Әр жақсылыққа себепші болу

Description
Білім
Advertising
We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated 5 days, 7 hours ago

ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :

ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025

БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025

ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025


Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

Last updated 1 month, 2 weeks ago

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym

Last updated 4 days, 21 hours ago

3 months, 2 weeks ago

• Жастарды атаққұмар деп жатады.

Бос сөз. Олардың көпшілігі өз күшіне сенбейді. Ал даңғойлана мақтануы немесе дөрекілік танытуы - өзін әлсіз сезінудің белгісі

📕Жас жігітке өмір туралы ашық хат

3 months, 4 weeks ago

Ұстазымның жаңа кітабы 👆🏻

3 months, 4 weeks ago

Байқасаңыз, көптеген ғалымдардың Нобель сыйлығын үлкен жаста алғанын жиі естіп жатамыз. Бұл – сөзсіз, жастың ұлғаюы мен оқудың тоқтауы арасында ешқандай байланыс жоқ екендігінің айқын дәлелі.

📚Ілім алу кеш емес

5 months ago

Тілде сүйек жоқ. Бірақ тіл сүйекті сындырады. Бір сөз үшін түні бойы ұйықтай алмаған, бір сөз үшін үйлене алмаған, бір сөз үшін ажырасып кеткен, бір сөз үшін жұмысынан айырылған, бір сөз үшін жүрек ауруына ұшыраған қанша адам бар. Не айтсаң да ойланып айт. Есіңде болсын, сен әлеуметтік желілерді емес, өз амал дәптеріңді толтырып жатырсың!

5 months, 1 week ago

— Адамдардың жақсысы (өзге) адамдарға көбірек пайда тигізгендері

Табарани.

5 months, 3 weeks ago

ОҚИҒА #12
Кішкентай кезімде атам мен әжемнің намаз оқитынын көретінмін. Сөйтіп ес білгелі намаз бен хиджаб парыз екенін санама түйіп жүрдім. Сондықтан мектеп бітіре сала хиджаб киіп бастадым. Орамал тағуыма әкем және ағаларым қарсы болмағанымен, анам қарсы еді. Ер адам түздің адамы болғандықтан, әкем мен ағаларымды тек кешке жұмыстан соң көретінмін. Ал анам олар жоқ кезде айқай-шу шығаратын.
Бір күні қаладан келсем, анам үйге кіргізбей қойды. Солайша суық күнде қалаға қайта кеттім Универге барсам, мені жиналысқа салып, «Хиджабыңды шешесің я оқудан шығасың» деп қорқытты. Өзім ҰБТ тапсырмаған соң әлгі универге ілініп- салынып әрең түскенмін. Сөйтіп сырттай оқуға ұсыныс тастап, OLX-тан «Үй қызметшісі керек» деген хабарландыруды оқып, жұмысқа орналастым. 1,5 жыл бойы сонда жұмыс жасап, оқу ақысын өзім төледім.
Анам сол 1,5 жыл бойы менімен сөйлеспеді, сөйлессе де, әбден жылап маған қарғыс айтатын. Сөйтіп қысқы уақытта мені көлік соғып, ауруханаға түсіп қалдым. Аяғым қатты ісіп кетіп, анама хабарластым. Ол: «Саған сол керек! Анаң разы болмаса осы!» – деді. Ойым кішкене өзгерді, бірақ «Осындай сынақ берсе, Аллам мені сүйеді екен. Демек мен көтере аламын», – деп одан сайын иманымды беріктеп алдым.
Бір күні оразада жаңбыр жауды. Сол сәтте қатты жылап, дұға еттім. Дұғам қабыл болғандай сезіндім. Көп ұзамай анам: «Сағындық қой сені, үйге қайт», – деп хабарласты.
Қуанышымда шек жоқ. Айлығымды алып, өзіме бірнеше орамал мен көйлек сатып алдым. Тіпті, жолда ақшамды ұрлатып алсам да, көңіл-күйім түспеді.
Әйтеуір ауылға 28 сағаттық жолмен қайттым. Үйге келіп шаршап тынығып жатқанымда, анам чемодандағы бүкіл киімімді шығарып, үстіне солярка құйып жағып жіберіпті. Оған да қынжыл- май, шүкір дедім. Үйде әжеміздің етегі мен жеңі ұзын көйлектері болатын. Соны киіп алдым. Себебі менде өзге ешқандай киім жоқ еді.
Әкем бұл жайттарды естігенде үйдегі тыныштық одан сайын бұзылып кеткен еді. Сөйтіп отбасымның берекесі кетпесін деген ниетпен үндемейтін болдым. Екі күннен соң басқа қалаға жұмысқа тұрмақ ниетте қоныс аудардым. Жұмыста да әлгі әжемнің ұзын көйлектерімен жүрдім. Жұмысқа қабылдаған кісі намазхан болған себепті хиджабыма қарсы болмады.
Арада 5 жыл өтсе де, әлі күнге дейін анамнан небір қысымдар келіп тұрады. Орамалды шешіп тастайды деген үмітте жүрген тәрізді. Бірақ мен берілер емеспін. Өйткені хиджабымды денеме емес, жүрегіме таққанмын!

6 months, 3 weeks ago

??осы сөзді жаңа ғана естіп түртіп қойдым.

Қандай оқиға екенін, артынан толық айтамын. Абәсә сүресімен байланысты ❤️

6 months, 3 weeks ago

Құранда - ақыл иелері үшін ойланатын нәрсе бар

7 months ago

Басқаның бақытын құнсыздандырма.

Біреу таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ одан кейін отбасына, бала-шағасына оралып, мауқын басып, бақытты сәттерін кешеді. Ол да – бақытты.

Біреу таңнан кешке дейін адамдарды емдеп, олардың алғысын алады. Олардың қуанғанын көреді. Ол да – өз еңбегімен бақытты.

Оларға келіп: “Осы да өмір ме? Кәсіппен айналысып миллион тап…” деп оның бақытын құнсыздандырма.

Адам бақытты болу үшін міндетті түрде миллиондаған доллар тауып, үлкен бизнесмен болу қажет деген сөз жоқ.

Өзіңнің пайымыңдағы бақыт ұғымын басқаларға да тықпалап әуре болма.

Әркім өз өміріне сай бақытты.

We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated 5 days, 7 hours ago

ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :

ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025

БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025

ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025


Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

Last updated 1 month, 2 weeks ago

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym

Last updated 4 days, 21 hours ago