Kaspi Besh

Description
Каспи Беш - Қазақстаннан жылдам және эксклюзивті жаңалықтар арнасы.

Маңғыстау облысының ең жаңа және өзекті жаңалықтары.

Бұл Беш. Мұнда ет болады.

https://t.me/+6WeMLHY6_3s4YTU6
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

1 year, 4 months ago

Маңғыстаудағы демалыс орталығында қыз бала суға батып кетті

«Бриз» демалыс орталығында 2009 жылы туған қыз бала суға батып кетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қайғылы оқиға 20 тамызда болған.

«ТЖД Жедел-құтқару жасағының (ЖҚБ) бөлімшесі келгенге дейін куәгерлер суға батып кеткен 2009 жылы туған қыздың денесін шығарды, ал ер баланы туыстары аман алып қалған», - деп хабарлады ТЖД.

?Kaspi Besh-ке жазылыңыз

1 year, 4 months ago

Ақтауда электр қуатын үнемдеу мақсатында өшіру режимі тоқтатылды

МАЭК-те үш энергоблоктың бірі жөнделді. Кәсіпорын қазір қалпына келтірілген қуат блогын сынақтан өткізіп жатыр. Сонымен бірге, Ақтауда халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың көпшілігі үшін электр қуатын үнемдеу мақсатында өшіру режимі алынып тасталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мамандар N1 энергоблокта жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында қазандықтың оң жақ тұздану бөлігіндегі бес торлы құбыр ауыстырылғанын түсіндірді. Жөндеу жұмыстарының алдыңғы кезеңдерінде сол жақ тұздану бөлігінде 12 құбыр ауыстырылған.

?Kaspi Besh-ке жазылыңыз

1 year, 4 months ago

Ақтауда «синтетиканың» үлкен партиясымен курьер ұсталды

Жас жігіт Маңғыстау облыс орталығына Алматы облысынан есірткінің ірі партиясын сату үшін келген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.

22 жасар азамат курьер болып екі ай ғана жұмыс істеп үлгерген. Маңғыстау облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оны ЖЭО-2 аумағындағы өндірістік аумақта ұстаған.

Жас жігіт туристік аймаққа синтетикалық «скорость» есірткісін үлкен көлемде сату үшін келгені анықталған. Ол жалдамалы пәтерде тұрған. Жеке тінту кезінде одан «альфа-PVP» («скорость») бар изолентамен оралған үлкен қара түсті бума алынды. Жалпы салмағы 788 грамм.

Айыпталушының айтуынша, ол тәркіленген синтетикалық есірткі заты бар қаптаманы Telegram мессенджеріндегі куратордың нұсқауы арқылы арқылы алған.

?Kaspi Besh-ке жазылыңыз

1 year, 4 months ago

Маңғыстау облысында жоғалған балықшының денесі табылды

Ер адам 29 шілде балық аулау үшін ау орнату кезінде жоғалып кеткен. Үш күнге созылған іздестіру жұмыстарынан кейін оның денесін судан балықшылар тапты.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1 тамыз күні сағат 11:50-де жоғалған адамның денесін жергілікті балықшылар тауып, судан шығарған.

?Kaspi Besh-ке жазылыңыз

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago