Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

Zhantore Rakymbek

Description
Құрметті оқырман, бұл каналда көбіне руханиятқа (SQ) қатысты ой-толғамдар болады.

Жеке дамуға қатысты посттарды инстаграм парақшамда жазамын:
https://instagram.com/zhantore.rakymbek?utm_medium=copy_link

Канал авторы: @zhantorerakymbek
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 1 week ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 6 days ago

2 months, 2 weeks ago

Артық жүк

Үйленгелі 1.5 жыл бір үйде ұзақ тұрдық. Зат жинай беріппіз. Көшкенде үлкен газель шақырып көштік. Көшкен үйде керек заттарды ғана шығардық. Керек емесін есік жақтағы шкафқа жинадық.

Жиғанымыздың жартысы артық заттар. Артық зат көшуде ғана емес, әрқашан салмақ салып тұрады екен.

2-3 күндік сапарға шыққанда бір рюкзак киімнің өзі жетіп жатады. Қалаға келгенде де көбіне сол киімдермен жүремін. Соны байқап артық заттан барынша арылуға тырысып жүрмін.

Біразын мешітке қайырымдылыққа. Ескірген болса қоқысқа. Тағы біразын бауырыма.

Рюкзакта жүрген артық бір затты алғанда бірден жеңілдік байқалатындай, үйдегі артық заттан арылудың өзіндік ләззәті бар.

Бұл тек зат емес, инстаграм, ютуб т.б. жерде тіркелген парақшалар, телефонда жиналған артық чат, фото, заметки бәрінде артықтан арылу жеңілдігі бар.

Ең маңызды, ең пайдалы, жауапты болған бағытта жасайтын істерді артық жүк арқалап жүріп атқара алмай қалсам ше?

Тек керек заттармен кез-келген уақытта қозғалысқа икемді, ширақ, еркін болып жүргенге не жетсін!

4 months, 3 weeks ago

Ессіз

Ақыл таразысына салмай,
өз өміріне сай етіп өлшемей,
жеке ойды жалпы заңдылық деп,
кумирдің айтқанын жұта беретін
ессіз.

Бар құдіретті адамға байлап,
тағдыр тереңдігіне бойламай,
әр сәтсіздікті басқадан көретін,
дұшпанын күні-түні кінәләйтін
ессіз.

12 months ago

Шүкір – күш

"Ананы мен істедім. Мынаны мен істедім. Қаншама жақсылық жасадым" деп әр істің негізі ретінде өзін қойған адам шаршап қалады. Бар жақсылықты өзіне арқалап шаршайды. Шарттары да көбейеді.

"Анау істі жүргізу нәсіп болды. Мынау істі аяқтау нәсіп болды. Қаншама жақсылық жасау нәсіп болуда" деп Аллаға байлаған адам күш алады. Риза болып, одан да көп әрекет жасап, іс жүзінде шүкір етуге талпынады.

Шүкір еткеннің Алла күшін арттырады. Өзінің шексіз құдіретімен қолдайды. Ал өзіне байлап күпір еткенді өз күшіне қалдырады. Алланың қолдауы болмаған адамның күші қаншаға жетпек?

1 year ago

https://youtu.be/LCpZg1q0Oyk

Телеарнада алғашқы сұқбат)

YouTube

САНА. Йеркс-Додсон заңы

1 year, 1 month ago

Иман – көрмегенге, ғайыпқа сену.
Иман еткен адамға сый ретінде сенгені оған көрінеді. Көру үшін бірінші сену керек.

Иманның алты шартының соңғысы – тағдырға иман. Алғашқы бес шартқа (Аллаға, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, ақыретке) толық иман еткен адамның соңғысына (тағдырға) қатысты артық сұрағы қалмайды.

#уағызданүзінді

1 year, 1 month ago

Жол басында жолбасшы,
Жол бойында қолдаушы
Болмаған адамның
Жол соңында сынаушы
Болуға хақысы бар ма?!

1 year, 1 month ago

Тыйым мен тәуелсіздік

Анау болмайды, мынау болмайды. Шектеулі өмір сүргім келмейді. Неге өзімді тыю керекпін?

Анау қажет емес, мынау артық. Ең маңызды іспен айналысқым келеді. Неге тәуелсіз болмасқа?

Тыйымды өз орнымен қолдансам тәуелсіз боламын.

#өзімменсанасу

1 year, 2 months ago

🔸Білім мен сезім байланысы
🔸Оқиғаларды дұрыс түсіну
🔸Қателік қажеттілігі

1 year, 2 months ago

Білім – дән
Амал – күтім
Даналық – жеміс

1 year, 2 months ago

Қадірлі қонақ

Нәпсі мен ерік-жігері арқылы сыналатын – адам. Осы екеуін дұрыс қолданса періштеден озатын – адам. Барша жаратылыс оған қызмет ететін – адам. Жердің ең қадірлі қонағы – адам.

Адам кейпіндегі періште және кәдімгі адам. Кім құрметке лайық? Періштеге көрсететін құрметке адам да лайық емес пе? Адам одан да артығына лайық емес пе?

Әр адамға кемел жаратылыс деп қарау. Сынағы болса да сынбай, кемелдік үшін күресіп жүргені үшін сыйлау. Қадірлі жаратылыс болғаны үшін өзін де, өзгені де қадірлей білу...

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 1 week ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 6 days ago