Zhantore Rakymbek

Description
Құрметті оқырман, бұл каналда көбіне руханиятқа (SQ) қатысты ой-толғамдар болады.

Жеке дамуға қатысты посттарды инстаграм парақшамда жазамын:
https://instagram.com/zhantore.rakymbek?utm_medium=copy_link

Канал авторы: @zhantorerakymbek
Advertising
We recommend to visit

Веб-сайт: www.joqargikenes.uz
Instagram: www.instagram.com/joqargikenes.uz/
Facebook: www.fb.com/joqargikenes
Youtube: www.youtube.com/@joqargikenes

© Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңеси

Last updated 2 weeks, 1 day ago

“…Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі Онікі…”

Last updated 3 days, 23 hours ago

пассивно-агрессивный канал 🌱
сотрудничество @klonzo32

Last updated 3 days, 9 hours ago

5 months, 3 weeks ago

Ең қажет дүние мен
ең қалайтын нәтиже
әдетте
ең ұнамсыз таңдау мен
ең қиын әрекет артында.

Бұл жолды ождан да сезеді, ақыл да біледі. Рухқа шабыт беретін, ақылды жандандыратын, нәпсіні бағындыратын жол...

5 months, 3 weeks ago

Қиындық ләззәті

Енді түзеліп, енді реттеліп, рақаттанып өмір сүре бастағанда тағы бір проблема есік қағып тұрады.

Енді ұйықтап бара жатқанда қайта шырылдап оята беретін будильник секілді.

Негізі, әр рақаттанып өткізген кезең сондай жылдам. Әрі соңында бір жеткізбес сағыныш қалдырады. "Әттең, балалық шаққа қайтсам ғой..." дегендей.

Ал қиындық кезеңі уақытты баяулатып, соңынан ләззат береді. "Сол күндері тер төккенім қандай жақсы болған" дейсің.

Құр демалыспен өткен күнге қарағанда түнге дейін еңбектенген күн ерекше ләззәтті емес пе?

5 months, 3 weeks ago

Ең тез солатын – адам. Көңілі (жүрегі) қатты құбылмалы. Ұдайы тұрақты болуы мүмкін емес.

Сондықтан, жалғыз қалғаны қауіпті. Талып қалған адамға көмектесетін ешкім болмаса жағдайы не болмақ?

Бірі шаршағанда, басқасы демеп алып кететін, бір бағыттағы, жанашыр жандар ғана ұзаққа барады.

6 months, 2 weeks ago

Құрбан құрбансыз өтіп кетпесін...

6 months, 2 weeks ago

Үміт

Үмітсіз сенім, сенімсіз үміт болмайды.

Үміт пен сенім бейне бір егіз ұғымдай. Үміті жоқ адамның сенімі бар деп айту қиын. Ал сенімі жоқ адам неге сүйеніп үміт етпек?

Үмітсіз дұға да жансыз. Үмітсіз жүректен үлкен тілек шықпайды.

Үміт – шабыт қайнары, бақыттың болашақтан ескен самалы.

Үміт – сезімдерді шексіздікке жалғайтын көпір. Үмітті өлім де үзе алмайды.

Үміт күн секілді, жан-дүниеге сәулесін шашқан. Қараңғы кезде нұр секілді, айдан шағылысқан.

Адам кімге сенім артса, үміт қайнары да сол болмақ...

6 months, 3 weeks ago

Сын – жалқаудың сылтауы.

Яғни,
істемесең (істей алмасаң, істегін келмесе), істеп жатқанды сынама.

Дұшпандық – наданның қаруы.

Яғни,
істің анық-қанығын білмесең, түбіне тереңдеп мәнісін түсінбесең, (күмәнға батып) бұл іс қате деп қарсыласпа.

Көреалмаушылық – тәкаппардың соқырлығы.

Яғни,
басқасы сенен артық іс жасағанын көргенде, (үлгі алудың орнына кері кетіп) көзіңді жұмба.

7 months, 1 week ago

Шикі білім

Астана. Тары. 1 этаж.
Консультация өткізіп болып қалдым.

Келген адамда сан қилы ой. Түрлі психологтар кеңесі. Травма. Запрос. Қателер. Болашақтан қорқыныш. Gallup. Үйлену. Дұрыс таңдау...

Бәрі аралас. Тыңдап болып бір ой келді соңында.

Тарыда бірінші қабатта терезеден кухнясы көрінеді. Тапсырысқа қарай әркімнің тамағын шығарып жатыр.

Тағамды дайындау үшін азық-түліктен керек ингредиенттер таңдалады. Өз мөлшерінде қосып дайындалады. Нәтижеде ерекше дәмді тағам шығады.

Енді параллель жүргізейік.

Азық-түлік – түрлі ақпарат, білім, психолог кеңесі, тәжірибе т.б.

Қажет ингредиенттер – өзіңізге керек білімді арасынан таңдау.

Араластырып, пісіріп, дәмін шығару – ойларды жазып, реттестіріп, шешімін табу.

Білім өте көп заман. Бірақ бәрін араластырып, шикідей жұта беруге болмайды. Шикі білімнен шешім шықпайды.

10 months ago

Артық жүк

Үйленгелі 1.5 жыл бір үйде ұзақ тұрдық. Зат жинай беріппіз. Көшкенде үлкен газель шақырып көштік. Көшкен үйде керек заттарды ғана шығардық. Керек емесін есік жақтағы шкафқа жинадық.

Жиғанымыздың жартысы артық заттар. Артық зат көшуде ғана емес, әрқашан салмақ салып тұрады екен.

2-3 күндік сапарға шыққанда бір рюкзак киімнің өзі жетіп жатады. Қалаға келгенде де көбіне сол киімдермен жүремін. Соны байқап артық заттан барынша арылуға тырысып жүрмін.

Біразын мешітке қайырымдылыққа. Ескірген болса қоқысқа. Тағы біразын бауырыма.

Рюкзакта жүрген артық бір затты алғанда бірден жеңілдік байқалатындай, үйдегі артық заттан арылудың өзіндік ләззәті бар.

Бұл тек зат емес, инстаграм, ютуб т.б. жерде тіркелген парақшалар, телефонда жиналған артық чат, фото, заметки бәрінде артықтан арылу жеңілдігі бар.

Ең маңызды, ең пайдалы, жауапты болған бағытта жасайтын істерді артық жүк арқалап жүріп атқара алмай қалсам ше?

Тек керек заттармен кез-келген уақытта қозғалысқа икемді, ширақ, еркін болып жүргенге не жетсін!

1 year ago

Ессіз

Ақыл таразысына салмай,
өз өміріне сай етіп өлшемей,
жеке ойды жалпы заңдылық деп,
кумирдің айтқанын жұта беретін
ессіз.

Бар құдіретті адамға байлап,
тағдыр тереңдігіне бойламай,
әр сәтсіздікті басқадан көретін,
дұшпанын күні-түні кінәләйтін
ессіз.

1 year, 7 months ago

Шүкір – күш

"Ананы мен істедім. Мынаны мен істедім. Қаншама жақсылық жасадым" деп әр істің негізі ретінде өзін қойған адам шаршап қалады. Бар жақсылықты өзіне арқалап шаршайды. Шарттары да көбейеді.

"Анау істі жүргізу нәсіп болды. Мынау істі аяқтау нәсіп болды. Қаншама жақсылық жасау нәсіп болуда" деп Аллаға байлаған адам күш алады. Риза болып, одан да көп әрекет жасап, іс жүзінде шүкір етуге талпынады.

Шүкір еткеннің Алла күшін арттырады. Өзінің шексіз құдіретімен қолдайды. Ал өзіне байлап күпір еткенді өз күшіне қалдырады. Алланың қолдауы болмаған адамның күші қаншаға жетпек?

We recommend to visit

Веб-сайт: www.joqargikenes.uz
Instagram: www.instagram.com/joqargikenes.uz/
Facebook: www.fb.com/joqargikenes
Youtube: www.youtube.com/@joqargikenes

© Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңеси

Last updated 2 weeks, 1 day ago

“…Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі Онікі…”

Last updated 3 days, 23 hours ago

пассивно-агрессивный канал 🌱
сотрудничество @klonzo32

Last updated 3 days, 9 hours ago