Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 weeks, 2 days ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 1 month ago
Бүгінгі депутаттық сауалымыз:
Таяуда Атырауда өткен ұлттық Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алаш көсемдері мен кеңес қайраткерлерін бір-біріне қарсы қоймау қажеттігін» айтып, «Ел ішіне іріткі салатын мұндай дау-дамайдың қажеті жоқ. Әр дәуірдің өз ерекшелігі бар. Әрбір тұлға өзінің көзқарасына қарай және өз қоғамының мүддесіне сәйкес елге қызмет етті. Түптеп келгенде, мұның бәрі – біздің тарихымыз», – деген еді.
Әлбетте, тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек. Мәселен, биыл қазақ жерінің тұтастай бір республикаға бірігіп, еліміздің қазіргі шегарасының айқындалғанына жүз жыл – бір ғасыр толып отыр. Мемлекетіміздің тұтастығы үшін бұл маңызды оқиға елеусіз қалмауы тиіс. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермеков сынды алаш қайраткерлері бастаған тарихи процесті сол кезде билікте болған Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Сейітқали Меңдешев, Санжар Асфендияров, Темірбек Жүргенов, Жалау Мыңбаев сияқты тұлғалар аяқтап шықты. Енді ұлт мүддесі жолында басын бәйгеге байлаған осындай тұлғаларды бір-біріне қарсы қоймай, тарих контексіндегі елдік мұратты алға шығарып, жан-жақты зерттей білу қажет. Мәселен, қазақ атын қайтарған Сәкен Сейфуллин мен ашаршылыққа қарсы күрескен, алаш қайраткерлерін қамқорлыққа алған Тұрар Рысқұловты құр коммунист аты немесе өзін қорғау үшін жазған хаты үшін жазғыру – әбестік.
Ел бірлігі үшін зиялылардың бірлігі шарт! Абайша айтқандай, ақылға бірлік керек. Сондықтан тұлғалар туралы сөз қозғағанда әдептен озбайық. Ірілермізді алаламайық, барымызды бағалайық! Өркениет – көркем ниеттен басталады.
Осы орайда 2000 жылы Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Камал Смайылов сияқты ел ағаларының бастамасымен Халық шаруашылығы институты Ұлттық экономикалық университетке айналып, оған Рысқұловтың есімі берілген еді. Кейін оқу орны жекеменшікке өтіп, кеңестік «Нархоз» атауын таңдап, Т.Рысқұловтың атын алып тастады. Үкімет қаулысына сәйкес берілген атауды ЖОО қандай басқару түріне жататынына қарамай, ауыстыруға құқы жоқ. Таяуда бір топ зиялы қауым өкілдері Тұрардың атын университетке қайтару керек деп хат жазған екен. Сондықтан Алаш арысы Тынышбаевтың есімі Логистика және көлік академиясына қайта берілгені сияқты, бұл мәселе де оң шешімін табады деп сенеміз.
Биыл Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл. Тұғырлы тұлғалардың мерейтойларын даңғазасыз, тағылымды етіп атап өту керек. Бұл ретте ономастика мәселесіне де назар аудару қажет. Шегарамызды айқындауға айрықша үлес қосқан Әлімхан Ермеков сияқты тұлғалар елеусіз қалмауы тиіс.
Тағы бір мәселе, алаш арыстарының көбі қайда жерленгені белгісіз. Тіпті ұлт ұстазы Ахаңның қайда жатқанын білмейміз. Жақында Алматының іргесіндегі Жаңалық ауылында саяси репрессияға ұшыраған 163 адамның сүйегіне зерттеу жүргізіліп, генетикалық талдау арқылы 50 адамның дерегі анықталды. Қаражат бөлінсе, осындай әдіс арқылы Ахмет Байтұрсынұлы, Ілияс Жансүгіров сияқты тұлғалар туралы деректер нақтыланар еді. Алматы іргесіндегі Боралдайдағы Қандысайда атылған Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов, Жанайдар Сәдуақасов сияқты 19 халкомға да осындай зерттеу қажет деп ойлаймыз. Қараусыз жатқан осы Қандысайға немесе Жаңалық ауылына Ата-Бейіт сияқты іргелі кешен тұрғызу – перзенттік парызымыз.
Еліміздегі көптеген этнос өкілдерінің репрессияға ұшырағанын ескерсек, мұндай тағылымды іс ел бірлігін бекемдей түседі әрі 2020 жылы Президент Жарлығымен құрылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының нақты нәтижесі болар еді.
Бүгінгі депутаттық сауалымыз:
Крокуста болған қайғылы жағдайдан кейін елімізге ағылатын еңбек мигранттарының саны артатыны болжанып отыр. Осыған байланысты елімізге қанша адам келеді, олар еңбек нарығына қалай әсер етеді, біз оған дайынбыз ба деген сұрақтар туындайды? Олардың арасында деструктивті діни ағымдарға қатысы барлар қанша? Соңғы кездері көрші елдерде жиһадшыл, тәкфіршіл радикал ағымдардың белсенділігі арта түскенін ескерсек, бұл ел қауіпсіздігі тұрғысынан маңызды. Мемлекет басшысы осыған байланысты Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, терроризмге қарсы күрес мақсатында өзге мемлекеттермен ықпалдастықты арттыру туралы тапсырма берген еді.
Елімізге 2022 жылы күз айларында 400 мыңнан аса релоканттың келгені белгілі. Олардың көбі өзге елдерге кеткенімен, қалғандары біздің қоғамға бейімделіп, сіңісе алды ма? Еңбек нарығына және базардағы бағаға қалай әсер етті? Бұл туралы зерттеулер бар ма? Жалпы, мигранттар туралы жүйелі әлеуметтік зерттеулер жүргізу қажет. Миграция – адамдардың бей-берекет қозғалысының механикалық процесі ғана емес. Ол, ең алдымен, бейімделу үрдісі, әлеуметтік жағдай мен өмір салтының өзгеруі. Сондықтан еңбек мигранттары мен қоныс аударушыларға ақпараттық, заңнамалық, тілдік, мәдени қызмет көрсететін арнайы бейімдеу орталықтары болуы керек. Мұндай қадам мигранттардың ел дамуына қосар үлесін арттыра түсері анық.
Тағы бір мәселе, көршілес елдерден келетін мигранттар арасында тіркеусіз жүргендер бар ма? Мәселен Байқоңыр қаласына әуе жолымен кіріп, осы қаладан басқа елді мекендерге өтетін шетелдіктерді тіркеу тәртібі мен есепке алудың заңнамалық механизмі қандай?
Елімізге келушілер арасында заңсыз еңбек мигранттары да аз емес. Мамандардың пікірінше, заңсыз еңбек мигранттары біліктілігі жоқ жұмыс күшін көбейтіп, көлеңкелі секторды дамытады.
Бұл мәселеде заңымыз солқылдақ, жемқорлық та жоқ емес. Миграция туралы сөз болғанда, қандастарға тоқталмай кете алмаймыз. Бұл орайда Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Ата жолы» картасының мүмкіндіктері заңды түрде бекітілуі тиіс. Бұл карта этникалық қазақтарға берілетін қандас мәртебесімен теңестірілуі керек. Қандастарға берілетін квотаны да көбейту қажет. Мәселен Ақмола облысына бөлінген
285 квота қаңтар айында, Рудныйға бөлінген 200 квота ақпан айында игерілген.
Жалпы, сыртқы және ішкі миграция мәселелері Сенатта өткен Үкімет сағатында кеңінен талқыланды. Сенат Төрағасы М.С.Әшімбаев атап өткендей, оңтүстіктен солтүстікке ерікті қоныс аудару бағдарламасы күтілген нәтижені бермегенін мойындау керек. Болжамдарға сәйкес 2050 жылға қарай оңтүстік өңірлердегі халық саны 5,2 млн адамға артып, халықтың тығыздығы солтүстік өңірлермен салыстырғанда төрт есе жоғары болады.
Сарапшылар мигранттар шектен тыс шоғырланған жағдайда, анклавқа айналып, жергілікті халықпен түрлі түсініспеушілік туғызатынын ескертеді. Осыған байланысты, Қазақстанға келгендердің басым бөлігі Маңғыстау өңіріне тұрақтағанын ескерсек, солтүстікке қоныс аудару бағдарламасына оңтүстікпен бірге батыс аймақтарды да қосқан абзал.
Туған жер – тұрған жермен өлшенбейді. Мемлекет басшысы Құрылтайда атап айтқандай, Қазақстанның қай түкпірі де біздің туған жеріміз, сондықтан оның барлық аймағын бірдей жақсы көріп, дамуына үлес қосуымыз керек.
Қазір кейбір облыстарда миграция мәселесі аппарат басшыларына жүктелген, маңыздылығына орай бұл мәселемен арнайы әкім орынбасарлары айналысуы тиіс деп есептейміз. Сонымен қатар солтүстік өңір әкімдіктері халық көбірек көшетін аудандарда фронт-офис түрінде өкілдіктер ашып, түсіндіру жұмыстарын арттырғаны жөн. Ішкі көші-қонды үйлестіруге арналған республикалық портал мен мәліметтердің бірыңғай базасын да жүйелі жандандыру қажет.
БҰҰ көші-қон агенттігінің сауалнамасына қатысқан азаматтар көшуге ынталандырған басты себеп ретінде 51,6% жұмыс және 35,2% үй алу мүмкіндігін атаған екен.
Осыған байланысты жаңа жұмыс орындарын ашумен бірге ерікті қоныс аударушыларға, әсіресе жастарға әлеуметтік келісімшарттың талаптары негізінде, пәтерді 5 жыл өткеннен кейін жекешелендіру құқығымен жалға беру – ішкі көшті жандандыруға септеседі деген ойдамыз.
Поэтому мы считаем, что необходимо вернуть сакральные места на баланс государства, ужесточить законодательство, построить дороги, развивать инфраструктуру, вести системную работу с ЮНЕСКО, открыть гостиницы, визит-центры, урегулировать вопросы экологии, наладить информационную работу, обеспечить эти места интернетом.
В нашей стране немало сакральных мест, которые стали духовным ориентиром нации, оплотом своего народа. К примеру, первая столица Казахского ханства Сузак является местом захоронения прадеда Ходжи Ахмета Ясави Ыскак баба и Тамгаш Хасан Богра хана, правившего государством Карахан. Также предполагается, что здесь покоится некрополь первых казахских ханов - Керей-Жанибек, Хакназар, а также Баба Түкті Шашты Әзіз (Баба Туклес), который был духовным наставником ханов Золотой Орды. Несмотря на столь богатое историко-археологическое наследие, на данной территории не проводились комплексные исследования. Многие подобные комплексы были разрушены, либо сильно видоизменили свой первоначальный облик. В Сайраме, в обители некогда бесчисленного количества наших знаменитых прадедов, сегодня стоят заброшенные святые места. На одном конце древнего некрополя, датируемого 8-9 веками, и вовсе расположился рынок. Необходимо сохранить сакральные объекты, такие как некрополи Ибрагим ата, Карашаш ана, Кызыр хазрет, сохранившиеся из древнего города Исфиджаб. Также предлагаем передать право по сохранению духовных памятников так называемого «города пророков» - древнего Сайрама и Сузака в музей-заповедник «Әзірет Сұлтан» в Туркестане.
Аналогичная ситуация сложилась и в других регионах. В Мангистауской области, где находится почти половина из 25 тыс. памятников Казахстана, большинство из которых включены в список историко-культурных памятников, не хватает специалистов для их изучения и сохранения. Культурные слои повреждаются «черными археологами», а также подвергаются актам вандализма. На огороженной территории кладбищ были построены незаконные постройки и могилы. Против них бессилен действующий закон «Об охране и использовании исторического культурного наследия». Штраф - всего 30 тысяч тенге! Такая же ситуация и в Улытау, где рядом с мавзолеем Жошы хана есть незаконная постройка, из-за чего данный исторический объект уже невозможно включить в список ЮНЕСКО.
Святые места превратились в пристанища для неких лиц. Некоторые из них, якобы, решили таким образом сохранить историческое место, не имея специальных знаний, умений, не придерживаясь правил и стандартов. Даже национальное достояние исторический комплекс Бекет ата передано в частные руки! Пір Бекет – это достояние не одной династии, а знаковая фигура для всего казахского народа! Сооружения, названные в честь таких великих личностей, которые формировали духовные нравы и обычаи народа, должны находиться на попечении государства!
Особое внимание необходимо уделить охране духовных памятников в нашей стране. Потому что, во-первых, они - наше вечное наследие, наше бесценное богатство!
Во-вторых, духовные памятники - это наша история. Мы должны знать ее не через легенды, а через комплексные исследования. Кроме того, для их сохранения необходимо готовить таких специалистов, как реставраторы, консерваторы. Известно, что мавзолею Х.А. Ясави грозило разрушение из-за нехватки специалистов.
В-третьих, духовные места, формирующие иммунитет нации к бездуховности, должны быть школой назидания. Только наши вековые духовные традиции помогут искоренить деструктивные негативные течения.
В-четвертых, необходимо систематизировать и ускорить процесс внесения исторических комплексов, как национальный бренд, в Список всемирного наследия ЮНЕСКО. К примеру, в Узбекистане города Бухара, Самарканд, Хива, Шахрисабз, в Азербайджане город Шеки вошли в список всемирного наследия. При этом Узбекистан, чьи историко-духовные места привлекли в прошлом году около 7 млн туристов, заработал 2 млрд. долларов.
В-пятых, духовные места - очаги духовного туризма. Глава государства в 2019 году в Улытау отметил, что: «Мы являемся последователями великих исторических личностей. Мы должны прославлять дух наших предков через передовые модели туризма». Президент поручил сделать нашу страну центром духовно-этнографического туризма.
Елімізде ұлтына ұран, халқына қорған болған тұғырлы тұлғалардың ізі аз емес. Мәселен, қазақ хандығының алғашқы астанасы Созақ – Қожа Ахмет Иасауидің арғы бабасы Ысқақ бабтың, Қарахан мемлекетін билеген Тамғаш Хасан Боғра (Қарабура) ханның мәңгілік мекені. Сондай-ақ мұнда Алтын Орда хандарына рухани ұстаз болған Баба Түкті Шашты Әзіздің, Керей-Жәнібек, Хақназар сынды алғашқы қазақ хандарының қорымы жатыр деп болжанады. Бірақ оларға тарихи-археологиялық зерттеулер жасалмаған. Өзге кешендердің көбі жойылған, енді бірі бастапқы келбетінен қатты ауытқыған, тарихи орындарды қалауынша өзгерткен. Төңіректеріне бай-бағландардың бейіттері орналасқан. Сол сияқты сансыз бабтар мекені Сайрамда қастерлі орындар қараусыз жатыр. 8-9 ғасырдан қалған көне қорымның бір шетін базар басып барады. Бағзы Исфиджабтан жеткен Ибраһим ата, Қарашаш ана, Қызыр хазірет сияқты тарихи-рухани нысандарды сақтау қажет. Сондықтан көне Сайрам мен Созақтағы рухани ескерткіштерді сақтау ісін Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайына тапсыруды ұсынамыз.
Әулие-ата мен Жетісу, Арқа мен Сыр бойы және өзге де өңірлерде жағдай осыған ұқсас. Мәселен, Қазақстандағы 25 мың ескерткіштің жартысына жуығы орналасқан Маңғыстау өңірінде мұралардың көбі тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілгенімен, оларды қарауға маман жетіспейді. Мәдени қабаттарды «қара археологтар» мен бұзақылар түрлі вандализм арқылы бүлдіріп жатыр. Жеті жұрт көшкен маңғаз мекендегі қорымдардың қоршау аумағына заңсыз құрылыстар, бейіттер салынып кеткен. Оларға қарсы қолданыстағы «Тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану» заңы қауқарсыз. Айыппұлы небәрі 30 мың теңге ғана! Ұлытауда Жошы кесенесінің жанына әлдебір қалталы жақынын жерлеп кеткен, енді нысанды ЮНЕСКО тізіміне енгізу мүмкін болмай тұр.
Киелі жерлер шырақшылардың күн көріс көзіне, бақсы-балгерлердің ордасына айналған. Олардың кейбірі тарихи орынды сақтап отырғанымен, арнайы білім, ереже-қағидаттары мен стандарты жоқ. Тіпті ұлтқа ұран болған Бекет ата – жекенің меншігінде! Пір Бекет – бір қазақтың айбары емес, ол – бар қазақтың байрағы! Халықтың рухани қалпын қалыптастырған мұндай тұлғалар мекені құндылық ретінде мемлекет қарауында болуы тиіс!
Сондықтан елімізде рухани ескерткіштерді қорғауға айрықша көңіл бөлу қажет. Біріншіден, олар біздің мәңгілік мұра – баға жетпес байлығымыз!
Екіншіден, рухани ескерткіштер – біздің таным-тарихымыз. Оны аңыз- арқылы емес, кешенді зерттеу арқылы білуге тиіспіз. Сонымен қатар оларды сақтау үшін реставратор, консерватор сияқты мамандарды даярлау керек. Маман тапшы болғандықтан, Қ.А. Иасауи кесенесі бүліне жаздағаны белгілі.
Үшіншіден, ұлттың иммунитетін қалыптастыратын рухани орындар тағылым мектебі болуы керек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қалқанымыз – діңгекті дәстүр мен рухани бұлақ көздері зерделене бастаса, деструктивті теріс ағымдардың жолын жабуға септеседі.
Төртіншіден, тарихи кешендерді ұлттық бренд ретінде ЮНЕСКО-ға ұсыну ісін жүйелеп, жеделдету қажет. Мәселен, көрші Өзбекстанда Бұхара, Самарқанд, Хиуа, Шахрисабз, Әзербайжанда Шеки сияқты тұтас қалалар Әлемдік мұра тізіміне енген. Сол арқылы тарихи-рухани орындарына былтыр 7 млн-ға жуық турист тартқан Өзбекстан осы саладан $ 2 млрд табыс тапқан.
Бесіншіден, киелі жерлер – рухани туризм ошағы. Мемлекет басшысы 2019 жылы Ұлытауда «Біз ұлы тарихи тұлғалардың ізбасар ұрпағы екенімізді ұмытпауымыз қажет. Ата-бабаларымыздың рухын туризмнің озық үлгілері арқылы дәріптеуіміз керек» деп, елімізді рухани-этнографиялық туризмнің орталығына айналдыруды тапсырғаны белгілі. Сондықтан киелі мекендерді мемлекет қарауына алу, заңды қатайту, инфрақұрылымды дамыту, жол салу, қонақүйлер, визит орталықтарын ашу, экологияны реттеу, ақпарат-насихат жұмыстарын арттыру, интернетпен қамтамасыз ету сияқты іргелі жобаларды жүйелі жүзеге асырған жөн деп ойлаймыз.
Мы приравниваем деревню к золотой колыбели, образу нашей культуры, ядру духовности нации. Но разве культурная жизнь села захватывает дух?
Чтобы не ошибиться в волатильности, нужно не отрываться от ценностей. Мы часто задаемся вопросами: «Участились случаи вандализма, люди ломают автобусные остановки и избивают водителей скорой помощи, почему наш культурный уровень упал?». Однако, как будет развиваться культура без Домов культуры? При этом не секрет, что состояние, техническая база домов культуры и клубов в населенных пунктах, особенно в отдаленных селах, не выдерживают критики. Подавляющее большинство из них было приватизировано в девяностые годы. 770 из 2 035 действующих домов культуры и 608 из 2 006 сельских клубов нуждаются в капитальном ремонте. Некоторые из них изношены, а другие находятся в аварийном состоянии. Так, в Туркестанской области, где мы недавно встречались с общественностью, в 625 населенных пунктах нет домов культуры. Такая же ситуация во многих регионах.
«Человека человеком сделала библиотека», - сказал когда-то Абиш Кекилбаев. В стране 3 891 библиотека, из них 79% - в сельской местности. Однако большинство сельских библиотек (более 60%) устарели. Центральная библиотека Сайрамского района, которую мы посетили, была построена в 1968 году. Материально-техническая база библиотек не соответствует нормативным требованиям. Из-за низкой заработной платы специалисты здесь долго не задерживаются. Известно, что многие библиотеки когда-то были присоединены в школы. То есть жители не могут ими пользоваться. Незначительные средства, выделяемые местными исполнительными органами, которые часто смотрят на культуру по «остаточному принципу», недостаточно для пополнения книжного фонда. Книга, выпущенная тысячами экземпляров, не доходят до всех библиотек. Особенно не хватает художественной литературы. Когда мы говорим, что красивые намерения – это ядро цивилизации, то должны понимать, что оно формируется путем чтения художественной литературы.
Еще сложнее ситуация в сельском спорте. В 2 270 населенных пунктах (47%) нет спортивных объектов. Жители села не могут пользоваться школьными спортивными залами.
Мало культурных очагов, где школьная молодежь и в целом жители с пользой проводят свободное время, развивают себя, не хватает простых кружков по игре на домбре, ремеслу, чтобы заниматься творчеством. Без наличия инфраструктуры в селе сложно развивать креативную индустрию. По мере увеличения культурного разрыва увеличивается количество молодежи, стекающейся из села в город. Понятно, что они приезжают в город в поисках хорошей работой, комфортной жизни, культурной среды. Нерегулярная урбанизация увеличивает ряды маргинализированной молодежи с низким культурным иммунитетом. Чем должна занимается молодежь и жители сел, где изношена библиотека, устаревшие Дома культуры, нет условий для занятий спортом, просмотра кино или концертов? Согласно исследованием учреждения «Молодежь Казахстана», большинство молодых людей в стране проводят свободное время в социальных сетях (74,3%) и в интернете, просматривая фильмы онлайн (63,6%).
Конечно, это проблемы, которые накапливались годами. Первый Указ Президента на новом сроке касался всестороннего развития села. Немало делается в рамках проекта «Ауыл – ел бесігі». С 2021 года заработная плата сотрудников библиотек растет. Выделяются средства на трудоустройство молодежи. Но когда приоритет будут отдавать улучшению качества культурной жизни на селе? Пока улучшается социально-экономическая ситуация и строятся новые школы, необходимо модернизировать и очаги культуры, чтобы сельчане чувствовали себя комфортно. Сельская молодежь и жители не должны подвергаться культурной дискриминации!
На заседании Национального курултая Глава государства отмечал, что мечтает о том, чтобы в стране появились круглосуточные библиотеки. Соответственно строятся ли библиотеки в селах? Есть ли специальная программа для развития культурной жизни сел в целом?
Бүгінгі депутаттық сауалымыз:
Біз ауылды алтын бесікке, мәдениетіміздің мәйегіне, ұлт руханиятының өзегіне теңейміз. Ал ауылдың мәдени өмірі жұтаң тартып бара жатқан жоқ па?
Құбылған заманда құбыладан жаңылмас үшін құндылықтар қажет екені белгілі. Біз «вандализм көбейді, қатігездік артты, аялдаманы қирататын, жедел жәрдем жүргізушісін ұратын жүгенсіздік қайдан шықты, мәдениетіміз неге төмендеді?» деген сұрақты жиі қоямыз. Мәдениет үйі жоқ жерде мәдениет қайдан болсын?! Бұл ретте елді мекендердегі, әсіресе шалғай ауылдардағы мәдениет үйлері мен клубтардың жай-күйі, техникалық базасы сын көтермейтіні жасырын емес. Олардың басым көпшілігі 90-шы жылдары жекешеленіп кетті. Қазір жұмыс істеп тұрған 2035 мәдениет үйінің 770-і және 2006 ауыл клубының 608-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Кейбірі тозығы жетсе, енді бірі апаттық жағдайда тұр. Мәселен, біз жұртшылықпен кездескен Түркістан облысында 625 елді мекенде мәдениет үйі жоқ. Мұндай мысалды әр өңірден келтіруге болады.
«Адамды адамзат еткен – кітапхана» деген Әбіш Кекілбаев. Елімізде 3 891 кітапхана болса, оның 79% ауылдық жерлерде екен. Алайда ауыл кітапханаларының көпшілігі (60%-тен астамы) ескірген. Айталық біз барған Сайрам ауданының орталық кітапханасы 1968 жылы салынған. Кітапханалардың материалдық-техникалық базасы нормативтік талаптарға сай емес. Жалақасы төмен болғандықтан, маман тұрақтамайды. Көптеген кітапханаларды кезінде мектептерге қосып жібергені белгілі. Қарапайым тұрғындар оны пайдалана алмайды. Мәдениетке көбіне «қалдық принципімен» қарайтын жергілікті атқарушы органдар бөлетін мардымсыз қаржы кітап қорын толықтыруға жетпейді. Мың данамен шыққан кітап кітапханаларға қайдан жетсін? Әсіресе көркем әдебиет жетіспейді. Көркем ниет – өркениет өзегі десек, ол көркем әдебиет оқу арқылы қалыптасады.
Ауыл спорты туралы айту тіпті қиын. 2 270 елді мекенде (47%) спорттық нысан жоқ. Ауыл тұрғындары мектеп спорт залдарын пайдалана алмайды.
Мектеп бітірген ауыл жастары мен тұрғындары демалыстарын тиімді өткізетін, өздерін дамытатын мәдени ошақтар аз, шығармашалықпен айналысуға домбыра, қолөнер сияқты қарапайым үйірмелер жетіспейді. Ауылда мәдени инфрақұрылым болмай, креативті индустриянының дамуы қиын. Арадағы мәдени алшақтық ұлғайғандықтан, ауылдан қалаға ағылған жастар қатары артып келеді. Олардың қалаға жақсы жұмыспен бірге, жайлы тұрмыс, мәдени орта іздеп келетіні анық. Жүйесіз урбанизация мәдени иммунитеті төмен маргинал жастардың қатарын көбейтеді. Кітапханасы тозған, бас қосатын мәдениет үйі ескірген, кино көруге, концерт тамашалауға, спортпен айналысуға жағдайы жоқ ауыл жастары мен тұрғындар сонда немен айналысады? «Қазақстан жастары» мекемесінің зерттеуіне сүйенсек, елімізде жастардың көпшілігі бос уақытын әлеуметтік желіде (74,3%) және интернетте онлайн фильмдер қараумен (63,6%) өткізеді.
Әрине, бұл – жылдар бойы қордаланған мәселе. Президенттің жаңа мерзімдегі алғашқы Жарлығы ауылды дамыту жөнінде болды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылып жатқан істер аз емес. 2021 жылдан бері кітапхана қызметкерлерінің жалақасы артып келеді. Жастарды жұмыспен қамту үшін қаржы бөлінуде. Ал ауылдағы мәдени өмірдің сапасын жақсартуға қашан басымдық беріледі? Әлеуметтік-экономикалық ахуал жақсарып, жаңа мектептер салынып жатқанда, ауыл тұрғындары өздерін жайлы сезінуі үшін мәдениет ошақтарын да жаңалау шарт. Ауыл жастары мен тұрғындары мәдени дискриминацияға ұшырамауы тиіс!
Мемлекет басшысы Құрылтайда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана ашуды армандайтынын айтқан еді. Соған сәйкес ауыл кітапханалары салына ма? Жалпы ауылдың мәдени өмірін дамытуға арнайы бағдарлама бола ма?
Наш сегодняшний депутатский запрос будет посвящен судьбе детей-сирот, усыновленных за рубеж.
Эта тема уже неоднократно поднималась. Генеральная прокуратура в 2014 году выразила обеспокоенность судьбой детей, которые сейчас находятся за рубежом, провела специальную проверку и предложила создать единую систему данных для детей-сирот и граждан, желающих их усыновить. Результат этой проверки и ход выполнения принятых решений нам неизвестны. К примеру, 120 детей, усыновленные в такие страны, как Южная Африка, Кения, Филиппины, Мексика, Мальта, Аргентина, взяты ли под контроль? Создана ли единая система данных? Есть много вопросов, которые ожидают ответов.
Вывезенные двадцать лет назад дети-сироты уже подросли, и эта тема снова обсуждается. Например, проект «Казахские дети за рубежом» («Шетелдегі қазақ балалары») на канале «Жибек жолы», который ведет журналист Жанар Байсемизова, не оставит любого равнодушным. Среди детей-сирот немало тех, кто хочет найти своих биологических родителей. Таковыми являются и Жанибек или Эддижан Савельев. Как пишет журналист Беркинбаев, он родился 17 января 2002 года в Аркалыке и был усыновлен в 2004 году бельгийкой Ириной Савельевой из детского дома. Жанибек, живущий на испанском острове Мальорка, в декабре 2023 года вернулся на родину в поисках своей биологической матери. Он утверждает, что ему «от кровных родителей ничего не нужно, только увидеться вживую с мамой и успокоить свое сердце».
Он вернулся обратно, так и не нашел свою мать. Это вызвало резонанс в обществе, широко обсуждалось в социальных сетях. Журналист Кымбат Досжан проводит расследование.
А сколько таких судеб, когда дети сначала теряют своих родителей, потом их увозят за границу, они теряют себя и свое происхождение, а затем находятся в поисках уже в зрелом возрасте. В целях защиты прав детей, усыновленных иностранными гражданами, Казахстан в 2010 году ратифицировал Конвенцию о защите детей и сотрудничестве в отношении иностранных усыновителей ребенка. По данным Министерства просвещения, которое является уполномоченным органом в области защиты прав ребенка, с момента подписания Конвенции иностранные граждане усыновили 158 казахстанских детей. В том числе в 2013-2019 годах иностранцы усыновили 157 детей, за последние 4 года - 1 ребенок. Радует резкое снижение показателя. До подписания Конвенции между 1999 и 2011 годами иностранцы усыновили 8 805 детей. Из них 5 217 списаны в связи с наступлением совершеннолетия. О 3 588 несовершеннолетних детях отчеты еще поступают. К сожалению, есть немало усыновителей , которые не отправляют отчеты. Так, о 30 детях, усыновленных в Южную Африку, ничего не известно. Точно так же нет данных о судьбе 104 детей в США, 113 детей в Бельгии. Хуже того, нет абсолютно никаких данных о том, сколько детей-сирот из нашей страны было вывезено за границу до 1999 года. В девяностых годах были разбиты многие судьбы, сколько детей были усыновлены и о них теперь ничего неизвестно.
В этой связи, консультируясь с уполномоченным по правам ребенка в РК Динарой Закиевой, рекомендуем:
Провести исследование по детям, вывезенным за границу до 1999 года;
Обновить сведения о детях, чьи данные направляются нерегулярно либо отсутсвуют;
Оказывать поддержку детям, создавая различные кружки, при необходимости помогать им находить родителей;
Заключать межведомственные соглашения, поддерживать их через посольства, чтобы они могли видеться со своими родителями;
Детям, достигшим совершеннолетия, оказывать помощь в получении гражданства Казахстана при желании.
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 weeks, 2 days ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 1 month ago