Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
Кішкентайдың беті бері қараған сияқты шүкір. Бірақ әлі емі жалғасып жатыр. Дұғаларыңыз үшін көп рахмет!
Кішкентайлы болған соң біраз жұмыстарыма соның ішінде арнамызға көңіл бөле алмадым. Кешірім сұраймын.
Енді қазір сол балапанымыз қатты сырқаттанып ауруханада жатыр. Дұға сұраймын сіздерден! Атын Хадиша қойдық. Аллам кесел жандарға шипа берсін!
Дос жүрегін сындырма,
Жөндейтін ұстасы жоқ.
Көңіл гүлін солдырма,
Суаратын ыдысы жоқ.
Жүніс Әміре
المراقبة إحدى ثمرات الايمان بهذه الصفة فمن قارف معصية وهو يعلم أن الله يراه فما أجسره وما أخسره ومن ظن أنه لا يراه فما أظلمه وأكفره
Мұрақаба (Алланың бізді үнемі көріп бақылап тұрғанын түсініп сезіну) — иманның жемістерінің бірі, әрі бірегейі. Олай болса Алланың оны көріп тұрғанын біле тұра күнә істеген адам неткен "жүрек жұтқан батыр" әрі бейбақ. Ал күнә жасап Алла Тағала көрмей тұр деп ойлайтын адам неткен залым әрі дінсіз.
Имам Ғазалидің "Алланың көркем есімдері шархы" еңбегінен
Мүрит - пірімен мақтанатын адам емес. Нағыз мүрит - пірі онымен мақтанатын адам.
Әбул-Аббас әл-Мурси
Яғни пірің мың жерден мықты болсын, өзің амал қылмай, оның назарын таппай тек қана оны мақтаумен кемелдікте ұзаққа бара алмайсың демекші.
Түрік тілінде мынадай арна ашып қойдым. Түрікше материалдарды және біз жақтардың руханиятына қатысты жаңалықтарды сонда бөлісіп отырмақпын. Біз жақ болғанда Орта Азия, Еділ-Жайық, Шығыс Түркістан (Шыңжаң), Ауғанстан, Иран. Қысқасы түркі халықтары қоныс тепкен киелі жұрт - "Түркістан". Себебі кезінде Қожа Ахмет Яссауиді "Пири Түркістан" яғни түркі жұртының пірі деп құрметтеген екен. Бұл жерде тек қана Түркістан қаласын түсінбеген жөн. Олай болса мархабат!
Бір патша бір әулиеге: "Менен қажетіңді сұра" депті. Сонда әулие былай деп жауап беріпті: "Сен маған бұны қалай айтасың? Себебі менде саған мырза болған екі құл бар". Патша: "Олар кімдер?" — Әулие: "Бірі көрсеқызарлық, екіншісі нәпсі қалау. Мен бұл екеуін жеңдім, сен болсаң оларға жеңілдің. Мен оларға еге болдым, сен болсаң оларға құл болдың" деген екен.
Имам Ғазалидің "Алланың көркем есімдерінің шархы" атты еңбегінен үзінді.
Сопылық тәпсірді жалғастырамыз. Үшінші бөлімде Шифу Поға шәкірт тәрбиелеуді тапсырады. Бірақ По бұған дайын болмай шығады. Шифу кемелдікке жету үшін рухтың күшін (чи) пайдалану керектігін жеткізеді. Бұл үшін ұстазы Угвей отыз жыл бойы бір үңгірде "мен кіммін?" деген сұрақтың жауабын іздегендігін айтады. Яғни дәстүрлі халуат (қылует) жолы. Бірақ По өзін танудың келесі сатысына өту үшін тағы да жолға шығады. Бұл үшін ол рухты тәрбиелеуді негізге алатын тариқатқа (әкесінің ауылы) барып тәлім алады. Ол тариқатта нәпсіні қинап аз ішіп, аз жеудің орнына зікірге, сұқбатқа көбірек мән беріледі.
Рухани дамудың бұл (разия, марзия) кезеңінде нәпсі (Генерал Кай) басқаша күшпен келіп соқтығады. По оны жеңу үшін өзін құрбан қылу керектігін түсінеді де пірәдарлары үшін жанын пида қылады. Артынша нәпсісін жеңіп разия, марзия мәртебелерін басып өтіп сафияға барып тіреледі. Соңында По Угвейден пірлік асасын алып, бүкіл ауыл тұрғындары оған қол беріп мүрит болады. Сөйтіп шәкірт ұстазды озып, По Шифуды тәрбиелей бастайды.
Бұл кітапта 2023 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Түркістан қаласында ИРСИКА мен «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейі бірлесе отырып ұйымдастырған «Қожа Ахмет Ясауи мұрасына жаңа көзқарас» тақырыбындағы халықаралық конференцияның материалдары негізінде жазылған он тоғыз мақала орын алған.
Сатып алу үшін мына сілтемеге өтсеңіз болады.
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.