ФИНАЛ / 3-желтоқсан / Астана қаласында
Last updated 1 год, 1 месяц назад
Что вершит судьбу человечества в этом мире?
По рекламе - @sh1nsyy
Last updated 6 дней, 23 часа назад
По вопросам рекламы писать @maarikmarakesh
Last updated 6 месяцев, 2 недели назад
Алла елшісі әйелдерімен қажылыққа шығады.Осы сапарда әйелдері отырған түйелерді жетектеп жүрген Анжаша деген жас бала жүрісін тездете бастайды.Сонда Алла елшісі :”Ей, Анжаша құтыларға жұмсақтық таныт”-дейді.(Алла елшісі әйнек ыдыс қалай тез сынуға бейім болса,әйелдердің де жұмсақтықпен нәзіктігін әрі дөрекілікпен қаттылықты көтере алмайтындығын шыны ыдысқа ұқсатқан)
⠀
Өміріңнің әр кезеңінде әйнек құтыға жұмсақтық таныт:
⠀
Бір дөрекі сөйлесе жұта сал,қаншама рет саған жұмсақ тіл қатты.
⠀
Үйге келген кезде жиналмай тұрған болса, көрмегендей бол.
⠀
Егер көйлегіңді үтіктемеген болса, дүниенің соңы емес
⠀
Түскі ас дайын болмай жатса шыдай тұр, ешқандай катастрофа басталмады
⠀
Ұнамсыз әрекет көрсең дауыс көтеріп емес, бәлки көз қиығымен жеткіз.
⠀
Ең сақ болатын нәрсе бала-шағаның алдында оғаш қылық істеуден сақ бол.Себебі ол саған айтпасада жүрегінде орыны жазылмас жарақат болып қалады.
⠀
Иа,өмірде әйелің сені көп шаршатуы мүмкін, тіпті қажытып та жібереді.Осындай сәттерде ешқандай әрекет қолданбай Алла елшісінің осы хадисын көкейіңде ұста. Ашумен ыза толқындарын басуға септігі тиіп қалар.Тіпті әйеліңмен осындай мәміле істегің келмесе де, сүннентке амал істеп жатрымын деп ойла.
⠀
Айтпақшы,әйнек ыдыс сынса ,қайта жөндеу қиындау)
⠀
Әдһәм Шарқауи “Расаилу мин-наби”
Сенімен бірге болмағанның барлығы саған қарсы дегенді білдірмейді.
Подкасттың аудио нұсқасын барлық платформалардан тыңдай аласыздар
Ризық – тікелей ақида іліміне қатысты күрделі мәселелердің бірі. Бұл ризық мәселесі – өзіңнің тәжірибеңе сүйеніп айта салатын жеңіл-желпі нәрсе емес.
Сол себепті де ризық кілттері кітабымыздың басым көпшілігі ізгі ғалымдардың сөзіне толы.
“Мен былай жасай қалып едім, ризығым артты, күтпеген жерден потогым ашылды“ деген әрбір тәжірибеге сүйеніп айтылған сөздерге алданып қала бермеңіз.
Оның орнына ізгі ғалымдарға еріңіз, оларды жақсы көріңіз, олардың есімдерін жаттап жүріңіз, игі сөздеріне амал етіңіз.
عَنْ أَنَسٍ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا أَكَلَ طَعَامًا لَعِقَ أَصَابِعَهُ الثَّلاثَ
Әнәс ибн Мәлик (р.а) былай дейді: «Аллаһ елшісі (с.а.с)тамақ жеген кезде саусақтарын үш рет жалайтын еді».
Хадистің түсіндірмесі:
Аллаһ елшісі ﷺ тамақты көбінесе үш саусақпен жеген. Кей риуаятта бес деп те келеді. Арабтарда оны: ибһәм, сәббәбә, усто десе, қазақтарда: басбармақ\ сұқ саусақ \ ортаңғы саусақ деп атайды. Үш саусақпен немесе бес саусақпен жегеннің қандай хикметі бар десек, бес саусақпен жеу – сырт көзге ашкөздіктің көрінісін береді. Ал бір саусақпен жеу – тәкәппарлық, менсінбеушіліктің белгісін көрсетсе, Аллаһ елшісі ﷺ ұстанып өткен үш саусақпен жеу – орта жолдың керемет үлгісі болып табылады.
Ескере кететін жайт: саусақты үш рет жалау, тамақты түгел жеп болғаннан кейін істелу керек іс-әрекет. Себебі, жаныңызда отырған адамдардың алдында ыңғайсыздық пен жайсыздық тудыруы мүмкін болғандықтан, тамақтан кейін істеу әдеп болып табылады. Екіншіден: бұл іс-әркет ерсі болып табылмайды. Себебі, әлемдердің сардары болған пайғамбарымыздың тағы бір сүннеті, тамақ алдында қол жуу еді. Ал ол өз кезегінде тазалықтың керемет үлгілерінің бірі екені сөзсіз. Тамақтан кейін саусақты жалаудың хикметі: барынша ысырапшылдықтан сақтану болып табылады. Әрі бұл Алланың берген әрбір нығметіне шүкіршілік білдірудің көрінісі. Осылайша Аллаһ елшісі (с.а.с) өзінің іс-әрекеттері арқылы, өзгелерге де үлгі бола білген.
Хадистен алынатын пайдалар:
• Тамақ жеу барысында саусақ жаланбайды.
• Ысырапшылдықтың алдын алудың бірден бір жолы. Сол себепті, тамақты тауысып жеу сүннет болып табылады. Себебі, Аллаһ тағала оның берекесін қайда жасырып қойғанын білмейміз. Тіпті қолымызды немесе қажетімізді өтегеннен кейін тазалауға арналған заттардың, шарттарының бірі : құны бар заттар (мата,киім т.б) болмауы керек. Оның өзі Алланың берген нығметін, өз орнында пайдаланбау болып есептеледі.
• Берілген нығметтердің шүкіршілігі: оны дұрыс әрі өз орнында пайдалана алуда.
• Адам шамасы жететіндей, тамақ мөлшерін жеудің өзі, ескере кететін жайттардың бірі. (әсіресе умра сапарына немесе демалысқа барған кезде адамдар өте көп мөлшерде тамақ алып,аз бөлігін жеп қалғанын қоқысқа тастайтын жайттар көп кездеседі)Себебі, тоқшылық заманында азығымыздың,өте көп мөлшерде қоқысқа төгіліп жатқанын көз көріп, құлақ естуде.
Ал,Пайғамбарымыз болса ысыраптан соншалықты сақтанғандығы тамақты қоқысқа тастау былай тұрсын,саусағында қалған ас қалдығын жалап,жерге түскен қоқымды үрлеп жберіп жейтін болған.
Айырмашылықты сездің бе?!
Алдағы уақытта шығатын “Шәмәил Мухаммадия -2” кітабынан үзінді
Әбу Һурайра (р.а.): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда жақсырақ, әрі Аллаға ұнамдырақ. Бірақ, екеуінде де қайыр бар. Өзіңе пайдалы дүниеге ұмтыл, Алладан жәрдем сұра, дәрменсіздік танытпа. Бір жағдайға тап бола қалсаң, «Егер мен былай істегенде былайша-былайша болар еді» деп айтпа. Алайда: «Алла Тағала жазды, Оның қалауы болды», деп айт. Өйткені, «егер» деген сөз шайтанға жол ашады», деген хадисті риуаят етеді
Міне, осы үшін ислам діні Қасиетті Құранның бірнеше аяттарында ескертіп, қуатты болуға шақырады: Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. (Сондай-ақ заманауи техникалық құралдар дайындаңдар.) Алланың дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды тағы олардан өзге дұшпандарды қорқытасыңдар. Әнфал-60
Хазіреті пайғамбарымыздың ﷺ батылдығы жайында мысал келтірейік: Хунайн соғысы кезінде адамдар кері шегініп қаша бастағанда пайғамбарымыздың жанында тексанаулы жандар қалған еді, сонда ол қашырына мініп: «Мен жалған сөйлемейтін пайғамбармын,Мен Абду Мүттәліптің ұлымын» деп жау саптарын кесіп өтіп, өжеттілік танытатын.
Бізді күш-қуат жолына шақырып, күшті мүмінді әлсіз мүміннен артық көретін тура жол елшісі мен мейірім пайғамбарының бұл бағытын көру таңқаларлық емес, өйткені қуат- ұлылықтың жолы және ислам пайғамбары шақырған қуаттылық тек қана дененің, бұлшық еттің күшті болуымен ғана шектелмейді, керісінше, ол күштің барлық түрін, айта кетсек: дененің күшін, ақыл-ой күшін, білім және имандылық пен діннің күшін, сондай-ақ адамды физикалық ақыл-ой немесе рухани жағынан нығайтатын барлық жолдарды қамтиды. Осылайша мүмін айбынды, қадірлі болып қалады және абыроймен қорғалады.?Себептерді қабылдау Аллаға үміт артып, одан жәрдем сұраумен үйлеспейді, адам ең алдымен Аллаға тәуекел ете отырып себептерін іздеуге тырысуы керек.Мұсылмандар осы пайғамбарымыздың тура жолын ұстанатын болса абырой мен бақытта өмір сүрер еді, егер ұстанар болса ғана...
Алдағы уақытта шығатын “Сүннет қазыналары” кітабы
ФИНАЛ / 3-желтоқсан / Астана қаласында
Last updated 1 год, 1 месяц назад
Что вершит судьбу человечества в этом мире?
По рекламе - @sh1nsyy
Last updated 6 дней, 23 часа назад
По вопросам рекламы писать @maarikmarakesh
Last updated 6 месяцев, 2 недели назад