Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 1 month, 3 weeks ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 2 months ago
Әлеуметтік желіде әркім өз ұстанымына сай пікір жазып, көзқарасын білдіреді.
Дін ұстанатын адам діннің призмасы бойынша ой-пікірін жазады. Ұстанымы да сол дін.
Бірақ «дініңді тықпалама», «дінге дым қатысы жоқ», «дініңді өзің ұстан» деген секілді қарсы шабуылдар басталады.
Атеист атеистік тұрғыдан өз ойын жазып, ұстанымын көрсете алады. Агност та емін-еркін өзін көрсетеді. Пәлсапа қуғандар соның жүйесі бойынша қуады. Феминизм өкілдері де әйел құқығын қорғағандай болып, сол идеологияның ұстанымын алға тартады.
Сонда мұсылман адамға Ислам діні тұрғысынан сөйлеуге болмай ма?! Мұсылман адам жеке пікірін жазу үшін қарсы тараптың «дінін» ұстануы керек пе?!
Исламдағы «салиқалы әйел» деген ұғымды Ислам дінінің дұшпандары «удобная» деп айыптайды.
Егер сіз мұсылман қызы болсаңыз, ең алдымен дініңізді үйреніңіз. Егер діннен бұрын психолог, коуч қатындардың сандырағын үйренсеңіз, діннің атынан сөз айтпаңыз.
«Салиқалы жар» немесе «удобная»? Таңдау сізде!
Кейде балаға ұрсып жатады. Бала тыңдамайды. Жылайды. Агрессия. Оны жұрт тентек деп ойлайды. Бұзық деп есептейді. Бірақ…
Баланың агрессиясы түзетуді қажет етеді. Коррекция. Оның айтқанды тыңдамауы тәрбиесіне байланысты емес.
Мінеки, осы онжылдықтағы балалардың жағдайы осы. Келесі онжылдықта не болатынын тек бір Алла біледі.
Күн көкжиектен асып, ауылдың үстін кешкі қызғылт сәуле басқан уақытта ауылдың қарттары қарашаңырақтың айналасына жиналып, баяғы дәстүр бойынша әңгіме-дүкен құрып отыр еді. Ауыздан шыққан сөздер жай ғана әңгіме емес, ұрпақтан ұрпаққа жеткен даналықтың мәйегі болатын.
Сол кезде бір жас жігіт қарттардың біріне жақындап, көңілінде жүрген шерін бөлісті. «Пәленше менің артымнан сөз айтып, пәлен жерде мені жамандапты. Соның кесірінен абыройым төгілді», – деп мұңын шағыпты.
Ақсақал оның сөзін тыңдап, бір сәт ойланып қалды. Сосын әлгі жігіттің көзіне тіке қарап: «Әй, балам, оның жаман істерін айтқаннан не пайда табасың? Оның орнына жақсы істерін айтып, жүрегіне шоқ сал. Көр де тұр, ұялар, мүмкін, ойланар», – деп жауап қайырды.
Жас жігіт қарттың бұл сөзінен мән-мағына іздеп, ішінен бір ой түйді. Ақсақалдың даналығы тереңде жатты. Ол адамгершілік пен мейірімділіктің күшін түсіндіргісі келді. Қарттың айтқаны жай ғана кеңес емес, өмірдің өзі ұсынған сабақ еді.
– Әй, балам, – деді қарт одан әрі терең ойға салып, – өмірде әрбір хикаяның астарында бір мағына жатады. Егер біреу сені байқамай жамандап қойса, оған қарсылықпен жауап берме. Оның орнына жақсы жақтарын айтып, оны абыройға бөле. Мүмкін, ол да ақылға келіп, ар-намысын сезінер. Бұл сенің кісілігіңнің белгісі, ал шын кісі болу – өзіңді де, өзгені де көтере білуде.
Ақсақалдың бұл сөздері кешкі самалдай жүрекке жетіп, жиналғандардың ойына қона қалды. Әңгіме аяқталып, түн тыныштығы орнағанда әркім осы сөздердің мәнін өз санасына құйып, жүрекке сақтап алды.
ℹ️ Қайым Насыр. «Тәрбие кітабы», Екінші өсиет
Мына тегін дүниені оқығандар бар ма? Кеше бір оқырман алғыс пікірін білдірді.
«Тәрбие кітабы» кітабына қатысты сұрақтарға жауап берейін:
Қайым Насырдың «Китаб әт-тәрбия» кітабының татаршасы да, орысшасы да интернетте тұр. Тегін оқуға болады.
Бұл кітап не жайлы? Кітап дінмен ұштасатын рухани тәрбиелік мағынадағы өнегелі өсиеттерден тұрады. Әрбір өсиет белгілі бір ғибратты оқиғалардан, тұлғалардан құралады. Әрбір өсиет кез келген адамның коуч-менторының орнын баса алады.
Кітаптың қандай пайдасы бар? Бұл еңбек қалың оқырманға арналған. Кітапты оқыған соң адамның санасы селк етіп, жүрегі дір етіп, руханияты толығады. Оқырманның құндылығы қалыптасады.
Кітапты оқыған соң әрбір өсиетті контент ретінде қолдануға болады. Сахнада сөз сөйлегенде кейбір өсиетті мысал, сторителлинг ретінде қолдануға болады. Мақала жазғанда да ойды қуаттау үшін қажет болады. Тым құрығанда отырыста өсиеттерді айтып, асаба болуға болады.
Әрине, бұл кітап әдеби жанр ретінде жазылған. Діни еңбек, шариғат пәтуасы деп айта алмаймыз. Кітапты оқығанда белгілі бір оқиғаларға, тұлғаларға қатысты діни сұрақтар туындауы мүмкін. Оның жауабын тек исламтанушы ұстаздардан, Муфтияттан сұрап білуге болады. Кітапта сенімді хабарлар бұрмалануы мүмкін.
Демек, ең маңыздысы — кітаптағы әрбір өсиеттен түйін табу, ойға бату, амалға асыру. Күнделік жазып, әрбір өсиеттен өнеге алып, оны іске асыруға жоспарлайтын адам үшін бұл таптырмас құнды еңбек.
Кітапқа қатысты басқа да сұрақтар болса, жекеге жаза беріңіздер!
Татар тілі де, әдебиеті де бай ғой, шіркін! Өткен жылы Ақтауда жүргенде татар ағартушысы Қайым Насырдың осы еңбегі көзге түсті. Ақтауда әулиелерден шабыт дарыған болса керек, осы кітап бірден жан дүниемнен орын алды. Кітаптың бастапқы өсиеттерін аударып бастағам. Алайда Алматыға көшіп кеткен соң тоқтап қалды.
Енді бүгін алғашқы он шақты өсиетін электронды өнім ретінде баршаға ұсынып отырмын. Кітаптағы 113 өсиет бір электронды кітапқа сыймайтыны белгілі.
Төребек Бекбаевты көркем мінезді деп атайтын жастар өте көп. Әлбетте, сол кісі секілді жай, ақырын сөйлеп, аптықпай, жымиып отыру жарасымды. Бірақ дінімізде адамды көркем мінезді деп айту үшін оның әдептілігі, жақсы мінез-құлығы жеткіліксіз. Көркем мінездің ең маңызды шарты — ақиданың дұрыс болуы. Алла Тағала жайлы білім, таным, сенім өте дұрыс болуы қажет. Онсыз мұсылман адам көркем мінезді саналмайды.
Парақшамда жаңа жазбалардың болмауы автобусқа мінбей жүргенімді білдіреді.
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 1 month, 3 weeks ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 2 months ago