Чисто қазақтар

Description
Алғашкы өзімізге арналған канал❗️❗️❗️
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

6 years, 8 months ago

Альберт Эйнштейн. Уолт Дисней. Билл Гейтс. Стив Джобс. Бұл табыс хикаялары миллиондарға шабыт берді.
Біз баяндайтын қазақстандықтар өздерінің табысқа жетелейтін жолында көптеген кедергілерден өтті. Сәтсіздіктер мінезін шынықтырды. Сіңірген еңбектері ақталды. Табандылықтары енді көпшілікке үлгі болар.

Егер сізге жеке бизнесіңізді ашу, ардақты лауазымды алу немесе өз ісіңізде үздік болу үшін шабыт жетіспей тұрса, «Еліміздің жаңа есімдері» көрмесіне барып қайтуға кеңес береміз. Бұл ауыр заман, қиын жағдай мен өзгелердің сенбеушілігіне қарамастан белгілі бір табысқа жеткен адамдардың жігерлендіретін хикаялары. Олардың барлығы тек жылдар бойы сомдалған өнер, ақыл мен тәжірибесінің арқасында ғана құрмет артты.

Көрме 21 наурызға дейін жалғасатын болады, астанамыздың тұрғындары мен қонақтары «Еліміздің жаңа есімдерімен» «Керуен» ойын-сауық орталығында таныса алады.

Көрмеге келетіндер кейіпкерлеріміздің үлгісі арқылы табыс идеясына бөлене алатынына үміттенеміз. Бұл жеңіске олар жетсе, ол сіздің де қолыңыздан келер!

▪️ 71% (46) ?
????????

▫️ 14% (9) ?
?

▪️ 14% (9) ❤️
?
? 64 - всего голосов

6 years, 8 months ago

«Қызды қайдан алам?» деп ақыл сұраған жігіттерге айтарым:

— Әйелі сөйлеп, еркегі үндемей қалған үйден — қыз алмаңыз! Себебі, сол үйдің қызы Анасы құсап Еркектің қадірін білмей өседі! Егер, ол өзінің Әкесінің қадірін білмей өссе — сіздің қадіріңізді қалай білмек?!

▪️ 82% (77) ?
????????

▫️ 9% (9) ?

▪️ 7% (7) ❤️

? 93 - всего голосов

6 years, 8 months ago

Маған бірде "сені біреулер сыртыңнан жамандап жатыр," - деп айтты. Мен оған "мені сыртымнан ұрып-соқса да болады," - деп жауап бердім.

Аристотель

▪️ 73% (56) ??
????????

▫️ 14% (11) ?
?

▪️ 11% (9) ❤️
?
? 76 - всего голосов

6 years, 9 months ago

Дүниедегінің бәрін үйренгіңіз келсе...

Интернет арқылы кез-келген нәрсені үйренуге болатынының тағы бір дәлелі мына 10 интерактивті сайт:
1. http://wordmap.co/ Әлем тілдерін үйреніңіз
Бір сөздің бірнеше тілде қалай айтылатынын, не мағына беретінін білгіңіз келсе, таптырмас жер. Тіл үйрену заман талабы, талапқа сай талпыныңыз.
2. http://thisissand.com/ Құммен сурет салу
Түрлі түсті құмдармен сурет салып, шыңдалғысы кеглгендер үшін керемет дүние. уақытыңызды ойынға да, дамуға да бөле аласыз.
3. http://thefamilyfarmer.com/ Ферманы басқару
егер сіздің ферманың жұмысы туралы хабарыңыз болмаса, мына жерден бәрін егжей-тегжейлі біле аласыз. Ойын тарихтан бастау алып, ауыл шаруашылығыныі барлық түрлерімен таныс етеді.
4. https://performingarts.withgoogle.com/e… Өзіңізді әртіс ретінде сынап көріңіз
Әртіс болу кез-келгенге жаза бермеген. Үйде отырып, осы қабілетіңізді шыідай аласыз, шеберлікті сезіне аласыз. Жанр мен орынды таңдау арқылы, қалаған жерде қалаған әртіс болып сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
5. http://www.natgeoeat.com/ Тамақтардың тарихынан хабардар болғыңыз келсе
Тағам туралы толық мәлімет білгіңіз келсе, сіз жеп отырған тағам қай елде, қалай пайда болғанынан хабар алғыңыз келсе, сізге осында кіру керек.
6. http://www.google.com/sky/ Космонавт болғыңыз келсе
Әрине, бұл сайт сізді шынымен космосқа ұшырып жібермейді, бірақ үйде отырып-ақ сол сезімді бастан кешіре аласыз. Интерактивті сайт сізге бар мүмкіндікті жасап қойған. Бала кезімізде көпшілігіміз космосқа ұшу туралы арман еткен шығармыз, кіріп көріңіз!
7. http://www.monet2010.com/en#/home/ Моненің жан біткен суреттері
Маған қатты ұнады. Өнерді онша түсіне бермейтін жан үшін де бұл жер жан рахатына айнала алады. Суреттерге жан бітіп, жаныңызды жадыратады.
8. http://www.costa.co.uk/experience/#/1/n… Кофенің тарихы
Қызықты факттер арқылы кофенің шығу тарихын тамашалай аласыз. Кофені бәрі ішеді, бірақ ол туралы не білеміз? Білгеніңіз ішкеніңізден көп болсын.
9. http://moveclick.ru/virtualnyj-muzej-galil… Галилео Галилейдің виртуалды музейін көру
Сайтта Галилейдің жұмыстарының нәтижесіне куә бола аласыз. Тілін орысшаға ауыстырып алуыңызға болады.
10. http://www.howmanypeopleareinspacerightnow.com/ Дәл қазір космоста қанша адам бар
мына сайт арқылы дәл қазір космоста қанша адамның жүргендігін, және олар туралы ақпарат ала аласыз. Мен осы жайлы жазып отырғанда қазір космоста 6 адам жүр екен, Ресейлік, АҚШ, Ұлыбритания комонавттары. Қызықсаңыз қарап көріңіз!
Интернетті кең ауқымда пайдалана біліңіз, ол сізге сіз ойлағаннан да көп нәрсе бере алады.

▪️ 85% (30) ??
????????

▫️ 8% (3) ?

▪️ 5% (2) ❤️

? 35 - всего голосов

6 years, 9 months ago

Баяғыда бір кісі көп жыл құрылыс саласында қызмет атқарған екен. Зейнет жасына келгенде бастығына келіп: «Басеке, менің зейнетке шығатын уақытым келді, рұқсат болса мен жұмыстан шығайын, өтінішіме қол қойып беріңіз», – дейді. Сонда бастығы: «Әрине, зейнетке шығасыз. Бірақ бір шартым бар. Әлі салына қоймаған бір үй бар еді, соны салып, бітіріп берсеңіз, рұқсат», – деп жауабын келте қайырады.
Әлгі қария амалдың жоғынан үйді аз күнде бітіріп, үйдің кілтін бастығына берсе, бастығы өзіне қайтарып береді. Бұған таң қалған ақсақал: «Басеке, мұныңыз қалай?» – дейді. Сол кезде бастығы: «Ақсақал, негізі бұл сіздің үйіңіз, енді бұл үйде өзіңіз тұрасыз», – деп жауап қайтарады. Бастығынан мұндай жауапты күтпеген әлгі қария: «Қап, өзімнің үйім болатындығын білгенімде бар мүмкіндікті пайдаланып, зәулім сарай салып алатын едім ғой», – деп өкініп қалды.
Осы бір мысалдан алатынымыз, біздің әрбір жасаған құлшылығымыз, намазымыз, ғибадатымыз өзіміз үшін. Ертеңгі күні олардың жемісін өзіміз көреміз. Сондықтан да «Бұл дүние – ақиреттің егіндігі» деп бекерден бекер айтылмаса керек.

▪️ 84% (70) ??
????????

▫️ 7% (6) ?

▪️ 8% (7) ❤️

? 83 - всего голосов

6 years, 10 months ago

Жаратушы турғанда, жаратылғаннан не сұрайсың?!

(c) Абай

▪️ 78% (75) ??
????????

▫️ 8% (8) ?

▪️ 13% (13) ❤️
?
? 96 - всего голосов

6 years, 10 months ago

?

▪️ 80% (42) ??
????????

▫️ 1% (1) ??

▪️ 17% (9) ❤️
?
? 52 - всего голосов

***?***
6 years, 10 months ago

Омар Хайямның 10 нақылы

  1. Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.
  2. Маған адамның кедейлігі емес, оның ойы мен жанының кедейлігі қынжылтады.
  3. Жұлынған гүл сыйлануы тиіс, жазыла басталған өлең - аяқталуы, ал сүйікті әйелің - бақытты, олай болмаса, әлің жетпес тірлікті бастамауың керек.
  4. Жас та өтер, бірте - бірте кәрі де өтер,
    Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер.
    Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә,
    Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер...
  5. Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі - не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі - кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.
  6. Ей, көңілім, сыйлық күтпе бұл заманнан қараңғы,
    Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды.
    Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз,
    Күткенменен мына уақыт емдемейді жараңды.
  7. Біреуге риясыз сену оның қолына өз еркіңмен өткір қанжар ұстатқаның. Лыпып тұрған қанжармен ол сені қорғауы да мүмкін, бауыздауы да мүмкін.
  8. Бәрін түсіндіруге болады, бірақ бәріне емеc.
  9. Өмірде дана секілді сүргің келсе, екі басты қағиданы жаттап ал: әр нәрсені жегенше, аш қалған дұрыс; әркіммен өмір сүргенше, жалғыз болған дұрыс.
  10. Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр...

▪️ 75% (52) ??
????????

▫️ 1% (1) ??

▪️ 23% (16) ❤️
??
? 69 - всего голосов

6 years, 10 months ago

Арыстан итпен жолдас бола берсе күндердің күнінде өзінің де итке айналғанын білмей қалады...

(с) Оралхан Бөкей

▪️ 80% (68) ??
????????

▫️ 7% (6) ??

▪️ 11% (10) ❤️
?
? 84 - всего голосов

6 years, 10 months ago

Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген...

Оның алғашқысы: ұят болады.
Екіншісі: жаман болады.
Үшіншісі: обал болады.

Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме дегені; жаным арымның садағасы дегені еді;

Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр дегені; жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деген еді;

Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін дегені еді.

Жаман боладыға жақындамай, ұят боладыға ұрынбай, обал болады дегенге ойлана қарайтын текті ұлт болған едік, бүгінгі күнгі осы үш сөзге тоқтаймыз ба?

▪️ 75% (69) ??
????????

▫️ 0% ??

▪️ 25% (23) ❤️
??
? 92 - всего голосов

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.