»خواطر صنعانية❥🇾🇪⇓
»بوح صنعانية
»رمزيات صنعانيةوصوريمنية
»اعرف اكثر عن صنعا۽
اشياء عن التاريخ الإسلامي
»لسنا الوحيدون لكننا الافضل
التواصل معى سكرتير القناة
@aasyvc_bot
.
Last updated 5 days, 17 hours ago
https://instagram.com/ruslanbakinskiy7
https://youtube.com/c/RuslanBakinskiyOfficial
http://tiktok.com/@ruslanbakinskiy7
https://youtube.com/@Ruslanbakinskiy7
Last updated 2 months, 1 week ago
Last updated 2 weeks ago
Қазақтың ғана қолынан келетін бір іс бар.
Ол - подкаст ашып, екі орыстілді қазақ өз ұлтының ең қарапайым салт-дәстүрін, ырымдарын, адамның есімін, ру-тайпалардың тарихын орысша талдап, талқылап отырады. Бесік той, беташар дегендей.
Арасында орыс тіліне аударылмайтын қазақы ұғымдарды қазақша айтады, акцентсіз, қатесіз. Сонда не тыраштану?
Қазақтың өз құндылығын екі қазақ басқа қазақтарға орысша түсіндіргенде қандай логика бар? Мұндай подкаст жобаларды адамдар қандай мақсатта ашады?
Танымдық жоба дейтін болса, қазақтың өз дүниесін қазақша айтсаң, бар қыр-сырын толық жеткізесің ғой. Аударып отырғаннан гөрі. Оны түсіну үшін көп ми керек емес.
Қоғам орыстілді. Барлығы осыған келіп тіреледі. Содан әлгі жобаларда қаралым болады. Бәрі түсінсін, қаралым артсын деп көрінген идеяны орысша іске асыру тиімді сияқты.
p.s. әлем түсінсін, бізді танысын деп екі оқыған орыс "Война и мирді", Тургеневтің шығармаларын, Достаевскийдің романдарын ағылшын тілінде талдап отырғанын көзге елестету қиын.
Ардақты Пайғамбарымыз (صلى الله عليه وسلم ):
“Өлгендерді сөкпеңдер, өйткені олар істеген амалдарына бет алды”
Сөкпеңдер
Өсектемеңдер
Жаман сөз айтпаңдар….
ترجو النجاة ولم تسلك مسالكها
فان السفينة لا تجري على اليبس
Құтылуды қалайсың, оның жолдарыменен жүрмейсің?!
Өйткені кеме құрғақта жүрмейді (жүзбейді)…
Ардақты Пайғамбарымыз صلى الله عليه وسلم:
“Ләззаттарды (түрлі жанға жағатын рақаттарды) жоюшы өлімді көп еске алыңдар”.
Колонияға айналып, елдіктен айырылуға шақ тұр ма қазақ, не боп барады өзі? Қазақстанның тарихын оқытатын мектептің оқулығын ресейлік ғалымдармен бірлесіп жазғалы жатыр екен. Осыған жол беріп отырған – министрдің өзі. Системаның заказы ма екен бұл әлде?! Павлодарда тілінен жеріген қазақ қатындары қазақ мектебін аралас мектеп қылып ашпақ болып ол жанталасып жатыр. Журналистердің айтуынша, артында облыс әкімінің өзі тұр дейді айдап салып оларды. Идеология, ұлттық мүдде қайда қалды сонда?
Қарилық өз алдына ғылым емес! Көп қарилар тек Құранды жаттайды, алайда оның ілімдерін тереңдетіп оқымайды. Шын мәнінде, егер қари қырағат ілімін де меңгерсе, мұндай адамды нағыз білімді, ғалым деп атауға болады. Бірақ халық арасында тек Құран жаттаған адамды ғалым деп түсіну қате. Кейбір бауырлар Құран жаттаумен шектеліп, өздерін ғалым санап алған. Олардың арасында шариғат туралы ешқорықпай сөз қозғайтындарын да көрдік. Сондықтан, қари мен ғалымды ажыратыңыздар, әрқайсысына лайықты дәреже беріңіздер. Қари бөлек, ғалым бөлек, уағызшы мүлдем бөлек. Сөз саптауға икемі бардың бәрі уағызшы бүгінде; әр адамның деңгейіне сай құрмет көрсету керек.
Ибн Ата’илла әл-Искендери (1259–1310) Ислам дінінің танымал ғұламаларының бірі және сопылық ілімнің көрнекті өкілдерінің қатарында. Оның «Хикам» (толық атауы: «Китаб әл-Хикам» немесе «Хикам әл-Атаийя») еңбегі — сопылық әдебиеттің алтын қазынасына енген классикалық шығарма. Бұл кітап ислам руханиятына терең бойлаған адамдарға арналған нақыл сөздер мен даналық ойларды қамтиды.
Кітаптың ерекшеліктері:
Сопылық руханияттың негізі:
Хикам Исламның ішкі әлемін (руханият) түсіндіріп, адамның Алламен қарым-қатынасын тереңдетуге бағытталған. Ибн Ата’илла өз сөздері арқылы адамның жүрегіне әсер етіп, Алланың махаббатына, құлшылыққа және тәуекелге назар аудартады.
Қысқалық пен тереңдік:
Кітаптағы нақыл сөздер қысқа әрі нұсқа болып келеді, бірақ олардың мағынасы өте терең. Әр хикам адамның рухани өсуіне бағыт-бағдар береді.
Тақырыптық мазмұн:
Тәуекел (Аллаға толық сенім арту)
Риядан аулақ болу (шын ықыласпен құлшылық ету)
Нәпсімен күресу
Сабыр мен шүкір
Алланың тағдырына разы болу
Танымал хикамдарынан мысалдар:
«Алла Тағала саған ізгі амалдарды істеуге рұқсат берсе, бұл — сенің ісіңнің қабыл болуына дәлел.»
«Сен үшін кешіктірілген нәрсе, әрдайым жоғалған нәрсе емес. Кейде кешіктіруде үлкен даналық жатыр.»
«Кім Алланы еске алудан алыстаса, сол жүрек үшін дүние оның зынданына айналады.»
Әсері:
Ибн Ата’илланың бұл еңбегі көптеген ислам ғұламалары мен рухани ізденушілерге үлкен ықпал еткен. Хикам тек қана сопылыққа қызығушылық танытқандарға емес, жалпы мұсылман қауымына арнап жазылған. Оның даналығы уақыт өте келе өзінің өзектілігін жоғалтпай, түрлі тілдерге аударылып келеді.
Егер сіз бұл кітапты оқуды жоспарласаңыз, оны терең түсіну үшін қосымша түсіндірмелермен (шархтармен) оқуды ұсынамын.
Өзіңді, атақ қуған нәпсіңді жерге көм (атақ құмар болма), жерге көмілмеген нәрсе жеміс бермейді ....
Он бірінші хикмет
Уәли Ғалым ибн Ато'илла Алла Тағала разы болсын
Тауфиқ деген өте қадірлі болғандықтан Құран Кәрімде бір рет қана зікір етілген ...
Үмітіңді үзбе! Қашанғы тәубе етемін - деп айтпа!
Кеудесінен жаны шықпағанша ауру тіршіліктен үмітін үзбейді емес пе?!
Уәли Ғалым ибн Ато'илла Алла Тағала разы болсын.
»خواطر صنعانية❥🇾🇪⇓
»بوح صنعانية
»رمزيات صنعانيةوصوريمنية
»اعرف اكثر عن صنعا۽
اشياء عن التاريخ الإسلامي
»لسنا الوحيدون لكننا الافضل
التواصل معى سكرتير القناة
@aasyvc_bot
.
Last updated 5 days, 17 hours ago
https://instagram.com/ruslanbakinskiy7
https://youtube.com/c/RuslanBakinskiyOfficial
http://tiktok.com/@ruslanbakinskiy7
https://youtube.com/@Ruslanbakinskiy7
Last updated 2 months, 1 week ago
Last updated 2 weeks ago