Infinite Entertainment, Zero Cost: Get Your Free Books, Music, and Videos Today!

Jurek dapteri

Description
Жүрегімді оқы
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @KARAKALPAKSTANBOT

Last updated 1 week ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 6 days, 19 hours ago

1 month, 3 weeks ago

Өмірде кездейсоқтық жоқ. Сынақ берсе, лайық болғаның. Сынақ сенің сабағың. Рухани баспалдағың. Жүрегіңнің құлпын ашатын кілт.
Ал, біз қайтеміз?! Жүгіреміз, жүгіреміз, келесі аялдама, келесі бұрылыс... Үй, жұмыс, үй. Махаббат қайда? Қол ұстасып кешкі серуенге шығу? Жүректі ескі альбом секілді сандыққа салып қоямыз.
Жүрек баяғыша сенгісі келеді. Баяғыша сүйгісі келеді. Сүйікті болғысы келеді. Титтей үмітті тірілткісі келеді.
Өмір деген жарыста жүгіріп бара жатып, тоқтап дем алуды ұмытпа. Жаныңдағы ет жақындарыңа уақыт бөлуді. Бәрі де өткінші ғой. Күн шығады, кеш батады. Уақыт зымырайды. Соның бәрі біз парасатты болсын дегеннен ғой.

Ирина Самарина-Лабиринт
Аударған Шынар Әбілда

2 months ago

Теңсіздік жыры

"Ғалам-мылқау" десе егер, нанасың ба?
Жұмбақтың бәрі осында.
Бір теңсіздік жатады білінбестен,
Асылы, адамзаттың арасында.

Көзсіз көрсе көңілсіз күй кернеуі,
Шоқ болып тиген жері.
Өзегі өліп-өшіп сүйе тұра,
Ол неге жетім қызға үйленбеді?

Быт-шыт болып іштегі бір ұстамы,
Көңілдің хрусталі.
Сері жігіт бұрылып қарамады,
Ақылды қыз ұнауға тырыспады.

Жаның жүдеп тірліктен, жылағанда,
Мың сұрақ шығады алға.
Неге,неге құмар жұрт құлатуға,
Қисық өскен ағашты кінәлауға?

Мұны да әділет деп атамақ па?
Тұрғанмен қаталап та.
Сұлулыққа тәуелді гүл тағдыры,
Тұрмысыңа тәуелді, махаббат та.

Жылдар жылға,тоналып айлар,мұңға,
Сен де оны ойландың ба?
Бар болмысты келеді-ай бұзып өткім,
Жылап тұрған қыз көрсем, айна алдында..

Батырхан Сәрсенхан

2 months ago

Сынауға тіптен құмар кім көрінген,
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен.
Сырласып отырамын ондайда мен,
Мазасыз күндеріммен, түндеріммен.
Айтса айтсын айыбымды бетке қарып,
Қайтемін қаламымды кекке малып.
Арам шөптің орнына гүлді қырқып,
Әйтеуір жүргенім жоқ кетпен алып.
Басымнаң кемшіліктер өткені анық,
Несіне өкпелеймін көпке налып.
Ащы жырым құйылса өтке барып,
Ашырқанып, алайда, сөкпе, халық.
Шарам толы шаттығым, мұңымды айтпай,
Шау тартатын жәйім жоқ шетте қалып.
Өтсе,
Өтсін!
Басыма бақ бұйырмай.
Тіл кесілмей, тұрса екен жақ қиылмай.
Енді менің күнелтер жағдайым жоқ,
Шығыршықта айналған ақ тиындай.
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен,
Сынауға тіптен құмар кім көрінген.
Бірақ та,
Білесің бе, ей, кім көрінген,
Айтсын деп ақиқатты тіл берілген!!!

Мұқағали Мақатаев

3 months, 3 weeks ago

ҒАШЫҚТЫҚ ҒАЗАЛЫ

Ғашықтықты жырласаң, әнші-жыршы,
Жанарыңа мөп-мөлдір тамшыны ілші.
Ғашықтардың жан емі – жылы сөздер,
Ғашықтардың әлемі – Ғаршы-Күрсі.

Ғашықтардың мінезі – мақпал жібек,
Жан болса да бір өзі жатқан жүдеп.
Ғашықтардың жұпары – жаңбыр исі
Ғашықтардың кітабы – аппақ жүрек.

Сағынышы хатындай мұрағаттың,
Махаббатқа келмейді сына қаққым.
Ғашықтардың құтты ғой қуанышы,
Ғашықтардың мұңы да – мүбәрак мұң.

04.01.2024
Абзал МАҚАШ

4 months, 2 weeks ago

Туған күніңмен…

Тойлаймын сені әуенсіз бүгін,
Ойлаймын сені Отаным.
Туған күніңмен , Тәуелсіздігім,
Туғалы жетім ботамын.

Қаралы күн бұл Қазақстанда,
Жүрегін жердің қозғаған.
Ару қыздарым ажал құшқанда,
АруАнадай боздағам.

Нардай ағалар нардан жығылды.
Нан жегізбеді кедейлік.
Атандай атам ардан жығылды,
Отыз жыл көрдім өгейлік.

Боз інген менің Тәуелсіз күнім,
Көзімнің жасы іркілмек.
Тойлаймын сені, Тәуелсіздігім,
Бура боп бір күн зіркілдеп.

Аттандап жүріп аттан да түстік,
Күнтектес едім сөнбедім.
Отаным менің оттан да ыстық,
Жылулығыңа шөлдедім.

Сыйынғанына сүйенген бабам,
Көгертер мені тек батаң.
Иесін іздеп иен даладан,
Түйесін қарап кетті атам.

Тойлаймын сені әуенсіз бүгін,
Көкірегімдегі сөз боп қал.
Туған күніңмен, Тәуелсіздігім.
Бақұл болыңдар, боздақтар!

Ақжол Түменбай

4 months, 4 weeks ago

Сен мені жоғалтып алмашы...
Есіңе ал таңда да, кешке де!
Ай - ағып, жыл - жылжып өтсе де!
Хаттарым тым сиреп кетсе де,
Мен жайлы өсек-жел жетсе де...
Сені ойлап жүрмін ғой Көкшеде...
Сен басқа ешкімді аңсама,
Сен басқа бақытты көксеме!

Сен мені жоғалтып алмашы!
Жолдарда - шаңдары шұбаған,
Сапарда - шырғалаң, бұралаң...
Қаралап жатса да мың адам,
Ақтап ал - жаладан, күнəдан!
Сүйеу бол - сəттерде құлаған...
Шақтарда - Тағдырым сынаған...
Осы бір қалпыңнан айныма,
Жаныма жаныңмен ұнаған!
Мен сонда, жарығым, сенің бар,
Еркеліктеріңді құп алам!
Махаббат шыңына көтерем,
Жүректің төріне шығарам!

Сен мені жоғалтып алмашы!
Жақұт қыл - қолыңда жарқырар,
Бақыт қыл - басыңа парқы бар!
Сенім қыл - түндерге селкеусіз,
Үміт қыл - таңдарға артып əр,
Қаптаған қыздардың қапсырған
Құшақтарынан да аршып ал!
Несі бар? Сол қыздар түгілі, 
Ажалдың қолынан тартып ал!

Мерген Тоқсанбай

5 months, 3 weeks ago

Өмір деген не? Сағыныш қана…
Мен енді асықпаймын
Еш-те-ңе-ге!
Жанымды жаяу жүріп, аралаймын
Көш… дей бер мына өмірден.
Көшпе, деме.
Бәрібір, бұрылмаймын. Қарамаймын…
Баяғыдай Алысты армандамай.
Баяғыдай жүрмеймін Жанұшырып..
Маған қызық – бұтаққа қонғаны Арай.
Маған қызық – соққаны Қар ұшынып!..
Керегі жоқ, Дүние, дәнеңеңнің
Жарығы үшін Өмірдің жаратылдым.
Маған қызық – Туғаны әр Өлеңнің!.. Маған қызық – Өскені әр ақынның…
Аяулысын жаныма Жақын етіп.
Адамдардың жаттаумен жүрмін кейпін…
Ажал келіп аларда – әлі жетіп!
Қоштасып та өзіммен үлгірмейтін…
…мен енді асықпаймын Ештеңеге…

Жанна Елеусіз

5 months, 3 weeks ago
Файзулла Төлтай

Файзулла Төлтай

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @KARAKALPAKSTANBOT

Last updated 1 week ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 6 days, 19 hours ago