Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

Алашорда

Description
“Алаш” партиясы, Алашорда үкіметі һәм Алаш автономиясы туралы канал
We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas

2 months, 2 weeks ago

Жалғасы: Себебі ұлтты жұту, ойран қылу - бұл бізде жоқ, болуы да мүмкін емес. Өлгеніңді жасырасың, көмгеніңді қайтесің дегендей - бізге бұғуға болмайды. Бұл ірі орын [Бутырка, ОГПУ] болғасын біз айтпағанда кім айтады? Жығылсаң нардан, ажалың әлдеқайдан. Бұл жерге келген соң тәуекелмен санасуға тиіс. Енді қорғанудың жөні жоқ. Көп болса қазақ үшін құрбан болармыз. Онда тарихи борышымызды өтеген боламыз. Сен жаныңдағылармен сөйлесіп жазып бер, алдымен шығып, терезеден бер, байқап сақ болып”.
P. S.: Бұл төте жазумен жазылған Мырзағазы хатының қысқартылған нұсқасы. Абақтының 70-камерасындағы Мырзағазы серуен кезінде арадағы қабырғаның екінші бетіндегі 62-камерадағы Міржақыпқа лақтырған хатты бақылаушы қолына түсірген. Хат Т.Жұртбай жариялаған мәтін бойынша берілді.

2 months, 2 weeks ago
Алашорда қайраткерлерінің ішінде қарағайға қарсы біткен …

Алашорда қайраткерлерінің ішінде қарағайға қарсы біткен бұтақтай, жүрек жұтқан азаматтың бірі - Торғай облыстық Әскери кеңесінің төрағасы Мырзағазы Есболов. Мырзағазы 1929 жылы Мәскеудегі Бутырка түрмесінде жатқанда көргі камерадағы Міржақыпқа былай деп хат жазыпты: “Жауап басталды. Бірте-бірте бәрімізге де келеді ғой. Сондықтан мүмкін болғанша сөзді бір ізге салған жөн ғой. Көпірде түйенің үлкені таяқ жейді. Әлбетте, салмақ төртеуімізге [Байтұрсынов, Дулатов, Ғаббасов] түседі, бұл анық.
Мен бұлай ойлаймын: біз кеңес жағындамыз. Қазақ үшін олардың болуы мүмкін пайдалы. Бірақ бұл сөздерден қазақтың бар мақсаты орындалды дей алмаймыз. Қужақ [Голощекин] барғаннан бастап, отаршылдық саясат басталып, жүріп жатқанын айту, қазақтың қолынан іс келетін азаматтарын бірін ұлтшыл, бірін бәлен деп партиядан айдап, ылғи оңбағандарды жинап алып, тап күресі деп отаршылдық саясат барлап жатқанын түгел айту. Міне, біз бұған қарсымыз, разы емеспіз. Бізді ұлтшыл деген - жапқан жала.

2 months, 3 weeks ago

Бүгін Үкімет отставкаға кетіпті. Кейбір телеграм-каналдар «келесі премьер кім?» деген сауал қойып жатыр екен. Біз де Алаш премьерлері деген тақырыпқа еркін толғаныс жазып қояйық.
Алаш қайраткерлерінің ішінде премьер-министр шенін иеленген алғашқы қазақ – Мұхаметжан Тынышбаев. Мұхаң теміржол инженері, Қазақстанның оңтүстігінде қазіргі автомобиль жолдары мен Түрксібті салуға орасан зор, қайталанбас үлес қосқан азамат. Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған. Санкт-Петербургтен оқ бітірген. Аса білімді, кеңпейіл жан. Бірақ, менің ойымша, Мұхаң саясаткер емес. Халқының болашағы үшін, білімі мен беделіне қарай амалсыз саясатпен айналысқан. Тіпті, Қоқан қаласында Түркістан үкіметінің төрағасы болып сайланған жиынның өзіне бұл қалаға үй-ішін алып кетуге келіп, съезге Мұстафа Шоқайдың шақыруымен қатысқан. Мұхаметжанды үкімет төрағасы етуге ұсыныс тастаған да Мұстафа болса керек. Өйткені, осы съездің негізгі ұйымдастырушысы – Шоқай. Бұл сөзіміз М.Тынышбаевтың тұлғасын әсте де кемсіту немесе төмендету емес. Тынышбаевтың қазаққа жасаған еңбегі бұл пікірден кеміп қалмайды.
Түркістан автономиясының екінші премьері – Мұстафа Шоқай. Сол кезде жасы небәрі 28-де. Тіпті, 28-ге үкімет төрағасы болып сайланғаннан соң, бес күннен кейін толған. Нағыз саясаткер адам – Мұстафа. Бәлкім, сол кезде тәжірибесінде кемдік болған да шығар, бірақ табиғаты саясаттың адамы. Әттең, Түркістан мұхтариатының ғұмыры тым келте болды.
Ал, Алашорда төрағасы – Әлихан Бөкейхан. Әлиханның саясатқа ерте араласқанын, тәмам қазаққа саяси күресті, ұлт-азаттық жолындағы жанқиярлық жолды үйреткенін айтып жату да артық. Одан гөрі, Әлиханнан кейінгі толқынның ішінде, ел басқарудағы таңдау кімге түсер еді деген сауал маған үнемі қызық. Әлихан өз миссиясын орындап, саяси сахнадан кеткен соң, қазақтың саяси көсемі сол кезде кім болар еді деп ойлайсыз? Қияли сұрақ десеңіз, жауап бермеуге болады.

3 months ago

Жаһанша Орынбордағы съезден қайтқан соң, қыс ішінде Орал облысының съезін ұйымдастырады. Сол съезде Мәскеуге бару туралы шешім қабылданыпты. 1918 жылдың наурыз айында Жаһанша мен Халел, Кәрім Жәленов үшеуі Совет үкіметінің басшылары Ленин және Сталинге жолығады. Орынбор съезінің қаулысын көрсетіп, Алаш автономиясын мойындауды сұрайды. Сталин осы кездесуден соң, Семейдегі Әлихан, Халел Ғаббасов, Райымжан Мәрсековтерді төте телеграфпен (телефон емес) сөйлесуге шақырады. Мәскеу сапарынан Жаһанша мен Халел 12 миллион сом ақша алып қайтыпты. Сталин берген. Бірақ, жолда оны Саратов қаласының большевиктері тәркілеп алған екен.
Тарихшылар бұл сапарға Досмұхамедовтерді Алашорда басшылары жіберді деп жазады. Бірақ, нақты дерек көрсетпейді. Ал Жаһанша тергеуге жауабында “Орал съезінің шешімімен бардық” дейді. Семейдегі “Абай” журналы да “Кремльмен сөйлесіп жатқан сабаздарың екі Досмұхамедов екен” деп жазған. Яғни, бұл сөзде сүйсіну де, олардың барғанына таңдану да бар.

3 months ago

208 жауап. Сұлтанмахмұт 38 пайыз; Дұрысы Міржақып 37 пайыз. Мағжан 18; Жүсіпбек 5; Ахмет 2 пайыз. Яғни, сұрақ шатасатындай болыпты.

3 months, 1 week ago
4 months, 2 weeks ago

Сырдария қазақтарына

«... Екінші жалпы қазақ-қырғыз съезі бүкіл Алаш баласын біріктіріп өз алдына автономия етуге қаулы қылды. Бұл туралы Түркістан қазағымен келісу үшін Алаш ордасы 5-інші ғинуарда Түркістан шаһарында Сырдария облысының съезін шақырады. Съезге болыс басы бір өкіл келсін... Уақыт – шұғыл, мәселе зор болғандықтан, шақырылған өкілдер съезге айтылған күннен қалмай келулері керек...»
Алашорда бастығы Әлихан Бөкейханов,
Мұстафа Шоқаев

4 months, 2 weeks ago

1917 жыл естеліктерінен үзінділер

Орынбор – башқұрт жерінде орналасқан орыс казак қарулы күштерінің орталығы. Қала тұрғындары негізінен татарлар, орыстар, орыс казагы. Біздің қазақ тек бірнеше түтін. Әйтсе де, Орынбор ежелден Түркістан өлкесіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының орталығы болып келеді. Неге бұлай? Біздің қазақ тұратын өңірлерде мұндай істерді ойдағыдай жүргізуге ыңғайлы тап осындай қала жоқ еді. Қалаларда қазақ аз. Қазақ көп жиналған мәдени, саяси орталық рөлін атқара алатын жөнді қала болмайтын. Қазақ зиялылары бас қосып, ұлт тағдырын кеңесетін кезең туғанда ең ыңғайлы жер қазақ руларының өкілдері көп тұратын Ташкент, Верный, Семей сияқты қалалардың бірі болуы мүмкін еді.
Бірақ бұлардың бәрінде де қазақ арасында көрінген әрбір ұлттық қозғалыс орыс әкімшілігінің қарсылығына ұшырайтын. Сондықтан қазағы қалың өңірден аулағырақ бір қаланы таңдау қажет. Бұған Семей мен Ташкенттен едәуір жырақта, темір жол бойында жатқан Орынбор ең қолайлы жер болып шықты. Орынборда орыс мұғалімдер институты бар еді. Онда жыл сайын бірнеше қазақ мұғалімі тәрбиеленіп шығатын. Бұған қоса ғұлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, дарынды жазушы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы Орынборда тұратын. Бұл екі қоғам қайраткерінің қуатты қаламының арқасында қалың елді аузына қаратқан «Қазақ» газеті осында шығарылып, таратылатын. Міне, қазақ сирек қоныстанған Орынбордың көпке дейін қыр қазақтарының ұлттық қозғалысының орталығына айналып, мұнда Бірінші Бүкілқазақ құрылтайы шақырылуының басты себебі осы.
Мұстафа Шоқай

4 months, 2 weeks ago

Сұрақтың дұрыс жауабы: Әлихан, Айдархан, Бақтыгерей.

4 months, 3 weeks ago
***☑️*** Алашорданың алғашқы мәжілісі Орынборда өтті. …

☑️ Алашорданың алғашқы мәжілісі Орынборда өтті. Оған кімдер қатысқаны анық емес. Ахмет Байтұрсынұлының жазуынша, Алашорда мүшелері алғашқы отырысында 1918 жылдың 10 қаңтары күні Семейде бас қосамыз деп уағдаласып, жан-жаққа тараған.
Алғашқы мәжіліс съезд аяқталған бетте өткен. Ол уақытта, яғни ІІ съезд аяқталған кезде Орынборда Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейхан анық бар. Съездің соңғы күндерінде жаңадан құрылған Алашорда үкіметі мүшелерінен: Уәлитхан Танашев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, Әлімхан Ермеков, Бақтыгерей Құлманов, Мұстафа Шоқай бар болатын. Жиыны – 8 адам.
Бұл жиында Сырдария облысының 1 миллионнан астам қазағын Алашқа қосып алу мәселесі талқыланды. Ал, “Қазақ” газетіне шыққан “Орда гербі” атты мақалада алғашқы мәжілісте Алаштың рәміздік белгілері талқыланғаны айтылады.

📷 Көрнекі суретті жасанды интелект арқылы Мейіржан Әуелханұлы құрастырған. Сурет автордың фейсбук парағынан алынды.

We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas