жобаларына назар аударуға шақырдым.
Мәжілістегі «Ақ жол» демпартиясы фракциясының апта сайынғы отырыстары бейнеконферения арқылы барлық филиалдардың қатысуымен өтіп, барлық мәслихат депутаттары қандай заңдарды талқылауға мүдделі екенін алдын ала анықтауға мүмкіндік алады. Осы ретте, сондай-ақ нақты ұсыныстар болған жағдайда, біздің мәслихат депутаттарын Мәжілістің тиісті жұмыс топтарына қосу туралы өтініштерді фракция аппаратының басшысы Б.Дүйсембиновке жолдауға болады.
Сондай-ақ, мәслихаттар мен әкімдіктер арасындағы тежемелік пен тепе-теңдіктің нақты балансын құру, жергілікті депутаттардың мәртебесі мен өкілеттіктерін арттыру, Президент Қ.Тоқаевтың «күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» қағидасын орталықта ғана емес, мемлекеттік биліктің бүкіл танмағында жүзеге асыру қажеттігі туралы 2023-24 жылдары «Ақ жол» фракциясы жасаған бірқатар депутаттық сауалдарды да еске салуды жөн көрдім.
Жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, бұл мерекенің тарихи мәніне назар аудара отырып, 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдауы шын мәнінде 1917 жылы «Алашорда» көсемдері негізін қалаған «Алаш» ұлттық идеясына қайта оралуды білдіргенін атап өттім.
Мәслихат депутаттарының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін конкурстық іріктеу негізінде Мәжілістегі «Ақ жол» демпартиясының депутаттық фракциясында тағылымдамадан өтуді ұсындым. Бұл әріптестер айына бір рет Астанаға бір аптаға келіп, партияның орталық аппаратында және Мәжілістегі депутаттық фракцияда жұмыс істеуге, заң шығару жұмыстарымен танысуға, депутаттық сауалдар дайындауға, жұмыс топтарының талқылауына жеке қатысуға, т.б. мүмкіндік алады.
Форумның мақсаты мәслихат депутаттарын партия басшылығының және депутаттық фракцияның жұмысымен таныстыру емес, жергілікті мәслихаттарда жұмыс істейтін әріптестердің көбі партиялық тізім бойынша ғана емес, бір мандатты округтер бойынша да сайланғанын ескере отырып, олармен кері байланыс жасап, пікір алмасу екендігіне үзеңгілестердің назарын аудардым.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың мәслихат депутаттарының Парламент жұмысына қатысуын белсендіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Мәжіліс басшылығы қабылдаған шешімдер мен нақты ұсыныстар жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, «Ақ жол» демпартиясы атынан сайланған Парламент депутаты Дания Еспаева баяндама жасады.
«Ақ жол» демпартиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса бүгінде «Ақ жол» демпартиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазіргі уақытта дайындап жатқан және осы жылдың соңы мен келесі жылдың басында ұсынылатын заң жобаларына тоқталды.
Партия Төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Қытай Коммунистік партиясының шақыруымен «Ақ жол» демпартиясы іскерлік делегациясының Қытай Халық Республикасына сапарының қорытындылары туралы баяндады, әр өңірлердегі 20-ға жуық кәсіпкер делегация құрамында Қытай кәсіпорындарының жұмысымен танысып, бірқатар салалар бойынша серіктестік жасау туралы келісімге келуге мүмкіндік алды.

3 months, 3 weeks ago
Қазақстанның "Ақ жол" ДП Шымкент қалалық …
3 months, 3 weeks ago

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының орынбасары Даурен Босымбаев
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдерімен бірге қалалық қан орталығының ұжымымен кездесті.

Атом энергетикасы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналады. Бұл дегеніміз, атом энергетикасы іргелес салалар үшін орасан зор мультипликативті әсер береді және ғылыми зерттеулердің өсуіне әкеледі. АЭС салу және пайдалану озық технологияларды, инновацияларды және үздік ІТ шешімдерді дамытуға серпін беретіндігі түсіндірілді.

Кездесу соңында Халықтық штаб мүшелері еліміз үшін маңызды кезеңде немқұрайлық танытпай, өз таңдауларын жасауға шақырды. Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғаса бермек.

3 months, 3 weeks ago

АЭС: ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының орынбасары Даурен Босымбаев Шымкент қаласындағы №1 IT лицейінде АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық халықтық штаб мүшелерімен бірге кездесу өткізді. Жиында жұмысшы топ атом электр станциясының маңыздылығы туралы ақпарат беріп, 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, АЭС жобасының III+ буынының экологияға қауіпсіз екені де жиында кеңінен талқыланды. Кездесуге қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Аталған шара атом энергетикасының болашағы мен экологиялық қауіпсіздік мәселелерін терең талқылауға мүмкіндік берді, сондай-ақ референдумға қатысуға шақырды.

4 months ago

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының орынбасары Даурен Босымбаев АЭС-ті қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелерімен бірге Шымкент қаласындағы Аль –Фараби кітапханасында болды.
Жұмысшы топ кітапхананың қызметкерлерімен кездесіп, атом электр станциясының маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Мамандар қазірдің өзінде электр энергиясының жетіспеушілігі байқалып жатқанын айтуда. Болашақта елімізде инвестиция тартылып, ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сол жоспарды жүзеге асыру үшін тоқ көзінің қажеттілігі артатын болады.
Кездесу соңында кітапхана қызметкерлері АЭС жобасына қатысты көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды. Азаматтар неге күн және жел электр станцияларын салмасқа деген пікірлерін білдірді. Олардың бұл сауалдарына штаб мүшелері күн, жел станциялары ауа райына байланысты тұрақты тоқ көзі бола алмайтынын жеткізді.

We recommend to visit

QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады

Официальный канал QARMET

Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot

Last updated 1 month ago

ҚР Кәмбағаллықты қысқартыў ҳәм бәнтлик министрлигиниң рәсмий каналы

Last updated 3 months ago

Last updated 1 month ago